Үшінші тарау
АПАТҚА ҰШЫРАҒАН
КЕМЕ
Диктің айқайы бүкіл экипажды дүрліктірді. Вахтадан бос
матростар палубаға жүгіре шықты. Капитан Гуль де каютасынан
шықты. Миссис Уэлдон да, кəрі Нан да, тіптен Бенедикт ағай да
штирборттың қоршауына сүйеніп тұрып, бар ынталарын сала теңіз
бетіндегі көрінген затқа көздерін тікті.
Тек өзінің тар камбузынан Негоро ғана шыққан жоқ. Ойда жоқта
ұшыраса қалған бұл уақиға, бүкіл команда ішінде тек Негороны ғана
еліктірмеді.
Баланың көрген заты «Пилигримнен» үш миль шамасы қашықта,
толқын бетінде теңселіп тұр еді.
— Бұл не болды екен?—деп сұрады матростардың біреуі.
— Менің байқауымша, сал болса керек!—деді екінші матрос.
— Онда адам да бар шығар?.. Бейшаралар не халде екен?..— деді
миссис Уэлдон.
— Жақынырақ барсақ, бəрін де білеміз,— деді капитан Гуль.—
Бірақ, бұл көрінген зат, салдан гөрі, бір жанбастап жатқан кеменің
жонына ұқсаңқырайды...
— Жоқ, бұл кəдімгі теңіздің сүт қоректі алып хайуаны! — деді
Бенедикт ағай.
— Ал, Дик, сен қалай дейсің? — деп сұрады миссис Уэлдон
жасөспірімнен.
— Мен капитан Гульдің, бір жамбастап жатқан кеме деген пікіріне
қосыламын. Тіптен күнге шағылып жарқырап көрінген ана заттың
мыспен қаптаулы киль
15
екенін де ажыратып тұрмын.
— Ие... Ие... енді мен де көріп тұрмын,— деп капитан Гуль Диктің
сөзін қостады.
Капитан рульшіге бұрылып команда берді:
— Болтон, кемені ыққа қарай бұр, ана көрінген қарайғанға таман
турала!
— Құп болады, капитан! — деді рульші.
— Мен өз пікірімде қаламын,— деді Бенедикт ағай,— ол көрінген
заттың теңіз хайуаны екенінде дау жоқ.
— Ендеше, бұл мыс кит болғаны ғой,— деді капитан Гуль.—
Өзінің күнге шағылып жарқырауын қараңызшы!
— Бенедикт ағай, егер бұл көрінген кит бола қалса, тірі емес, өлген
кит,— деді миссис Уэлдон.— Оның қимылсыз жатқаны ап-анық
көрініп тұр.
— Уэлдон қарындас, оның несі таң? — деді қарыспа ғалым,—
ұйықтап жатқан киттің үстінен түскен кеме аз емес қой!
— Əбден дұрыс, - деді капитан Гуль.— Əйтсе де бұл көрінген зат
ұйықтап жатқан кит емес, кеме.
— Көрерміз,— деп жауап қатты қарыспа ғалым.
Дегенмен Бенедикт ағайдың китпен жұмысы жоқ-ты; кезі келсе,
Арктика мен Атлант теңізінің күллі сүтқоректі жануарын, сирек
кездесетін шыбын-шіркейлердің біреуіне-ақ айырбастап жіберер еді.
— Болтон, оңға таман, оңға таман! — деп айғайлады капитан Гуль
рульшіге.— Кемеге бір кабельтовтан
16
жуық бармау керек. Біз
киліксек, өзі қираған кеменің түгі де қалмайды, оған соқтығып
«Пилигримнің» қабырғасын қиратуға құмар емен. Оңға таман!
«Пилигрим» аздап оңға бұрылды.
Қираған кемеге шкуна-бриг бір миль жақындады. Жанбастап
қалған кемеге матростар сұқтана қарады. Оның трюмінде бағалы
заттар болуы мүмкін. Өйткені суға батқан кеменің жүгін аман алып
қалғаны үшін сол заттың үштен бір мөлшеріндей бағасы сыйлық
ретінде құтқарушыға берілетіндігін матростар жақсы білетін-ді. Егер
кеме трюміндегі заттар су тиіп бүлінбеген болса, «Пилигрим»
экипажы осы жылғы кит аулау маусымындағы сəтсіздігінің бəрін бір
күнде-ақ шығарып алады.
«Пилигрим» ширек сағаттан соң қалқып жүрген затқа жарым миль
жақындады. Манадан бергі талас енді күмəнсіз шешілді: бұл зат
аударылып бір жақ жанбасымен жатқан бір кеменің қаңқасы болып
шықты. Палубаның бір қабырғасы жоғары көтеріліп тік тұрып қалған.
Мачталарын су жұлып əкеткен. Такелаждың
17
үзінділері ғана салбырап
тұр. Кеменің бүйірінде үңірейген үлкен тесік бар. Тіреулері мен
сыртын қаптаған тақтайлары ішке қарай жеміріліп кетіпті.
— Бұл басқа бір кемемен соқтығысқан екен! — деп айқайлады Дик
Сэнд.
— Ие, онысында күмəн жоқ,— деп капитан Гуль оның сөзін
мақұлдады.— Бірақ мұның табанда батып кетпегеніне таңым бар,
ғажап!
— Бұған келіп соқтыққан кеме, мұның командасын түгелдей алып
кеткен деп сенейік,— деді миссис Уэлдон.
— Ие, миссис Уэлдон, солай деп сенейік,— деді капитан Гуль.—
Бірақ соқтығысқанның соңында бұл кеменің экипажы өз
қайықтарымен жан сақтаулары да ғажап емес. Мұндағы бір
қынжыларлық нəрсе, апатқа себепші болған кеменің командасы,
қираған кеменің экипажымен ісі болмай, жайбарақат өз жөніне кете
беретін жағдайлар болады, бұл сияқты мейірімсіздік теңіз
тəжірибесінде кездесе береді.
— Мүмкін емес! Бұл іс адамгершіліктен тыс, шектен шыққан
қаталдық!
— Амал нешік, шынында да солай. Кемеде бірде-бір қайық
қалмауына қарағанда, команда бұл кемені тастап кеткен деп шамалауға
болады. Апатқа ұшыраған бейшараларды ұшырасқан кеме мінгізіп
алар деп сенейік. Бұл арадан құрғақ жерге қайықпен жету мүмкін
емес: Мұхит аралдары немесе Америка континенті тым шалғай.
— Бұл апаттың құпия сыры бір уақытта ашылар ма екен? — деп
сұрады миссис Уэлдон — Кемеде командадан біреу-міреу қалуы
мүмкін, сіз қалай дейсіз?
— Бұған сенімім шамалы,— деп жауап қатты капитан Гуль.— Егер
кемеде тірі адам болса, бізді əлдеқашан-ақ көріп, бірер белгі берер еді.
Əйтсе де, ішке кіріп тексерерміз... Болтон солға таман, солға таман! —
деп айқайлады ол, рульшіге кеменің бағытын қолымен нұсқап.
Қираған кеме мен «Пилигрим» арасы үш кабельтовтай-ақ. Енді
команданың кемені тастап өз беттерімен кеткендігі күмəнсіз анық
болды.
Дик Сэнд кенет үндемеңдер деп ым қақты.
— Тыңдаңдаршы! — деп айқайлады ол.
Бəрі де құлақтарын түріп тыңдай қалды.
— Ие, ит үргені естіле ме, қалай...
Шынында да ғарық болған кемеден иттің үрген даусы естілді. Онда
тірі ит барлығы күмəнсіз. Ит люк жабық болып шыға алмай қалса
керек. Дегенмен көрініп тұрған ит жоқ еді.
— Ит те болса,— тірі жан ғой, құтқаруымыз керек, капитан! —
деді миссис Уэлдон.
— Ие, ие,— деп шырылдады кішкентай Джек,— итті құтқару
керек! Өзім-ақ асыраймын. Ол ит бізді жақсы көреді... Мама, мен оған
бір шақпақ қант əкеліп берейін!
— Орныңда бол, балақайым,— деді миссис Уэлдон. — Ол бейшара
аштан өлгелі жатқан болар, сенің бір шақпақ қантыңнан да, оған бір
тостаған быламық тиімді болар еді-ау.
— Ендеше, оған менің сыбаға сорпамды бере ғой,— деді бала,—
мен сорпасыз-ақ лаждармын!
Сөйтіп тұрғанда иттің үрген даусы бірден-бірге анығырақ естіле
түсті. Бұл кезде екі кеменің арасы үш жүз ярдтан жақынырақ еді.
Қапелімде кеме бортынан бір ірі төбеттің басы көрінді. Ит өршелене
абалай берді.
— Говик! — деді капитан, боцманға.— Кемені дрейфке
18
тоқтат та,
суға қайық түсіріңдер.
— Шыдай тұр күшігім, шыдай тұр! — деген Джектің айқайына, ит
көмескі қыңсылап жауап қайырғандай болды да, артынан шаңқ ете
түсті.
Матростар тез-тез желкен түсірді, «Пилигрим» қираған кемеге
жарым кабельтов жақындап тоқтады.
Суға түсірілген қайықты толқын теңселтіп тұр. Капитан Гуль мен
Дик Сэнд тағы екі матрос қайыққа түсті.
Ит тынбастан абалай берді. Бірақ ол тез жақындап келе жатқан
қайыққа үрмеген тəрізді, оқтын-оқтын ішке түсіп қайта шығады.
Мүмкін, қираған кеменің тірі қалған жолаушыларын немесе
матростарын шақырғалы кеткен болар?
«Шынымен-ақ мұнда тірі адам бар болғаны ма?» — деп сұрады
миссис Уэлдон өзінен өзі.
Қайық межелеген жерге таянып қалды.
Ит кенеттен тағы абалап қоя берді. Бірақ оның бұл абалауы өзін
құтқарушыларға «тез жетіңдер!» дегендей жалынышқа ұқсамайды.
Оның үнінен ерекше бір өштік, ыза кернеп ашынғандық естіледі.
— Мына төбетке не болған? —деді капитан Гуль.
Бұл уақытта қайықтағылар суға жартылай батып тұрған кеменің
бортына тоқтау үшін кемені айналып келе жатыр еді.
Иттің, əсіресе Негоро камбуздан шығып кеменің тұмсығына қарай
жүрген кезде өршелене абалағанын капитан Гуль де, тіптен
кемедегілер де байқап қалды.
Ит шынымен-ақ кеме аспазын тани ма екен? Бұл тіптен шындыққа
жуыспайтын уақиға ғой.
Мұның мəнісін кім білсін, бірақ құтырына абалаған итке Негоро
жалт қарады да, өзінің таңданғанын ешкімге сездірмей, сəл
тыжырынып, ешнəрсе сезбеген кісідей камбузына қайта кіріп кетті.
Қайықтағылар кеменің арт жағын айналып оның қапталынан
«Вальдек» деген жазуды көрді.
Кеменің қай порттан шыққандығы жазылмапты. Бірақ теңізшінің
көзі алдыменен кеменің корпусына, оның кейбір құрылыстарының
өзгешеліктеріне түседі ғой, сондай-ақ капитан Гуль теңізшілік көзбен
қарап, кеменің американдық екенін анықтады. Оның бұл жорамалын
кеменің аты да дəлелдеді. Бес жүз тонналық ірі кемеден бар болғаны
қаңқасы ғана қалған.
«Вальдектің» тұмсығында үңірейген үлкен тесік бар. Бұл тесік сол
бір қырғынды соқтығысудан түскен таңба еді. Кеме бір жанбастап
қисайып жатқандықтан, тесік судан бес-алты фут
19
жоғары көтеріліп,
ішке су толмаған соң, кеме батпай қалған еді.
Кеменің палубасында адам да жоқ.
Ит борттан кетіп, қисайып жатқан палубаны жағалап ортадағы
люкке жетті де, басын люкке сұғып қаңсылап келіп үрді.
— Сірə, кемедегі тірі жан бір ғана осы ит емес шығар,— деді Дик
Сэнд.
— Мен де сол пікірдемін,— деді капитан Гуль.
Қайық енді жартылай суға батып тұрған бортты жағалай жүрді.
Бірінші соққан ірі толқынның «Вальдекті» су түбіне жіберетіндігі
сөзсіз.
Кеменің палубасы тап-таза, сыпырып қойған тəрізді. Палубада екі
футтай жерінен омырылып қалған грот-мачтаның түбірі ғана сорайып
тұр. Шамасы, кеме соқтыққан кезде мачталары омырылып суға
құлаған да, желкені мен арқан жіптерін өзімен бірге ала кетсе керек.
Бірақ та көкжиектің көз жетерлік жерінен ешқандай кеме сынығы
көрінбеп еді. Бұған қарағанда «Вальдектің» апатқа ұшырауы бұдан
бірнеше күн бұрын болған деп қорытынды шығаруға болады.
— Бұл кеменің адамдары соқтығысудан тірі қалған күннің өзінде
де,— деді капитан Гуль,— аштық пен шөлден қырылған болар:
Камбузы суға толып кетіпті ғой. «Вальдектің» бортында тек адам өлігі
ғана болуға тиіс.
— Жоқ! — деп Дик Сэнд шақ ете қалды —Жоқ! Олай болса, ит
бүйтіп үрмес еді. Мұнда тірі қалған біреулер бар.
Ол сөйдеді де, итті шақырды. Ақылды төбет сол сағатында
сырғанап теңізге түсті де, əлсіреген аяғымен əрең есіп қайыққа жетті.
Итті сүйреп қайыққа шығарып, Дик оған кептірілген нан тастап еді, ит
асқа қараған да жоқ, тұщы су құйылған шелекке қарай ұмтылды.
— Бейшара-ай, əбден қаталап қалған екен,— деді Дик Сэнд.
Бұлар қайық тоқтататын қолайлы орын қарастырып, батып бара
жатқан кемеден бірнеше фут кейін шегінді. Ит бұл адамдардың кеме
бортына шықпайтын ыңғайын білгендей, Диктің курткасының етегінен
тістеп, қайтадан ашына абалай бастады.
Иттің қылығы мен абалай үргені ауызбен айтылған сөзден де
анығырақ болды.
Матростар қайықты кемеге тақап, бортқа байлады, капитан Гуль
Дикті ертіп палубаға шықты. Олар оншалықты қиналмай-ақ, еңбектей
жылжып, омырылып қалған екі мачта түбірінің арасындағы орталық
люкке
20
жетті. Олардың соңынан ит те еріп келе жатыр. Адамдар
люкке түсті.
Жартылай суға толған кеме трюмінде ешқандай товар жоқ.
Баллас
21
орнына құм тиелген. Ол құм енді бакбортқа
22
төгіліп, салмақ
кеменің бір жағына ауған, сондықтан кеме де бір жақ бүйіріне қисайып
кетіпті. Кеме бортында бағалы жүк болуға тиіс деген үміт бекерге
шықты. Кемеде аман алып қаларлық құнды заттан түк те жоқ.
— Мұнда ешкім жоқ қой,—деді капитан Гуль.
— Ие, ешкім де жоқ,— деп жас матрос оның сөзін мақұлдады да,
трюмнің түкпіріне қарай жүре берді.
Бірақ палубада тұрған ит, адамдардың əбден мұқият тексеруін
талап еткен тəрізді, ауыз жаппай үре берді.
— Мұнда қарайлайтын түк те жоқ,— деді капитан Гуль.— Кейін
қайтайық.
Олар палубаға шықты.
Ит, соңымнан еріңдер дегендей белгі беріп, ютқа
23
қарай жер
бауырлап жүре берді.
Адамдар да иттің соңынан жүрді.
Бес. адам, яғни бес өлексе кубриктің
24
еденінде жатыр екен.
Ашылып қалған люктен түскен күндізгі күннің айқын жарығымен
капитан Гуль бұл жатқан бесеудің негрлер екенін таныды.
Дик Сэнд ол бейшаралардың бірінен соң бірін барып көріп, əлі де
болса тынысы бар, жүрегі соғып жатқандарын байқады.
— Бұларды «Пилигримге» жеткізейік,— деді капитан Гуль.
Қайықтағы матростарды жəрдемге шақырды. Олар келіп апатқа
ұшыраған бейшараларды жатқан жерлерінен көтеріп тысқа алып
шықты.
Бұл оңай жұмыс емес еді, сонда да болса амалдап бес негрдің
бесеуін де қайыққа түсірді. Олардың ешқайсысы ес-түсін білмейді.
Бірақ капитан Гуль бірнеше тамшы дəрі мен бірер жұтым тұщы су
бұларды тірілтер еді деп сенген еді.
«Пилигрим» қираған кемеден жарым кабельтов жерде жылжымай
тұрып қалған, қайық əп-сəтте кемеге жетті.
Апатқа ұшыраған бейшараларды көтергіш горденьмен
25
кезек-
кезек көтеріп палубаға шығарды. Итті де қалдырған жоқ.
— Ой, бейшаралар-ай! — деп мүсіркеді миссис Уэлдон, қимылсыз
жатқан шалажансар бес денені көріп.
— Бұлар тірі, миссис Уэлдон! — деді Дик Сэнд.— Əлі жаны бар,
біз бұларды өлімнен құтқарамыз!
— Бұлар не бəлеге ұшырады екен? — деп сұрады Бенедикт ағай.
— Бұлар алдымен естерін жинасыншы, сосын өздерінің
бастарынан кешірген уақиғаларын айта жатар,— деді капитан Гуль.—
Бірақ бұларға алдымен су беріп, сосын аздап ром жұтқызу керек.
Ол сөйдеді де, камбузға қарап дауыстады:
— Негоро!
Ит Негороның атын естігенде, арқасын күжірейтіп сіресе қалды.
Жүні тікірейіп, даусы көмескі шығып ырр ете түсті.
Аспаз көрінген жоқ, жауап та қайырмады.
— Негоро! — деп капитан Гуль даусын қаттырақ шығарып тағы
айқайлады.
Ит бұрынғысынан бетер ашына ырылдады.
Негоро камбуздан шығып, палубаға көтерілді.
Негopo аяғын аттап басуы-ақ мұң екен, ит секіріп барып оның
кеңсірігінен ала түсуге ыңғайланды. Португал камбуздан келдек ала
шыққан екен, итті келдегімен құлаштай сілтеп періп жіберді. Екі
матрос итке жармасып азар айырды.
- Сіз бұл итті білетін бе едіңіз?—деп капитан Гуль аспазға қарады.
— Мен бе? — деп қайтарып сұрады Негоро.— Бұл итті ешқашан
көрген емеспін. Қайдан білем...
— Ғажап екен! — деп күбірледі Дик Сэнд.
Достарыңызбен бөлісу: |