Түк қалташасының құрылым схемасы.
1 – түк қалташасы; 2 – негізгі қабыршық;
3 – түк қуысы; 4 – қабыршықты қабат;
5 – түк жүрекшесі; 6 – түк емізікшесі.
Түк қалташасының негізгі берік байланысқан коллагенмен эластин талшықтары құрайды. Қалтаның төменгі жағы өзеңнің емізікшесі еміп тұрады. Емізікшеге қан тамырларының, нервтің соңы келеді.түк қалташасының ішкі жағы мальпиги қабатты клеткаларынан тұрады.
Қыртысты қабаттан айырмасы түк қалташасында мүйізді қабат болмайды. Түк тамырлары талшықтың белгілі дамуы кезеңінде қажетті қоректік нәр алу үшін емізікшемен байланысқан. Тамыр құрылым жағынан қыртыстың мальпиги қабатының клеткаларына ұқсас эпителиальды клеткалардан құралған. Емізікше төңірегінде орналасқан клеткалар өсе келе тез бөлініп түк талшығының 3 бөлігін құрайды: жүрекшк, қабыршықты қабат және кутикула. Жаңа клеткалар пайда болуына қарай жоғарғы ысырылып мүйізденіп, кератинге айналады.
Өндірісте былғары тканінің барлық клеткалары құрылымдарын, әсіресе түк тамырлары беріктігін, сақтау міндетті. Себебі түк тамырлары әлі жетілмеген эпителиалдан тұратын болғандықтан оған кері әсер ететін өңдеулер терінің бұзылуына әкеліп соғады.
2 МЕХ ӨНДІРІСІНІҢ ШИКІЗАТТАРЫ
2.1. шикізаттарды сұрыптау
Мех өндірісінде өңделетін тері шикізаты негізінен келесі топтарға бөлінеді: аса бағалы аң терілері, мехтық шикізат, теңіз жануарларының терілері.
Аңтерілері шикізат немесе аң терілері ақаулар кезінде кезінде немесе арнайы өсірілген шаруашылықтарда дайындалатын аса бағалы аң терілері.
Мехітк шикізат – мех өндіруге жарамды үй жануарларының өңделмеген шикізаты.
Теңіз жануарлар терісі – өңделмеген теңіз мысығы, теңіз ит балығы және де басқа терісі өңдеуге жарамды теңіз жануаларының терілері.
Аң терілері де, (пушина) мехтық шикізатқа қыстық және көктемдік бұрыш болып бөлінеді. Қыстық аң терілері – қыста ауланатын аң терілері. Бұларға тиын, қама, құндыз, аңкіс, қоян, сусар, күзен, түлкі, қара күзен,ондатра, көгілдір түлкі, бұлғын және тағы басқалар. Қыс айларында бұлардың түк жабындары жетілген, жоғары сапалы болады.көктемгі аң терілері қыста ұйқыға кететін немесе аулау қиынға түсетін, аң терілері сондықтан көктем, күз айларында ауланып дайындалатын аң терілерін айтады. Оларға суыр, сары шұнақ, көртышқан және т. б. Жатады.
Қыстық мехтық шикізатқа жүні жақсы өсіп жетілетін үй жануарларының терісі жатады: үй қояны, ит, мысық.
Көктемгі мехтық шикізат – негізінен үй жануарлар терілерінің жас төл терілері: лақ, қозы, қаракөл елтірісі, сеңсең бұғы, бұзау терілері, құлын, қой және теңіз мысығы терілері.
2.2. Жүн түгінің өзгермелілігі
Аңдар мен жануаралар терілерінің қасиеттерінің үлкен айырмашылықтары болады. Бұл жануарлардың тұқымдық табиғаттарына тән. Табиғи ерекшеліктерімен қатар, тұқымдық қасиеттеріне қоршаған ортаның тигізер әсері зор.
Қоршаған ортаның өзгеруі жануарлардың сыртқы қабатының организмді жағымсыз әсерлерден қорғауға қалыптастыратындай мүмкіндіктер болады. Бұның дәлелі ретінде жабай аң түрлерінің жүнінің солтүстік қысы суық аудандарда жылы жаққа қарағанда өсіп, қалың болуын келтіруге болады.
Бір аң терілерінңі өзінде қысқы жүн жабынның биік, қалың және жұмсақ болатыны байқалады. Жыл мезгілінің ауысына байланысты, климат жағдайы (ауа райы )өзгереді, соның әсерінен жүн түгінің бояуы, биіктігі, қалыңдығы және жұмсақтығыда өзгеріп тұрады. Реңінің өзгеруіне ақ түлкі, ақ тышқан, ақ қоян мысал бола алады. Олар жаздық жүннің қоңырқай реңін қысқа қарай ақ түске ауыстырады.
Қысқы ұйқыдан оянғанда аңдардың жүндері, құрғақ, бәсең, шелі – құрғақ, себебі қысқы ұйқы кезінде май бездері май бөлінуін тоқтады. Бұл аңдарда түлеу тек бір рет, жазда ғана болады. Ол кезде жүн түсіп орына күзде өсіп жетілетін жылтыраған, жұмсақ серпімді жаңасы өсіп шығады, шиелі – майланады.
Жануарлардың күтіміне байланысты жүн түгінің өзгеруі әртүрлі болады. ашық ауаду болатын қоян, мысық, ит жүндері жабық бөлмеде болатын аң жүндеріне қарағанда тез алмасады. Селекциялық (тұқым тазарту) нәтижесінде елеулі өзгерістер болады. Биязды жүнді қойда түлеу екі рет, қылшықты жүндіде көктемде ғана болса, жабайы қойлар жылына екі рет көктемде және күзде түлейді.Аң өсіретін шаруашылықтардағы бағалы аң терілерінің жүн түгін тор ішінде ұстап, жақсы күтіммен дұрыс тамақтандыру нәтижесінде таза тұқымды жүн түгінің реңін, биіктігін және қалыңдығын жақсартуға болады. бұны көптеген шаруашылықтар тәжірбиелері дәлелдеп көрсетті. Түлкі, күзен өсірілетін бөлмелерді жаз айларында қараңғылап қою нәтижесінде күзгі тиүлеуді тездетіп қысқы жүнннің дамуын үш аптаға қысқартуға, соның нәтижесінде шығынды азайтуға болады екен. Бұл аңдардың жүн түгінің аққа ауысуы қыста қарлы кезеңде қорғану қызметін атқарады.
Қысқы ұйқыға кетпейтін аңдарда жүн түгінің алмасуы жылына екі рет – көктемде және күзде болады, бұл түлеу деп аталады.
Көктемгі түлеу. Қыстың соңына қарай май бездерінің тіршілігінің тоқтауына байланысты, жүн түгі өңін жоғалтып, түбіт әлсірейді. Көктемнің кірісіне жүннің терімен байланысы әлсіреп, түсе бастайды, қысқы жүн жабыны сирейді. Теріде жүнсіз тақыр дақтар (бөліктер) пайда болады. тері қалыңдап қоңырқай тартады. Бірте – бірте жүннің қылшығы тазарып жаздық түк жабыны пайда болады. Әдетте, жүн түгінің алмасуы жануарлардың басынан құйрығына қарап жүреді.
Көктемгі түлеуде қыстық қалың өсік жабыны жаздың қысқа сирек жабынына алмасады. Күзгі түлеу кезінде астынғы қабатынан шыға береді де жаздық жүн жабыны толық түсіп бірте – бірте алмасады. Әдетте, күзгі түлеуде алмасу керісінше, құйрығынан басына қарай жүреді. Терінің қасиетері жануарлардың тұқымына, жасына және жынысына байланысты болады. Көбінесе аңдардың, үй жануарлардың еркектері ірілеу болып келеді.бұл терінің ауданына әсер етеді. Тек су құндызының ұрғашылары ірі болады.Еркек жануарлардың терілерінің жүндері, әдетте биік және ірі болып келеді,шелдері қалың. Кейбір жануарлардың (мысалы ит балықтың) еркектерінің реңдеріндерінде де өзгешелік болады. Теңіз мысығының еркектерінің жүнінің өсік жалы болады, ал ұрғашыларында ол болмайды.
Аңдар мен ауылшаруашылық жануарларының өсуіне байланысты тері құрылымында және жүн жабыны да өзгеріп отырады. Кейбір теңіз жануарларының балалары жүн сіз, ал кейбіреулерінің балалары жетілген жүнімен туады.
Сүтқоректілердің балаларының алғашқы жүн түп биязы түбіт секілді. Ол түк емген кезде ғана сақталады, ал одан соң қалыңырақ жабынмен алмасады.
Жабайы аңдардың алғашқы жүн түгі түсіп, орнына жаңасы шыққан соң да өмір бойы алмасып отырады.Жануарлар терілері денесі әбден толысқанға дейін өсе береді. Жүн түгі де қалыңдап реңі ашыла береді. Көптеген аңдардың жас балаларының алғашқы жүн жабынының құндылығы төмен болады. Ондай терілерді дайындауға тыйым салынады. Бірақ та жаңадан туған ит балық баласының жабыны өте бағалы шикізат болып есептеледі. Көптеген ауыл шаруашылық жануарларының (қой, ешкі, бұғы, сиыр және жылқы) мехтық теріні тек жас төлдер ғана береді. Мысалы жаңа туған қаракөл қозысының елтірісі өте бағалы,ал бірінеше күн өткен соң қасиетін жоғалтып, құндылығы төмендейді. Үй жануарларының (қоян, мысық, ит) керісінше, жас төлдерінің ересектеріне қарағанда сапасы төмен болады.
Ересек ауыл шаруашылық жануарларының терілері биязы жүнді қойды есептемегенде былғары өндірісінде қолданылады.
Ауыл шаруашылық жануарлары сияқты үй жануарларында терілерінің құрылымнан да, жүн жабының сапасынан да өзгешелентін бірнеше тұқымдарға бөлінеді. Әсіресе қой тұқымдарының өзгешеліктері ерекше. Мысалы, биязы жібек жүнді қой терісінің теңіз мысығына, қоянға кәмшатқа ұқсас өнімдерге дейін алуға болады. ірі жүнді қой терілері тек тондық өнімдерге ғана жарайды. Қояндарға сол сияқты кейбіреулерінің жүнінің ұзындығы 15 – 20 см, ал кейбіреуінікі 3 см жетпейді.
Кейбір жануарлардың жынысының, жасының және өсу табиғатының бірдей болуына қарамастан, жүн жабынының, реңінің, ауданының елеулі айырмалары болады. Мысалы ретінде түлкі терісін келтіруге болады.
2.3. Мехқа арналған аң және үй жануарларының терілерінің бастапқы өңдеу
Терісі мех өнеркәсібіне пайдаланатын жануарларды сою терісінің тәсілінің терінің ауданына, тері ткані мен жүн түгінің беріктігіне тигізетін әсері мол. Союға қойылатын негізгі талап толық қансыздандыру, себебі тері құрамында қалған қан бактерияларының дамуына қолайлы ортта болып табылады. Жабайы аң терілерінің дайындауға кең тараған тәсіл – атып алу, одан басқа қақпан, тұзақ және с.с. тәсілдер қолданылады. Үй жануарларын бауыздау және маңдайынан немесе шүйдесінен соғып құлату арқылы жансыздандыру. Бауыздаған малдың терісін көпке созбай жаны шыққан бойда тез арада сыпырып алу керек. Терінің алғашқы өңдеу процестері теріні сыпыру, майсыздандыру және консервілеу.
Теріні сыпыру
Терінің жүн түгінің сапасына, илеу тәсіліне және оның пайдалануына байланысты сыпыру бірнеше тәсілмен жүргізіледі: жалпағынан (ақ жолакқ бойымен тілу, яғни төстің қарынның және шеткі мүшелерінің ортасын ала), екі бүйірден тілу, бас жағынан тұтастай төмен сыпыру (9 - сурет) және арт жағынан тұтастай басына қарай сыпыру.
9 – сурет
Жалпағынан сыпырылған терінің тілу сызықтары мен тері көрінісі.
Жалпағынан тілудже негізінен үй жануарларының терісін,қояннан басқа үлкен терілер (аю, жолбарыс) майы көп болатын (теңіз жануарланың ) және терілері жалпағынан қолданылатын кейбір аң терілері, көртышқан т.б. сыпыруда қролданылады.
Бас жағынан төмен қарай сыпыруды жүн түгі ашық түсті, түбіттес жұмсақ жүнді аңдар терісін (ақ тиын, бұлғын) терілеріне қолданылады. Ол үшін ауыздың айналасындағы ерінді ажыратып, мәрін шеміршектерін бөліп төмен қарай сыпырады.
Арт жағынан бас жағына қарай сыпыруды кәмшәт қара күзен, сусар, саз құндызы, түлкі, андатра, мысық, қоян және т.б. бағалы аң терілерінің алғанда қолданылады. Бұл терілердің алынатын өнімдердің түрі олардың ерекшеліктеріне байланысты.
Бұл тәсілде артқы аяқтың іш жағымен артқы тесіке дейін тіліп төмен қарай сыпырады. Көптеген аңдардың басын, аяқтарын, құйрығын, бүтіндей сақтап қалу тиімді.
Теріні майсыздандыру
Терінің тканінде сұрыптауға және жүн жабынына кері әсерін тигізетін майдың артық мөлшері болады. Майжүн жабынын ластап сарғайтады. Сонымен қатар сақтау кезінде тотығып, қызып тері тканін әлсіретеді. Майдың артық мөлшері терінің кебуіне де кері әсерін тигізіп, бактериялардың дамуына қолайлы жағдай жасауы мүмкін.
Майсыздандыруды (майдан арылтуды) негізінен механикалық тәсілімен, өтпес пышақтарымен немесе сол сияқты активті туғыш заттармен өңдеу жолымен жүргізеді.
Консервілеу
Малдың жаңа ғана сыпырылған терісін «булы тері» деп атайды. Малды сойған сәттің өзінде – ақ теріде көптеген бактериялар болады. олар 20 – 370С температурада және қан қалдықтары бар дамуына қолайлы ортада өте тез көбейіп терінің бұзылуына жағдай жасайды. Мал жануарларының белгілі бір уақыт аралығында сойатын болғандықтан олардың өңдеу өнеркәсіптерінде жеткізгенше ұзақ уақыт сақтауға тура келеді. Терілер ұзақ «булы тері» күйінде сақтауға болмайды, сондықтан оларды негізгі қасиеттерін жоғалтпайтындай күйге келтіріп сақтау керек. Бұл үшін терілерді консервілейді. Теріні консервілеудің мақсаты бактериялардың дамуына қолайсыз жағдай жасау.
Мех өндірісінде консервлеудің мынадай тәсілдері қолданылады: құрғату, ылғалды тұздау, тұздай құрғату, құрғату, қышқылды – тұздау және ашытқымен өңдеу.
Құрғатып консервлеу тәсілі. Ылғалсыз ортада бактерияның өсіп – жетілуі тежеледі. Жаңа сыпырылған теріде 65-75% ылғал болады. Құрғатып консервлеу тәсілінің мағынасы теріде ылғалды кептіру жолымен 14-16% - ке дейін төмендету. Бұндай ылғалдылықта бактериялардың көбісі дамуын тоқтатады. Құрғақ сақтау кезінде көлеңкедегі температура 20-35 , ауа алмастырылып кептіріледі. Одан жоғары температурада кептірілген терілер сынып кетуі мүмкін, ал төмен кебу уақыты созылып бүлінуі мүмкін. Кептірілетін терілер мұқият жазылған болуы керек.
Жалпағынан сыпыпылған ірі ерілер жон арқа сызығы бойынша екіге бүктеліп ілініп, немесе керіліп кептірілу керек, Орта және кіші терілер ағаш қалыптарға майда шгемен бекітіліп кептірілді. Тұтастай сыпырылған терілер арнаулы қалыптарда керіліп кептіріледі. Қалыптардың өлшемдері белгіленген мөлшерге сәйкес болуы керек.
Бағалы аң терілерін консервлеуде құрғақ кептіру тәсілін кеңінен қолданылады, себебі трі таза болғандықтан сұрыптау ыңғайлы, салмағы жеңіл тасымалдауға оңай. Консервлеудің ылғалды тұздау тәсілі. Бұл тәсіл мағынасы теріні ас тұзымен тұздайды. Ас тұзымен тұздау терінің құрамындағы ылғалдылықты кемітеді де, бактериялардың дамып өрбуіне жол бермейді. Ылғалды тұздау тәсілі тріні жайып ас тұзын себу немесе қаныққан тұз ерітіндісіне салу арқылы жүргізіледі. Жайып тұздауды арнайы тақталарда мұқият жайып тұзды теріге түгедей себеді, келесі теріні біріншінің үстіне жайып оғанда тұз себу арқылы жүргізіледі. Тері қабаттарының биіктігі 1,5 м болады. Тұздау үшін құрамы жағынан таза, ылғалдылығы 5% - тен аспайтын ас тұзы қолданылады. Тұзға парадихлорбензол, нафталин, натрийдің кремнефториді және т.б. антисептиктер қосылады. Тұздауға жұмсалатын тұздың мөлшері булы терінің массасынан 30,40%, парадихлорбензол 0,5 %, нафталин 0,8%. Антисептиктер теріні бактериалдық бүлінуден сақтайды.
Себілген тұз терініңиылғалына еріп бірте- бірте тері тканіне енеді. Әдетте консервленген тері ткані тығыз және серпімді болады. Ас тұзды ерітіндісінде (тұздық) консервлеуді алдынала350г/дм.куб. болатындай етіп дайындалған ерітіндіде жүргізеді. Ерітіндіге алдын ала тазартылған терілер салынады. Консервлеу чандарда, баркастарда, барбандарда жүргізіледі. Ұзақтығы 10 – 15 сағат, ылғалды тұздауда +5 пен +15 температура жүргізген тиімді. Тұздықтау біткен соң терілерді ерітіндіден алып жүнін жоғары қаратып жайып қосымша тұз себеді. Ылғалды тұздауда жүн бірігіп қалатындықтан сұрыптау қиындау болады. Бірақта бұл тәсілдің орындалу оңайлығы, кептірілген ақауларың болмауы көптеген терілерді, дәлірек айтқанда қой, теңіз жануарлары, тиін және т.б. осы тәсілмен консервлеу тиімді. Жайып тұздағанға қарағанда тұздыққа салу кезінде ас тұзы тері құрылымына біркелкі енеді және терінің қаны мен кірі аз болады.
Консрвлеудің тұздай құрғату тәсілі. Бұл тәсіл негізінен қаракөл елтірілерін консервлеуде қолданылады. Теріге тұзды сеуіп қаттап жайып қояды да, 10 күннен соң кептіреді. Бұл тәсіл ылғалды тұздау мен құрғату тәсілдерінің қосындысы.
Оңтүстіктің ыстық ауасына байланысты ылғалда тұздалған терілер қызып кетсе құрғатылған терілердің жүніне күйе түседі, сондықтан да тұздай құрғату тәсілі өте тиімді.
Консервлеудің қышқылды – тұздау тәсілі. Бұл тәсіл өңдеудің кейбір түрлеріне жатады және аз қолданылады. Тәсілді орындауда ас тұзы (85%) аллюминий ашудасы (7,5%) және аммоний хлориді (7,5%) араластырыптеріге себеді. Қаттап жиып 7 күн сақтайды. Қышқылды – тұздау тәсілі қой терілерінің жүнін әрлеуді қиындатады.
Ашытқымен өңдеп консервлеу. Бұл тәсіл тек қаракөл елтірілерінде ғана қолданылады. Терінің құрамына арпа немесе сұлы ұны және ас тұзының қою ерітіндісін жағады. Ашытқымен консервлеуді жүргізу өте қиын процесс болғандықтан тек білікті мамандар ғана жүргізе алады жүргізілу ретінің сәл ғана бұзылуы жүннің босап, түсіп қалуына әкеліп соғады.
2.4.Шикізат ақаулары
Шикізат ақаулары деп оның сапасын төмендететін кемістіктерді айтады.шикізат ақаулары жануарлың немесе аңның тірі күнгі және өлгеннен кейінгі деп ажыратылады.
Тірі күнгі ақаулар .Мұндай ақаулар малдың ауруларынан ,жөнді күтім болмағандықтан ,ластанудан ,түлеуден сондай –ақ механикалық жарақаттанудан болады.
Бұларға келесі ақауларды жатқызуға болады
Қылшықтың сынуы-қылшық жүндердің механикалық әсерден сынуы.
Киіздену-жүннің ұйпаланып ,бірігіп,тұтасып қалуы.
Таздану-терінің жүннің сыпырылып түсіп қалуы.
Қылшықтың түбіт жүнінен төмен болуы.
Қотыр-терінің қышымадан кейін өң бітпей қалуы.
Тіс ізі-таласқаннан бітпей қалған тыртықтар.
Жүн сарғыштығы –ақ түсті (ақ тиін,ақ түлкі) жүндердің сарғыш тартуы.
Өлі жүн-күтімі болмаған мал жүннің дамымай қалуы.
Малды тірі кезіндегі терідегі ақаулары шаруашылықтарда күтімнің немесе бақылаудың болмауының нәтижесінде болады.
Жарақаттар уақытылы емделіп зоотехникалық ветеринарлық бақылау-ақауларды болдырмау жолы.Бұл өнім сапасын ғана арттырып қоймайды,сонымен қатар шаруашылық табысының кіріс көзі болып табылады.
Өлгеннен кейінгі ақаулар.Аң ауланғаннан кейінгі жүн немесе тері ақаулары аңдарды қолға түсіру,терісін сыпыру және консервілеу кезінде,сондай –ақ оларды сақтау ,тасымалдау кезінде пайда болады.
Кеңінен тарлғаны төменддегілер:
Оқ іздері-атылғандағы тесіктер.
Жүнге қанның қатып қалуы.
Жыртықтар-сыпырғанда немесе кергенде пайда болады.
Тері тканінің қаттылығы-жоғары температурада кептіргенде болатын сынғыштық.
Жүн майлылығы –майсыздандыру дұрыс жүргізілмегендігі.
Майлы күйік-май тотығуынан тері тканінің әлсіреуі.
Жүннің түсуі-жүн тамырының босап түсуі.
Дұрыс керілмеуі-қалыптардың талапқа сәйкес болмауы.
Көгеруі-жеткіліксіз кептірілгендіктен көгереді.
Жүн түсінің әртүрлілігі – күн сәулесінің әсерінен жүн түсінің өзгеруі.
Тері ткані мен жүннің күйеден бұзылуы.
Көрсетілген ақаулардың көпшілігі ұқыпсыздықтан пайда болады.Ақауларды тәжірибелі сұрыптаушылардың мұқият тексеруінің нәтижесінде анықтайды.Ақаулар мөлшерінің қосындысынан шикізаттың құндылығын анықтайды.
Шикізатты алғашқы өңдеу негізінен дайындау немесе тері – шикізаты кәсіпорындарында жүргізеді.Дегенмен кәсіпорындарда қосымша өңдеуді қажет етеді.
2.5. Шикізатты сұрыптау, сапасын анықтау және сақтау
Стандарттар құрылымы. Шикізат сапасын анықтау қамтамасыз ету үшін негізінен мемлекеттік стандарттар МЕСТ(ГОСТ) қолданылады. Мемлекеттік стандарттар шикізатты дайындаушылар үшін де, қабылдаушылар үшін де бағалауда, сұрыптауда және есептеуде сақталатын міндетті ереже. Стандарт индексі екі белгіден тұрады: реттік саны және сызықша арқылы бекітілу жылы. Мысалы, “өңделмеген тиін терісі”стандарты 6374 – 66 былай айтқанда, реттік саны 6374,1966 жылы бекітілген.
Стандарттар жиынтығы қолдануға тиімді.Олар “Аң терілерінің қысқы түрлері”немесе “Аң терілерінің жазғы түрлері”деп бөлінеді.Буып – түюдің және марклеудің де стандарттары бар.Стандарттарда төмендегідей бөлімдер болады: “Шикізаттың жеке түрлері”, “Техникалық шарттар”, “Стандартта емес терілер сипаттамасы”.Сонымен бірге тері сапасын 1 сортқа шағып есептегендегі сапалық кестесі келтіріледі.
“Анықтау бөлімінде бұл стандартты шикізаттың қандай түрлеріне қолданылатыны және олардың сапалық сипаттамалары келтіріледі. “Топтастыру”бөлімінде сұрыптау белгілері келтіріледі.Сұрыптауды, әдетте, қай өлкеде өскеніне байланысты “кряж”, сортына, ауданынажәне ақаулары бойынша жүргізеді. Мысалы, өскен жеріне байланысты (кряжге) тиін терісі 10(онға) бөлінеді.Сұрыптау негізін жүн мен тері тканінің сапасы алынады.
Сорт – жеке аң терілерінің тауарлық қасиеттерінің жиынтығы мен бағасы. Сортқа мезгілдік өзгерудің тигізер әсері мол.Аң терілерінің қысқы түрлерінің 1 сортына тері қыста алынғандары ғана жатады.Олардың жүн жабындары біркелкі дамыған, қылшығы биік, түбіті жетілген, тері ткані жұқа болып келеді.2 сортқа жүні аса жетілмеген терілер жатады. 3 сортқа жүні аласа қылшығы жетілмеген терілер жатады. Сорт бойынша сұрыптау аң терілерін бағалауды жоғары білімімен мо тәжірибесін қажет ететін қиын жұмыс.
Стандарттарда терілерді ауданы бойынша қай топқа жататыны келтіріледі.Аң терілерінің ауданын шаршы сантиметрмен анықтайды. Әдетте, терілерді үлкен, орташ және кіші деп бөледі. Тұтастай сыпырылған терілердің ауданы екі көзі аралығы мен құйрығының түбіне дейінгі ұзындықты ортасынан енінің екі есесіне көбейтіп анықтайды. Жалпығынан сыпырылған терілердің ауданын тері ортасының ұзындығы мен енін көбейтіп анықтайды.
Ақаулар тобы бойынша олардың саны мен өлшеміне қарай сұрыптайды. Ақаулар тобы бойынша: ақаулары аз, орташа ақаулы, көп ақаулы және жарамсыз деп бөледі.
“Стандартты емес терілер сипаттамасы”бөлімінде қандай терілердің стандарттарға жатпйтыны және қабылдауғажарамсыз екені келтіріледі.
Аң тері шикізаттарының және олардың тобының құнын есептеу. Ауданына, сортына және ақауларының әртүрлілігіне байланысты терілердің де құны өзгеше болады.
Қабылдау ережелерінде әрбәр аң терісінің үлкен ауданды 1 сортты ақаусыз терілердің қабылдау бағасы келтіріледі. Терінің бұндай түрін 100% немесе 1 (головка) деп есептеу қабылданған.
Терілер партиясының (тобының) бағасын шығару үшін белгіленген есептеу (зачет) процентімен басқа (головка) келтіріледі.
Қолданылып жүрген стандарттар бойынша әртүрлі сортты терілер, әдетте, төмендегідей есептеледі: 1 сорт – 100%, 2 сорт – 75%, 3 сорт - 50%.
Терілердің кейбір түрлерінде ауданы бойынша есептелінеді. Ауданы үлкен терілер 100 %, орташа – 75%, кішілері - 50%.
Ақаулары бойынша: ақаусыз – 100%, аз ақаулы - 90%, орташа ақаулы - 75%, ақауы көптері - 50%.
Мысалға, 2 сортты, аз ақаулы қызыл түлкінің терісін бағалауды, басқа есптеуді келтірейік. 1 сортты тері бағасы 300 теңге. 2сортты – 75 % тең болғандықтан 300*75/100=225 тг, оның үстіне ақау бойынша 90% тең болса 225*90/100; сонда тері бағасы 202,5 теңге болады.
Немесе басқа мысал: 250 данадан тұратын күзен терілер тобы. Олардың сапа көрсеткіштері 1- кестеде келтірілген.
Тері
|
1сортты ақаусыз
|
2сортты орташа ақаулы
|
3сортты аз ақаулы
|
Үлкен
|
50
|
|
|
Орташа
|
40
|
50
|
.
|
Кіші
|
20
|
50
|
40
|
Барлығы
|
110
|
100
|
40
|
Бұл топтың бағасын есептеу үшін алдымен 2 кестеде келтірілген стандарттар шарттарына сәйкес “басқа” жағын есептейді.
Жалпы “бас ” саны 1 сортта ақаусыз 90+35+9=134.Сонымен, әр данадн тұратын әртүрлі сортты ақаулы,ауданы бар терілер тобы 1 сортты “бас” саны есептегенде 134 болды.
1 сортты күзен бағасы 200 теңге болса, партия бағасы 134*200=26800. Тері шикізаты өндірісінде оның сапа есептеу бағасын анықтайды.Жоғарғы келтірілген күзен терілер тобы үшін 134*100/250=53,6 % болып шығады.
2 – кесте
Тері
лер
|
1сортты ақаусыз
|
2сортты орташа ақаулы
|
3сортты аз ақаулы
|
|
терілер саны
|
есептеу бағасы
|
«бас саны»
|
терілер саны
|
есептеу бағасы
|
«бас саны»
|
терілер саны
|
Үлкен
|
50
|
100
|
50
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Орташа
|
40
|
75
|
30
|
50
|
42.2
|
21
|
-
|
-
|
Кіші
|
20
|
50
|
10
|
50
|
28.1
|
14
|
40
|
22.5
|
Барлығы
|
100
|
-
|
90
|
100
|
-
|
35
|
40
|
-
|
“Өндіріс жағдайында бұл көрсеткішті жіберілу бойынша есептеу” деп атайды. Өңдеу және әрлеу процесстері біткен соң дайын жартылай фабрикат сұрыпталады да “дайын өнім бойынша” есептеледі. Кейінгісінің көрсеткіші бастапқысынан жоғары болу керек, себебі өндіріс процесстерінде өнім сапасы жақсаруы тиіс. Бірақта кейжағдайларда олар болмай шығады.
Мехтық шикізаттың тиімді пайдалануы дайын өнім бойынша есептеу мен жіберілу бойынша есептеудің қатынасымен анықталады.
Дұрыс сақталмаған терілерде құндылығын едәуір дәрежеде төмендететіндей ақаулар пайда болады. Тері сақталатын қоймалардың ауасы алмастырылып тұратындай болуы керек, соның өзіндеде құрғақ кептірілген және ылғал тұздалған шикізаттар бөлек бөлмелерде сақталуы керек.
Жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарамастан бірқалыпты жағдайда: температура 15 – 20, салыстырмалы ылғалдылық 65 -70 % болуы керек. Терінің түріне, бағалылығына қарай қаттап буып, жиналады немесе іліп қойылады. Терілерге күн түспеуін бақылап тұрылады. Одан сақтандыруға жақсы әсер ететін эаттар: дихлордифенил – трихлор – этан (ДДТ) -5 және 10% дуст түрінде шығарылатын кристалды зат, хлорфос - 5% су ерітіндісі түрінде себіледі, гексохлоин - 25% дуст түрінде шығарылады. Бағалы аң терілерінің араларына нафталин салынады.
2.6. Шикізаттардың кейбір түрлерінің сипаттамалары
Аң терілерінің қыстық түрлері.
Тиын терілері көбінес боялмаған, кейде боялған түрінде мехтық өнімдерге (әйел және балалар сырт киіміне, жағаға, бас киімге және т.б.) қолданылатын бағалы шикізат. Ауданы 250 – 400 см кв. Жүн жабыны қалың, өскен өлкесіне байланысты ашық түстен қоңырқай түске дейін боялады. Мемлекеттік стандарт (6374 - 66) бойынша сортына, ақауына және өскен өлкесіне байланысты сұрыпталады.
Күзен терілерінің жүн жабыны қалың, жұмсақ, ашық-қызғылт болып келеді. Жүн жабыны ұзын қылшық жүндерден және толқындаған түбіт жүндерден тұрады. Ауданы 500-600 см кв. Негізінен қою-қоңыр түске бояп қара күзен терісіне ұқсатып өндіріледі. Әйелдердің әсем киімдерінің бөлшектеріне, бас киімге қолданылады.
Сусар терілерінің жүн жабындары өте әсем болады. Негізінен бас киім, жаға, әйел, жамылғылары, жакеттер тігеді. Сусардың тамағының астында ақ таңба болады.
Түлкі терілері өскен өлкесіне және түсіне байланысты қызылдан қара-қоңырға дейін бола береді. Негізінен әйел киімдеріне қолданылады.
Қар күзен (норка): қолда өсірілетін және жабайы болып бөләнеді. Терісі өте бағалы, сондықтан да соңғы жылдарда көптеп өсіріле бастады. Терісі жағынан қара, көкшіл, сұрғылт ақшыл бола береді.
Ондатра ең көп таралған аңдардың бірі, барлық сулы жерлерде өсе береді. Биік қылшық және қалың түбіт жүндер де бар. Жон арқасы қара-қоңыр бүйірлері ашық қоңыр ,тұмсығы ақшыл ақаулылығы бойынша 3 сортқа бөлінеді, ауданы 400-650 см кв. Ондатр терілері боялып та, боялмай да өндіріледі.
Аң терілерінің көктемгі түрлері.
Аң терілерінің көктемгі түрлеріне жататындар: суыр, сарышұнақ, сарытышқан, көртышқан, егеуқұйрық, атжалман, қосаяқ және т.б.
Суыр сирек кездесетін болғандықтан жоғары бағаланады. Жүні өте тығыз, біркелкі, реңі өскен өлкесіне байланысты ашық – сарғыштан көкшіл – сұрғылтқа дейін ауыса береді. Негізінен боялып, сырт киімдер, бас киімдер тігуде пайдаланылады.
Мех терілерінің жеке түрлері
Үй қояны терілері ең көп дайындалатын шикізат. Себебі өте өсімтал әрі тез жетіліп көп шығын талап етпейді.Қоянның көптеген түрлері болады.
Негізгілері төмендегілер:
Шиншилла – жүн жабыны қалың, биік және жұмсақ сұрғылт түсті. Қылшық жүндерінің ұшы қоңырқай.
Шампань – жүн жабыны біркелкі ақшыл сұрғылт түсті.
Флонур – жүн жабыны жұмсақ, қалың, биік, сұрдан қарасұрға дейін болады.Үлкен ақ қоян – жүні жабыны қардан аппақ болады.
Қоянның аралас тұқымдарының терілері аса бағаланбайды.
Қоян терілерін ауданы жағынан төртке бөледі:
Ауданы текше см;
Аса ірілері А 1900-ден жоғары
Аса ірілері Б 1600-1900
Ірілері 1300-1600
Майдалары 1300 дейін
Жүн жабынына байланысты 4 сортқа бөлінеді, табиғи боялған, қырқылған күйінде өндірісте қолданыла береді.
Қаракөл қой тері шикізаты негізінен екі топқа бөлінеді: 1.елтірі; 2. Қой терілері; бұл топқа бұғы терілері де жатады.
Қаракөл тұқымды қойларының қозыларының жүнді жабыны ерекше әдемі жылтыраған, бұйра-бұйра, ирек әртүрлі формада болып келеді.
Қаракөлше – тууына 10 – 15 күн бұрын іш тастаған немесе арнайы сойылып алынған қозы терілері.
Қаракөлше – туғаннан соң 3 күн ішінде сойылып дайындалған қозы елтірісі. Елтірінің сапасы мен құндылығы түгінің бұйралығына, түсіне ауданына байланысты. Елтірі бұйра гүлінің жалпақтығына қарай ұсақ бұйра гүлді (ені 4,5 мм-ге дейін) орташа гүлді (ені 4,5-7 мм), ірі бұйра гүлді (7 мм-ден артық) деп бөлінеді. Орташа бұйра гүлді елтірі сапалылығы жағынан жоғары бағаланады.
Елтірі түріне қарай қара, сұр қызғылт, қоңыр(сұр) көк болып келеді.Жүнінің өн бойының түгі біркелкі болмайтын түгінің түбі қоңыр, үш жағы бірте-бірте көгілдір, ақырында ақшыл келетін лтіріні суыр деп атайды.
Жүнінің бұйралығына қарай моншақ гүлді және толқын бұйралысы жоғары бағаланады. Мұнымен қатар жүнінің тығыздығы мен серпімділігі де елтірінің қасиеттерінің бірі.
Қаракөл елтірісі реңі, ауданы, сорты, ақаулығы бойынша сұрыпталады.
Мехтық шикізатқа қаракөл қойларының басқа терісі мех жасауға жарамды қой тұқымдары да пайдаланылады. Олар: қазақтың арқар мериносы, етті, биязы жүнді қой тұқымдары.
Цыған қойы – өте ерте заманнан бері келе жатқан биязылау жүнді қой тұқымдарының бірі. Негізгі ерекшелігі табиғаттың қатаң жағдайына төзімді. Бұл қойлардың терілерін өңдеп жүнін түрлендіру арқылы саз құндызы, қабылан, кәмшат терілеріне ұқсатып имитациялауға болады.
Тон жасауға жүні қылшықты, ірілеу қой тұқымдарының терілері алынады. Олардан тон, тұлып басқа да жүні ішіне қараған, өзеңі өңделген киімдер жасалынады. Тон өндірісінің шикізаты ретінд етті- майлы қой тұқымдары еділбай, дегерес және қазақтың ұяң жүнді қойлары жатады.
Еділбай қойы – жергілікті қазақы қойлардың ішіндегі ең ірісі, жүннің сапасы сапасы жағынан тәуірі. Қылшық жүнді табиғатқа жақсы бейімделеді.
Теңіл жануарлар терісі. Теңіз жануарларының ішінен теңіз мысығының терісі сапасы жағынан ерекше орын алады. Қылшың жүні теріліп, түбіт жүні қара түске боялған соң немесе жабағы түрінде әйелдер пальтосы үшін, жаға, бас киімдер және басқа бұйымдар жасауға қолданылады. Мехтық тюлен терілері ерлердің бас киімдеріне күртелері үшін қолданылады.
3.Аң терісі,мехтың шикізат және тондық қой терілерін өңдеудің негізгі принциптері.
3.1Жалпы талаптары.
Аң терілері мен мехтың шикізат жұмсақ алтын деп бекер айтылмайды.Осы аттың өзі-ақ көптеген міндетті жүктейді.Терілерді өңдеу барысында шикізатты және қажетті материалдарды өте ұқвыпты жұмсап,технологиялық процесстерді мұқият жүргізіп,еңбек тәртібі мен техника қауіпсіздігін бұлжытпай орындауы талап етеді.
Мех өнеркәсібінде өңделетін шикізаттарды негізінен мына топтарға бөлуге болады:мехтық шикізат( мехтық және тондық қой терілер,қаракөл елтірілілері,қозы ,лақтар ,қоян,мысық,ит,құлын және т.б );бағалы аң терілері (қара күзен ,тиін,сусар,түлкі,саз құндызы,қама,оңдатра және т.б )теңіз жануарлары терілері (теңіз мысығы,тюлень,ит балық ).
Мех шикізатының ішінде ең көп өңделіп өндірілген мехтық және тондық қой терілері.Бұл шикізаттардан,адам игілігіне жарайтын көптеген өнімдер (бас киім,сыртқы киім,жағалар,балалар және әйелдер пальтосы,ерлердің күртелері,аяқ киімдер,спорттық бұйымдар және т.б) өндіріледі.
Осыған байланысты мех өнеркәсібін илеу-бояу және пішу-тігу өндірістерінде бөледі.Мех фабрикаларында шикізат заттардың,көптеген түрлерін ауданына ,қалыңдығына ,жүнінің ұзындығына,реңіне,жұмсақтығына,бұйрасына қарап өңдейді.Жануардың бір түрінің өзінде өскен өлкесіне,жасына,жынысына,сою мезгіліне,ақауларына,алғашқы өңдеу тәсілдеріне байланысты ерекшеліктері болады.
Илеу –бояу өндірісінде өңделіп шыққан мех терілерін жартылай фабрикат деп атайды.Оларды дайын өнім алу үшін пішу-тігу фабрикасына жібереді.Өндірісте мех терілері табиғи /боялмаған/ немесе боялған күйде шығарылады.Жақсы мехтық шикізаттың біраз бөлігін жүнін түрлендіріп/имммитация/ бағалы аң терілеріне ұқсатып шығарады.Мысалы, қоян терісін бұлғын терісіне ұқсатып шығару немесе қоян терісін қараға бояп,жүнін қысқартып,мысық терісіне ұқсата шығарады.Биязы жүнді қой терілері саз құндызға ,қабылан,камшат,мысық терілеріне ұқсатып өндіріледі.
Мехөндірісінің технологиясы,дайындық,илеу және әрлеу процесстеріне бөлінеді.Табиғи реңі жақсы терілерді боямастан өңдеп кептіріп,әрлеу операцияларына жібереді.Боялатын шикізат кептіріліп,әрлеу операцияларынан кейін бояуға жіберіледі.Боялған жартылай фабрикат жартылай кептіріліп,әрлеу операцияларынан өтеді.Бұл тәсіл үзілісті деп аталады.
Кейбір жағдайларда мехтік жартылай фабрикаттан өңдеуден /илеуден/ соң кептірмей бояйды. Боялған соң кептіріліп әрлеу операцияларынан өтеді.Бұл тәсіл үздіксіз деп аталады.Үзілісті және үздіксіз тәсілдердің процесстерінің орындалу реті мынадай.
Үзілісті тәсіл-жібіту,шелдеу,пикелдеу,илеу,майлау,кептіру,әрлеу операциялары,бояуға дайындау,бояу,шаю,кептіру,әрлеу операциялары.
Үздіксіз тәсіл-жібіту,шелдеу,пикелдеу,илеу,бояуға дайындау,бояу,майлау,кептіру,жұмсарту,әрлеу операциялары.
Мех өңдеудің үздіксіз тәсілінің бірқатар артықшылықтары бар.Біріншіден өндіріс айналымы қысқарады,еңбек өнімділігі артады,жұмысшылар саны азаяды.Екіншіден бұл тәсіл өндірісті дұрыс та,тиімді ұйымдастыруға ,механизациялауға,автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Мехтік,тондық қой терілері негізінен үздіксіз тәсілмен өндіріледі,өте жұмсақтықты қажет ететін қаракөл қой терілері,қоян терілері үзілісті тәсілмен өндіріледі.Мех өндірісінің барлық технологиялық процесстерін 2 топқа бөлуге болады.Бірінші тобы шикізаттың қасиеттерін өзгертетін химиялық және физико –химиялық құбылыстар негізінде жүргізілетін процесстер.Бұларға жібіту,илеу,пикелдеу,майдан арылту,ашытқымен өңдеу,кептіру ,бейтараптау,басқылау,бояу және т.б процесстер жатады.
Екінші топ-механикалық прцесстер :шелдеу,жұмсарту,жүнді қырқу тарау,жүнді тазарту,тегістеу және т.б .Бұл бөлу шартты түрде ғана ,себебі кейбір процесстерді жүргізген кезде,механикалық және физико-химиялық әсерлер бірге болады.Әдетте ,бірінші топ процесстері өндірістік Партиядағы белгілі мөлшердегі шикізатта бірмезгілде жүргізіледі. Өндірістік партияны құрастыру өте жауапты жұмыс. Түрі, массасы немесе ауданы мен қалыңдығы бір, сақтау тәсілдері , тығыздығы мен сорттылығы ұқсас, сапасы бір деңгейде , жүн жабыны бірдей және белгілі бір өнім шығару мақсатында тері шикізаттарынан құрастырылады.
Жүннің майлылығы жоғары , жүні босаған, шикізаттар бөлек топтастырылып жеке партия түрінде өңделеді. Әдетте, өндірістік партиялар көлемі өндіріс жабдықтары мен қондырғыларының йымдылығына байланысты тұрақты болып келеді. Мысалы, 5000 дм2 сйымдылығы баркаста 250-300 қой терісі немесе 3000-4000 қоян терісі өңделеді. Екінші тпо процесстері, әдетте, бір-бірлеп жүргізіледі, мысалы, шелдеу, жүнді қырқу, тарау. Кейбір жағдайларда, жұмсарту, сілкілеп тазарту процесстері тобымен жүргізіледі.
3.2. Процестердің негізгі параметрлері.
Мех өндірісінің әрбір процесстері шикізат түріне, сақтау тәсіліне, қалыңдығына, жүн жабынының сипатына байланысты белгілі бір жағдайларда жүргізіледі. Бұл жағдайлар процесс параметрлері деп аталады.
Мех өндірісі процесстерінің негізгі параметрлеріне сұйықтың коэфициенті /с.к./, процесстердің ұзақтығы, реагенттер концентрациясы, температурасы және механикалық әсерлер жатады. Бұл параметрлер корсеткіштері ғылыми зерттеу нәтижелері мен кәсіпорындар тәрбиесіне сүйеніп негізделеді. Шикізат, қолданылатын материалдар, еңбек және уақыт шығынының мөлшері айқындалып, сапалы өнім шығарылатын параметрлер тиімді болды. Осылардың негізінде барлық процесстерді жүргізудің біріңғай технологиясы жасалынады. Біріңғай технология барлық процесстердің бір-бірімен ұтымды байланыстылығын қамтамасыз етуі керек. Егер де бір процесске , мысалы, пикельдеу процесіне өзгеріс енгізетін болсақ оның одан кейінгі процесстерге қандай әсері болатыны ескерілуі керек. Одан ауытқу ережені бұзу деп есептелінеді.
Мех өндірісінің процесстерінің негізгі параметрлерінің сипаттамаларын келтірейік. Сұйықтық коэффициент /с.к./ - шикізат немесе жатрылай фабрикат массасының бірлігінің (тонна, кг) өңдеуге жұмсалатын сұйықтың тоннамен немесе кг –мен қатынасы. Егер 100 кг шикізатты жібітуге керекті /с.к./ =10 десек, онда 1000 дм3 су керек. С.к. мәні жоғары , себебі шикізаттың немесе жартылай фабрикаттың сұйыққа батуына байланысты процесстерге әсері мол, ерітіндіден мехтің реаенттердің сіңуі де с.к. жоғары көрсеткіштерінде жүргізіледі. Себебі сұйық аз болса жүн ұйысып, шатасып, киізденіп қалады. Процесс ұзақтығы реагенттердің диффузиясының жылдамдығына және оның өзең құрылымына біркелкі таралуына әсерін тигізеді. Процесстің ұзақтығы ерітіндегі реагенттің мөлшеріне, температураға, механикалық әсерге, алдыңғы процесстің өту барысына және т.б. факторларға байланысты. Прцесстің тым ұзақтығы, коллаген талшықтарының беріктігін, сол арқылы жартылай фабрикат құрылымын әлсіретуге , жүннің өзеңмен байланысын бұзуға әкелуі мүмкін. Мысалы, құрғақ кептірілген қой терісін жібіту ұзақтығы 20-24 сағат болса, ылғалды тұздалған қой терісі, небәрі 4-6 сағатта жібиді.
Реагент концентрациясы. Жалпы ерітіндіде реагент концентрациясының коп болуы оның өзең бойына сіңіруін жылдамдатып, реагенттің өзең микроқұрылымына диффузиясын кушейтіп, оның белокпен әрекеттесуін арттырады. Бірақ концентрациясының шектеусіз өсе бергені де қиын. Біріншіден өнімнің өзіндік құны жоғарылап, бағасы артады, екіншіден, реагент өзеңнің беткі қабатымен өте күшті байланысып, ары қарай диффузия жолын бітеп тастауы немесе коллаген талшықтарының бұрыс бағытта өзгеруіне әкелуі мүмкін. Әдетте, реагент концентрациясы литрдегі грамм есебінде беріледі (г/л). Егер, мысалы, жібіту процесіне 10 г/л ас тұзы қолданылады десек, ол деген сұйықтың әрбір литріне 10 граммнан ас тұзын салу керек деген мағына. Өңдеуші жартылай фабрикаттың және мехтың қасиеттеріне әсер етеді. Температураның белгілі бір деңгейге өсуі диффузияны жылдамдатып, реагенттердің өзеңге, тері тканіне және жүн талшықтарына тарлуын жылдамдатып, процесстің жүруін тездетеді. Көрсеткен деңгейден температураның асып кетуі кейбір процесстерде белоктардың ыдрауына соның нәтижесінде тері босап, оынң сапасының нашарлауына әкеліп соғады. Процесстердің жүргізілу температурасы шикізаттың немесе жартылай фабрикаттың пісу температурасынан әрқашан төмен болуы керек.
Механикалық әсер ерітіндіні араластыру нәтижесінде өзең мен жүн талшығына реагенттің диффузиясын күшейтеді, кей процесстерде шикізат пен жартылай фабрикатта минералды тұздар мен консервілеуші заттардың, табиғи маталардың тезірек және молынан бөлініп шығуын қамтамасыз етеді.
Бірақта процессті ұзақ және айналдырып жүргізсе жүн ұйысып, ұйпаланып, киізденіп қалуы мүмкін.
3.3. Өңдеудің типтік схемалары
Өңделетін аң терілері мен мех шикізатының әрбір түрінің өзінің біріңғай технологиясы болады, дегенмен кейбіреулерін негізгі типтік схемаларға топтастыруға болады. Мех қой терісі, майлылығымен және жүннің ластығымен сипатталады. Сондықтан мехтық қой терісін майсыздандыру мен жүннін жууда ұқыптылықты, тері тканінің беріктігін арттыруды талап етеді.
Мехтық қой терісінің өндіріс технологиясы мынадай негізгі процесстерден тұрады: жібіту, жүұн жабынын майсыздандыру, шелдеу, жүнін қырқу, пикельдеу және илеу. Жүні әрленбейтін қой терілері үздіксіз тәсілмен , ал әрленетін, терілер үзілісті тәсілмен өндіріледі.
Тондық қой терісі. Тондық қой терілері үздіксіз тәсілмен өндіріледі. Тондық қой терілерінің тері ткані тығыз және майлы болып келеді. Тері тані киімнің сыртына қаратылатын болғандықтан шелдеу, майсыздандыру, илеу, түрпілеу және тегістеуді жүргізуге жоғары талап қойылады.
Тондық қой терісін өңдеу схемасы: жібіту, майсыздандыру, пикельдеу, илеу, майлау, түрпілеу, тегістеу, бейтерептау, бояу, тері тканін майсыздандыру, әрлеу процесстері.
Қоян, мысық, ондатра, ит терілері. Қоян терісінің қалыңдығы әртүрлі, жалпы тығыз болып келеді. Жүн жабыны – қылшықпен, түбітпен аралас болғандықтан бояу қиындау болады.
Қоян терісін өңдеп, қараға бояу схемасы: жібіту, шелдеу, пикельдеу, илеу-майлау, кептіру, әрлеу операциялары, бояу протраврлау, екінші бояу, шаю, тұздау, кептіру, әрлеу операциялары.
Соңғы жылдарда қоян терісін үздіксіз тәсілмен илеу технологиясы меңгерілуде. Ит терісі өте жылы болады. Тері ткані тығыз, қалың, өте майлы болғандықтан илеу процесінің өзінде –ақ беттік активті заттарды қоса жуады. Ол беттік активтік заттармен натрий карбонаты қосылған ерітіндімен жүргізіледі. Сонан сон шелдеу , пикельдеу , сүргілеу, түрпілеу, майлау, илеу, кептіру және әрлеу процесстері жүргізіледі.
Қаракөл қозыларының терілері. Бұл тпотың шикізатының тері ткандері тығыз болып келеді. Әдетте, жұмсартатын пикельдеу процессін бұл топ терілерінің қажетті жұмсақтығы мен созылмалылығын қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан да қосымша өңдеу тәсілдері қолданылады. Өңдеудің үздіксіз де, үзілісті де тәсілдері қолданыла береді.
Майда кеміргіштер терілері. Әдетте, майда терілерді (сарышұнақ, сарытышқан, суыр және т.б.) үздіксіз тәсілмен өңдейді.
Бағалы аң терілері. Бағалы аң терілері өзіне байланысты табиғи түрінде немесе боялып, түрлендіріліп өңдіріледі. Мехтік терілермен салыстырғанда ұқыптылықты, мұқият қарауды, көптеген механикалық және қол жұмыстарын талап етеді. Тері ткані мен жүнін бірнеше рет тазартып сілкілеп тұру керек.
4. ДАЙЫНДЫҚ ПРОЦЕССТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
Мех кәсіпорындарына келіп түскен шикізат , көбінесе былғаныш, майлы және консервілеуші заттармен бірге келеді. Терілерді өңдеуге жарамды ету үшін дайындық процесстері мен операциялары жүргізіледі. Солардың қатарына жататындар: жібіту, шелдеу, жүнін қырқу және майдан арылту.
4.1. Жібіту
Жаңа сыпырған мал терісінде 70%-ке дейін ылғал болады. Ол ылғал гидротациялық су және терінің сіңіріп ісінген суынан тұрады. Гидротациялық ылғал белоктардың йондалған амин (NН4+) карбоксил (СОО) және басқа топтардың дипольді су малекулаларымен байланысы әсерінен тері құрамындағы иондардың сумен дипольді байланысынан немесе белоктық пептид және гидроксил тобының сумен сутекті байланыс түзуінен болады. Ол ылғал коллагеннің тізбекті болшектерімен малекулалық берік байланыта болады да, тіпті аса үлкен қысыммен механикалық әсер еткенде де бөлінбейді және басқа заттарды еріте алмайды. Гидротациялық ылғал мөлшері әртүрлі зерттеулерге қарағанда белок салмағының 20-60% -дей болады.
Шикізаттағы басқа ылғал сіңірген түрде болады. Шикізатты алғашқы өңдеу, сақтау, консервілеу кезінде ылғалдың біразы кептіріліп, бір-біріне жабысып, тері тканінің микроқұрылымында өзгерулер болады.
Жібіту мех өндірісінің алғашқы процессі. Оның мақсаты шикізатты суландыру дәрежесі бойынша және микроқұрылымы жағынан мал денесінен жаңа сыпырылған күйге мейлінше жақындату үшін сумен (көбінесе электролиттер қосумен) жібіту.
Жібіту кезінде шикізаттан консервілеу заттары, кір, қан, ерігіш белоктар (альбуминдер мен глобулиндер) суға шығады, ал тері белоктары (коллаген, эластин, ретикулин) сумен өзара әрекетке түскен кезде гидротация және ісілу процесстері жүреді.
Шикізаттың сулануы одан кейін жүргізілетін механикалық операциялар мен процесстерге өте қажет. Жібітуде қышқыл немесе сілті ерітінділер қолдану процессті және белоктардың ісінуін жеделдетеді.
Сілтінің әсерінен жүннің тері тканімен байланысы томендеп,
Айсулу
Алдымен илегіш қосыңдылар мен коллаген арасында адсорбциялық әрекет жүріп,кейін одан да берік химиялық байланыс орнайды.
Белок құрылымының молекулалық тізбектері арасында илегіш заттардың әсерімен қосымша көлденең байланыс орнағандықтан илеу коллагеннің кеңістік құрылымының нығаюына әкеледі,өзеңнің формасын қалыптастырады.
Илеу процесіне алдын-ала дайындық процесі,илегіш негізділігі мен ерітінді концентрациясы,температура,процесс ұзақтығы және механикалық қозғалыстар әсер етеді.
Мехты дайындау процесі – пикелдеу мен ашытқымен өңдеуге белокты құрылым босаңсиды.
Талшықтар неғұрлым көп жіктеліп босаңсыған болса,илегіш заттар соғұрлым шапшаң енеді.Пикелдеуге қарағанда ашытқымен өңдеуге босаңсытудың көбірек болатыны белгілі,сондықтан бұл терілер тез,біркелкі иленеді және илегіш аз кетеді.
Пикелдеуге органикалық қышқылдар қолдану да жақсы нәтиже береді.
Хром ерітіндісінің концентрациясы мен негізділігі.Концентрация жоғарлағанда илеу процесі тез өтеді,дегенмен мехтың иімділік қасиеттері төмендейді.Негізділігі жоғарлағанда да байланысы күшейгенімен өте жоғары негзділікті илегіш құрылымның ішкі қабаттарына енбей беткі қабаттарында байланысып өнімнің қаттылығына әкеліп соғады.
Илеу температурасы жоғарлығанда процесс шапшаңдап байланысу артады.Дегенмен илеу температурасын 450С арттырмаған жөн.
Илеу ұзақтығы илегіштерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.Илеу уақытын 6-12 сағат аралығы жеткілікті деп есептеледі,одан ары созу мехтің жұмсақтығына кері әсерін тигізеді.
Механикалық әсерлер ерітіндіні араластырып тұруға мүмкіндік бергендіктен процесті жеделдетеді.
Соңғы жылдарда дайындау мен илеудің,негізінен екі тәсілі қолданылып жүр.Көптеген мехтар үшін пикельдеумен илеу бірге жүргізіледі.Қоян,мехтық қой терілері үшін бұл тәсіл өңдеу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Бұл тәсіл бойынша мехтар белгілі уақыт ішінде пикелденіп,сол ерітіндіге тиносульфит пен хром илегіш қосылады.
Тері ткані қалың терілер алдымен пикелденіп одан кейін жатқызылып қойылады.Сонан соң ғана иленеді.Жатқызып қойғанда қаттап жинап қою қажет.Бұл кезде қышқылдың әсері ткані мен жүн құрылымына тарамды жалғасады,белоктың белсенді топтарымен байланысу жүреді,қатталып жиналғандықтан сғылып ылғалы азаяды.Жатқызып қою ұзақтығы әдетте 24 сағат.
Алюминий қосылыстарымен илеу
Мех өнеркәсібінде хром мен алюминий тұздары араластыра илеу көп қолданылады. Алюминий қосылыстары хром секілді негізгі комплекс түзейді.Бірақ негізділігі жоғарылағанда ерімейтін қосылыстар түзеп тұнбаға түседі.Алюминий илегіштерінің коллагенмен байланысуы хром тұздарымен салыстырғанда төмен.Алюминий тұздарымен өңделген тері жылудың,ферменттердің,тотықсыздандырғыштардың әсеріне төзімділігі төмен болады.Сонымен қатар,алюминиймен иленген терілер жұмсақ,толықтырылған және иімелік қасиеттері жақсы болады.Сондықтан да аралас илеу қолданылады.Хром мен алюминийдің илегіштерін бірге қосқанда ерітінді екі металдардың да иоңдары болатын комплекстер түзейді.Алюминий тұздарынан KAI(SO4)2 24 H 2O алюминий ашудасы кеңірек қолданылады.
Хром-алюминий аралас илеу тәсілі қоян,ондатра,мысық,терілерін өңдеуге қолданады. Бұл тәсілді қолданғанда дұрыс майлауға көңіл бөлу керек,себебі алюминийтұздары май қышқылдарымен тотығын ерімейтін сабындар түзейтін қасиеті болғандықтан келесі процестердің жүргізілуін қиындатуы мүмкін.
Цирконий қосылыстарымен илеу
Тондық терілер мен велюр илеуде цирконий тұздарын қолдану тиімді.
Цирконий тұздарымен иленген терілер өзінің табиғи ақшыл реңін сақтайды,велюрдің түгі біркелкі әдемі болады.
Цирконийдің көптеген қосылыстарының илегіштік қасиеті бар. Дегенмен цирконийдің натрий сульфатының илегіштік қасиеті жоғары болғандықтан көбірек қолданылады.Бұл илегішті циркон концентратынан алады.Айта кететін жәй,бұндай шикізаттар бұрын Украинадан алдырылатын,соңғы жылдарда Республикамыздың өзінен Қостанай,Өскемен облыстарынан өңдіріле бастайды.Хром мен цирконий қосылыстарын араластыра илегенде тоңдық терілердің босаңдықтары кеміп,сапалары жақсарады.Соның нәтижесінде өнімнің беріктігі өсіп аудан шығымы артады.
Достарыңызбен бөлісу: |