Химиялық ой-эксперименті.
Ой эксперименті өзінің аты айтып тұрғандай теория жүзінде жүргізіледі, оған уақыт та салыстырмалы аз жұмсалады, тіпті қаражаттық тұрғысынан да тиімді. Аз уақыт ішінде белсенді ой іс-әрекеті жүргізіледі: эксперименттің мақсаты қойылады, проблема туындайды, гипотеза ұсынылады, проблеманы шешу жолдары ізделінеді және т.б.
Аз уақыт ішінде белсенді ой іс – әрекеті іске асырылады:
сабақтың тақырыбына сәйкес эксперименттің мақсаты қойылады;
шешілетін міндеттер анықталынады;
проблема туындайды;
гипотеза (болжам) сыналынады;
проблеманы шешу жолдары қарастырылады;
экспериментті жүргізу жоспары қарастырылады;
жоспар бойынша эксперимент ойша жүргізіледі;
нәтижесі де теория жүзінде талқыланады;
қажетті есептеулер жүргізіледі;
реакция теңдеулері және қорытынды жазылады.
Химия кабинетінде экспериментті жүргізуге қажетті құрал – жабдықтар реактивтер бар болған жағдайда, оқушылар өздерінің теориялық ой экспериментін практика жүзінде жүргізуге болады.
Ой экспериментін жүргізуде мұғалімнің рөлі өте жауапты. Мұғалімнің міндеті оқушыларға тапсырма берілгеннен кейін олардың эксперимент жүргізу жолдарын талдау, талқылау және абстракты ойлау процестерін үзбей бақылап отыру қажет. Оларды мүқият тыңдай отырып баға беруші рөлін атқару қажет. Оқушылардың өзінің ұсынған жолдарын олардың өздерімен бірге талқылай отырып қажет болған жағдайда бағыт – бағдар көрсету қажет. Соңында әрбір оқушының сабаққа белсенділігін, іс – әрекетін бақылау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |