2. Химиялық эксперимент және техникалық құралдар.
Дидактикалық құралдардың негізгі құрамына табиғи объектілер (тау жыныстары, минералдар, реактивтер, материалдар), приборлар мен зертханаға қажет құралдар, моделдер, көмекші құралдар (кестелер, сызбанұсқалар, экранды құралдар), сонымен бірге мәліметтерді көрсету арқылы түсіндіретін (интерактивті тақталар, сабақты түсіндіруге, тексеруге, программалық оқытуға арналған техникалық оқыту құралдары) жатады. Дидактикалық құралдар мұғалімнің сөзін растауға, білімді тереңдетуге, қиын ситуацияларды шешуге, оқушылардың білімі мен талабын бағалауға қолданылады. Сонымен қатар оқу процесін басқарып, оқушы мен оқытылған объект және оқушы мен мұғалім арасында байланыс орнатады.
Химиялық эксперимент арқылы заттардың құрамы мен бір-біріне айналуларын байқауға болады. Осы байқалған құбылыстарды түсіндіру үщін көптеген көмекші құралдар пайдаланылады. Оқу процесі кезінде кейбір заттарды сезініп қабылдау мүмкін емес. Мысалы: түссіз газдарды (метан), май тәрізді түссіз сұйықтықты (күкірт қышқылы), ақ ұнтақты (кальций карбонаты). Тәжірибе жасау арқылы бұл заттар туралы көптеген мәлімет алуға болады ( метанның жануы және осы кезде түзілетін өнімдерді, күкірт қышқылының суда еруін, алынған ерітіндінің индикатормен әрекеттесуін, кальций карбонатын балқытқанда ыдырауын).
Техникалық оқыту құралдарына қандай да бір құралдың көмегімен есту және көру арқылы қабылданатын көмекші құралдар (кадрлер, видеолар ж.т.б) жатады. Дыбыстық мәліметтер микрофон және т.б арқылы беріледі. Техникалық құралдармен байланысты (бақылауға арналған құралдар, программалық оқыту) дидактикалық материалдар да (мәтін тапсырмасы, жауап кілті т.б) техникалық оқыту құралдарына жатады.
Аудиовизуальды құралдарыдың маңыздылығы жоғары, адам мәліметтің 83 % көру арқылы қабылдаса, ал 11 % есту арқылы қабылдайды екен. Ғалымдардың зерттеуі бойынша бірдей жағдайда экранды құралдар жай сөзге немесе қарапайым көрнекі құралдарға қарағанда 30-60 % артық мәлімет береді және оқу процесінің белсенділігін арттырады. Оқыту құралдарының басымдылығы жылдамдығында ғана емес, сонымен қатар мәліметті дәл әрі нақты беруінде, құжаттылығында.
Техникалық оқыту құралдары берілген мәліметті қабылдау дәрежесі жайлы білуге мүмкіндік береді. Бақылауды жеңілдетіп, оқушылардың білім сапасын анықтауға мүмкіндік береді. Оның көмегімен оқушылардың практикалық білімі мен білігін де байқауға болады. Осының барлығынан қорыта келе техинкалық оқыту құралдары оқу процесін тиімді өткізуге көп көмегін тигізеді деуге болады.
Программалық оқытуда техникалық оқыту құралдарын пайдаланып оқушылардың жұмыс істеу қабілеттерінің әр-түрлілігін ескеріп өз бетімен жұмыс істеуге баулуға болады. Негізгі мақсаты жалпы үлгерімді арттыру болып табылады.
Аудиовизуальды құралдарды қолдану дидактикалық функцияларды атқаруға көмегін тигізуі керек. Оларға сабаққа қатысты мәліметтерді толық беру, оқу процесін басқаруды жүзеге асыру, байқау, ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың сезімдік тәжірибесін байыту т.б. Аудиовизуальды құралдармен жұмыс істегенде оқушылардың мәліметті сақтау қабілеті жоғарылайды.
Сабақты жақсы тыңдауды ұйымдастыру үшін келесі талаптарды орындау керек: оқушылармен істелінетін жұмыстың мақсатын айқын білу және есте сақтауға басты назар аудару. Есте сақтау сабақтың мақсатымен байланысты. Сабаққа мұғалім назар аударту үшін экранды көмекші құралдармен жұмыс істемес бұрын оқушылардың мұқиат тыңдап, бұл сұрақтың қаншалықты маңызды екенін айтуы тиіс. Химия сабағында экранды көмекші құралдар құбылысты ашуға, заңдылықтар мен қатынастарды, заттар мен құбылыстардың ішкі құрылысын сипаттауға, сонымен қатар басқа заттармен құбылыстардың әрекеттесуін ашуға көмектеседі. Экранды құралдардың басқа құралдармен байланыстырылып оқытылуы оның әр-қайсысының дидактикалық мүмкіндіктерін толық ашады. Химияны оқытуда табиғи обьектілер мен құбылыстардың және олардың экранды көмекші құралдарда көрсетілуі үлкен мағына береді.
Достарыңызбен бөлісу: |