Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты


Әлихан Бөкейханұлы – публицист



бет71/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

Әлихан Бөкейханұлы – публицист

Ә. Бөкейханов 1870 жылы Семей облысының Қарқаралы уезіндегі Тоқырауын болысының жетінші ауылында туған. Алдымен ауыл медресесінде оқып, ескіше хат таниды. Одан соң Омбы техникалық училищесін, кейіннен Санкт-Петербург орман техникалық институтының экономика факультетін бітіреді. Әр жылдары Самара мен Омбы қалаларында земствоның агрономы, журналист мамандықтары бойынша қызмет атқарады.

Сөйтіп, Ә. Бөкейханов өмірінің алғашқы сәтінен бастап оқыған, зерделі азамат ретінде туған халқының қамын ойлап, әлеуметтік-экономикалық жағдайын түзету мақсатымен қоғамдық мәселелерге араласып, қазақ жеріндегі барлық саяси оқиғаларға өзіндік белсенділікпен атсалысып отырды. Ол өз еңбек жолын «Ресей. Біздің Отанымыздың толық географилық сипаттамасы» деп аталатын көп томдық еңбектің қазақ даласына арнап 1903 жылы жарыққа шыққан ХҮІІІ томының авторларының бірі ретінде бастады.

Онда автор : «Самодержавие» жартылай жабайы халықтың мінез-құлқын жұмсартып, дәулет деңгейін көтеруді» өзінің міндеті етіп отыр. Ол «қазақтардың өздерінің мүддесін» көздейді, «сауда транспортының жүріп-тұруына ыңғайлылық» жасау үшін мүмкін болғанның бәрін істейді, ең бастысы, күллі цивилизаторлық ісін жүзеге асыру нәтижесінде самодержавие «астықты арзандатып, көшпенділердің өмір сүруін қамтамасыз ететін болады» [73], – деп, өз халқының болашағына деген көзқарасын білдірді.

Бұдан соң қазақ жеріне қоныс аударушыларды әкелу мақсатымен жер-су жағдайын зерттеген әйгілі Щербина эскпедициясының құрамында жұмыс істеді. Сөйтіп, 1905 жылдың қарсаңында Ә. Бөкейханов Ресейдің либералдық-демократиялық интелегенциясының топтарының көзқарасын бөліскен саясаткерге айналды.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет