Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты


Ж.Тілепбергенов – публицист



бет69/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

Ж.Тілепбергеновпублицист

Жиенғали Әділұлы Тілепбергенов (1895, қазіргі Ақтөбе облысы Темір ауданы Қызыл жұлдыз ауылы – 1933, Ақтөбе қаласы) – жазушы, драматург. Алғаш ауыл молдасынан сауатын ашқан Тілепбергенов Орынбордағы “Хусаиния” медресесінде оқыды.

1915 – 18 жылдары Уфадағы “Ғалия” медресесінде білім алған. Осы жылдары шығып тұрған “Садақ” қолжазба журналының Б.Майлиннен кейінгі шығарушысы болды.

Тілепбергенов 1918 – 33 жылдары ауыл мұғалімі, Темір ауданы оқу бөлімінің инспекторы, меңгерушісі (1921 – 25).

Ақтөбедегі “Кедей” газеті редакторының орынбасары, редакторы (1925 – 26).

Қызылжардағы “Бостандық туы” газетінің редакторы (1927 – 28)

Қызылорда ағарту институтында оқу-тәрбие жұмысын басқарушы, кейін директоры (1928)

“Сыр бойы” газеті редакторының орынбасары (1929 – 30)

Қазақ мемлекеттік баспасының редакторы (1931 – 32)

Темір ауданы “Социалды майдан” газетінің редакторы (1932 – 33) қызметтерін атқарған.

Тілепбергенов “Айқап”, “Қазақ”, “Алаш” газеттеріне елден хабарлар жазып, өлеңдерін жариялаған. Жазушының ауыл өмірін суреттеген “Таңбалылар” (1930) повесі жарық көріп, “Перизат – Рамазан” (1928), “Тілші” (1928) атты пьесалары сахнада қойылған. Әңгімелер мен фельетондар жинағы “Ізбасар” деген атпен 1969 жылы жеке кітап болып басылды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет