Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты


Қазақ баспасөзіндегі ақтаңдақтар мәселесінің жазылуы



бет15/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

Қазақ баспасөзіндегі ақтаңдақтар мәселесінің жазылуы

Алашорда тарихы, жаппай саяси репрессия тарихы, екінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстан тарихы, тың және тыңайған жерлерді игеру, кеңестік кезеңдегі демографиялық үдерістер тарихының «ақтаңдақтарына» арналған М. Қозыбаев, К. Нұрпейісов, М. Асылбеков, О. Смағұлов, Қ. Алдажұманов, З. Қинаятұлы, М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков, М. Тәтімов, Ж. Қасымбаев, Б. Көмеков, К. Байпақов, Х. Әбжанов, Ж. Абылхожин, С. Әжіғали, А. Тоқтабай, т.б. ғалымдардың зерттеу мақалалары жарияланды.


«Ақтаңдақ» беттер деген терминнің өзі алғаш рет 1987 жылғы ақпанда қолданылған екен. Жалпы халқымыздың дербес халық ретінде қалыптасуы кеше ғана басталған жоқ оның тамыры тереңде жатыр қазақ халқының шығу тегі, яғни этногенезінен басталады деп баса назар аударады. Қазақ тарихының өз зерттеушісін күтіп отырған «ақтаңдақтары» көп екендігіне әрбір тақырыпқа жеке-жеке тоқталады. Қазақ халқының тарихында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаны» айтуға болады.

Бақ-дәулет басымыздан ұшқан заманда қазақ халқы іргелі көршісі Ресейге үлкен үмітпен қол созды [4, 14-б.]. Патшалық Ресейге бағынышты ұлтқа айналуымыздың себебі де осы еді. Тарихшы ғалым қазақ тарихын кешенді тарихи зерттеулер үшін қоғамдық ғылымдардың пәнаралық байланыста болуы керек сол кезде зерттеу жұмысы өз нәтижесін беріп қоғам дамуын жеделдетеді бүгін қоғам бізден осыны талап етуде деген пікірлерімен бөліседі. Тарихшының «Халық кеңесі» газетіне берген сұхбаты «Ақтаңдақтар туралы ақиқат» деген атпен басылым бетінде жарияланды. Бұл сұхбатта тарихшы: «Тарихымыздағы ақтаңдақтар жағдайы ертеден-ақ белгілі еді. Студент болып жүрген кезімізде біздің ұстазымыз, профессор Ермұқан Бекмаханов Кенесары қозғалысы туралы концепциясы үшін жер аударылды. 1972 жылы мен Коммунистік партияның кадрлық саясаты жөнінде З.А. Голикова деген кісімен бірігіп монография шығардым. Бірақ сол кітапта кейбір еркін айтқан ойларым үшін қуғынға түстім. Алайда, біз догматтық, схоластық рухта тәрбиелендік», - деп мәлімдейді [5].


Кеңес заманында ұлт-азаттық көтеріліске біржақты көзқарасты пікір айтылып келді. Ұлт-азаттық көтеріліс бұқара халықты отарлық езу мен қанаудан туды. Өз елінде бөтеннің кейпін киген ұлт, өздерінің күн көрісінің бірден-бір табыс көзі саналатын құнарлы жерлерінен айырылғандығы олардың ашу-ызасын тудырды. Осы тақырыпта тарихшы-ғалым К. Нұрпейісов «Ұлт-азаттық күрес және «Алаш» қозғалысы» мақаласын жариялады. Мақаласында ғалым: «Өзінің ұлттық құрамы жөнінен Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс негізінен қазақтардан тұрды немесе моноұлттық болды. Көтерілістің тікелей басталуына патша өкіметінің 1916 жылғы 25-маусымда Қазақстан мен Орта Азияның тұрғылықты халықтарының азаматтарын майдандағы қара жұмысқа шақыру туралы шығарған жарлығы түрткі болды. Көтерілісшіл халықты да, оның зиялы қауым өкілдерін де келе жатқан 1917 жылдың қос төңкерісі мен оларға жалғасқан азамат соғысының «тар жол, тайғақ кешу» кезеңі күтіп тұрды»[6].
Қазақстан тарихының келесі бір ауыр нәубеті ашаршылық қасіреті болды. Елді социализм халқы атандыруға асыққан совет үкіметі қазақ жерін иеленуде күштеп ұжымдастыру саясатына көшті. Бұл ұжымдастыру науқанының салдары байырғы ата қонысында отырған қазақ жұртын орны толмас қасіретке душар етті, арты ашаршылыққа келіп тірелді қаншама хылық қырылып қалды. Кәсіби тарихшы Т. Омарбековтің архив құжаттары негізінде жазылған баспасөз беттерінде «Ақтаңдақтар ақиқаты» айдарымен мынадай тақырыпта: «Қазақтар шыбындай қырылып жатыр...», «Жазықсыз жапа шеккендер», «Қазақ неге атқа қонды?» сияқты мақалалары жарияланды.
Бүтін елдің мақтанышына айналған хан-cұлтандарымыз, би-шешендеріміз, ақын-жырау, батырларымыз бен ұлт интелегенциясының өкілдері ағартушы-ғалымдарды ұлықтау тарихшыға артылған жүк. Аталған тақырыптарда тарихшыларымыз Ж. Қасымбаев: «Хан тарихы – Халық тарихы» (Абылай хан туралы), Х. Әбжанов: «Қазақстан интеллигенциясы: тарих пен тағдыр», «Жалған жұмақты әшкерелеген хат», «Ұлттың ұлы ұраншысы» мақалалары, М. Қойгелдиев: «Алашорда Ұлттық мемлекет құру мақсатының қойылуы: тарихтағы орны мен тарихи маңызы», «Алаштың Әлиханы немесе ол туралы архив материалдарына сөз берсек» атты тағы басқа да осы сияқты тақырыптар төңірегінде көптеген мақалалары жарияланды.
Осылайша халқымыздың қасіреті мен қуанышы қатар өрілген сан ғасырлық тарихын білу біздің абзал борышымыз. Ал біз сол ата тарихымызды насихаттау үшін ең алдымен біржақты көзқарастардан ада болуымыз керек. Кешегі бізді отар елге айналдырған отарлаушы елдердің үстем көзқарасымен бұрмаланған тарих беттеріндегі ақтаңдақтардан арылу жолдарын қарастыруымыз керек. Осындай ғибратты ғалымдар мен ұлағатты ұстаздардың артында қалған құнды мұраларының ұрпаққа берер тағылымы орасан зор.
Қазіргі таңда Қазақстан тарихының зерттелуі барысында ұлт баспасөзінің алатын орны өте жоғары. Себебі, баспасөз беттерінде жарияланған тарихи тақырыптарға арналған мақалалар мен арнайы сұхбаттар Қазақ тарихын кәсіби тұрғыда зерттеушілер мен қызығушылық танытушылар арасында екі ұдай пікірлер тудыруда. Ғылыми тұрғыда дәйекті зерттелген кәсіби маманның тұжырымы мен әуесқой тарихшының немесе журналистің ортақ тақырыптағы зерттеуінің мазмұны мен қорытындысы екі түрлі болып жататын тұстары болады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет