8
Бір қарағанда қарапайым болып көрінетін бұл құбылыстың білім беруде
өзіндік қиыншылықтары да жоқ емес. Осы тілдік құбылысты түсіндіруде,
омонимдерге қатысты ұғымдарды атауда
бірізділіктің сақталмай отыруы,
оларды құрылымдық топтарға бөлуде және қолдану мақсатын айқындауда
дәлдіктің жоқтығы және т.б. мәселелер білім беру жүйесінде бірқатар
олқылықтардың орын алуына себеп болып отыр.
Сондықтан білім беру
саласында, оның ішінде болашақ филологотарды, қазақ тілі мұғалімдерін
даярлайтын жоғары оқу
орнында студенттерге алдымен, омонимдердің
табиғатын кешенді түрде меңгерту, яғни омонимнің түрлерін, омонимдік
құбылыстың
логикалық-тілтанымдық
негіздерін
айқындай
отырып,
омонимдердің когнитивті-семантикалық құрылымын
жан-жақты игерту өзекті
болып табылады.
Сонымен қатар диссертацияда филологиялық білім беретін жоғары оқу
орындарында омонимдер құбылысын қазіргі жаңа технологияға сай оқытудың
тиімді әдіс-тәсілдерін көрсету мақсат етіледі.
Сондықтан қазақ тіліндегі
омонимдердің когнитивті-семантикалық құрылымын жоғары оқу орындарында
инновациялық технология талаптарына сай оқытудың әдістемесін жасау
маңызды мәселе.
Достарыңызбен бөлісу: