Картография


 Географиялық координаталар



Pdf көрінісі
бет26/45
Дата15.10.2022
өлшемі5,48 Mb.
#153168
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45
Байланысты:
Kartografiya каз
Негізгі геодезиялық жұмыстар, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
5.1 Географиялық координаталар 
Географиялық координаталар экваторға және нольдік меридианға 
қатысты жер бетінде нүктелердің орналасуын анықтайды. Координата 
жүйесі экватор жазықтығы және нольдік меридиан жазықтық центрімен 
Жер центрінде құралған. Географиялық координаталар – бұл бойлық пен 
ендік (5.1 - сурет). 
5.1 –
 с
урет - Географиялық координаталар 
Нүктелердің орнын анықтау б.э.д. ІІғ. Гиппархпен кезінде бойлық және 
ендік кӛмегімен енгізілген.
Географиялық ендік экватор жазықтығы мен берілген нүктеден 
жүргізілген нормаль арасындағы бұрыш. 
Ендік грек алфавиті 

әрпімен белгіленеді. Экватор ендігі нольге тең. 
Экватордан солтүстікке және оңтүстікке сәйкес солтүстік пен оңтүстік 
жартылай шар ажыратылады, ал оларда орналасқан нүктелердің солтүстік 
немесе оңтүстік ендіктері бар. Экватор жазықтығы мен нормаль құрайтын, 
центрлік бұрыш, меридиан доғасына сәйкес келеді, оның бір градусы 
111км құрайды. Осыдан, егер нүктенің ендігі белгілі болса, онда меридиан 


53 
бойынша экватордан берілген нүктеге дейін арақашықтығын анықтау қиын 
емес. Яғни, Санкт-Петербург үшін бұл арақашықтық 6666 км-ге тең 
болады (60° х 111 км = 6666 км). 
Нүктенің географиялық бойлығы – бұл бастапқы (Гринвич нольдік) 
меридиан жазықтығы мен берілген нүкте арқылы ӛтетін жазықтық 
арасындағы екіқырлы бұрыш.
Бойлық батысқа немесе шығысқа қарай бастапқы меридианнан 180° 
меридианға дейін есептеледі және грек алфавитінің λ әрпімен белгіленеді. 
Нольдік Гринвич меридианына оған симметриялы 180° бойлығы бар 
меридиан жауап береді (кейде оны Чукотский деп атайды).
Осыдан, нүктелердің географиялық координаталары: ендік – солтүстік 
немесе оңтүстік және бойлық – батыс немесе шығыс. 
Егер нүктенің географиялық координаталары белгілі болса, онда 
берілген нүкте жер шарының қай жерінде орналасқанын нақты анықтауға 
болады. 
Әлбетте, полюске жақын болған сайын, яғни экватордан солтүстікте 
немесе оңтүстікте қарай, параллельдер және доға 1° ендікке сәйкес қысқа 
болады (5.2 - сурет).
5.2 – сурет - Әртүрлі параллельдегі 10' доға ұзындықтары 
Егер екі нүкте бір параллельде (бірдей ендігі бар) жатса және олардың 
арасындағы бойлығы белгілі болса, онда осы параллельде 1° кестеден доға 
ұзындығын біле отырып, осы нүктелер арасындағы параллельдер бойынша 
арақашықтықтарды оңай есептеуге болады. 
Екі нүктенің координаталарын біле отырып, олардың арасындағы 
арақашықтықты, тікбұрышты, үшбұрышты есептеп шешуге болады: оның 
бір катеті – бойлықтар айырмасы, екіншісі – ендіктер айырмасы. 


54 
Бойлықтарды әртүрлі уақытта әртүрлі меридиандардан есептеген. 
Америка ашылғанға дейін олардың есебі ӛздігінен жүргізілді. 1493 жылы 
бірінші меридиан Ферро жағалауындағы меридиан болып ұсынылды.
Мемлекеттер ӛз басты обсерваториялары меридиандарынан бойлықты 
есептеуді жүргізді. Бастапқы меридианды табу сұрағы маңызды, ӛйткені ол 
уақыт есебімен байланысты. 1884 жылы Вашингтонда халықаралық 
конвенция нолдік есебінде Гринвич меридианын анықтады. 
Пулково – Ресей басты обсерваториясы – Гринвичке қатысты 30°19'38" 
шығыс бойлығы бар. 
Географиялық бойлықты Жердің бұрыштық айналу жылдамдығын 
білуге сүйене отырып ӛлшейді. Бұл шама тұрақты. 24 сағаттың ішінде 
планета 360°-қа айналады (1 сағ - 15°).
Егер уақыт бойынша айырмашылықты бұрыштық шамаға ауыстырсақ, 
онда берілген нүктенің бойлығын есептеуге болады. 
Географиялық ендікті горизонт үстінде Полярлы жұлдыздың жоғары 
бұрышын анықтай отырып ӛлшейді.
Астрономиялық бақылаулар кӛмегімен координаталарды ӛлшеу 
геоидта нүктелердің орналасуын анықтайды. Геодезиялық координаталар 
эллипсоидта нүктелердің орналасуын анықтайды. Осы координаталар 
арасындағы айырмашылық бірнеше секунд. 
Ресейде 
координата 
жүйелерінің 
бастапқы 
пункті 
Пулков 
обсерваториясының дӛңгелек залы центріндегі нүкте болып табылады.
Жоғарыда айтылып кеткендей, параллельдер мен меридиандарды 
топографиялық карта парақтарында картографиялық кӛріністер шектейді 
және картаның ішкі рамкасын құрайды. Ендіктер солтүстік және оңтүстік 
рамкада, бойлық батыс және шығыс рамкаларда картаның тӛрт 
бұрышында жазылады. Минуттық рамка, ішкіден біршама арақашықтықта 
орналасқан, топографиялық карта бойынша нүктелердің географиялық 
координаталарын анықтау үшін керек. Картада нүктелер координаталарын 
анықтау үшін оңтүстіктен жақын нүктеге және батыс меридианнан жақын 
нүктеге дейін параллель жүргізіледі, сонымен қатар, солтүстік және 
оңтүстік рамкаларда (меридиан) және батыс және шығыс рамкаларда 
(параллель) бірдей минуттық бӛліктер түзумен біріктіріледі. Нүктенің 
ендігі нүктеден оңтүстікке қарай орналасқан параллельдер ендігінен және 
осы параллельден сол нүктеге дейін ендік ӛсімшелерінен құрылады. 
Сонымен қатар нүктенің бойлығы меридиан батысына жақын нүктемен 
және бойлық ӛсімшесі қосындысына тең болады (5.3 - сурет). 


55 
5.3 – сурет - Карта бойынша географиялық координаталарды анықтау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет