Картография



Pdf көрінісі
бет25/45
Дата15.10.2022
өлшемі5,48 Mb.
#153168
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45
Байланысты:
Kartografiya каз
Негізгі геодезиялық жұмыстар, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
5
Топографиялық карталар 
Адамға әлемді пейзаж, панорамды түрде кӛру тиесілі. «Аспанға қарау» 
вертикаль бар екендігін білдірді. Адам ой арқылы кӛтерілді және әлемге 
жоғарыдан құстың ұшу биіктігінен қарады. Жергілікті жер туралы 
жоспарлы кӛрініс, проекция идеясы – кӛріністің бір жазықтықтан 
екіншісіне ауыстырылуы, бір кеңістіктен екіншіге ауысуы осылай пайда 
болуы мүмкін. Топографиялық карталар мен пландар құру кезінде 
топографиялық (күндізгі) беттің жер эллипсоидының бетіне жобалануы 
қолданылады, ол топографияда деңгейлік бетпен (геоид бетімен) сәйкес 
келеді. Топографиялық карталар – бұл жергілікті жер картасы. Олардың 
басқа карталардан айырмашылығы – ірі масштабтылығы мен нақты 
мазмұны. Мұндай карталарда шартты белгілер кӛмегімен жер бетінің 
аудан 
бойынша 
кішігірім 
учаскелері 
бейнеленеді. 
Кӛріністер 
топографиялық түсірістер деп аталатын, далалық жұмыстар нәтижесінде 
алынады. Советтік және қазіргі топографиялық карталарда 1:100 000 
масштабта елдің кең аймағы берілген. Бұл практика қажеттілігімен 
жасалған, ӛйткені карта – зерттеушілер, ізденушілер, жобалаушылар 
еңбектерінің таптырмас құралы. Ол әскери басшыларға, ұшқыштарға, 
теңізшілерге, сонымен қатар, күнделікті ӛмірдегі кӛптеген адамдарға 
қажетті. Басқа карталар үшін негіз ретінде топографиялық карталарды 
қолдану әдісі маңызды. Бұл жағдайда оған геологтар, экологтар, 
ботаниктер және басқа да мамандардың далалық зерттеулер мәліметтерін 
енгізеді. 
Барлық саяхатшылар жақсы топографтар болған және карта жасай 
білетіндігін еске түсіру керек. Картадағы әрбір белгі қиын жағдайларда 
жұмыс жасаған жер жүрушілердің қыруар еңбегі. 
В.В. Витковский, құрметті профессор, әскери геодезист, астрономия 
және геодезия докторы, топографияны «қисынды және маңызды ғылым» 
деп атады және былай деп жазды: «Топографиялық қызмет 
кӛрермендерсіз, басшылар жағынан тұрақты ұсыныстарсыз және достар 
мысалдарының қызығушылығынсыз болады. Ол әскери жұмыстарға 
қатысы жоқ, бірақ оған ұқсайды. Мұнда осы жұмысқа деген сүйіспеншілік 
кӛмектеседі. Бұл тәуелсіз жұмыс сипаттамасы, ормандағы жалғыздық, 
шаруалар үйшіктерінде немесе палаткаларда қонудың ӛзінде кӛптеген 
қызықты және поэзиялық кӛзқарастар бар. Әрбіреуге намыс сезімі, осы 
жұмысты жауапты орындау сезімін тудырады».
1777 жылы американдық әскер бас қолбасшысы генерал Д.Вашингтон 
АҚШ конгрессіне жазды: «нақты картаның болмауы маған ӛте үлкен 
кедергі болды... Егер белгілі құрметті адамдарға түсіріс материалдары 
бойынша дұрыс карта жасауды берсек, бұл біздің іске кӛп септігін тигізуші 
еді». 


52 
Әрбір карта анықталған масштабта, картографиялық проекцияда 
құрылған және жергілікті жердің құбылыстары мен объектілер бейнелерін 
графикалық түрде береді. Картографиялық кӛріністің геометриялық құру 
әдістері математикалық негіз кӛмегімен жасалады, ал картографиялау 
объектілерінің ӛзі картаның мазмұн элементтерін кӛрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет