Картография


 Географиялық карталардың жіктелуі



Pdf көрінісі
бет23/45
Дата15.10.2022
өлшемі5,48 Mb.
#153168
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45
Байланысты:
Kartografiya каз
Негізгі геодезиялық жұмыстар, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
4.3 Географиялық карталардың жіктелуі 
Карталардың әртүрлілігі ӛте кӛп және ол жаңа технологиялар
компьютерлік техникалар қолдану есебінен тұрақты түрде кӛбейіп тұрады. 
Қазіргі қоғамда бірінші орынға білім кӛлемі емес, географиялық 
ақпаратпен жұмыс жасай білу, онымен әртүрлі әрекеттер жасау, нақты 
есептерді қайта қалпына келтіру және шешу қойылады. География 
географиялық ақпараттар жүйесі түрінде зерттеудің жаңа құралына ие 
болды. Жер кӛрінісінің (геобейнелеу) әртүрлі түрлерінің барлығы 
картографияның жаңа бағытымен геоикконикамен зерттеледі. 
Бұл бӛлімде тек қана географиялық картаға қатысты кӛбінесе 
қолданылатын жазық геобейнелер және кӛп таралған түрлерінің дәстүрлі 
жіктелуі келтіріледі. Географиялық карталар бірнеше белгілер бойынша 
жіктеледі. Кӛбінесе олардың қолданылатыны - мазмұны, аймақтық қамту, 
қолданылуы, масштаб болып табылады. Картаның жіктелуін қарастырмас 
бұрын, қайсыбір ғылыми жіктелудің логикалық ережелеріне тоқталайық. 
Оның барлығы тӛртеу: жалпы түсініктен жекеге ауысудың қажетті тізбегі, 
яғни жалпы түсінікті кӛп кішкене бӛліктерге бӛлудің тұрақтылығы 
(мысалы, барлық карталар жалпыгеографиялық және тақырыптық деп 
бӛлінеді); жіктелудің әрбір сатысында анықталған бӛлу негіздерін 
(белгілер) қолдану қажет: мысалы, карталарды топографиялық және оқу 
картасына жіктеуге болмайды, ӛйткені картаның масштабы мен 
қолданылуы – екі түрлі белгі; жалпы түсінікті кӛптеген жекеге бӛлу 
кезінде барлық жекелердің қосындысы жалпы түсініктің кӛлеміне тең 
болуы керек; топтар ӛзара нақты ерекшеленуі қажет. 
Масштаб бойынша карталардың жіктелуі
. Картаны масштаб 
бойынша бӛлу оның мазмұнға және картаны қолдану ерекшелігіне 
әсерімен анықталады. Картаның үш тобын ажыратуға болады: 
- ірімасштабты ((1:100 000 және одан ірі); 
- ортамасштабты (1:200 000– 1:1 000 000); 
- ұсақмасштабты (1:1 000 000-тан ұсақ). 
Жалпыгеографиялық карталарды қолдануда осы топтар былай аталады: 
топографиялық; кӛрнекті – топографиялық; кӛрнекті. 
Негізінде, Францияда градацияның бес түрі қабылданған (масштаб 
бойынша карталар бӛлу): 
- ӛте ірі - 1:10 000 және одан ірі
- ірі - 1 10 000–1:25 000; 
- орта - 1 :25 000–1 :100 000; 
- ұсақ - 1:100 000–1:500 000; 
- одан да ұсақ - 1:500 000 ұсақ. 
Масштаб бойынша карталардың жіктелуі бӛлінген топтардың 
сипаттамалық ерекшеліктерімен негізделген. 


49 
Аймақтық жіктелу
. Аймақтық қамту бойынша карта топтары 
ажыратылады. Талаптарға сәйкес жалпыдан жекеге ауысу тізбектілігі 
орындалуы тиіс. Біріншіден – әлем картасы, жалпы жер шары, құрғақ 
жерлер мен Әлемдік мұхиттар картасы, материктер және т.б. Картада 
бейнеленетін аудан аймағы бойынша үлкен болса, соғұрлым карта 
масштабы ұсақ болады. 
Тақырыптық (мазмұн) бойынша жіктелу.
Бұл жіктелу бойынша 
жалпыгеографиялық және тақырыптық карталар бӛлінеді.
Жалпыгеографиялық карталарда
барлық ӛзінің ерекшелігімен аймақ 
кӛрсетілген. Рельеф кӛрінісі түсті, ал мазмұн элементтерінің қалғаны 
топтасудың әртүрлі дәрежесімен кӛрсетілген. Жалпыгеографиялық 
карталардың негізгі сипаттамасы картаның масштабына байланысты. 
Тақырыптық карталар үшін қандай болмасын бір элемент картаның 
тақырыбы болып табылады. Тақырыптық карталардың кӛптеген жіктелуі 
ұсынылған, бірақ ең негізгі принципі оның құрылымына Жер туралы 
ғылымның сәйкестігі. Бұл кезде алдымен табиғи құбылыстар картасы мен 
қоғамдық құбылыстар картасы ажыратылады. 
Табиғи құбылыстар картасын жіктеу үшін олардың географиялық орта 
компонеттері немесе ғылымдары бойынша, осы компоненттерді зерттейтін 
топтамасы қабылданған. Мысалы, атмосфералық құбылыстар карталар: 
метрологиялық және климаттық; гидросфера картасы: мұхиттар 
графикалық және гидрогеологиялық және т.б. болып бӛлінеді. 
Одан кейін картаның түрге бӛлінуі бар, яғни, геологиялық карталар 
стратиграфиялық, тектоникалық, диалогты, тӛрттік шӛгінді болады. 
рельеф картасы гипсометриялық, батиметриялық, морфометриялық және 
т.б. болып бӛлінеді. 
Қоғамдық құбылыстар картасы тұрғындар, экономикалық, қызмет 
кӛрсету, саяси-әкімшілік карталары болып бӛлінеді. Осындай карталардың 
ерекше түрі – тарихи карталар, ол тарихи жағдайлар, олардың себептер
жолдар байланысын кӛрсетеді.
Карталардың қолдануы олардың масштабына, мазмұны мен безендіру 
әдістеріне анықталған түрде әсер етеді: бір аймақты және бір масштабты 
екі карта қолдануына байланысты әртүрлі кӛрінеді, мысалы, анықтамалық 
және оқулық. Қолдануы бойынша картаны жіктеу кезінде К.Л.Салищев 
арнайы карталарды бӛледі, олар тұтынушылардың анықталған ортасы мен 
оқу карталары, навигационды, туристік және т.б. нақты есептерді шешу 
үшін қолданылады. «Арнайы» деген термин 60 жылдардан бастап 
қолданылады, оларды алғашқыда тақырыптық карталар мен арнайы 
қолдану карталары үшін пайдаланған, ол шимай-шатпаққа әкелді. Ӛйткені 
жалпыгеографиялық (мысалы, туристік) және тақырыптық (мысалы, оқу, 
климаттық, ӛсінділер және т.б.) карталар арнайы болуы мүмкін. 
Практика жүзінде картаны құру кезінде бірнеше жіктелулерді 
біруақытта пайдалануға болады. 


50 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет