Картография



бет10/10
Дата08.10.2019
өлшемі70,03 Kb.
#49397
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
му для лаб. работы
Перечень вопросов ГЭ по ТТТиТ-Вагоны.каз, му для лаб. работы, 14-3Ая
Зертханалық жұмыс №7

Картографиялық генерализация

1 Жұмыстың мақсаты: ұсақ масштабты карталарда картографиялық генерализацияның әсерін және негізгі принциптерін зерттеу.
2 Тапсырма: бір ауданның үш ұсақ масштабты немесе топографиялық картасын құру. Картографиялық генерализацияның әсерін байқау.
3 Жұмысты орындау тәртібі:

1) Тақырыбы бір, бірақ масштабтары бөлек 3 картамен танысу. Картаның арнауын және қолдану мінезін анықтау;

2) Карта аңызын мазмұны мен құрастыру принциптерін зерттеу ;

3) Үш картадан бір ауданның көшермесін жасау. Әрбір көшірмеге аңыз жасау;

4) Көшірмеде карта аңызының генерализациясының мысалдарын келтіру;

5) Генерализацияның екінші түрінің негіздерін зерттеу: картографиялық бейнелеу мен байланысты тақырыптық мазмұны.

А) аудандық және сызықтық объектілердің көрінісін жеңілдету;

Б) алқаптарды қосу;

В) екінші дәрежелі объектілерді алып тастау;

Г) кейбір негізгі объектілерді үлкейтіп көрсету;

Д) бейнелеу тәсілдерін өзгерту(ареал тәсілді белгілер тәсіліне ауысуы).

Генерализацияға қысқаша қорытынды жасау.


Тапсырма жауабы:

Генерализация  деп тапсырысына, тақырыбына, нысанның  зерттелу немесе сол геобейнелерді алудың  техникалық жағдайымен ірі масшабпен салыстырғанда ұсақ масштабта геобейнелеуді жинақтауды айтады.  Басқаша айтқанда, географиялық нысандар  мен құбылыстарды  картада ғылыми түрде іріктеп  және жинақтап қорыту процесін генерализация деп атайды. Латынның “генралис” сөзі жалпы деген ұғым береді.

Картографиялық  генерализация   деп картаның картографы немесе редакторы жағдайындағы ценз және нормаме сәйкестендіре отырып нысанның  басты типін айқындап көрсететін түрін айтады.

Қашықтықтан  генерализация   деп техникалық фактордың кешенімен (түсірім биіктігі мен әдісі, спектрлі диапазон, масштаб, шешілім)  және табиғи  ерекшелігі  мен (жергілікті жердің сипаты, атмосфералық жағдай, т.б.)  пайдап болған бейнені суретте геометриялық және спектрлі түрде бейнелеуді айтады.

Автоматтық  немесе алгоритімдік генерализация  деп алгоритімді және формальді критерий мен берілуіне сәйкес бейнені формальді сұрыптау, жеңілдетуді айтады.

Динамикалық   генерализация  деп анимация механикалық жинақтауда, уақытына қарай біршама тұрақты нысан мен құбылыстың бастысын көрсетуді айтады.

Кеңістік деректерінің генерализация  деп ГАЖ-дағы кеңістік нысандар туралы позициялық және атрибутивті деректерді автоматты немесе интерактивті режимде генерализациялық операторды пайдаланып картографиялық қабылдау және әдістерін  генерализацияға сәйкестендірудің жинақтап қорытуын айтады. Олардың негізгілеріне қарапайымдату (жеңілдету),  кедір – бұдырын реттеу, сызықтарды жеңішке түрде беру, сиретіп беру, сұрыптау, қайта жіктеу агрегаттау, қосу, білдіртпей жабу, сызықтарды үзіп-үзіп беру, пішіндер  мен мөлшерлерін қарапайым етіп беру.

Генерализация– барлық картографияланатын бейнелерге жүргізілетін

қасиет, ол ең ірі масштабтарға да жүргізіледі. Жергілікті жерді ең бірінші рет1:1000 масштабқа түсірістің өзінде топограф интуитивті бедердің, жасылжелектің, жол торабының қандай детальдарын түсіріс планшетіне еңгізу керектігіне, ал қайсылары болар-болмас немесе берілген масштабқа еңгізілмейтініне 22 генерализация жүргізеді. Картаны камералды құруда ортанғы содан кейін ұсақ масштабтарда да детальдарды және нақтылықты қабылдамай бейнелерді әрқашан қысу керек. 1:100 000 масштабында жергілікті жердің бір квадрат километірі картада бары жоқ 1см 2 аланың алып жатады, онда тек қана негізгі елді мекендерді, басты жолды, өзенді көрсетуге болады. 1:1000 000 та алаң 1мм 2 қысылады және онда тек қана бір елді мекенді сақтап қалуға болады, алодан да ұсақ масштабтарда– 1:10 000 000 оған да орын қалмайды.Жер бетінің1 км 2 әр түрлі масштабты карталарда қалай бейнеленетінің қарастырайық. 1 :1 000 карта масштабында ол 1м 2 болады, ал1:10 000 карта масштабында- 1 дм 2болады, 1 : 100 000 карта масштабында- 1см 2 болады және1 : 1000 000 - 1 мм 2 болады. 1: 1000 масштабтағы бейнелердің бәрін ұсақ масштабтарға көрсету мүмкін емес. Сондықтан масштаб кішірейген сайын ірі масштабтағы бөлек элементтер көрсетілмейді. Сондықтан масштаб кішірейген сайын керекті элементтерді таңдап талдап көрсетеді. Генерализация объекттердің сандық және сапалық сипаттамаларын жинақтап, кеністікте орналастыруда детальдардын негізгі түрлерін нақты бейнелеуде қолданылады. Генерализацияның сипаты мен дәрежесін келесі шарттар бойынша дұрыс орналастыруға болады:

1) әр түрлі географиялық ландшафтар мен жергілікті жердің

географиясына сипатталған әр түрлі элементтердің шығуының және сыртқы негіздерінің жақсы білімінде.

2) картада бейнеленетін барлық элементтерді дұрыс классификациялау,

барлық карта мазмұнын біркелкі қамтамасыздандыру классификацияның өз ара

байланысы және өз ара шарттары

3) барлық картаның мазмұның бейнелеу үшін бейнеленетін қасиеттерді

дұрыс таңдау(шартты белгілердің сипаттамасы мен размері, базендіру

бояулары).

Зертханалық жұмыс №8

Тақырыптық карта

11.1 Жұмыстың мақсаты: тақырыптық картаның мазмұнын талдау.
11.2 Әлеуметтік-экономикалық немесе табиғат картасының аңызын зерттеу. Картаның мазмұның оқыту. Картаны сипаттау.

11.3 Жұмысты орындау тәртібі:

1) Картаның тақырыбын, оны орындаған ғылым және өнеркәсіп ұжымдарының атауларын көшіру;

2) Картаның орындалу тәсілдері мен бейнесін анықтау:

- сандық және сапалық көрсеткіштердің қолдануын анықтау;

-топографиялық тәсілдерін анықтау;

-жинақтау тәсілдерін анықтау.

3) Аңыздың құрастыру негіздерін белгілеу:

-тақырыптық сипаттама түрінде;

-кесте түріндегі сипаттаманың орналасуын;

-тәсілдердің басқа түрлерінің қолдануын анықтау.

4) Қолданған карталарда құбылыстарды бейнелеу тәсілдерін анықтау;



5) Картаның мазмұнын оқып, картографиялық құбылыстардың орналасу заңдылығың анықтау.
Тапсырма жауабы:

Карта деп белгілі бір математикалық ережелермен жер бетінің жазықта кішірейтіліп, жинақтап бейнеленуін айтады, онда географиялық нысандар шартты белгілер арқылы көрсетіледі. Картада жер шарының, күн жүйесіндегі басқа ғаламшарлардың, аспан денелерінің және т.б. кішірейтіліп, жинақталып шартты белгілермен белгіленген. Карталар мазмұнына қарай 2 түрге бөлінеді: жалпы географиялық және тақырыптық карта.

 Жалпы географиялық карта негізінде тақырыптық карталар жасалады. Мысалы, климаттық белдеулер картасы, тектоникалық карта және т.б. Тақырыптық карталардың мазмұны жалпыгеографиялық карталарға қарағанда кеңірек, үлкен көлемді қамтып, әртүрлі мәліметті береді. Кез келген тақырып картографиялық әдістердің көмегімен толық ашыла алады. 
Тақырыптық карталар - белгілі бір тақырыпқа байланысты ( тақырыпты, объектті, құбылыс, сала) немесе бірнеше тақырыптың үйлесуін көрсететін карта. Тақырыптық карталар табиғи (физико - географиялық) және қоғамдық (саяси - экономикалық) құбылыстарға, сонымен қатар олардың әрекеттесуіне байланысты бөлінеді. Табиғи және қоғамдық құбылыстар жөніндегі барлық мәліметтер оның тақырыбына байланысты белгіленіп, оның арнайы мазмұнына ие болады. 

Тақырыптық карталар өзінің тақырыбының мөлшеріне байланысты – жалпы (үлкен тақырыптарға байланысты) және жеке немесе салалық (шағын ғана тақырыпқа байланысты) деп бөлінеді.  Карталар Жер туралы ғылым салаларындағы әр түрлі мәселелерді шешу үшін арналған. Қазір картасыз ешқандай жұмыстар жүргізіле алмайды. Бұл карталарды екі топқа бөлуге болады: қоғамдық және табиғи құбылыстар картасы. Табиғи құбылыстар картасы қоршаған ортаның барлық компоненттерін қамтиды. Бұл топқа геологиялық, геофизикалық, жер беті және Дүниежүзілік мұхит түбінің бедері картасы, метеорологиялық және климаттық, гидрологиялық, топырақ картасы, физико-географиялық ландшафтану мен физико-географиялық аудандастыру карталары және т.б. жатады. Қоғамдық-саяси карталарға экономикалық, саяси, тарихи, әлеуметтік-географиялық, елді мекендер картасы жатады. 

Сапалық тәсіл – физ. – географиялық және экономикалық аудандастыруы және экономикалық саяси әкімшіліктің белгілерін көрсетеді.
Сапалы көрініс тәсілі - Жер бетінде тұтасып тараған (мыс, ландшафт) және айтарлықтай ауданды алып жатқан (мыс, топырақ жамылғысы) немесе жаппай тараған (мыс, халық) құбылыстардың сапалық сипатын бейнелеудің картаға түсіру әдісі.Картада сапалық фонды түрлі түсті немесе штрихты сызықпен бейнелейді. Кей жағдайларда олардың екеуіде бірге қолданылады. 
Картада сапалық фонды қолдану оңай болуы үшін оларды әдетте индекспен белгілеп көрсетеді. Ол картаның легендасында жазылады. 
Сандық фонның тәсілі – территориялық сандық көрсеткіштеріне қарай көрсетіледі. (М: ағыс жылдамдығы) Сандық фонды әдетте аудандастыруда қолданады. Рельефтің тереңдігін шкаламен көрсетеді. Яғни рельефтің әрбіп ауданын штрих сызықтармен бейнелейді. Сандық фон әдетте гидроресурстық және рельефтердің территорияларын аудандастырғанда қолданылады. Әрбір картаның тілі өзінің сөздік қоры болып табылады. Мұнда шартты белгілер, таңбалар және грамматикасы анықталады. Картаның тілі мағынасына қарай ажыратылады: 1-шісі картографиялық нысандардың маңызы көрсетіледі (топырақтың түрі, өсімдігі, тау жыныстары, шаруашылықтың салалары және т.б.); 2-шісі географиялық координаттар көрсетіледі. Картографиялық таңбалардың мынандай түрлері бар: 1. Атты2. Реттік3. Сандық Атты – нысандардың атын көрсетеді. Реттік – нысандардың көлемін көрсетеді (ірі, орта). Сандық – нысандардың санын анықтайды, бір қалада неше тұрғын бар екенін көрсетеді Таңбаларды формаларына, көлеміне, жарықтығына, ішкі құрылымына қарай ожыратуға болады.

Картографиялық таңбалардың мынадай тәсілдері бар:

-таратпау тәсілі; -сызықтық тәсіл; -изосызықтық тәсіл; -сапалық тәсіл; -сандық фонның тәсілі; -таратпау диаграммалық тәсіл; -нүктелік тәсіл; -векторлық тәсіл (қозғалыс тәсіл); -ареалдар тәсілі; -картограмма және картодиаграмма тәсілі.

Зертханалық жұмыс №9
Жалпы географиялық карталар

1 Жұмыстың мақсаты: Жалпыгеографиялық карталардың мазмұнын талдау.


2 Тапсырма: атластағы жалпыгеографиялық картаның талдауын жасап баға беру.
3 Жұмысты орындау тәртібі:
І. Жалпы мәліметтер және математикалық негіз:

1) Картаның атауы, қолдануы, қандай атласта орналасқан.

2) Картаның негізгі масштабы қанша?

3) Қандай проекцияда орналасқан?

4) Бұрмалану көрсеткіштерін анықтау.
ІІ. Мазмұнның элементтері:


  1. Су айдандары қалай бейнеленген?

  2. Жер бедері қалай бейнеленген?

  3. Грунттар және өсімдіктер қандай тәсілмен бейнеленген?

  4. Елді мекендер қалай бейнеленген?

  5. Байланыс жүйелері қалай бейнеленген?

  6. Қандай саясат-әкімшілік бірліктер көрсетілген?

ІІІ. Картаны бейнелеу негіздері.



  1. Неше түсті?

  2. Қандай шрифтер түрлері қолданылған?

ІV. Картаны жабдықтандыру элементтерінің ерекшілігі?

V. Картаның компансовкасы қандай?

VІ. Картаны талдау бағалаумен анықталады:


  • Картада барлық объектілірдің қасиеттері бейнелеу;

  • Картографиялық тәсілдердің қолдануы қаншалықты негізделген;

  • Аумақтың ерекшеліктері қаншалықты дәл көрсетілген.

Мазмұнның элементтерінің анық бейнеленуі бойынша картаға баға беріледі. Картаның мазмұны және хаттауы қолдануына қаншалықты сәйкес?

Тапсырма жауабы:



Карта деп белгілі бір математикалық ережелермен жер бетінің жазықта кішірейтіліп, жинақтап бейнеленуін айтады, онда географиялық нысандар шартты белгілер арқылы көрсетіледі. Картада жер шарының, күн жүйесіндегі басқа ғаламшарлардың, аспан денелерінің және т.б. кішірейтіліп, жинақталып шартты белгілермен белгіленген.

Карталар мазмұнына қарай 2 түрге бөлінеді: жалпы географиялық және тақырыптық карта. Жалпы географиялық карта – жер бетінің бедері кескінделен карта. Онда жер бетіндегі барлық нысандар бейнеленеді.  Топографиялық карта жалпы географиялық картаға жатады. Мынадай масштабтан 1:1000 000-нан 1:10 000-ға дейін құралған карталар топографиялық деп аталады. Ең алғашқы топографиялық карталар (грекше topos – орын) жер бетінің нақты бір орнын (нүктесін) көрсетіп, ірі масштабта сол аумақтың шекарасын толық суреттеп берген. 

Топографиялық карталардың негізгі ерекшеліктері: - координаталар мен шартты белгілердің бірыңғай жүйесінде жасалуы; - жергілікті жердің қазіргі таңдағы жағдайын көрсетеді, картаның масштабына сәйкес геометриялық дәлдікті сақтайды; - пайдаланушылар үшін ыңғайлы, жергілікті жердің бағыт-бағдарын жылдам анықтауға мүмкіндік береді;

Топографиялық карталардың негізгі функциялары: Анықтама – аумақ туралы географиялық мәліметтерді алуға, нысандардың орнын, олардың саны мен сапасы жайлы толық мағлұмат алуға мүмкіндік береді; Математикалық – географиялық координаттарын жоғары дәлдікпен есептеуге, жергілікті жердегі нүктелердің сипаттама беруге, ұзындықтарды өлшеуге, нысандардың ауданын және басқа да өлшеулер жүргізуге болады; Технологиялық – негізі ретінде пайдаланып, қосымша материалдарды орналастыру.

Топографиялық карталарды негізгі үлгі ретінде әртүрлі зерттеулік және өндірістік жұмыстарды жүргізу үшін пайдаланады.  Картадағы гидрогеографияның элементтеріне өзендер, көлдер, каналдар, суқоймалар, бұлақтар және басқа да су акваториясын бейнелейтін нысандар жатады. Топографиялық карталардағы шартты белгілер шельфтік аумақтағы карталармен келісілген. Жағалық сызықтар тұрақты, анықталған және тұрақсыз, анықталмаған деп жіктеледі.Топографиялық карталар өзен жүйесінің, арналарының үйлесімдік ерекшеліктерін, жайылманың, жағаларының үлгісін және сипаттамасын береді.  Ірі өзендердің шартты белгілері сапалық және сандық көрсеткіштермен беріледі – ағыстың жыламдығы мен бағыты, тереңдігі мен ені, арнадағы топырақ, су деңгейі, өткелдің бар болуы (паромдар, көпірлер, өткел) сарқырама мен табалдырықтар. Егер өзеннің атауы бас әріптермен жазылса, онда осы учаскеде кеме жүзеді.Кеуіп жатқан өзендер және өзендердің аумағы сызықтық пунктирмен, жер асты өзендердің аумағы нүктелі пунктирмен беріледі.
Каналдардың шартты белгілері түзу сызықтар және карта масштабында каналдың енін көрсететін екі параллельді сызықтар беріледі. 
Карталарда теңіздердің және оның бөліктерінің, көлдердің, суқоймаларының, канал, құдық, бұлақ, соынмен қатар жағалаулық сызықтағы объектілер атауы жазылады. 

Ірі масштабты топографиялық карталарда барлық елді мекендер мен бөлек орналасқан құрылыстар көрсетіледі.  Елді мекендер келесідей белгілеріне байланысты бөлінеді: - тұрғындарының саны (шрифттің биіктігі) - елді мекен түрі (жалқы атауларды жазуға қолданылатын шрифт түрі ) - саяси-әкімшілік маңызы  Ірі масштабты карталарда елді мекендердің бөліктерін жасыл желектердің, көліктердің аумағында, құрылыс жүргізіліп жатқан жерлерде көрсетеді.  Ірі масштабты карталарда барлық өнеркәсіптік, ауылшаруашылық кәсіпорындары, қоғамдық-мәдени нысандар, діни-мәдени құрылыстар (мешіт, шіркеулер) көрсетіледі.  Елді мекендердің атауларының жазылуы


Қала


Мазмұны

МӘСКЕУ

ТМД-ның астанасы. Қала тұрғыны 1000000 жуық.

Өнеркәсіптік кәсіпорындар, кемежай, теміржол станциялары, т.б

. бар кенттер (село)

Майский

1 000 адамнан асады 

Артенмший


100 - 1000 тұрғын


Рудничный


100 тұрғыннан аспайды




Зертханалық жұмыс №10

13. Географиялық атластар

13.1 Жұмыстың мақсаты: Географиялық атластарды зерттеу және талдау.
13.2 Тапсырма: 3 атласты талдау. Атластың айырмашылығының негізін анықтау.
13.3 Жұмысты орындау тәртібі:

1) Атластың қолдануын анықтап шығу мәліметтерін орындау.

2) Атластың сұрыптау негіздерін анықтау.

3) Картаның мазмұнын зерттеу. Атластың мазмұнымен танысу.



4) Тақырыбы ең қызық картаны белгілеу.
Тапсырма жауабы:

Географиялық атлас - географиялық карталарының немесе планета бөлімдерінің (әдетте жер планетасы) жиынтығы. Бірақ күн жүйесіндегі басқа планеталар мен олардың серіктеріне арналған атластар да бар. Әдеттегі атластар кітап түрінде, ал қазіргі таңдағы атластар электронды түрде беріледі. Жер туралы тереңірек мағлұмат алу үшін атласқа жер бедерін көрсететін физикалық карталар, саяси, климаттық, діни (діндердің әр таралу аймақтары), әлеуметтік (халықтың орналасу тығыздығы, орташа табыс мөлшері, өлім-жітім), экономикалық (өнеркәсіп салаларының дамуы) карталарды енгізеді. 

Карталардың сериялары екі түрде болады: - бір территорияға арналған, бірақ тақырыбы әртүрлі; - тақырыбы бір, бірақ әртүрлі территорияларға жасалған. Бірінші серияға жататын карталар территорияның мінездемесін жан-жақты береді, барлық карталардың мазмұнын бір ғана маңызды мәселеге арнайды, мысалы экологиялық мәселелер немесе бір деңгейдегі оқушыларға (бір сыныптың) қойылатын бағдарламалық талаптар. Мысал ретінде Мәскеу облысының әртүрлі экологиялық тақырыптарына сай карталардың серияларын келтірсек болады – батпақтану, ауаның, топырақтың, жерасты және жерүсті сулардың ластану дәрежесі, т.б. Әртүрлі тақырыптарды қамтитын 10 сыныптарға арналған карталар да карта сериясының бірінші түріне жатады.

Бір территорияға арналған, бірақ тақырыптары әртүрлі карталар сериясынының мынадай ерекшеліктері болады: - бірыңғай математикалық негіз (проекция, масштаб) - бірыңғай географиялық негіз (карталардың мазмұны бірдей өзен, елді мекен, жол, шекара каркасын т.б. бейнелейді) - шартты белгілер мен мәліметтер белгілі бір келісілген жүйемен беріледі. Барлық карталар серияларында қосымшалар кездеседі: кестелер, графиктер, түсіндірме жазбалар.

Екінші серия түріне жататын карталар (тақырыбы бір, бірақ территориясы әртүрлі) құбылыстардың, шартты белгілердің және мәліметтерді беру әдістерінің біртекті топтасуымен (жіктелуімен) ерекшеленеді. Барлық карталар сериясы бірдей жасалады (бір бояу, бір өлшем, т.б.). Екінші түрге жататын карталар сериясында бірыңғай математикалық, географиялық негіз болмайды. Бірақ осы серияларды жасайтындар бұрмалану жағдайына байланысты біртекті проекцияларды, бірдей немесе еселік масштабтарды қолдануға тырысады. Географиялық негіз бірдей генерализация дәрежесін иеленеді. Екінші түрге жататын карталар сериясына мектептегі материктердің физикалық немесе экономикалық, аудандардың экономикалық картасын т.б. жатқызуға болады.
Атластар географиялық карталар сияқты территориясына, мазмұнына және мақсатына байланысты бөлінеді. Карталардан айырмашылығы, атластар тағы пішініне байланысты бөлінеді – үстелдік, кітаптық және қалталық. 
1. Территориясы бойынша дүниежүзі, материктер, мұхиттар, үлкен географиялық аймақтар, жеке мемлекеттер мен олардың бөліктері атластары деп бөлінеді.

2. Мақсатына байланысты атластарда маман-оқырмандарды (туристтер, автомобилистер, оқушылар және т.б.) қызықтыратын мәліметтер беріледі немесе жалпы мағлұматтар беретін мәліметтер атласы ролін атқарады. 
3. Мазмұнына байланысты атластар жалпыгеографиялық, тақырыптық және комплекстік деп бөлінеді.

Жалпыгеографиялық атластар шектелген картографиялық проекциялар, бірдей немесе еселік масштабтары берілетін біртекті математикалық негізде жасалынады. Картаның мазмұны белгілі бір территориалдық бірлікке жатуы мүмкін, мысалы, мемлекеттер, аудандар және т.б.  Тақырыптық атластар белгілі бір тақырыпты ашады. Мысалы, 2003 жылы ПКО «Картография» дұниежүзі Атласын басып шығарды, оның негізгі мазмұны саяси және саяси-әкімшілік карталарға арналған. Қосымша ретінде атласқа мәліметтер мен 24 парақты физикалық карталарды енгізген.  Комплекстік атластар бөлімдердегі мазмұнына байланысты әртүрлі болады. Алайда, ереже бойынша, онда екі негізгі бөлім болады: табиғат картасы және экономикалық карта. 

Атлас – бұл карталардың бір бағдарламамен бүтін шығарма ретінде кітап немесе парақтар жиынтығы ретінде шығарылған жүйелі топтама. Бұл жай карталардың жай жиынтығы емес, бұл жердегі карталар бір – бірімен өзара байланысты бір-бірін толықтырып отырып карталар жиынтығын құрайды.
1.Жалпы географиялық карталардың атласы. / мысалы, әлемдік Советтік анықтамалық Атласы, 1967/, кейде олар тематиклық карталардың сонымен толықтырылады, бірақ бұлар атластың түрін өзгермейді.

2.Физика - географиялық атлас.

а) Бір түрлі шағынсалалық, /мысалы, АҚШ-тың жекелеген аймақтарының атласы.
б)Әртүрлі, бірақ өзара толық табиғи құбылыстарды толықтыратын карталар / мысалы ТМД- ның климаттық атласы 1960ж 1963ж/  в) комплексті, бірыңғай табиғи құбылстардың өзара байланысын көрсететін / мысалы, Советтік Морской атлас.Социалды - Экономикалық атлас

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 А.М. Берлянт Картография М., 2001

2 А.К. Салищев Картография. – М.: МГУ, 1982

3 А.В. Гедымин и др. Практикум по картографии с основами топографии. Ч.2. – М.: Просвещение, 1981

4 Под редакцией Г.Ю. Грюнберга Картография с основами топографии. М.: Просвещение 1991

5 К.М. Калеева, А.Д. Окасова. Методические указания по выполнению практических работ. Усть-Каменогорск 2002

6. А.М.Берлянт Карта рассказывает. М., 1978 Г.В.

7. А.М. Берлянт Картоведение М., 2003

8. К.А. Салищев Картоведение. М., 1990.

9. Картография с основами топографии под ред. А.В. Гедымина Ч.1,2. М.,1973.

10. Г.В. Яников Практическое пособие по основам топографии и картографии. – М.: Просвещение, 1971

11 . Н.Н.Баранский, Преображенский А.И. Экономическая картография. М., 1962

12. Салищев К.А. Проектирование и составление карт. М., 1978

13. Шулейкин А.С. Топографическое черчение М., 1978

14. Шулейкин А.С. Шрифты для планов и карт М., 1962

15.Южанинов В.С. Картография с основами топографии М., 2001.

16. Условные знаки карт масштабов 1:10 000

17. Условные знаки карт масштабов 1:5 000, 1:2 000, 1:1 000, 1:500.

18. Географические атласы и карты.



19.Набор топографических карт.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет