Казақ петроглифтері (КӨне тамыры мен сабақтастығЫ) зайнолла самашев жұмаш жетібаев алматы 2005



Pdf көрінісі
бет12/42
Дата14.09.2022
өлшемі14,2 Mb.
#149464
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42
Байланысты:
0bf015051342258c33ab09c17b70a178

Қанжар. 
Қазақ петроглифтерінде ер 
қаруының са-натына кірмейтін, бірақ та 
соғыста, аңшылықта және түрмыста кеңінен 
қолданылатын бірқатар "суық" қару-лардың 
бейнелері кездеседі. Сондай қарулардың бірі — 
қанжар. Қанжар жекпе-жек айқаста сүғу, кесу 
және шабу (шабатын каижарлардың ұзын-дығы 
25—30 
см 
жоғары 
болады) 
арқылы 
қолданылатын қару. 
Суреттерден 
және 
этнографиялық 
материалдардан 
коріп 
отырғанымыздай, 
қазақтар 
қолданған 
(пайдаланған) 
қанжарлар-дың дені — сабының соңы (жетесі) 
"шар" және "саңырауқүлақ" іспетті болып 
келген "кавказдыққанжарлар" (1; 30—32; 40; 
42; 46; 47; 101-суреттер; 6-кесте,3) мен қыны да, 
сабы да асыл тастармен, бағалы металдармен 
әшекейленген "Хиуа қанжарлары" (Валиханов, 
1961, 464 б.). Семсердің формасын түгелдей 
қайталаган, яғни екі жүзді, тік болып келген бүл 
қарудың жалпы ұзындығы 50 см аспайды. 
Найза. 
"Далада кездесетін батырлар мен 
жігһтердің ептілігі сондай, олар найза-ның 
ұшымен, денесіне ешқандай зақым келтірмей 
ондаған карсыласын ат үстінен оп-оңай 
аударып тастайды" — дегендей (Маковецкий, 1886) қазақтардың ең көп 
қолданатын және жақсы игерген қаруларының бірі — найза. 
Найза — бүл бетпе-бет айқаста түйреу арқылы қолданылатын қару түрі. Су-реттерден және жазба 
деректерден біз қазақ найзасыньщ екі түрлі — ұзын (1—3; 
47-сурет 


46 
5; 12; 15; 16; 19; 42-суреттер) және қысқа (24а; 31; 32; 38; 45; 46; 76; 101-суреттер) сапты болып 
келетіндігін көреміз. Қысқа сапты найза "жыда" деп аталады. Сондай-ақ найзаның "сүңгі" деп 
аталатын түрі де кездеседі. 
Қазақ найзасы басқа да халықтардың найзасы сияқты екі бөліктен, яғни қолға ұстайтын ағаш 
бөлігі — саптан және түйреп, жарақат салатын темір бөлігі — бастан түрады. Найза сабына негізінен 
қайың, қарағай, емен немесе жергілікті ағаш түрлері пайдаланылса, ал басы темірден, болаттан 
жасалынады. Оның екі қырлы, үш қырлы және төрт қырлы сияқты үштары әдетте қысқа әрі жалпақ, 
үзын әрі жіңішке болып келеді. 
Деректерге сүйенсек, қазақ найзасының бас жағына, яғни үшының сабына жал-ғанған жеріне 
әртүрлі дәреже белгілері ретінде — ту, байрақ жалау, қыл (жібек) шашақтар тағылады (16-сурет). 
Соның ішінде: ту — қолбасының, байрақ — әскерба-сының; жалау — әскер бөліктерінің айыру 
белгілері болып саналса, ал шашақ — батырлар белгісі (Ахметжанов, 1996, 70 б.). Кейде шашақорнына 
үзынша келген өткір пьішақша бекітілетін болган (45-сурет). 
Найзаны жорықта алып жүргенде ыңғайлы болу үшін сабының орта түсына және соңына 
қайыстан ілгектер байланатын. Оның орта тұсындағысы қолдың қырына киілсе, ал соңындағысы 
үзеңгідегі аяқтың басына ілінеді. 
48-сурет 


47 
Сүңгі — бүл найзаның сауытты тесуге арналған түрі. Оның екі басы да жебелі болып келеді. 
Сондықтан айқаста сүңгінің екі басы бірдей қолданылады. Бастарын-дағы "жебесі" негізінде ұзын әрі 
жіңішке-үшкір болып келеді. 
Жыда — найзаньщ лақтыруға арналған қасқа түрі. Оны көбіне жаяу әскерлер қолданған. 
Сондай-ақ, атты әскерлердің қолданғандығы жөнінде деректер бар. Сол деректердің бірінде мөлшелері 
10—15 қүлаштай қыл арқанның бір басы жыда сабы-ның соңына, ал екінші басы сарбаздың аяғына 
байланады (Смоленский, 1873, 246 б.). Кьіл арқанның бүлай байлануын былай түсіндіруге болады: 
біріншіден — сар-баз лақгырған сүңгісін қарсыласына немесе қайдай-да бір аңға тигізе алмай қалған 
жағдайда тез табу үшін қолданса, екіншіден — оны асығыс кетіп бара жатқанда аттан түсіп алмау үшін 
пайдаланған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет