Казақ петроглифтері (КӨне тамыры мен сабақтастығЫ) зайнолла самашев жұмаш жетібаев алматы 2005


 . 4 . ҚАМШЫ — КӨШПЕЛІ МАЛШЫЛАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет15/42
Дата14.09.2022
өлшемі14,2 Mb.
#149464
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42
Байланысты:
0bf015051342258c33ab09c17b70a178
sillabus madeniettanu (3), Н С аулар растырушы а а о ытушы М атаева С. А
1 . 4 . ҚАМШЫ — КӨШПЕЛІ МАЛШЫЛАРДЫҢ 
КҮНДЕЛІКТІ ҚОЛДАНАТЫН ЗАТЫ 
Қазақ петроглифтеріндегі ең көп кездесетін бейнелердің бірі — 
салт адамның негізгі атрибуты болып табылатын қамшы. 
Ол — суреттерде екі түрлі жағдайда (көріністе) кездеседі. 
Бірінде ол — құлпытастардың жақтаулары-на салынған қару-жарақ 
және аяқ киім түрлерімен бірге кездессе (47; 53-суреттер; 6-кесте,3), 
ал екіншісінде — салт аттының жабдығы ретінде көрінеді (1; 3;
10; 15; 18; 22-суреттер). 
Қазақ қамшысы үш бөліктен — саптан, өрімнен және екеуін 
жалғастырып түратын алақаннан тұрады. Қамшының сабы негізінде 
ағаштан, соның ішінде ыр-ғайдан немесе тобылғыдан жасалынады 
(Валиханов, 1961, 463 б.; Арғынбаев, 1987, 33 б.). Оның қолға 
ұстайтын жері былғарымен қапталынып, соңына бүлдірге тағылады. 
Сондай-ақ сабы тау ешкі мен киіктің мүйіздерінен және еліктің 
сирағынан істелген қамшылар да кездеседі (Арғынбаев, 1987, 33 б.). 
Ал қамшы өріміне келсек, ол — ірі қараның терісінен иленген қайыс 
таспалардан өріледі. Оны әртүрлі қылып өру үшін таспа санын 4-тен 
32-ге дейін өзгертіп отырған. 
Қазақ петроглифтерінде, сондай-ақ эпикалық жырларда қамшыға 
ерекше орын берілген. Онда ол көбіне қалыптан тыс ұлғайтылып көрсетіледі (3; 10; 15; 
18; 22-суреттер). Мысалы, Тува халқының эпикалық жырындағы Алтай Бұұчай қамшысы 60 өгіздің 
терісінен өрілген. Оның 4 қатары 
— 
4 жастағы, үш қатары 
— 
3 жастағы өгіз терілерінен өрілсе, ал сабы 
алтыннан істелген (Липец, 1984 , 81—82 бб.). 
Қамшы — деректерге сүйенсек, өткен уақыттарда көшпелі малшының күнделікті қолданатын 
затынан басқа бірнеше функцияларды да атқарған. Олар: қатерлі қару, ғұрыптық-магиялық зат және 
т.б. 
Қамшы — қатерлі қару. 
Қамшыны қару ретінде сонау көне заманнан, яғни б.з.д. 
І-мыңжылдықтың басынан б.з. XX ғасырының басына дейін қолда-нып келген. Оны археологиялық 
материалдар, мифтер мен аңыздар (скифтердін, қүлдармен қамшы арқылы шайқасқаны туралы аңызды 
еске түсірелік), батыр-лық жырлар мен этнографиялық материалдар (Валиханов, 1961, 5—10 бб.) 
дәлелдейді. 
Қазақтарда және Еуразияның далалық белдеулерін мекендеген басқа да халықтарда қамшыны 
қару есебінде негізінен қъілыш немесе семсер жұмсауға тұрмайтын қарсыласына, ат сайысында, аң 
аулағанда (Бабалқұлы, 1991, 32 б.), сондай-ақ "барымтада" қолданған. 
2- кесте 


5 3
Қару есебінде қолданылатын қамшыларға — дойыр, дырау, 
жыланбауыр және т.б. қамшы түрлері жатады. Олардың сабы салмақты, 
өрімі жуан және ұзын-дау болып келеді. Кейде өрімге темір талшығынан 
озек салып та дайындаған. 
Қамшыны қару ретінде қолдану кім көрінгеннің қолынан келе 
бермейді. Оны қару ретінде тек жауынан қорғана алатын не жайратып 
салатын адамдар — қам-шыгер-батырлар ғана қолдана алады. 
Қамшыгерлік тума қабілет емес. Ол адам бойындагы тездік пен ептілік, 
дәлділік пен мергендік, өткірлік пен батылдық, қарулы-лық, қатты 
қолдылық пен сескенетін серттілік сияқты ішкі қасиеттермен үштасып 
жататын мамандық (Баба-лықүлы, 1991, 32 б). 
Қамшы — гүрыптық-магиялық зат. 
Оның ғұрыптық-магиялық 
функциясы ең алдымен бақсылықпен байла-нысты. Олай дейтін 
себебіміз, қазақтар мен Орта Азия-ның басқа да халықтарындағы 
бақсылардың ғүрыптық заттарының құрамынан ерекше орындардың 
бірін қам-шғл алады (Басилов, 1992, 24—26 66.; Мустафина, 1992, 
132—134 66.). 
XVIII—XX гг. ортүрлі хабарлауларында қазақ бақ-сылары 
қобызды ойнай отырып, ауру адамның бойыи-дагы жындар мен 
шайтанды тобылғыдан жасаған қамшымен үрып қуатын болған 
(Андреев, 1796, 63 б.; Кустанаев, 1894, 45 б.; Мустафина, 1992, 132, 137 
бб.). 
Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ қогамында қамшының прагматикалық фун-кциясынан, яғни 
күнделікті қолданылатын және символдық зат екенінен басқа белгілі бір жағдайда семиотикалық 
статусы болған. Ол — қүда түсуде немесе сот-қүқық практикасында және т.т. көрінеді. Оған мысал 
ретінде қазақтың мына бір салтын алуға болады. Бұл салт бойынша дау қуып келген адамдар 
қарсыластарымен кездескен кезде даулап келген істерін (жер дауы, жесір дауы т.б.) бірден шешу үшін 
алқалы ортаға қамшы тастайтын болған. 
Қазақтарда қамшыға байланысты бүдан тыс көптеген ырым-салттар бар. Оған қамшыны жерге 
тастамау, егер жерде жатса аттамау, қамшының сабы сынса жа-мандықка жору, адамдардағы 
кеселдерді, малдағы кейбір індеттерді қамшымен ұшық-тау, қамшыны алақанымен (кей жерде 
бүлдіргесінен) ілмеу, қамшыны қаижығаға байламау, қамшыны босағаға ілмеу т.б. толып жатқан 
ырымдар мен тыйымдарды атауға болады, Соның бірінде сырттан келғен адам, мейлі ол кім болсын (ұй 
йесі мен мүшелерінен өзге) үйге кірерде қамшысын ат үстінде немесе үй сыртында қалдырып кіретін 
болған. Мақсатсыз болса да қамшымен үйге кірген адам ауыр согіс естиді, не айыпқа тартылады. 
Өйтксні, қамшыпы үйге алып кіру қазақтарда, сондай-ақ моңғод\арда бір пәленің басы деп саналады 
(Бабалықұлы, 1991. 32 б.). Сондай-ақ қазақтарда қамшы ілулі тұрған үйге шайтан кірмейді деген ұғым 
бар. 
3- кесто 


56 
4! 
ё Ш
Ат әбзелі һәм ер қаруы 
ретінде үсталатын қамшыға 
байланысты тілімізде қамшы 
үйіру, қамшы білеу, қамшымен 
жасқау, 
сипап 
қамшылау, 
батыра қамшылау, орап тарту, 
шықпырту, оса тарту, тіле 
тарту, баса тарту, көсіп жіберу, 
серпе тарту, косите тарту, 
салып қалу, тартып қалу, сілтеп 
қалу, сондай-ақ теседі, сызады, 
осады, көгертеді, езеді, бөледі, 
сындырады, өлтіреді секілді 
атаулар бар. Бүдан қамшының 
қалай үрылып, қаншалық-ты 
зардабы болатындығын коруге 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет