Казақ петроглифтері (КӨне тамыры мен сабақтастығЫ) зайнолла самашев жұмаш жетібаев алматы 2005



Pdf көрінісі
бет11/42
Дата14.09.2022
өлшемі14,2 Mb.
#149464
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42
Байланысты:
0bf015051342258c33ab09c17b70a178

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАРУ ТҮРЛЕРІ 
Қылыш. 
Суреттерде ең көп кездесетін қару-дың бірі — 
қылыш. "Қьільіш — міндеті кесу" — деп аталарымыз айтқандай, 
ол — қоян-қолтық айқаста қарсыласын кесуге, шабуға арналған 
қару. 
Қазақ қылышын сыртқы пішініне қарап қайқы қылыш (3; 
16; 24; 30-32; 34; 35; 38-39; 42; 43; 46; 47; 76; 103-106; 109; 
124-суреттер; 6-кесте,3) және тік қылыш деп екі түрге бөлуге 
болады (33-сурет). Тік қылышты қазақтар семсер және сапы 
(шапы) деп атаған. Семсер екі жүзді болса, ал сапы қылыш 
сияқты бір жүзді. 
Қылыш екі бөліктен: қолға ұстайтын бөлігі — саптан және 
кесетін бөлігі — болаттан түра-ды. Сабы мен болатының 
түйісіндегі қосалқы бөлік — балдақ деп аталады. Ол — сап 
жақтан қолды, сырт жақтан басқа қаруды тіреп ұстауға арналган. 
Қазақ қылышы негізінде өте қарапай-ым болып келеді. Олардың 
сабы мен балдағы көбіне ағашпен, сүйекпен немесе мүйізбен 
қап-талынып жасалынады. Ал, асыл тастармен және бағалы 
металдармен әшекейленген жақсы қылыштарды қазақтар 
Бүқарадан, Хиуадан, Са-марқаннан, Қашқардан, Түрік және 
Парсы елдерінен алып отырған (Левшин, 1832, 49-52 бб.; Потто, 
1877, 170 б). Олардың арасында, әсіресе, парсының "исфахан" 
("наркескен") қылышы өте жоғары бағаланған (Валиханов, 1961, 
464 б.). Осындай жақсы қылыштар Түркістан шаһарында да 
жасалған (Паромонов, 1872, 217 б.). 
Қылышты салатын қапты қазақтар қынап деп атайды. Ол 
— ағаштан жаса-лынып, терімен, былғарымен немесе барқытпен 
қапталынады. 
Қынаптың 
сырты 
әдетте 
тұтастай 
ою-өрнектермен, кейде арасына темір, күміс жапсырмалар салып безендірілетін 
болған. Ол — белге немесе кісеге қылышбау арқылы тағылады (30—33; 37; 38; 39;
42; 43; 46; 47; 76-суреттер; 6-кесте, 3). 
41-сурет 


4 1
Балта. 
Қазақ петроглифтеріндегі ең көп кездесетін қарулардың бірі — балта. Ол — суреттерде 
көбіне екі түрлі жағдайда корінеді. Бірінде ол салт атты сарбаздың қолындагы негізгі қару ретінде 
берілсе (14; 17-суреттер), екіншісінде — қару-жарақ түрлерімен бірге кездеседі (1; 20; 24; 26; 31; 32; 34; 
35; 38-42; 44-46; 83; 101; 103; 107-суреттер; 6-кесте, 3). 
Балта — бұл көнеден келе жатқан шабу қаруы. Ол негізгі екі бөліктен: шабуға арпалған бөлік — 
бастан және қолға ұстайтын бөлік — саптан тұрады. Балтаның басы негізінде берік металдардан 
қалыпта қүйылып істелінсе, ал сабы жергілікті жерлерде өсетін мықты ағаштардан жасалынады. 
Суреттерден жоне мұражай коллекңияларынан біз қазақ балтасының бірнеше түрлі болып 
келетіндігін көреміз. Мәселен, сабының үзын-қысқалығына қарай қазақ балтасын — ұзын, орташа және 
қысқа сапты деп үш түрге бөлсек (бүл жерде айта кететін бір жәйт: кейбір балталардың соның ішінде, 
әсіресе, айбалталардың сабы терімен немесе тұтастай металмен қапталынып, қолға үстар жеріне 
бүлдіргі тағыл-са, кейбірінің түп жағы жүмырланып келеді немесе төмен қарай иіліп біткен) (1; 17; 39; 
42-суреттер), ал басының формасына қарай төрт түрге топтастыруға болады. Оның біріншісі балтаны 
"айбалта" деп атаута негіз болған жалманы (балта басының 
42-сурет 


43-сурот 
шабуга арналған бөлігі) жалпақ жарты ай сияқты дөңгеленген түрі (14; 17; 26; 32; 35; 38—40; 42; 
46-суреттер). Айбалталар негізінде сыртқы жаулармен согысқанда ғана қолданылады (Курылев, 1978, 
46 б.; Қайдаров, 1973, 27 б. жоно т.б.). Екіншісі — жалманы жалпақ ағаш шабуға арналған түрмыстық 
балталардың бір нүсқасы (20; 31; 41; 83; 102; 103-суреттер; 6-кесте, 3). Үшіншісі жалманы жіңішке 
сына тәрізді, яғни түрмыстағы агаш жарғыш балталар (1; 24; 45; 101; 107-суреттер). Жалманы сол 
жалпақтау болып келғен төртінші түрінің алдыңғы үшы сүйір, артқы ұшы сағағына (басы мен 
сабының түйіскен жері) қарай жарты айдың бір басы сияқты иіліп біткен (34; 44; 101-сурет). Осы 
аталған балта түрлерінің кейбірінің шүйдесі ( балта басының жалманға қарсы жағы) шығыңқы емес 
жатық болса, ал екінші бірінікі шығыңқы, яғни балға немесе сына формасында болып келеді (36; 
45-суреттер). 
Қазақ үсталары тек қарапайым балталар ғана емес, сондай-ақ атақты батыр-лар мен бай 
адамдарға арнап басы да, сабы да неше түрлі ою-өрнектермен безендірілген күміс басты балталар 
жасаған. Оған мысал ретінде Қазақстанның Орталық мемлекеттік мүражайы мен Санкт-Петербургтегі 
антропология және этнография мүражайының қорларындағы балталарды алуға болады. 


45-сурет 
43 
44-сурет 
Шоқпар 
(75-сурет). Шоқпар — бүл қоян-қолтық айқаста ұру, согу арқылы қолданылатын қару. 
Ол негізінде екі боліктен: ұрута арналған — бастан және қолға үстайтын саптан түрса, ал кейбірінің 
("босмойын") жоғарыда аталған боліктерді жалғастырып түратын қосымша үшінші бөлігі — қайыс 
таспалары немесе шын-жыр баулары болады. 
Өткен ғасырларда сарбаз кдру-жарағының ішінен ерекше орындардың бірін алған бүл қару — 
ауыз әдебиеті шығармалары мен муражай коллекцияларынан 


көріп жүргеніміздей, жасалган материалына, басының пішініне, салмағына, 
сабының үзын-қысқалығына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Оның біріншісі 
— осы қаруды "шоқпар" деп атауға негіз болған түрі. Басы мен сабы 
түтастай түбірлі ағаштан жасалған бүл шоқпарды қазақтар тек соғыста ғана 
емес, сон-дай-ақ барымтада да, жылқы баққанда да жиі пайдаланған. 
Шоқпардың екінші түрі: 
"Қорғасын, шойын қүйдырған, 
Темірден сабын қондырған, 
Басына болат қаптаған, 
Сабына темір саптаған 
Берік болса гүрзісі — 
Бес жүз батпан салмағы", — деген (Манас, 1961, 161 б.) жыр 
жолдарынан коріп отырғаны-мыздай, бастары қорғасын, шойын, болат 
сияқты металдар-дан қүйылған темір сапты немесе темірмен қапталған ағаш 
сапты ауыр шоқпар — гүрзілер (күрзі, күрсі, гүрсі). Гүрзілер тек соғыста 
ғана қолданылған. 
Шоқпардың үшінші түрі — басы алты, сегіз тілімді болып әртүрлі 
металдан және тастан жасалган жеңіл шоқпар — бүздыгандар (бүздырған). 
Алғашында қару есебінде қолданылған шоқпардың бүл түрі — 
кейіннен алтындатылып, асыл тастармен әшекейленіп, әскербасының 
дәрежесін корсететін белгіге айналып кеткен (Ахметжанов, 1996, 89 б.). 
Бүдан шығатын қорытынды: безендірілуі неғүрлым қымбатқа түссе, иесінің 
дәрежесі соғүрлым жоғары болғаны. Шоқпардың осы түріне асатаяқты да 
жатқызуға болады (47; 76-суреттер). Өкінішке орай, қазақ батырлары 
ұстаған бұздығандардың бізге жеткен үлгісі жоқтың қасы. 
Қазақ шоқпарынын, тортінші түрі — босмойын деп аталатын дойыр 
шоқпарлар. Ағаштан, тастан және әртүрлі металдан жасалған 
"босмойынның" басы сабына қайыс таспалар немесе шынжыр баулар 
арқылы жалғанады. 
Шоқпардың бесінші түрі — сойыл. Сойыл да ағаш шокдар сияқты 
басы мен сабы түтас болып түбірлі ағаштан жасалы-нады (Валиханов, 
1961,464 б.). Бірақ та, сойылдың басы шоқпардікіне қарағанда кішіректеу, ал 
сабы керісінше үзындау болып келеді. 


47 
Сойылдың 
шоқпарлардан 
айырмашылығы сол, ол тек ауыл ара-сындағы 
барымта, төбелестерде ғана қолданылады. Яғни 
соғыста қолданы-латын ер қаруының қатарына 
кірмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет