Казақ петроглифтері (КӨне тамыры мен сабақтастығЫ) зайнолла самашев жұмаш жетібаев алматы 2005



Pdf көрінісі
бет19/42
Дата14.09.2022
өлшемі14,2 Mb.
#149464
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42
Байланысты:
0bf015051342258c33ab09c17b70a178

III
. ¥
СТА
ҚҰРАЛДАРЫ
МЕН
ЗЕРГЕРЛІК
 
ӨНЕРІ ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ
 
БЕЙНЕЛЕРІ
 
Қазақ халқының өткендегі материалдық мәдениетіне үңілсек, күнделікті түрмыс қажетін өтейтін 
қоленерінің жете дамыған түрлі салаларының болған-дығын көреміз. Сондай қолөнері салаларының 
бірі — үсталық кәсібі болса, екіншісі — ¥лы мәдениетіміздің асқар бір шыңы — зергерлік онері. Бүл 
онер түрлері қазақ петроглифтерінде үста қүралдары және зергерлік онеріғгің туын-дылары түрінде 
кескінделген. 
СОМ ТЕМІРГЕ БАЛҒА БАР... Ұсталық кәсібі — сонау көне замандардан келе жатқан кәсіптердің 
бірі. Оның пайда болуы, дамуы темір, қалайы, мыс және т.б. металдарға байланьгсты десек, 
археологиялық материалдар сол металдардың қазақ даласында бірнеше мыңдаған, жүздеген жылдар 
бойьгнда ондіріліп келгендігін көрсетіп отыр (Сәтбаев, 1941, 69.; Маргулан және басқалары, 1966, 22 б.; 
Маргулан, 1973, 7 б.). 
Ұсталық кәсібі қазақ петроглифтерінде, дәлірек айтсақ "Қарағаштьг-Әулие" қорымындағы 
бір-екі қүлпытастың бетіне бедерлі техни-калық әдіспен салынған шапқы, төс, қадаубас, балға, шеге 
істейтін қалып, қысқаш, қашау сияқты ондіріс қүралдарьгмен және ұста 
қолынан шыққагг сүңгі (най-за), шиті мьглтық, қайқы қылыш, жебелі 
садақ (жақ) т.б. қару түрлерімен берілген (76-сурет). 
Осы суреттер жонінде кейбір зерттеушілердің арасында 
қарама-қайшы ггікірлер бар. Мәселен, М. Меңдіқүлов қару түрлерінің 
бейнесін дәстүрлі, қүрал-дарды — қүрылыстық десе (Мендикулов, 1987, 
17 б.), ал В. Востров болса қайтыс болған адам "әскери" косібін 
қартайғанда үстаға немесе зергерге алмастырған деген пікір айтады 
(Востров, 1959, 60 б.). Шындығьгнда бұл жерде қарулар — дәстүрлі,
қүралдар — атрибуттық. 
Деректерге сүйегтсек, қазақ үсталары оз қуралдарын оздорі істеп 
(Масаиов, 1961), сол қүралдар арқылы ауылшаруашылық заттары мен 
тұрмысқа қажетті бүйым-дарды және қару-жарақ түрлерігт жасаған. 
Ұста қүралдарыи қолданылатын мақсаттарына бай-ланысты — 
металдарды еріту және қыздыру процестерінде қолданылатын қүралдар; 
үрып-соғу қүраддары; кесітг-тссу және қашау қүралдарьт; егеу, қайрау 
қүралдары т.т. деп топтастыруға болады. 
Металдарды еріту және қыздыру процестерінде 
қол-
данылатын 
куралдарға 
— корік, косеу, ожау, қалып, 


72 
дәнекерлегіш, қысқаш т.б. жатады. 
Көрік — металды еріту және қыздыру процесінде отқа жел беріп тұратын 
қурал. Ол — ешкінің немесе түйенің мойын терісінен жасалады. 
Көсеу — ошақтағы көмірді жинақтап, косеп отыратын темір құрал. Оны 
кейде үгіндірік деп те атайды. 
Ожау — формасы ожау тәрізді қорғасын, тсмір орітстін қүрал. Ол негізінен 
балқу температурасы өте төмен мета\дардаи жасалынады. 
Қалып — ерітілген металдардан қалаған нүсқадағы заттарды (бүйымдарды) 
алу үшін темірден, тастан, сүйектен және күйдірілген балшықтан жасалған белгілі 
бір үлгідегі қүрал. 
Дәнекерлегіш — отқа қыздыру арқылы металдан жасалған заттардың 
жарылған жерлерін қалайының комегімен жамайтын қүрал. 
Қысқаш — ерітіліп-суытылған және қыздырылған металдар-ды қысып 
үстауға арналған қүрал. 
Үрып-согу қүралдарына 
— балға тос т.б. жатады. Балға — соғу арқылы металды 
өңдейтін, белгілі бір формаға келтіретін, түзететін қүрал болса, ал төс — үстіне 
металды қойып соғуға арналған ағаш түгыры (сандалы) бар қүрал. 
Кесіп-тесу және қашау қүралдарына 
— шапқы, қадаубас, қ-ашау т.т. 
жатады. 
Шапқы — металды балғамен үру арқылы кесетін өткір жүзді болаттан 
істелген қүрал. 
Қадаубас — әртүрлі металл заттарға балғамен үру арқылы тесік салатын 
сүйір басты темір қүрал. 
Қашау — басы шапқы тәрізді болып келген, бірақ та бір 
жағынан қайралған ағаш сапты қүрал. Ол — ағаш, тас оңдеуде 
7 7
-сурот 
ғана қолданылады. 
Егеу; қайрау қүралдарына 
— сгеу, түрпі, қайрақтар жатады. 
Егеу — темір заттарды егейтін тістері бар темір қүрал. Түрпі — егеудің бір түрі. 
Бірақ та ол ағаш өңдеуде ғана қолданылады. 
Қайрақ — металл заттардың жүзін қайрайтыи тас қүрал. 
Этнографиялық материалдарға сүйенсек, үсталар қыс кетіп, көктем ;<елгеиде дүксн (ұстахана) 
құратын. Сол күні дүкен иесі Дәуітке (Дәуіт- көптеген :ұркі ха-лықтарыида ұста-зергерлердің пірі 
болып саналады) бағыштап дүға оқып, Сір малды қүрбандыққа шалып, ырым қылатын. Бүл салт ел 
арасында "дүкен майхау" деп аталады (Сухарева, 1962, 192 б.). 
Темір дүкені (үстахана), үсталық онері, сондай-ақ үста қүралдары шптеген халықтарда қасиетті 
саналады. Мәселен, кейбір халықтарда үстахана қүдгйға жал-барынып қүлшылық қылатын орын 
болса, ал қазақтарда дүкеннен албасгы қаша 


7 4
ды деген сенімнен туған ырым бойынша босанарда қина-лып жатқан 
әйелдің жанына төс орнатып, оған қызгап темірді соғатын болған. 
Көптеген түркі халықтарында сақталған ұста төсіне иіліп сәлем беру 
осының айғағы болса керек (Шойбеков, 1993, 55 б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет