ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ халқының ұлттық бай мүрасының кішкентай ғана бір пұшпагы болып табылатын, жасы
300 жылдан 100 жылға дейінгі аралықты қамтитын қазақ петроглифтерінің пайда болуы көп ғасырлық
тарихы бар жартас суреттерінің үзаққа созылған генезисінің жемісі. Оның тарихи тамыры сонау көне
замандар — палеолит, неолит, қола дәуірлеріне, яғни петроглифтердің семантикалық-композициялық
принциптерінің пайда болуына келіп тірелді.
Өз бастауын сонау көне замандардан алатын бүл суреттер қүрамы мен мағынасы жағынан алуан
түрлі. Олардың арасынан жеке бейнелерден бастап, қазақтардың кешегі түрмыс-тіршілігін
баяндайтын көріністер мен көп бейнелі күрделі композицияларға дейін кездестіруге болады. Олардың
кейбір үлгілері жазба деректер мен этнографиялық материалдардың, аңыз-оңгімелер мен
жыр-дастандардың толықтырылуымен қазақтардың XX ғ. басына дейінгі күнделікті өмірі мен
түрмысынан, діни наным-сенімдері мен әдет-ғұрыптарынан, дүниетанымынан, қоршаған ортамен
және көрші елдермен қарым-қатынасынан және т.б. іс-әрекеттерінен көптеген мәліметтер береді.
Осы ескерткіш түрін зерттеу барысыпда біздің бір байқағанымыз, жартастарға салынған
суреттер негізінен аңшылық кәсіпке арналса, мешіттердегі, сондай-ақ дінмен қатысы бар адамдардың
басына түрғызылған кейбір қабір үсті құрылыстарындағы-лар — діни-гұрыптық бейнелерден түрады.
Ал, деңесті жерлерде, сондай-ақ көш-керуен жолдарына жақын орналасқан мазарлар мен үлкен
сағанатамдардың қабырғ-аларына салынған суреттер мен қүлпытастағы кескіндер: "Бүл ғүрып оның
өз өмірінде қаншалықты дәулетке ие болғандығын жария етуі арқылы оның пайдасы тиген
куә-герлерге жағымды пікір қалдыру болған", — деп XVIII ғ. қазақ даласында болып қайтқан
патшалық орыс капитаны Н. Рычков айтпақшы (Рычков, 1772, 29 б.), ерлікті, батырлардың
жекпе-жегін, аңшылықты, көш-керуен шеруін, байлық пен молшылық-ты көрсететін суреттер болып
келеді. Бұл суреттер марқүмның және оның мүрагерлері мен үрім-бүталарының әлеуметтік
дәрежесінің жоғары екендігін корсетеді. Осы суреттердің бір бөлігі жерлеу қүрылысы
түрғызылысымен, ал екінші бәлігі қайтыс балған адамның жылдықасынан кейін салынса керек. Олай
дейтін себебіміз, қабыр-ғалардағы композициялардың кейбірі қайтыс болган адамның құрметіне
берілген астағы кейбір көріністердің бейнесі екеңі анық нәрсе,
Қазақпетроглифтеріндсгі жекслегеп шайқастар меи жаутсршілікті, кошполі түрмыс жұрнағын
бейнелейтін сюжеттер мен композициялар қазақ ру-тайпаларының әз тағдырын өзі шешетін, өзінің
ар-намысы мен халқының даңқы үшін қан майданда қүрбан болуды мүрат түтқан даланың
жауынгерлік дәуірін, алыс жорықтар мен шайқастар дәуірін, аруақтанып түлпар мініп, ту тіккен, қаза
тапқан боздақтарды жоқтап, жас төккен дәуірді, елім деп еңіреген ерлер емірден шайқасып өткен,
олардың жеңілген һәм жеңген, Бөгембай, Қабанбай, Наурызбайларды еске түсіреді.
Жалпылай алғанда дәуіріміздің бұл ескерткішінде ха\қымыздың тірі жады, бейбіт тұрмысы мен
құбылмалы болмысы бейнеленген. Олар бірнеше ғасырлар бойында жасалып, халқымыздың
талғам-түсінігін паш етеді. Олардын жиынтық бейнелері мазмұпы жағынан алуан болғанымен қазақ
ру-тайпаларына ортақ бірегей құндылықтарға негізделген.
119
Достарыңызбен бөлісу: |