1.3. ЕР ҚАРУЫ — БЕС ҚАРУ
Салт атты сарбаз суреттерде қарудың жеке
түрлерімен де, "Ер қаруы — бес қару" демекші көптеген
түрлерімен қаруланған (1-3; 5; 8-10; 14-17; 19;
20-суреттер).
Қару-жарақ
түрлері бір жағынан согыс
38-сурет
ісінің
дамуының материалдық негізгі болса,
39
екінші жағынан кез келген халықтың заттық мәдениетінің
ең негізгі бөліктерінің бірі болып саналады. Олар өзінің
мағанасы мен безендірілуіне, саны мен сапасының
ара-қаты-насына және қолдану әдістеріне байланысты
қоғамның дамуымен бірге үнемі жетілдіріліп, дамытылып
отырған.
Қазақ қару-жарағының өзіне тән өсу жолы және даму
тарихы бар. Ол тарих сонау көне за-мандардан басталады.
Оған Қазақстан жерінде бұрын-соңды жүргізілген
археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған көне
мәдениеттердің үлгілері дәлел бола алады. Бүдан біз қазақ
халқының осы жерді мекендеген көне тайпалардан қалған
мәдениеттердің, соның ішінде, қару-жарақ түрлерінің
тікелей мүрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып
байы-тушы екенін көреміз. Сонымен қатар қазақ
қару-жарақ түрлерінің дамуына көрші елдер мен басқа
халықтар көп әсер тигізді. Сайып келгенде, жергілікті
қару-жарақ түрлері сырттан келген қару-жарақ түрлерінің
кейбір элементтерін бой-ына сіңіріп, үнемі жақсару және
даму үстінде болды.
Қолымызда бар деректер мен этнография-лық
материалдарға сүйене отырып, қазақтың қару-жарақ
түрлерін
жақыннан,
алыстан
және
қорғаныста
қолданылатын деп үш топқа топтас-тыруға болады.
39-сурет
40-сурет
40
1 . 3 . 1 . ЖАҚЫННАН
Достарыңызбен бөлісу: |