Казақ петроглифтері (КӨне тамыры мен сабақтастығЫ) зайнолла самашев жұмаш жетібаев алматы 2005


 2 1 . 1 . 1 . БАТЫРЛАРДЫҢ ДІНИ-НАНЫМДАРЫ



Pdf көрінісі
бет5/42
Дата14.09.2022
өлшемі14,2 Mb.
#149464
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
0bf015051342258c33ab09c17b70a178

1 2
1 . 1 . 1 . БАТЫРЛАРДЫҢ ДІНИ-НАНЫМДАРЫ 
"Жаңбырменеы жер көгерер, батаменен ел көгерер" деп кандай да бір үлкен істі батасыз 
бастамайтын халқымыз сияқты, батырларымыз да батырлық жолына түсерде, алғашқы жорықтарына 
аттанарда әулие ақсақалдардан, атақты батырлардан, не әке-шешелерінен бата алып шықса, ал 
жорықта, айқаста, жол жүргенде сыйынатын, қолдайтын пірлері, әулиелері болған. 
Казақ батырлары сыйынатын пірлердің ішінде көне заманнан келе жатқандары да, ислам 
дінінен енгендері де бар. Олардың кейбіреулері мифтік қаһармандар болса, ал енді біреулері аты 
аңызға айналған тарихи түлғалар. 
Солардың ішінде ең бірінші аталатыны Иран, Түран батырларының пірі — атақты 
мифологиялық батырлар — Рүстем мен Дастан болса, ал екіншісі — Баба Түкті Шашты Әзиз. 
"Утемиш-хаджи Чингиз-наме" кітабында ол (Баба Туклас) Өзбек хан кезінде қазақтың ру-тайпаларын 
ислам дініне енгізген төрт әулиенің бірі болса (Чингизнаме, 1992, 106, 156 бб.), ал қазақ-ноғай 
батырлық жырларында Баба Түкті Шашты Әзиз әулие болып, мешіт ұстаған тақуа адам ретінде 
айтылады (Парпария, 1989, 46 б.). Баба Түкті Шашты Әзиз — Ә.Диваевтың еңбектерінде он екі баулы 
өзбектің Мұнран руының пірі делінсе (Диваев, 1992, 220 б.), Р. Мұстафинаның зерггеулерінде ол 
Казақстанньщ ощұстігінде ислам дінін енгізуге ат салысқан әскербасы ретінде көрсетілді (Мустафина, 
1992, 82 б.). 
Көшпелі халықтардың батырлары пір тұтып, сыйынатын исламға дейінгі көне рухтардың бірі — 
Ғайып 
ерен, 
қырық 
шілтен.
4-сурет 


э-сурет 


6-сурот 




і 5 


9-сурет 
16 
Көне наным бойынша Ғайып ерсп, қырықшілтен козге корінбейтін, шілтеы деп атала-тын қырық 
нокері бар адамдарға комектесіп жүретін рух. 
Ислам дінінің енуімен бірге қазақтар мүсылман оулиелеріне де сыйына бастады. Казақ 
батырлары сыйынған сондай әулиелердің бірі ислам үшін соғыстарда коп ерлік көрсеткен, 
мүсылманның атақты батыры, тортінші Халиф болған — Ғали (Әлі, Хазрет Әлі). 
Жорықта, жолда жүретіндіктен батырлар Қыдыр (Қызыр) атаны да пір түтатын. Қызыр баба 
Шығыста ислам дініне де әулие саналын, кейін мүсылман әулиелерінің қатарына енген. 
Казақтардың конеден келе жатқан діни түсініктері бойынша әр батырдың айкаста, жорықта, 
түрлі қиын жағдайларда комектесетін аруақтары болған. Аруақ— адамның ата-бабаларының қасиеті, 
киелі рухтары, ал кие — аруақтың қасиеті, басқаларға тигізетін кесапаты, зияны немесе жақсылығы 
(ҚТТС, 1985, 1 т., 350 б.; 

т„ 31 б.). 
Батырлардың киесі жайшылықта козге корінбейді. Олтек айкаста, соғыста ғана көрініп, жауды 
жеңуге комектеседі. Батырдың киесі болуы оның күштілігінің белгісі. Оған ата-бабаларының аруағы 
— жолбарыс болып қонған Бәйтік үлы Тоғаныс батыр туралы аңызды мысалга келтіруге болады. Бұл 
аңызда Тоғаныс ел камымен Қоқан бегінің алдына барғанда, бек оның создеріне қарсы ештеңе айта 
алмай, батырдың шаруасын бітіріп шығарып салған екен. Бұған таң қалған бектің нокерлері: "Сізге не 
болды, Бегім? Жалғыз қазақтың айтқанын мақүлдап келісе бердіңіз ғой," — дейді. Сонда бек: "Сендер 
не білесіңдер? Мен келісе берейін деп келісті дейсіндер ме? Сарайға озінен бұрын екі жолбарысы кіріп 
келіп, екі иығыма аяқтарын салып түрды ғой", — деген екен (Дайрабаев, 1992, 15 б.). Осындай 
аңыздарды қазақауыз әдебиетінен коптеп кездестіруге болады. 
Казақ халқының аруақтары, оның киесі туралы діни нанымдарының түп-тамыры оте коне 
замапдарда жатыр. Алғашқы рулық қауымдарды әр ру-тайпалар оздерін белгілі бір аңнан, қүстан 
жаралғанбыз деп түсініп, озінің тегі саналатын хайуанатқа табынған. Алғашқы қауым заманындағы 
адамдардың бүл коне діни нанымын, "тотемизм" деп, ал ру-тайпалардың тегі саналған Хайуанаттарды 
"тотем" деп атайды (Токарев, 1990, 51-82 бб.). Кене түріктердің оздерін кок борінің урпағымыз деуі 
және т.б. мысалдар осы коне тетемдік нанымның дәлелі. 


17 
1.1.2. 
БАТЫРЛАРДЫҢ ЭТИКАСЫ, 
МОРАЛЬДЫҚ НОРМАЛАРЫ 
Кез келген халықтың әскерилерінікі сияқты қазақ батырларының да қалыптасқан жауынгерлік 
этикасы мен моральдық нормалары болған және оны олар қатаң үстаган. Атап айтсақ олар: 
үлкен айқастар орқашанда жекпе-жекпен басталады; жекпе-жекке қатысу батырлардың 
басты міндетгерінің бірі; жауынгерлердің шын мәнісінде батыр ата-нуы осы жекпе-жек айкастарда 
жеңіске жетуден басталады; сол жекпе-жектің алдында батырлар бір-бірінің аты-жөнін сүрап, өздерін 
таныстыруға тиісті; бүдан жеңген батырлар жеңілген қарсыласынын, кім екенін біліп отырған
таныстыруда сонымен қатар батырлардың өз аты ғана айтылмай: 
"Мен — менмін, мен — менмін. 
Мен Қоянақ баласы .... 
Мен де сендей батырмын. 
Барымтада олжа алған, 
Агы-жөнімді сүрасаң, 
Кезегін жауға өткізген, 
Коп ру Қырым жүртында, 
Торғауыт бүзып жол салған 
Түпкі бабам Ер Күлік, 
Қарт Қожақ дейтін батырмын",— 
деген (Ер Тарғын, 1989, 284 б.) үзіндіден көріп отырғанымыздай, руы мен елінің, бабасы мен әкесінің 
аттарын, жасаған ерліктерін айтатын, сондай-ақ қарсыласына психологи-ялық шабуыл жасап
жауыиың мысын басатын: 

ертегілерде, батырлық жырларда жиі кездесетін "атыспақ керек пе, шабыспақ керек пе?" — 
деген соз тіркесі бар. Бүдан біз батырлардың жек-пе-жек айкаста карсыластарына қару тандауға 
мүмкіншілік бергенін, бес каруды түгел меңгергендігін және озіне сенімді екендігін кореміз; 

жекпе-жекте кошпелі халықтардың батырлары жасы үлкен, жолы үлкен адам-дарға бірінші 
кезекті беретін болған; 

үйықтап жатқан, сондай-ақ карусыз адамдарды олтірмеген; 

батырлар жорыкқа шыкқанда жауды қапыда шаппаған. Керісінше оған хабар беріп, айқасқа 
дайындалуға мүрсат беріп, кездесетін жерін, уақытын белгілеген. Бүдан біз батырлардың окініште 
қалмай, оз намысын қарумен қорғауға мүмкіншілік алғандығын және бір-бірінің кадір-касиетін
ар-намысын кадірлей білгендігін кореміз. 


18 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет