Казахская академия спорта и туризма


Жаңа электронды журналда пән бойынша білімді бағалаудың жалпы есептелінуі



бет4/13
Дата31.03.2023
өлшемі288,47 Kb.
#173448
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
БДШ ж Спорт (1)
3лаба матлаб, 865245.pptx (1), онкология, 9136619b5a50481561575feddfc845d0
Жаңа электронды журналда пән бойынша білімді бағалаудың жалпы есептелінуі



Бағаланатын
позиция

2-7 аптадағы бағалау саны

8-15 аптадағы бағалау саны

Ең жоғары
балл саны (пайыз)

Электрондық журналға балдарды (пайыздарды) қою мерзімдері

Сабақтың әрбір түрі бойынша ағымдағы бақылау

Кемінде 3

Кемінде 3

ОАБ=
(АБ1+АБ2+…+АБN)/N



Апта сайын (бірінші аптадан басқа)

R1 = (ОАБ1+ ОАБ2+ ОАБ3)/3

7 апта

R2 = (ОАБ1+ ОАБ2+ ОАБ3)/3

15 апта

Емтиханға жіберудің қорытынды рейтингі

R = (R1+R2)/2



100

15 апта

Емтихан

E

100

Сессия

Қорытынды баға

I = R*0.6+E*0.4

100

Сессия



Шартты белгілер:
АБ- ағымдағы бақылау
N- бақылау нүктелерінің саны
ОАБ - орташа ағымдағы бақылау (2-7 және 8-15 апта кезеңінде)
R1 -жинақтау рейтингі 1
R2 -жинақтау рейтингі 2
R - емтиханға жіберудің қорытынды рейтингі, R = (R1+R2) / 2
E - емтихан бағасының пайыздық мөлшері
I-пайыздық мазмұндағы қорытынды баға


Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі



Проценттік_мазмұны'>Әріптік жүйе бойынша бағалау

сандық эквивалент

Проценттік мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

C

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1

50-54

FX

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24

Бағалау критерийлері



Процент



Критерийлерді сипаттау



95%-100%

Студент толық теориялық сұрақтарға жауап береді, қосымша, дәріс материалында жоқ, ақпараттарды өз бетінше талдайды және байланыстырады. Диагностикалық, реабилитациялық және түзету-дамыту жұмысын жүргізу біліктері мен дағдыларын меңгеруімен ерекшеленеді, күрделі терминдерді қиындықсыз ажырата алады. Материал дәйекті және қисынды түрде баяндалады, сонымен бірге дәріс және практикалық материалды терең меңгергенін, тиісті арнайы әдебиеттерді білетіндігін көрсетеді, белгілі бір мәселеге өз көзқарасын білдіре алады.

90%-94%

Студент арнайы және инклюзивті білім беру жүйесі жағдайындағы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктерін терең біледі, сұрақтарға өз бетінше жауап бере алады, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің ең тиімді әдістерін тәжірибеде дәл көрсете алуымен ерекшеленеді. Нозологиялық топтағы білім алушылардың психологиялық ерекшеліктерін нақты ажырата біледі, орта білім мазмұнын жаңарту аясында оқу-тәрбие үдерісін жоспарлау мен ұйымдастырудың педагогикалық негіздерін еркін меңгерген. Арнайы әдебиеттерді білетіндігін көрсетеді, материалды өз бетінше және дәлелді түрде жеткізе алады, құбылыстар мен фактілерді талдау қабілетін көрсетеді.

85%-89%

Студент даму ауытқулары бар балаларға арнайы және инклюзивті білім беру жағдайында психологиялық-педагогикалық жетекшілік етудің теориясын жақсы біледі, сұрақтарға өз бетінше жауап бере алады, жауаптарда арнайы терминдерді қолданады, материал дәйекті түрде баяндалады, сонымен бірге дәріс және практикалық материалды жақсы меңгергендігін, пән бойынша негізгі әдебиеттерді білетіндігін көрсетеді, материалды өз бетінше және дәлелді түрде жеткізе алады, құбылыстар мен фактілерді талдау қабілетін көрсетеді.

80%-84%

Студент оқу материалын жақсы біледі, жауапта елеулі дәлсіздіктерге жол бермейді, сұрақтарға дербес жауап береді, оқытылатын пән барысында жұмыс істейді, сұрақтарды толық ашады, ақпаратты логикалық түрде айта алады, фактілерді негіздейді, тиісті дереккөздерге сілтеме жасайды. Бірақ жауаптарда дәлсіздіктер, кейбір кішігірім қателіктер жіберілді, Ақпаратты ұсыну кезінде дәлелдің жеткіліксіздігі орын алды. Барлық тапсырмаларды уақтылы орындайды.

75%-79%

Студент оқу ақпаратын жақсы біледі, жауапта маңызды емес дәлсіздіктерге жол береді, сұрақтарға жауап бере алады, оқытылатын пән барысында жұмыс істейді, фактілерге сүйене отырып, материалды дәйекті түрде жеткізе алады, тиісті дереккөздерге сілтеме жасайды. Бірақ кейбір кішігірім қателіктерге жол береді, Ақпаратты ұсыну кезінде дәлелдің жеткіліксіздігі орын алады. Тапсырмаларды уақтылы орындайды.

70%-74%

Студент белсенділігі төмен, оқу материалын жақсы біледі, жауапта дәлсіздіктерге жол береді, сұрақтарға жауап бере алады, оқытылатын пән барысында жұмыс істейді, фактілерге сүйене отырып, ақпаратты баяндай алады, тиісті дереккөздерге сілтеме жасайды. Бұл жағдайда ол кейбір қателіктерге жол береді, Ақпаратты ұсыну кезінде дәлелдің жеткіліксіздігі орын алады. Тапсырмалардың көп бөлігін уақытында орындайды.

65%-69%

Студент жеткілікті белсенді емес, әрі қарай оқуға қажетті көлемде негізгі оқу ақпартын біледі, тапсырмаларды өз бетінше орындайды, алайда сұрақтарға жауап беруде кейбір қателіктер жібереді, дәріс және практикалық ақпараттар, оқу әдебиеттері туралы жалпы білімді көрсетеді, фактілер мен оқиғаларды талдауға тырысады, қорытынды жасайды, сұрақтарға толық емес жауап береді, теориялық ақпаратты түсіндірген кезінде қателіктер жібереді.

60%-64%

Студент белсенді емес; әрі қарай оқу үшін қажетті көлемде негізгі оқу ақпаратын біледі, тапсырмаларды өз бетінше орындайды, алайда сұрақтарға жауап беруде қателіктер жібереді, дәріс және практикалық ақпарат, оқу әдебиеті туралы жалпы білімді көрсетеді, фактілер мен оқиғаларды талдауға тырысады, қорытынды жасайды, сұрақтарға толық емес жауаптар береді, теориялық ақпаратты түсіндіргенде елеулі қателіктер жібереді.

55%-59%

Студент оқу ақпаратының көп бөлігін одан әрі оқуға қажетті көлемде біледі, сұрақтарға жауап беруде қателіктер жібереді, дәріс және практикалық ақпарат, оқу әдебиеті туралы жеткіліксіз білімді көрсетеді, қорытынды жасауға тырысады, сұрақтарға толық емес жауап береді, теориялық ақпаратты түсіндіргенде өрескел қателіктер жібереді, оларды ішінара түзетеді. Ақпарат көздерімен өз бетінше жұмыс істеу қиынға түседі.

50%-54%

Студент оқу ақпаратының бір бөлігін біледі, тапсырмаларды орындай алады, бірақ сұрақтарға жауап беру кезінде қателіктер жібереді, жалпы студент зерттелетін пән бойынша сұрақтардың бір бөлігін орындайды, дәріс және практикалық ақпарат туралы толық емес білімді көрсетеді, сұрақтарға толық емес жауап береді, теориялық ақпаратты түсіндіргенде үнемі қателіктер жібереді, барлық қателіктерді түзете алмайды.

25%-49%

Студент оқытылатын пән сұрақтарын түсіндіруге қабілетсіздігін анықтаған жағдайда, сұрақтар дұрыс емес, жүйесіз, өрескел қателіктермен, қорытындылар, жалпылау, оқу материалының негізгі мәнін түсіну болмаған жағдайда қойылады.

0%-24%

Студент пән ақпаратын игермеген, академиялық адалдық, плагиат қағидаттарын бұзуға жол береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет