Казахстан республикасы бiлiм ж?Не ?Ылым министiрлiгi


Еңбек қауіпсіздігін арттырудың ұйымдастырушылық және техникалық құралдары. Еңбекті қорғау инженерінің негізгі міндеттері



бет45/50
Дата12.10.2023
өлшемі1,21 Mb.
#184905
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
МГ еңбекті қорғау 2021

Еңбек қауіпсіздігін арттырудың ұйымдастырушылық және техникалық құралдары. Еңбекті қорғау инженерінің негізгі міндеттері.
Еңбекті қорғау қызметінің басшыларына өкілеттіктер берілген:
кәсіпорын басшыларына (жұмыс берушілерге) қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша ережелер мен нормалардың кемшіліктері мен бұзушылықтарын жою туралы нұсқама беруге;;
жұмыс істеушілердің өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайларда жұмыстарды одан әрі жүргізуге тыйым салуға;
жұмыс берушілерден аварияларды, өндірістегі жазатайым оқиғаларды, кәсіби улану жағдайларын, ауруларды уақтылы тексеруді талап етуге құқығы бар.
Еңбекті қорғау қызметінің қызметкерлеріне берілген құқықтармен қатар оларға келесі міндеттер жүктелген:
өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулар мен өндірістік факторларға байланысты аурулардың себептерін есепке алу мен талдауды уақтылы жүргізу;
қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеуде, жабдықтардың, құрылғылардың жарақат қауіпсіздігін бағалауда ұйым бөлімшелеріне көмек көрсету;
еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттауға, сертификаттауға әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;;
тиісті бөлімшелердің кәсіпорындарымен бірлесіп және уәкілетті (сенімді) тұлғалардың қатысуымен ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтардың, машиналар мен механизмдердің, айлабұйымдардың, жұмыскерлердің ұжымдық және жеке қорғану құралдарының техникалық жай-күйін, санитариялық-техникалық құрылғылардың жай-күйін, желдеткіш жүйелерінің жұмысын еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуге міндетті;
құрылысы аяқталған немесе қайта жаңартылған өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына, сондай-ақ қондырғыларды, агрегаттарды, станоктарды және басқа да жабдықтарды жөндеуден қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына еңбекті қорғау талаптарын сақтау бөлігінде қатысуға құқылы;
еңбекті қорғау талаптары бөлігінде әзірленетін жобалық, конструкторлық, технологиялық және басқа да құжаттамаларды келісу;;
басқа бөлімшелермен бірлесіп еңбек жағдайларын жақсарту, өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, өндірістік факторлардан туындаған аурулардың алдын алу жөніндегі жоспарларды, бағдарламаларды әзірлеуге міндетті;
жұмысқа (оның ішінде уақытша) түскен, іссапарға жіберілген барлық адамдармен, сондай-ақ өндірістік оқуға немесе практикаға келген оқушылармен және студенттермен кіріспе нұсқама өткізуге міндетті;
ұйым қызметкерлерін, оның ішінде оның басшысын еңбекті қорғау бойынша уақтылы оқытуды ұйымдастыруға және білімін тексеру жөніндегі комиссияның жұмысына қатысуға міндетті.
Жұмыс беруші бекіткен кестеге сәйкес еңбекті қорғау қызметі мыналарды тексереді:
жабдықтарды, машиналар мен механизмдерді сынау және техникалық куәландыру;
желдету жүйелері мен кондиционерлеу жүйелерінің жұмысының тиімділігін анықтау;
сақтандырғыш құрылғылар мен қорғаныс құрылғыларының жағдайы;
жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын дұрыс қолдануды және олардың техникалық жарамдылығын қамтамасыз ету.
Тексерулер нәтижесінде анықталған барлық кәсіпорындарды қауіпсіз пайдалану ережелерінің бұзылуы ұйғарым бойынша жойылуы тиіс, ал еңбекті қорғау қызметі олардың орындалуын бақылайды. Тексеру кезінде анықталған еңбекті қорғау талаптарын бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар жұмыс берушіге жіберіледі.
Еңбекті қорғау қызметі бөлімше басшыларынан осы жұмыс түрін орындауға рұқсаты жоқ, белгіленген тәртіппен алдын ала және мерзімдік медициналық тексеруден, нұсқамадан өтпеген, өз жұмысында берілген жеке қорғану құралдарын пайдаланбайтын адамдарды жұмыстан шеттетуді талап етуге құқылы.
Өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс кәсіпорындағы еңбекті қорғауды басқарудың негізгі міндетіне – еңбек қызметінің түріне қарамастан жұмысшылар үшін қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасауға жақсы сәйкес келетін құрылымын таңдау мен қалыптастырудан тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет