Казахстан



Pdf көрінісі
бет65/86
Дата06.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#195374
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   86
Байланысты:
дек. Нейрохирургия

Ми бағанының ісіктері.
Ми бағанының ісіктерінің арасында 
әр түрлі глиомалар (мультиформды спонгиобластомалар, 
астроцитомалар), саркомалар, қатерлі ісіктің метастазы және т.б. 
кездеседі. Бағана ішілік ісіктердің клиникалық көріністерінде 
ядролардың және бағананың өткізгіштік жүйесінің зақымдануы 
байқалады. 


156 
Ми бағанының ісіктерінде: альтернациялық (ісік жағында көз 
қимылдатқыш жүйкесінің зақымдалуы және қарама-қарсы 
жағынан аяқ- қолдың салдануы немесе парезі супрануклеарлы 
типтегі бет және жақ асты жүйкелерінің зақымдалуы) және 
Бенедикт синдромы (ісік жағынан аяқ-қолдың мишықты сипаттағы 
дірілдеуімен біріккен көз қимылдатқыш жүйкесінің зақымдануы) 
кездеседі. 
а) Варолий көпірінің ісіктері: бастапқы кезеңдерінде 
көбінесе оның жартысының зақымдалу синдромы жиі байқалады 
(V, VI, VII жүйкелердің ісік жағынан зақымдалу түріндегі 
альтернациялық синдром және қарамақарсы жағынан гемипарез). 
Кейде бет жүйкелерінің ядроларына жақын немесе алшақтанған 
дамитын ісікте осы жүйкелердің зақымдалуы байқалады және 
ісіктің ми негізіне қарай өсуіне сай, пирамидалық белгілер 
қосылады және сезімталдықтың бұзылулары (кеш) байқалады. 
Ісіктердің қақпақшада орналасуы кезінде басты бейнесінде 
варолий көпірінің дорсальды бөлімінде орналасқан бассүйегі 
жүйкелерінің ядролары зақымдалады. 
 
Сурет 35. Ми бағанының ісігі 


157 
б) Сопақша мидың ісіктері кезінде осы аймақта шағын 
кеңістікте жинақталған бассүйегінің ядроларының (VІІІ-ХІІ) 
қатары, қозғалыс, сезімталдық және мишық жолдары және өмірлік 
маңызды орталықтарының (ертерек тыныс алу орталығы) 
зақымдалуымен сипатталады. Жүрек және тыныс алу бұзылулары, 
дененің қарама-қарсы жағында қозғалыс және сезімталдық 
бұзылулар. Сонымен қатар жүрісі мен статикасының бұзылуы, бас 
айналуы, құсу, дисфагия, дизартрия, тілдің семіп салдануы
өңештің салдануы, жұтқыншақ пен жұмсақ таңдайының парезі мен 
атрофиясы, естудің төмендеуі немесе бір құлағының саңырау 
болуы сияқты белгілер осы ісіктерге тән болып саналады. Бассүйек 
ішілік қысымының жоғарылауын шақырмайтын бағана ішілік 
ісіктер кезінде жазьлып кетуге әкелетін сәулелік терапияны 
қолданады. Ісіктермен сильвий су құбыры немесе Мажанди 
тесігінің қысылуынан қарынша жүйесінен ликвордың ағуының 
бұзылуы бассүйек ішілік қысымның жоғарылауы салыстырмалы 
түрде сирек кездеседі, әдетте сырқаттың ең ақырғы кезендерінде 
байқалады. Мұндай жағдайда ликвор циркуляциясын қалпына 
келтіру мақсатымен қатты ми қабықшасын ашумен артқы бассүйек 
шұңқырының декомпрессиясы көрсетілген және кейінірек сәулелік 
терапиясын қолданады. Егер артқы бассүйек шұңқырының ісіктері 
бар науқастар операциялық кірісуді жақсы қабылдаса, онда кейін 
олардың көбісі әбден айығып кетеді. [41] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет