Мысал 6. 2x+3y+6z=18 теңдеуінің түбірін табыңдар.Шешу:
7.Ах+Ву+Сz+Д=Е (7) теңдеуінің түбірлерін табуда мынадай раскуланттардың мәнін табудан пайдаланамыз. х|В С Д|=В-2С+Д, у|А С Д|=2С-А-Д , z|2А В Д|=
=2А-2В+Д , . Ах+Ву+Сz+Д=Е (7) теңдеуінің жалпы түбірі . хВ-2С+Д).К, у2С-А-Д).К , z=(2А-2В+Д).К , теңдіктерден табылады.
8.Ах+Ву+Сz+Д=К (8) теңдеуінің түбірлерін табуда мынадай раскуланттардың мәнін табудан пайдаланамыз:. х|В С Д Е|= В- 3С+3Д- Е, у|А С Д Е|=3С-А-3Д+Е,zА – В+С-Д. Ах+Ву+Сz+Д=М (8) теңдеуінің жалпы түбірі : х В- 3С+3Д- Е).К, у3С-А-3Д+Е).К , zА – В+С-Д).К теңдіктерден табылады.
Әдебиеттер тізімі:
1. М.Оразбаев. Сандар теориясы. Алматы: «Мектеп», 1970..
2.В.Серпинский. О решении уравнений в целых числах. Москва: , 1974.
3.Диофант Александрийский. Арифметика и книга о многоугольных числах. Москва: «Наука», 1974. стр. 17-24
4.Боревич З.И. Определители и матрицы. – М.: «Наука», 1970.
ӘОЖ 378.147:004
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАБДЫҚ ҚҰРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Амандиков М.А., т.ғ.к., доцент,Курбанова Г.С.Т111-14 тобы 2-курс студенті
Қазақстан инженерлі педагогикалық Халықтар достығы университеті , Шымкент қ.
Резюме
В данной статье рассмотрены современные технологии разработки программного обеспечения. Описаны модели спецификации программного обеспечения с применением языка UML.
Summary
In this article the modern technologies of software development are considered. Models of the specification of the software using the UML language are described.
Обьектілі көзқарас жағдайында құрылатын бағдарламалық жабдықгың модельдері нақты өмірдің объектілері мен құбылыстарына сүйенеді. Бұл модельдердің негізіне құрылатын бағдарламалық жабдықтың қажетті «мінез-құлқын» сипаттау, яғни оның функционалдығын да жатқызады. Бірақ, бұл «мінез-құлық» нақты саланың элементтерімен (объектілерімен) байланысады.
Осылайша, талдау кезеңінде мынадай екі міндет койылады:
-құрылатын бағдарламалық жабдықтың кажетті «мінез-құлқын» аныктау;
-қойылған есеп тұрғысынан оның нақты саласының концептуальды моделін құру. Бағдарламалық жабдықты құрудың объектілі көзқарасының негізінде объектілі декомпозиция, яғни құрылатын бағдарламалық жабдықты объектілердің жиынтығы ретінде сипаттау жатады. Осы объектілердің өзара хабарларды тасымалдау аркылы байланысуының нәтіжесінде қажетті ic-әрекеттер іске асады.
Бірақ объектілі көзқарас жағдайында дәл құрылымдық жағдайдағы сияқты, тек өте қарапайым бағдарламалық жабдықты ғана декомпозициялауға болады. Сондыктан, ОБП пайда болған кезде түрліше әдістер мен нотацияларды қолданатын объектілі көзқарас тұрғысынан бағдарламалық жабдыкты талдаудың және жобалаудың түрліше әдістері ұсынылған болатын. Бұл әдістер мен модельдердің артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы мамандар арасында шексіз пікірталас туындады. Осы жағдай «әдістер соғысы» атауын алды.
«Әдістер соғысы» 1995 жылы пайда болған UML(Unified Modeling language- жетілдірілген модельдеу тілі) тілінің алғашқы нұсқасы жарияланған кезде аяқталды. Бұл тіл қазіргі кезде объектіге бағытталған көзқарасты қолданып дайындалатын бағдарламалық өнімдерді сипаттаудың стандартты тілі деп қабылданды. Оның авторлары Г'ради Буч, Ивар Якобсон және Джеймс Рамбо.
UML-ді қолданып құрылатын бағдарламалық жабдыктың спецификациясы бірнеше модельді біріктіреді.
Қолдану моделі пайдаланушы тұрғысынан бағдарламалық жабдықтың функционалдылығын сипаттайды.
Логикалық модель бағдарламалық жабдықтың негізгі абстракцияларын, яғни тиісті функционалдылықты қамтамасыз етуші құралдарды (кластар, интерфейстер және т.б.)
сипаттайды.
Дайындау моделі дайындау ортасындағы бағдарламалық модульдердің нақты ұйымдастырылуын аныкгайды.
Процестер моделі есептеулердің ұйымдастырылуын кескіндейді және «процестер», «талшық» түсініктерін басқарады [1].
Орналасу моделі бағдарламалық комноненттердің нақты құрылғыда орналасу ерекшеліктерін көрсетеді.
Осылайша, келтірілген модельдердің әрқайсысы жобаланатын жүйенің жекелеген аспектілерін сипаттайды, ал барлығы бipгe құрылатын бағдарламалық жабдыктың салыстырмалы түрде толық моделін құрайды.
UML түрлі модельдердің құрамындағы бірін-бірі толықтыратын 9 диаграмма ұсынады:
- пайдалану нұсқаларының диаграммалары;
- кластар диаграммалары;
- пакеттер диаграммалары;
- ic-әрекеттер диаграммалары;
- кооперациялар диаграммалары;
- қызмет диаграммалары;
- объектілер жағдайларының диаграммалары;
- компоненттер диаграммалары;
- орналасу диаграммалары.
Келтірілген диаграммадардың әрқайсысы мүмкіндігінше бірдей графиктік нотацияны қолданады. Бұл оларды түсінуді жеңілдетеді.
Аталған диаграммалардан басқа спецификацияның құрамына терминдер сөздігі, түрліше сипаттамалар және текстік спецификациялар енеді. Құжатгардың нақты құрамын дайындаушы анықтайды.
UML және жоғарыдағы авторлар ұсынған Rational Unified Process әдісін Rational Rose пакетінен алуға болады. UML диаграммаларды MS Visual Modeler бағдарламасының немесе басқа да CASE-құралдардың көмегімен құруға болады.
Әлемдегі жетекші компьютерлік компаниялардың 95%-ы қазір UML-ді өздерінің бағдарламалық жабдықтарын құруға қолданады.
Бағдарламалық жабдықтың спецификациясын құруды техникалық тапсырмада көрсетілген функционалдылыққа қойылатын талаптарды талдаудан бастайды. Талдау барысында бағдарламалық жабдықтың сыртқы пайдаланушыларын және оның басқа нақты пайдаланушылармен өзара әрекеттесу аспектілерінің тізімін аныкгайды. Бағдарламалық жабдықтың ic-әрекет аспектілері пайдалану нұсқалары немесе прецеденттердеп аталады [2].
Пайдалану нұсқасы құрылған жүйені нақты тұлғаның қолдану процедурасын сипаттайды. Мұндағы тұлға ретінде тек адамдар ғана емес, басқа жүйелер мен құрылғылар да қабылданады.
Пайдалану нұсқасын болашақ жүйенің нақты операцияларымен шатастыруға болмайды. Әpбip пайдалану нұсқасы өзіндік мәні бар қандай да бip мақсатпен байланысқан. Мысалы, текстік редактор үшін мазмұнды дайындау - пайдалану нұсқасы болса, ал тақырыптарды байланыстыру - мазмұнды автоматты құруға мумкіндік беретін амал болып табылады.
Нақты процедураны орындау максаттары бойынша мынадай пайдалану нұсқалары анықталады:
Достарыңызбен бөлісу: |