References:
Dudeney, Gavin. 2007. The Internet and the Language Classroom. Cambridge: Cambridge University Press
Ellis, Rod, Basturkmen, Helen, Loewen, Shawn. 2002. Doing focus on form. System 30:419- 432.
Biagi S. (1996), Media Reader, Wadsworth, New York.
Bondy E. (1990), Discussing Actual Problems, Moscow.
Dudeney G. (2003), The Internet and the Language Classroom.
Potter D. (2006), Newspapers in America, Forum 4. Sanderson P. (2002), Using Newspapers in the Classroom, CUP.
ӘОЖ 330.341.1
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИЯЛДЫ – ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМТУ НЕГІЗДЕРІ
Кожабеков Е. А. магистр, аға оқытушы
Еран Ә. студент Мжб-213, Сабыр Н., студент Мжб-213
Қазақстан инженерлі – педагогикалық халықтар достығы университеті, Шымкент қ.
Резюме
В этой статье раскрываются вопросы использования новых технологий. Для инновационного развития экономики, государство будет поддерживать инновационные проекты для создания конкурентной экономической политики в стране.
Summary
In this article questions of use of new technologies reveal. For innovative development of economy, the state will support innovative projects for creation of competition economic policy in the country.
Соңғы жылдары әлемдік экономикада білім мен инновацияны маңызды экономикалық ресурстар ретінде пайдалану базасында экономикалық өсудің жаңа типі қалыптасты. Қазір материалдық игіліктерді жасау көп жағдайда ғылымның жалпы деңгейі мен техниканың прогресіне немесе осы ғылымның өндірісте қолданылуына тәуелді.
Қазақстан тарихи көлемдегі алға секіру алдында тұр, оның алдында тауарлардың, қызметтердің, еңбек ресурстарының, капиталдың, заманауи идеялар мен технологиялардың әлемдік рыногының бөлінбес және динамикалы бөлшегі болу міндеті тұр. Осы жолдағы негізгі міндеттердің бірі «білім экономикасы» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды қолдану, инновациялық экономиканы дамыту болып табылады. Ол үшін меншікті, адами капиталды дамыту, елдің интеллектуалдық әлеуетін нығайту талап етіледі. Бұл ғылым мен білім беру ісінің алдына үлкен міндеттерді қояды, оларды дамытуда радикалды өзгерістерді талап етеді.
«Инновациялы Қазақстан-2020» форумында сөйлеген сөзінде Президент Н.Назарбаев бізге инновациялық дамудың ұзақ мерзімді және бүтін стратегиясы қажет екендігін атап өткен болатын. Мәселенің осылай қойылуы әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді, оның көрсетуі бойынша нарық инновациялық белсенділікті ынталандыруда маңызды рөл ойнағанымен, ол инновацияның ырғақты дамуын қамтамасыз ете алмайды. Мемлекеттің реттеуші рөлі барған сайын маңыздырақ болып келе жатыр, ол, бір жағынан, инновациялық қызметтің ұзақ мерзімді даму стратегиясын әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасымен бірге қалыптастыра отырып, екінші жағынан, инновациялық қызметті қолдау және ынталандыру бойынша нақты шараларды жүзеге асырады. Осындай тәсілді қолдану арқылы Қазақстанда қарқынды индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылуда.
«Инновациялық даму» дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында көзделген экономикалық даму бағыты. Республикамыздың 2003-2015жж. Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын диверсификациялау көзделген. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: əлемдегі өнеркəсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, əлемде жаһандану процесінің өріс алуы, Қазақстанның БСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркəсіпті бəсекелестікке дайындау қажеттілігі жəне бəсекеге қабілетті еңселі елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету.
Индустриалды-инновациялық саясат индустриядан кейiнгi дамудың перспективалы бағыттарында ғылыми-техникалық, инновациялық жəне өндiрiстiк əлеуеттi ұлғайтуға бағытталған, ол болашақта қағидатты бəсекелестiк артықшылықтарды алуға жəрдемдесуге тиiс. Негiзгi бағыттар мыналар болуы тиiс: 1. Жоғары технологиялы өндiрiстер қалыптастыруға, оның iшiнде шетелдiк те, салааралық та технологиялар трансфертiнiң тиiмдi жүйесiн жасауға жəрдемдесу. 2. Жоғары ғылыми-технологиялық əлеуетi бар ғылымитехникалық жəне өнеркəсiптiк ұйымдар мен кəсiпорындар желiсi бар қалаларда қазiргi заманғы ғылыми жəне инновациялық инфрақұрылымды жасап, оның қазiргi заманғы элементтерiнiң қызметiн (технопарктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылымитехнологиялық аймақтар жəне c.c.) қолдау. 3. Индустриядан кейiнгi экономика тұрғысынан алғанда озық салаларды дамытуда қазiргi ғылыми-техникалық əлеует салаларын пайдалану. Қазақстан қазiрдiң өзiнде мына салалардағы əзiрлемелер негiзiнде ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстердi дамыту үшiн белгiлi бiр ғылыми базаға ие, оның iшiнде: биотехнологиялар (ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен жануарлардың генотиптерi, бактериялар штамдары жəне басқалары); ядролық технологиялар; ғарыштық технологиялар; жаңа материалдар, химиялық өнiмдер жəне басқаларды жасау. 4. Қазiргi заманғы ғылыми-техникалық бағыттардың жаңа материалдар мен химиялық технологиялар жəне ақпараттық технологиялар салаларында зерттеулер жүргiзу үшiн қажетті жағдайлар жасау. 5. Ғылыми-техникалық жəне өндiрiстiк ұйымдар мен кəсiпорындардың инновациялық қызметiн ынталандыруға, ғылым мен инновациялар салаларына инвестициялар тартуға, өнеркəсiп пен қызмет көрсету саласына инновациялардың жылдамырақ енуiне бағытталған заң шығару базасын жетiлдiру.
Индустриялық-инновациялық саясат Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады жəне экономика салаларын əртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған. Бүгінгі таңда Қазақстан күрделі экономикалық және саяси міндеттерді табысты шешуде басқа елдерге үлгі болатын деңгейге көтерілді. Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдердің көшбасшылығына ұмтылуы заңды құбылыс. Өйткені, еліміздің экономикалық әлеуеті мен қоғамдағы саяси тұрақтылық, демократияның дамуы оған мүмкіндік беріп отыр. ХХІ ғасыр білімнің, ақпараттың жаңа технологияның өрістеу ғасыры. Білімнің, ғылымның бәсекеге қабілетілігі бұл күнде көптеген мемлекеттер үшін көкейкесті мәселе болып отыр. Озық ғылыми-техникалық инфрақұрылымсыз және кәсіби шеберлігі жоғары білімді кадрларсыз, жаһандану талаптарына сәйкес даму мүмкін емес. Осы мақсатта отандық ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет – білім мен ғылымды халықаралық деңгейге көтеру. Экономикамыздың жаңа даму кезеңіне өту процесі халық шаруашылығының нақты секторын, әсіресе, ең басты саласы болып табылатын индустрияны қайта құру мен дамытуда маңызды да сапалы өзгерістер енгізумен басталды. Аталмыш кезеңде индустриялық өнімдер өндірісінің артуы осы сала құрылымындағы жағымды өзгерістермен байланысты болды. Дәлірек айтсақ, мұнай, газ, қара және түсті металлургия мен азық-түлік және текстиль индустриясы өнімдерін өндіру және өңдеуге қатысты салалардың салмақ үлесі айтарлықтай мөлшерде артты. Индустриалды-инновациялық даму – Қазақстанды қазіргі дағдарыстың дауылынан мейлінше аз шығынмен алып шығатын жол. Біз жаңа технологияларды игеріп, инновациялық өсуді қолдаған жағдайда ғана дағдарыстың зардаптарынан тезірек құтыламыз.
Индустриялық өндірістің тұрақты өсу тенденцияларын нығайту және оның құрылымдық өзгерістерін жақсарту үшін отандық индустрияны дамыту мәселелерін кешенді түрде шешу бағдарын қарастыратын, алдымыздағы 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған жаңа мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясатты ұстанып, жүзеге асыру қажет. Өйткені, мұндай әрекет индустрия саясатына кешендік сипатты бере отырып, осы саланың даму деңгейі мен қазіргі жағдайын қалыптастыру мақсатын көздеген саясаттарды орындау барысында қателіктер мен кемшіліктердің пайда болуын тежеуге мүмкіндік береді. Халықтың әл-ауқатының көтерілуі мен ұлттық экономиканың тиімділігі көп жағдайда инновациялық үрдістердің даму сатысымен айқындалады. Осы мақсатта қабылданған Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асырылуы – тәуелсіз Қазақстанның кемел келешекке ұмтылғандығының айғағы. Қазақстан индустриясы халық шаруашылығының индустриализация деңгейін, егеменді ел экономикасының нақтылығы мен перспективасын, қазіргі әлемдік шаруашылықтағы орны мен рөлін ақтайтын басты фактор болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстанда үлкен руда қорлары, минералды шикізат, отынэнергетикалық ресурстар, құнды және сирек кездесетін жер металдар қоры бар, сондай-ақ, негізінен, өнімі шетелдерге жіберілетін пайдалы қазбаларды табудың және өңдеудің күшті индустриясы бар. Алайда, Қазақстанда машина құрылысының көп профильді жаңа базасы, жоғары сапалы дайын тауарлар өндіру және іс жүзінде ғылыми-техникалық күрделі тауарлар өндіру саласы да жоқ, халық тұтыну тауарларының индустриясы нашар дамыған, химиялық индустрия, мұнай, газ және көмірсутек шикізаттарды өңдеу потенциалы жеткілікті түрде қолданылмайды [6].
Қазіргі кезде Қазақстанда ескі және жаңа инновациялық жүйелердің элементтері ұштасқан ауыспалы типтегі ұлттық инновациялық жүйеде (ҰИЖ) венчурлік қорлар қалыптастыру арқылы қызмет атқаруда. Жаңа ҰИЖ-ге индустрия мен қызмет көрсету саласындағы шағын сектордың ғылыми-техникалық ұйымдарын, шағын инновациялық кәсіпорындарды, көптеген мемлекеттік емес, коммерциялық емес, ғылыми, талдау жасаушы, консалтингтік, т.б. орталықтарды жатқызуға болады. Елбасы өзінің биылғы Жолдауында республикада кейінгі жылдары қолға алынған республикалық бағдарламалардың өз жемісін беріп отырғандығына тоқталып, соның ішінде мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жобалардың қазірдің өзінде ел игілігі үшін жұмыс істеп отырғанын, мыңдаған адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туғызып, тауарлар, өнімдер, жұмыстар мен қызметтер бойынша қазақстандық үлестің барынша артуына ықпал еткенін егжей-тегжейлі айтып өтті. Сонымен бірге, алдағы кезде осынау берері мол бағдарлама ауқымындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін еске салды [3].
Индустриялық-инновациялық саясат Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады жəне экономика салаларын əртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен елдің əлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыруға бағытталған көптеген бағдарламалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі əрі бірегейі Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болып табылады. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы – Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың бір тетігі. Аталған бағдарлама төрт бағыттан тұрады. Олар – жаңа бизнес бастамаларды қолдау, кəсіпкерлік секторды сауықтыру, кəсіпкерлердің валюталық тəуекелдерін төмендету жəне кəсіпкерлік əлеуетті күшейту [1].
Кəсіпкерлерден «банктерден неге несие алмайсың?» деп сұрасаңыз, олар «несие өсімі тым жоғары» деп жауап береді. Мемлекет банктерден несие өсімін төмендетуді талап ете алмайды. Өйткені, банктер – нарық құралдары болып табылады, олар бəсекелестік ортада жұмыс істейді. Сондықтан да өз қызметінің бағасын өздері белгілейді. Десе де, мемлекет маңызды мемлекеттік жобаларды жүзеге асыру үшін берілетін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін өтеп бере алады. Бұл – пайыздық өсімді субсидиялау деп аталады. Егер кəсіпкер банктерден 14 пайыздық өсіммен несие алса, мемлекет соның 7 пайызын субсидиялау арқылы жауып береді. Бизнесмендер бұл үнемделген қаржыға кəсіпорынның əлеуетін нығайтады немесе жұмысшыларының жалақысын өсіруге жұмсайды. Мемлекет осы бағдарлама аясында мұқтаждарға тегін инфрақұрылым, яғни, жол салып, су жəне газ құбырын, электр желісін тартып береді. Экспортқа өнім шығаратын кəсіпорындардың несиелік өсімінің бір бөлігін субсидиялайды. «Кəсіпкерлік əлеуетті күшейту» бағыты бойынша жұмыс істеп жатқан бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсетіледі. Шағын жəне орта бизнестің топ-менеджментін оқытуға, өндірісті шетелдік серіктестермен іскер байланыс орнату арқылы жаңарту, жаңғырту жəне ұлғайтуға кадрларды еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар бойынша əзірлеу жəне қайта даярлаудан өткізу сияқты мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
Индустриалды дамыған елдерде кадрларды даярлауға, өндірісті ұйымдастыруға, технологиялардан, жабдықтардан көрініс табатын жаңа білім алуға ЖІӨ өсімінің 85-90% жұмсалады. Қазіргі кезеңде Қазақстан экономикасының өзекті стратегиялық мəселелері болып бəсекеге қабілетті өнімдер алуға бағытталған отандық ғылыми сиымдылығы мол өндірістерді дамыту, жаңа ақпараттық технологияларды дайындау мен игеру, сондай-ақ республиканың өндірістік жəне ғылыми-техникалық мүмкіндіктерін сақтап қалу мен дамыту арқылы ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету табылады. Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық үдерістерді белсенді етуге, жаңа технологиялық үрдістерді іске қосуға, өңдеуші өнеркəсіптерде жаңа бөліністерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық мүмкіншіліктерді дамытуға, ғылым мен өндіріс арасындағы ажырастықты қалпына келтіруге, инновация саласындағы қызметтерді ынталандыруға, алдыңғы қатарлы шет елдік технологиялардың нақты трансфертін қамтамасыз етіп, халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған. Ғылыми-техникалық салада кəсіпкерлік секторды қалыптастырмай, инновация саласын дамыту мүмкін емес. Соңғы жылдар ішінде өнеркəсіптік өндіріс құрамындағы жəне еңбекпен қамтамасыз етілгендер санындағы шағын бизнес секторының үлесі өзгеріссіз қалып, сəйкесінше 2,8-3,2% жəне 12,0-14,0% құрап отыр. Бұл көрсеткіштер индустриалды дамыған елдермен салыстырғанда бірнеше есе аз [6].
Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Біз бəсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бəсекелестікке қарымы мол басым салаларды дамытуға кірістік, сол арқылы қазақстандық ұлттың инновация, кластерлер жүйесінің дамуына жол аштық» деген тұжырымдар бар. Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік экономикалық саясаттын қалыптастырады жəне экономика салаларын əртараптандыру арқылы дамудың шикізаттық бағытынан қол үзу арқылы елдің тұрақты дамуына қол жеткізуге бағытталған. Өңдеуші өнеркəсіпте жəне қызмет көрсету саласында бəсекеге түсуге қабілетті жəне экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар жəне қызметтер өндірісі мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады. Индустриялық саясат дегеніміз мемлекеттің бəсекеге түсуге қабілетті жəне тиімді ұлттық өнеркəсіпті қалыптастыру үшін кəсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға жəне қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенін білдіреді. Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік Стратегиясы 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған Стратегиялық жоспарда белгіленген мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуі, сондай-ақ одан кейінгі жылдары қазақстандық экономиканың сервистік-технологиялық бағыттылығын қалыптастыру негіздерін құруы тиіс.Стратегияның басты мақсаты шикізаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететін экономика салаларын əртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады. Мемлекеттің экономикалық жағдайы мен экономикалық өнімнің мықты көрсеткіші алғышарттарын алдыңғы технология мен инновацияның жұмыскерлердің кəсіпқойлығының артуы қамтиды. Инновациялық саясаттың іске асуының белсенділігі негізгі қаржы мəселесіне, оларға деген экономикалық қажеттілікті анықтайтын нарықтық сұранымға, бəсекелік ортаның дамуына, ғылыми-техникалық əлеуеттің дамуын, тұрғындардың менталитеті, олардың білім мен мəдени деңгейі жəне сыртқы экономикалық байланысқа тəуелді [6].
Қазір Қазақстан – үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған мемлекетке айналды. Мемлекеттің бəсекеге қабілетін көрсететін басты нəрсе – экономикасы. Экономиканың бəсекеге қабілетті болудың басты бағыты - инновациялық экономика құру жəне шикізаттық емес секторды дамыт отырып инновациялық процесстерге бет бұру. Инновациялық процесстерге бет бұру дегеніміз – бұрынғы даму жолдарын өзгерту, қоғамның барлық саласының даму динамикасын жаңарту, ғылыми-техникалық дамуға жаңа стимул беру мақсатында жұмыс істеу. Инновациялық жобаны іске асыру үшін ең алдымен жобаның түрлері мен əдістерін анықтау. Инновациялық саясаттың басты мақсаты – отандық өнімдердің бəсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, осы арқылы еліміздің əл-ауқатын көтеру жəне қоғамның экономикалық дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Инновациялар жәнe жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтeп бeріп, ғылыми-тeхникалық прогрeстің бeлсeнді түрдe дамуына жағдай жасап, ұлтық экономиканың тиімділігі мeн бәсeкeгe қабіліeттігін жоғарылатады. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкeс бiз экономиканың шикiзаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустриялануын тeздeтугe, машина жасау мeн өнeркөсiп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиiспiз. Сол арқылы кәсіпорын өнімінің бәсeкeгe қабілeттілігін жоғарылатып, оның тиімділігін арттыру үшін мол мүмкіндіктeр пайда болады. Жалпы алғанда, инновация өндірістe тиімділіктің бірнeшe түрін жасайды: экономикалық, рeсурстық, тeхникалық жәнe әлeумeттік. Сондықтан өндіріс тиімділігін арттыруда инновацияның рөлі айырықша дeгeн тұжырым жасаймыз.
Әдебиеттер тізімі:
Назарбаев Н. Стратегия становления постиндустриального общества и партнерство цивилизаций. –Москва: Экономика, 2008. 398 с.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. -Алматы: Білім, 1998. -256 б.
Назарбаев Н. Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс // Егемен Қазақстан. 14 қазан 2009 жыл. 12 б.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген “Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары” // Ана тілі. 2010 жылғы 12-19 ақпан. –Б. 4-7.
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығы
Байгісиев М. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу. – А.: Раритет, 2010. – 240б.
О НЕОБХОДИМОСТИ СОВЕРШЕНСТВОВАНИЯ СИСТЕМЫ ГОСУДАРСТВЕННОГО АУДИТА В РК, С УЧЕТОМ МЕЖДУНАРОДНЫХ СТАНДАРТОВ
Джуманов А. М., д.э.н., профессор
Южно-Казахстанский государственный университет им. М.Ауезова,
г.Шымкент, Казахстане
Ниязов Т. Ж., д.э.н., профессор
Казахстанский инженерно-педагогический университет дружбы народов,
г.Шымкент, Казахстан
Бахтиярова Р. Е., магитр экономики
Түйіндеме
Бұл мақалада казіргі таңдағы Қазастан Республикасындағы мемлекеттік аудит жүйесін халықаралық стандарттар талаптары негізінде жетілдіру қажеттілігі мен жолдары туралы мәселелер қарастырылған.
На сегодняшний день, система государственного аудита сцществует практически во всех странах мира и совершенствуется.
Объективной необходимостью государственного аудита является обеспечение от имени государства и общества, независимого объективного публичного контроля деятельности органов власти по управлению вверенными им материальными и финансовыми ресурсами.
Система государственного аудита в РК сформировано на основе закона "О государственном аудите и финансовом контроле" и других нормативных документов которые были разработаны во исполнение требовании Концепции внедрения государственного аудита в Республике Казахстан, с учетом международных стандартов.
Необходимостью издания таких законов является формирование системы государственного аудита, с учетом международного опыта и правоприменительной практики системы государственного финансового контроля.
На сегодняшний день, общественность все больше осознает свое право требовать от руководителей госаппарата отчета об их деятельности и о том, насколько экономично и эффективно расходуются бюджетные средства. При этом они готовы принять участие в принятии государственных решений, а также высказывать свое мнение об эффективности и целесообразности действий государственного аппарата.
Соответственно, государственный, аппарат должен быть максимально открытой и прозрачной, отчитываться перед избирателями и расходовать ресурсы для достижения социально значимых результатов, а не для получения части бюджетных ресурсов.
Эти задачи и включены в основу 93-го шага реформы "Формирование подотчетного государства" в рамках Плана нации "Внедрение новой системы аудита и оценки работы государственного аппарата", которая инициирована именно для того, чтобы общество могло реализовать это право.
Государственный аудит в основном классифицироваться на аудит эффективности, аудит финансовой отчетности и аудит соответствия. Под аудитом эффективности, на который будут смещаться акценты при проведении государственного аудита, понимается оценка и анализ деятельности объекта государственного аудита на предмет эффективности, экономичности, продуктивности и результативности.
В зависимости от субъекта, государственный аудит подразделяется на внешний и внутренний аудит.
Основной задачей внешнего аудита выступает оценка эффективного использования национальных ресурсов для обеспечения динамичного роста качества жизненных условий населения и национальной безопасности страны.
Основной задачей внутреннего аудита являться: оценка достижения государством и объектом аудита конечных результатов; определение достоверности финансовой отчетности и управленческой информации; установление эффективности внутренних процессов организации деятельности государственных органов; определение качества оказываемых государственных услуг; установление сохранности активов государства.
Службами внешнего государственного аудита и финансового контроля является Счетный комитет и ревизионные комиссии областей, городов республиканского значения и столицы.
Органами внутреннего государственного аудита и финансового контроля являютсяуполномоченный орган по внутреннему государственному аудиту, службы внутреннего аудита центральных государственных и местных исполнительных органов, а также по усмотрению первого руководителя службы внутреннего аудита ведомств центрального государственного аппарата.
Функции ревизионных комиссий будут идентичны функциям Счетного комитета, за исключением проведения предварительной оценки проекта бюджета.
Основными функциями уполномоченного органа по внутреннему аудиту являются аудит финансовой отчетности государственной системы, усеченный аудит соответствия и проведение камерального контроля как нового элемента предупреждения и профилактики нарушений.
Используя функциональные возможности информационных систем казначейства и государственных закупок, при выявлении рисков уполномоченный орган по внутреннему государственному аудиту будет направлять уведомления администраторам бюджетных программ для самостоятельного исправления нарушений. При самостоятельном устранении нарушений и неточностей объектом государственного аудита, его должностные лица к ответственности не привлекаются.
Координирующая роль службы государственного аудита и финансового контроля в соответствии с Законом закреплена за Счетным комитетом как высшим органом государственного аудита и финансового контроля.
Методологические акты, стандарты, положения и др. разрабатываются Счетным комитетом либо согласовываться с ним.
Также, Счетный комитет дополнительно наделен на проведение аудита эффективности планирования республиканского бюджета, деятельности объектов государственного аудита, реализации стратегий развития и планов развития национальных холдингов, компаний, влияния деятельности субъектов квазигосударственного сектора на развитие экономики или отдельно взятой отрасли экономики, социальной и других сфер государственного управления, формирования и управления государственным долгом.
Организация государственного аудита, также дополнено такими новыми направлениями, как аудит налогового и таможенного администрирования; выполнения государственными органами и субъектами квазигосударственного сектора договоров; аудит эффективности в сферах охраны окружающей среды и информационных технологий.
Кроме того, Счетный комитет также проводит аудит соответствия формирования и использования Национального фонда, с 2017 года предварительной оценки проекта республиканского бюджета по основным направлениям его расходов, а также с 2019 года проведение аудита консолидированной финансовой отчетности республиканского бюджета.
Наряду с эти, Счетный комитет дает оценку тому, насколько эффективно управляют активами субъекты квазигосударственного сектора, в том числе национальные холдинги и компании, учредителем, участником или акционером которых является государство, а также их дочерние, зависимые и иные аффилированные с ними юридические лица.
Поскольку ресурсов службы государственного аудита и финансового контроля явно недостаточно для сплошного охвата всех субъектов квазигосударственного сектора, включая их "дочки", "внучки", на заседаниях Национальной комиссии по модернизации в рамках обсуждения реализации Плана нации "100 конкретных шагов" рекомендовано эту работу передать на аутсорсинг под контролем государства.
При проведении аудита субъектов квазигосударственного сектора частные аудиторские фирмы ведут аудит использования бюджетных средств.
Также, Счетному комитету возложено функции контроля качества результатов аудита спецназначения по вопросам использования бюджетных средств, активов государства и субъектов квазигосударственного сектора, проводимого аудиторскими организациями.
Счетный комитет имеет право проверять качество проведения государственного аудита всеми службами государственного аудита и финансового контроля и ведет оценку деятельности органов государственного аудита и финансового контроля.
Наряду с этим, Счетный комитет наделен дополнительными полномочиями по администрированию единой базы данных по государственному аудиту и финансовому контролю, координации системы управления рисками уполномоченной службы по внутреннему государственному аудиту и служб внутреннего аудита, представлению от имени ревизионных комиссий их интересов во взаимодействии с центральными государственными органами, а также представлению по согласованию с Администрацией Президента страны на назначение председателей ревизионных комиссий.
В единую базу данных по государственному аудиту и финансовому контролю будут загружаться материалы всех этапов государственного аудита, а также сведения об итогах проведения аудита специального назначения и финансовые результаты объектов государственного аудита.
Использование информации единой базы данных органов государственного аудита обеспечит прозрачность аудиторских процессов, позволит систематизировать и анализировать результаты проведенных аудиторских мероприятий и финансовое состояние объектов госаудита, а также значительно снизить коррупционные риски.
Координационный совет объединяет в своем составе наряду с органами внешнего государственного аудита и органы внутреннего аудита. Решения Координационного совета будут носить обязательный характер.
Создание Координационного совета службы государственного аудита и финансового контроля, придает новый импульс дальнейшему совершенствованию системы государственного аудита в стране и позволит на практике формировать механизмы взаимодействия между службами внешнего и внутреннего аудита, вырабатывать общие методологические подходы, обсуждать практические аспекты проведения государственного аудита, а также принимать единые согласованные решения по дальнейшему совершенствованию системы органов государственного аудита.
Практика показывает, государственный аудит совершенствовался и необходимы опытные аудиторы способные творчески развивать теорию, практику и идеологию государственного аудита.
Именно поэтому, вводится система сертификации государственных аудиторов, которая позволит повысить профессиональный уровень проверяющих и квалификационные требования к специалистам служб государственного аудита. Сертификат будет выдаваться после подтверждения знаний и положительного заключения Национальной комиссии по сертификации государственных аудиторов. В состав Национальной комиссии, рабочим органом которой определен Счетный комитет, войдут представители Администрации Президента, Парламента, Правительства, Счетного комитета и Министерства финансов.
Кстати, следует отметить, что Законом вводится персональная ответственность государственных аудиторов за результаты проведенного аудита, не имеющая срока давности. То есть даже после увольнения из органов государственного аудита и финансового контроля государственный аудитор будет нести ответственность за итоги проведенного им аудита. Это также направлено на повышение профессионализации армии государственных аудиторов и снижение рисков коррупционных проявлений при проведении государственного аудита.
Следует отметить, что нормативно-правовые документы направлены на совершенствование системы государственного аудита и финансового контроля и позволят предупреждать нарушения путем проведения оценки и анализа деятельности объектов государственного аудита и финансового контроля.
Достарыңызбен бөлісу: |