ӘДЕБИЕТТЕР:
Сихымбаев И. Б. Научно – педагогические основы использования свободного времени в профессиональной подготовке студентов. – Алматы: 2001. Стр 28-29
Омар Е. О. Мектептен тыс мекемелер тәрбие жұмысының негіздері. – Шымкент: 2011
Омар Е. О. Мәдени - тынығу жұмысы теориясы. - Алматы:2013. Б 8-9
Шулунова Л.И. Педагогика досуга. – Шымкент: 2008
ӘОЖ. 378. 2.20.
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ӘДЕБИ ТІЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ Қ.ЖҰБАНОВ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕ
Қайырбекова Ұ. С., ф ғ. к., доцент, Айтенов Е. Е., Джахаева А. П.
Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті, Шымкент, Қазақстан
Қазақ тіл білімінде әдеби тіл мәселесі тек қана 1960 жылдардан басталып зерттеле басталды деген пікір тұрақты түрде орын тепкен. Қазақ тіл білімінде бұл пікір 1960 жылдары жарияланған академик Н.Сауранбаевтың «Қазақтың әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы » деген мақаласында айтылған [1] . Осы уақыттан бастап бұл пікірді келтірмеген бірде – бір зерттеушіні табу қиын. Бұл пікірмен келісу мүмкін емес. Әдеби тіл мәселесі Қ.Жұбановтың еңбектерін былай қойғанда 1950 жылдардағы М.Әуезов пен С.Аманжоловтың еңбектерінде де сөз болады. Осы мақаламызда әдеби тіл мәселесіне қатысты пікір айтқан Қ.Жұбановтың еңбегіне қысқаша шолу жасап өтеміз.Бұл мәселеде қазақтың тұңғыш профессоры Қ.Жұбановтың көзқарасын білу ең басты міндетіміз деп санаймыз. Ғалымның әдеби тіл туралы ойлары профессор Б.Әбілқасымовтың «Әдеби тіл хақындағы ауқымды ойлар » деген мақаласында кең түрде баяндалған [2]. Ең алдымен ескертіп өтетін жайт – профессор Құдайберген Жұбанов өмір сүрген, қызмет еткен кезеңде, яғни үстіміздегі ғасырдың 20-30 жылдарында «әдеби тіл» деген ұғым болғанымен, дәл солай деп аталатын қалыптасқан термин жоқ еді. Сондықтан ғұлама тілшінің еңбектерінен нақ сондай атау ұшыраспады деп, жалпы әдеби тілдер жөнінде ол кісі «пікір қозғамады» десек, жаңсақтық қана емес, жала да болар еді. Қ.Жұбановтың зерттеулерінде «әдеби тіл» терминінің баламасы ретінде оның алғашқы «ықшамдалмаған» нұсқасы « әдеби тілі» деген тіркесім өзіне лайық мәнде лингвистикалық категория дәрежесінде қолданыс тапқан. Жалпы алғанда, әдебиет, әдеби деген сөздердің бір түбірден өрбігені бәрімізге белгілі. Бұл екі есім сөздің бір-бірінен айырмасы - «әдебиет» заттық ұғымды танытса, «әдеби» сындық мағынаға ие болған туынды түбір. Арғы тегі кірме сөз болғандықтан, жалғамалы жолмен қосымша тіркеп барып өзгермей, қайта, керісінше, түбір соңындағы - ет қосымшасын алып тастап, өзге сөз табына ауысуы, әрине біздің тілімізге тән заңдылық емес. Дегенмен де бұл ғылым-ғылыми, саясат-саяситәрізді құбылыстардың қатарынан саналатын дағдылы жайт. Бұл ретте, тіпті, қазіргі жазба тілімізде кездесетін дағдылы жайт. Қазіргі жазба тілімізде кездесіп жүрген сын -сыни секілді қолданыстың сындық түріндегі «қазақы» тұлғамен жарыса, грамматикалық синоним жасап келе жатқанын да еске сала кетуге болады. Бұл айтылғандар аса бір проблемалық мәселелер болмағанымен, ғылым тарихын баяндаудағы нақтылық үшін қажетті алғышарттар деп білеміз.Сонымен, проф. Қ.Жұбанов «әдебиет тілі» деген екі мүшелі терминдік қолданысты орыс тіліндегі «язык литературы» деген ретте емес, «литературный язык» деген тіркесім санатында кәдеге жаратқан. Біздің филологиялық әдебиеттерде осы екі түсініктің басын ашып тану мақсатымен «әдебиет» және «әдеби» деп атап, айырып қолдану жасанды да болса, саналы түрде дербес екі сөз жасау талабынан туған болса, орыс тіліндегі литература сөзінің «литературный» болып сын есімге айналуында жоғарыдағыдай «жасандылық» жоқ. Ол флектив тілдің өз табиғатынан туындайтын заңды грамматикалық қатынас болып табылады. Демек, орыс тіліндегі «литературный» тұлғасы өз алдына дербес лексема болудан гөрі, «литература» сөзінің мезеттік (ситуативный) қалпын, яғни конверсиялану сәтін танытатын болса, біздегі «әдеби» негізінен тұрақтаған статикалық тұлға. Бұлайша қолдану терминдік амал ретінде бертінде қалыптасқан.Осы «әдебиет тілі» деген атауды негізге ала отырып, Құдайберген Жұбанов қисындаған әдеби тілдер жайындағы танымдарды қандай салаларға немесе тармақтарға бөліп қарастырған жөн ? Егер осы тұрғыдан ой жүгіртер болсақ, көшбасы ғалымның бұл бағыттағы құнарлы идеяларын оның қай еңбегіне сүйеніп сұрыптауға болар еді? Міне, осы тәріздес заңды сұрақтарды күн тәртібіне қоя отырып, біз жалпы қазақ лингивистикасы тарихының келелі мәселелеріне, оның ішінде «әдеби тіл» деген ғылыми категорияның өзіндік мазмұнға ие бола бастаған кезеңдеріне сәйкесетін елеулі ұғым-түсініктерді пайымдау мүмкіншілігіне ие боламыз. Бұл тұрғыда біздің ең бірінші,ең басты айтарымыз - әдеби тіл проблемаларын ғалымның арнайы бір жазып кеткен, айтып кеткен дүниелерінен ғана іздестіруге болмайды. Профессор Қ.Жұбанов мұраларының біз үшін аса қымбат та бағалы қасиеті - олардың өн-бойынан із тастап отыратын өміршең идеялары десек, қателеспеген болар едік. Яғни, ғалымның бұл күндері бізге мәлім болып отырған терең мазмұнды ізденістерінің бәрінен дерлік біз шынайы теориялық топшылаулар мен өрелі ой - түйіндерін аңғарамыз. Екінші сөзбен айтқанда, профессор Құдайберген Жұбановтың қаламынан туған алуан текті ғылыми мұралардың қай-қайсысынан болмасын ғалымның әдеби тіл жөніндегі сындарлы пікір талғамдарын, балауса ғылымның көкжиегін ғажайып көрегендікпен нұсқаған байыпты тұжырымдарын молдап табамыз. Құдайберген Жұбанов қаз басып келе жатқан қазақ тілі білімінің сан саласының іргелі-іргелі зерттеулерін жаза отырып, сол тұстағы әдеби тілімізді жетілдірудің көкейкесті проблемалары жайында да елеулі істер тындырды. 30-жылдары мемлекеттік терминология комиссиясын басқара жүріп, әдеби тілімізді дамытудың құнарлы көздерінің бірі ретінде термин жасаудың, қабылдаудың негізгі принциптерін айқындап бергені мәлім.Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды Қ.Жұбанов «Әдеби тіл» деп айдар қойып айтпаса да ,оның әдеби тіл мәселесіне қатысты құнды пікірлері бар екені байқалып тұр.Біздіңше, қазақ тіл біліміндегі әдеби тіл мәселесін Құдайберген Жұбановтан бастап қарастыру керек деп ойлаймыз.
Әдебиеттер тізімі:
Сауранбаев Н. Қазақтың әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы. Кітапта: Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. 3-шыңы, Алматы, 1960.
Әбілқасымов Б. Әдеби тіл халқындағы ауқымды ойлар. –Кітапта: Құдайберген Жұбанов және қазақ совет тілі білімі. Алматы, «Ғылым», 1990.
Резюме
В данной статье рассматриваются исследования К.Жубанова по вопросам литературного языка в казахском языкознании.
Summary
In this article K. Zhubanov's researches concerning the literary language in the Kazakh linguistics are considered.
ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ӘДЕБИ ТІЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қайырбекова Ұ.С. ф.ғ.к., доцент, Айтенов Е. Е., Джахаева А. П.
Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті, Шымкент, Қазақстан
Жалпы тіл білімінде әдеби тіл жайлы толып жатқан ғылыми еңбектер бар. Ол туралы ғылыми көзқарастар мен пікірлер де әр түрлі. Бұл тақырыпта қаралатын мәселелердің басы баршылық. Солардың бірі – әдеби тіл мен халық тілінің арасындағы байланыс. Бұл екі ұғымның арасындағы ара қатынасты шешу үшін профессор Б.Момынова мынадай пікірді ұсынады:«Әдеби тіл мен халық тілінің ара қатынасы жайлы түрлі ғылыми көзқарастар мен пікірлерге тіл тарихында ерекше көңіл бөлінді. Бұл екі ұғым туралы белгілі бір пікір айту үшін алдымен жалпыхалықтық тіл мен әдеби тіл дегеніміздің өзі не, олар қандай категориялар, олардың табиғаты қандай, қандай ерекше белгілері бар, қызмет аясы қандай деген сандаған сұрақтардың жауабын табу керек. Ал әдеби тіл бір құрамдас бөлігі болып табылатын жалпыхалықтық тілдің және оның ярустарының тарихын жасау аса күрделі » - дейді ғалым [1].
Яғни әдеби тіл өзінің табиғаты тұрғысынан тілдің өзге құрамдас бөліктеріне қарағанда айрықшаланып тұратын, табиғи ауызекі сөйлеу тіліндей органикалық сипатты емес, көбінесе сыртқы әсердің ықпалымен жасалатын тіл болып табылады. Бұл белгілер қазақ әдеби тіліне де тән. Қазақ әдеби тілі жалпы халықтық тіл негізінде пайда болды, соның негізінде дамыды, қалыптасты.
Соған қарамастан екеуі екі бөлек ұғымды білдіреді, бұлар тілдегі екі үлкен категория. Кей жағдайда олардың ара-жігін ажырату оңайға түспейді. Біздіңше, әдеби тіл мәселесі туралы Ф. де Соссюрдың еңбектерінде толық түрде анализ жасаған қазақ тілші-ғалымдарының алғашқысы осы Б.Момынова деп санаймыз.
Профессор Т.Қордабаевтың еңбектерінде де жалпы тіл біліміндегі әдеби тіл мәселесімен айналысқан ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалады [2]. Әдеби тілді көп зерттеген А.И.Ефимов, В.Л.Левин, А.И.Горшков, Ф.П.Филин, Р.А.Будагов, В.Виноградов сияқты көрнекті ғалымдардың барлығы да әдеби тіл дегеніміз, қандай тіл деген сұрауға ол – жазба тіл, баспасөз тілі, нормаланған тіл, жазба тілсіз, баспасөзсіз әдеби тіл жоқ деп жауап береді.
Академик В.А.Виноградов «Проблемы литературных языков и закономерностей их образования и развития» атты еңбектерінде күнделікті өмірімізде «әдеби тіл» деген атауды соншалықты жиі және аса қажеттілікпен қолданатынымыздай ешбір тілдік құбылысты қолданбайтын да, атамайтын да шығармыз. Сөйте тұра, дәл осы атауды түсінудегідей, түсіндірудегі ала-құлалықты басқа тілдік құбылыстардың ешқайсысынан табу тағы да мүмкін емес деп жазған еді [3]. Академиктің әдеби тілге байланысты айтқан осы пікірін қазақ әдеби тілі тарихын зерттеуге арналған еңбектер адресіне де айтуға болады. Әрине, қазақ әдеби тілінің ғылыми тарихы – орыс тілі біліміне қарағанда әлдеқайда жас. Жалпы тіл білімінде әдеби тілге анықтама берген ғалымдар көп.
Оның негізін салған академик В.Виноградов: «Литературный язык – общий язык письменности того или много народа, а иногда нескольких народов – язык официально-деловых документов, школьного обучения, науки, публицистики, худежественной литературы, всех проявлений культуры, выражающейся в словесной форме, чаще письменной но иногда и устной » [3].Жалпы тіл білімінде әдеби тілге анықтама берген ғалымдардың бірі Ф.П.Филин ұлттық дәуірдегі кеңес тілшілерінің зерттеулерін қорытындылай келіп, әдеби тілдің жеті белгісін көрсетіп береді [4]. Ал кейбір ғалымдар бұл барлық тілге міндетті емес, бұл көрсетілгендермен бітпейді десе [5], кейбір ғалымдар әдеби тілді сан алуан тұрғыдан ұғынылатын өзіне бір тілдік құбылысты атап көрсету өте қиын деген пікір айтқан.
Ғалымдар әдеби тілге қандай анықтама берсе де әдеби тіл – ұлттық тілдің жасауының жоғары формасы. Қолында әсте жазу-сызуы бар болып көрмеген Кеңес Одағын мекендейтін көп-көп жұрттардың ана тілінің бұл күнде шын мәнісіндегі әдеби тіл дәрежесіне көтерілуі – мұның кәміл айғағы. Тіл дамуындағы мұндай заңдылықтарды танып білудің теория үшін де, практика үшін де мән-маңызы айрықша.
Әдебиеттер тізімі:
Момынова Б. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы, «Атлас»,2006. 199б.
Қордабаев Т. «Зерттеулерге зер салсақ». Журнал – «Жұлдыз», 1983, №3.
Виноградов В.В. Избранные труды: История русского литературного языка. – М., «Наука», 1998.
Филин Ф.П. Истоки и судьбы русского литературного языка. М., «Наука», 1981.
Бондалетов В.Д. Социальная лингвистика, М., 1987
Резюме
В данной статье рассматриваются общие вопросы языкознания в литературной речи.
Summary
This article discusses general issues of linguistics in literary language.
УДК: 371.3:811
ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ПЕСЕН НА ИНОСТРАННОМ ЯЗЫКЕ
Амандыкова Н. М.
Центр обучения языкам, Шымкент, Казахстан
Учителя используют музыку и песни в классах иностранных языков по нескольким причинам.Основной причиной этого является хорошая атмосфера, создающаяся в классе.Студенты относятся к песням как части развлечений, а не работы, и находят обучение лексики через песни забавным занятием, а не утомительным.
Это особенно проявляется в поп -песнях, которые являются частью молодежной культуры. Лучше знакомство с этими песнями улучшает статус студентов в группе сверстников и, следовательно, стимулирует обучение.
Эти песни также,как правило, связаны с проблемами молодежи, а также, студенты идентифицируют себя с певцами и хотят понять слова.Наставительные песни также полезны в обучении языка и смысл песен улучшает обучение. Лучшим примером этого является метод Suggestopedia Георгия Лозанова, в котором иностранные ТЭЦ резко читаются с фоном нескольких тщательно отобранных произведений классической музыки. Лозанов утверждает, что атмосфера, созданная музыкой Enchances способствует студентам запоминать словарныйзапас слов и, таким образом, сокращает период изучения иностранного языка./1/
Проблемы, которые встречаются преподавателям в песнях является нестандартная грамматика во многих песнях и несерьезной образ поп-песен. Первая проблема заключается в том, что нестандартная грамматика путает студентов на иностранном языке. Ответ на этот вопрос в настоящее время исследования, что не все песни подходят для занятий иностранным языком.
Но студенты, как правило, могут иметь дело с нестандартным вопросом грамматики в большинстве песен. Наоборот, студенты считают, что подверженность певцов, как подлинныхораторов иностранного языка, полезно.
Так как вся нестандартная грамматика является довольно распространенным явлением в ежедневном использовании большинством студентовиностранных языков, то и студенты должны научиться справляться с такой задачей на языке, на котором они учатся. Действительно, студенты предпочитают аутентичные песни на иностранном языкеи песни, созданные специально для классов иностранного языка./2/
Вторая проблема, в том, что несерьезный образ поп-музыки адресован всем исследователям, работающих в этой области.Учителя опасаются, что их студенты только наслаждаются музыкой, и потому узнают меньше в изучении языка, чем при изучении более традиционными методами.
Это беспокойство было опровергнуто всеми исследованиями, проведенных по этому вопросу, имея дело с различными языками, различными группами населения и студентовпри различных уровней классов. Общее согласие только в том, что студенты изучают то же самое количество материала обоими методами. Основное отличие заключается в том, что студенты говорят, что обучение через песни гораздо более приятное.
Это опровергает несколько теорий, основанных на анализе функционирования мозга, согласно которому музыка должна значительно повысить учебный потенциал студентов. Но она по-прежнему рекомендует изучение языка через песни, используя более приятный метод в классе с целью повышения мотивации к обучению.Поскольку результаты примерно одинаковы, это может помочь работе учителя в решении создания хорошей атмосферы обучения языка в классе, без ущерба уровня обучения.
Настоящее исследование рекомендует использовать эти методы студентамив опытеизучении иностранного языка для повышения уровня обучения. Поп-музыка является важным компонентом этого опыта и делает изучение иностранного языка более увлекательным. Он предполагаетактивное участие студентов в учебном процессе, внося вклад в их музыкальные знания. Таким образом, они становятся более уверенными в своей способности к обучению и более мотивированы в изученииязыка./3/
АКТУАЛЬНЫЕ ИГРЫ.
C1 Символы:
1. Игры ролей персонажей из песни.
2. Воображение: (спросите у персонажей, как они представляют себе, как они выглядят, и что вы будете делать в свое свободное время, что они могли бы сделать в данной ситуации, и так далее).
C2 Участок:
1. Обобщить события в лирике.
2.Продолжение (продолжение истории. Можете быть ведущим или спеть!)
3.До события: спросите у участников, как персонажи оказались втакой ситуации).
4.Отчетность: попросите участников написать лирическую статью в газету.
5.Рассказывание историй: попросите студентов рассказать историю как личный анекдот к однокласснику. Одноклассник должен реагировать с соответствующими эмоциями, т. е.он должен проявить интерес или симпатию.
C3 Лирическая поэзия:
1.Жанр-преобразование (попросить участников переписать в другом жанре или зарегистрируйтесь: диалог, речь, очень формально, очень неформально, отчет ТВ, отчет газеты, отрывок из романтического романа)
2.Неоднозначность: Обсудите альтернативные интерпретации неоднозначных отрывков из лирики.
C4 Музыкальные стили:
1. Классификация (попросите участников классифицировать музыкальный стиль).
2.Культура обсуждения. (Обсудите, как культура находит свое отражение в песне. Может ли это произойти в вашей стране? Будет ли мужчина игратьженские роли в этой песне? Сколько лет вы думаете, этому персонажу должно быть?) Учебные сказки, простые истории, которые имеют убедительные жизненные примеры, как правило, очень короткие, часто меньше, чем сто слов, и предназначены как метафора, которые заставляют слушать зрителей и верить этим сказкам, историям.
Заключение. При всей полезности и эффективности изучения иностранного языка учащимися и студентами через распевание песен, этот метод полностью не заменяет традиционные формы обучения, и потому его необходимо применять в очень ограниченные периоды времени этого процесса
Әдебиеттер тізімі:
Соловова, Е. Н. Методика обучения иностранным языкам: Базовый курс лекций: Пособие для студентов пед. вузов и учителей./ Е. Н. Соловова.- М.: Изд-во АСТ: Астрель, 2008.- 238 с.
Языковая догадка в секции Reading [Электронный ресурс] – Режим доступа: http://www.mbastrategy.ua/content/view/2125/213/lang,Rus/, свободный
Использование игр,стихов и песен в процессе обучения английскому языку [Электронный ресурс]–Режим доступа: http: //kinderinfo.ru/ispolzovanie-igr-stixov – i – pesen – v – processe - obucheniya-anglijskomu-yazyku/, свободный
Түйіндеме
Осы мақалада музыка және әндердің шет тілі сыныптарында қолданылу мәселелері қарастырылған.
Summary
In this article questions of use of music and songs in classes of foreign languages are considered.
ҒЫЛЫМИ МӘТІН ЖӘНЕ ОНЫҢ ТІЛДЕ БЕРІЛУ ЖОЛДАРЫ
Қайырбекова Ұ. С. ф.ғ.к., доцент, Дүйсебаева М. Е., Андасбаева Ж. Ж.
Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті,
Шымкент, Қазақстан
Мәтін–өзіндік ерекшеліктерге, заңдылықтарға ие аса күрделі семантикалық-құрылымдық жүйе. Мәтін арқылы барлық тілдік бірліктер іске қосылатындықтан, ол ерекше күрделі тілдік таңбаға жатады. Соған орай мәтінді талдау мен мәтінді тану, оның түзілімі мен құрылымын саралау, мәтінжасам барысындағы тілдік бірліктердің қызметін анықтау бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып отыр.Адамзат баласы мәтіннің өзіне тән болмыс-қасиетін зерттеуге сан ғасырлардан бері ұмтылып келе жатса да, оның бүгінгі күн талабынан зерттеуді қажет етіп жатқан тұстары әлі де көп. Бұл бағытта жаңадан қалыптаса бастаған қазақ мәтіні лингвистикасы жас болса да біраз тәжірибе жинақтады. Ол еңбектер қазақ тіл білімінде соңғы он жылдағы зерттеулерді қамтиды. Қазіргі ғылымның тоғысқан, жаңа салаларының пайда болып жатқан кезеңінде қазақ мәтіні лингвистикасы мәселелерін жан-жақты зерттеу аса қажет.Мәтінтанушылар көркем мәтінді, көркем мәтіндердегі тілдік бірліктерді авторлық стильдік мақсаттарға орай шебер қолдануы тұрғысынан қарастырып келеді. Бұл мәселелер тек мәтіннің көркем мәтін түріне қатысты зерттеулер. Ал ғылыми мәтін мен оның негізгі ұғымдары, өзіне тән ерекшеліктері туралы мәселелерді зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алына бастады. Осы орайда С.Қоянбекованың мақаласын еске алайық. Мақалада ғылыми стиль талабынан туындайтын ғылыми мәтінге тән кейбір тұстар, ғылыми сөйлеудегі тілдік құралдардың қолданылу ерекшеліктері жалпылама тұрғыда баяндалған. Егер мәтіннің көптүрлілігі мен көпқырлылығын ескерсек, ғылыми мәтін де өз кезегінде барлық мәтін типтеріне қолданылатын жалпы заңдылықтардан тыс болмауымен қатар, өзіндік мағыналық сипатымен де, сондай-ақ баяндау тәсілдерімен де ерекшеленетінін ұмытпаған жөн.Профессор А.Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі ғылыми-көпшілік мәтіндердің абзацтарға тән функционалды-мағыналық топтарының статистикалық ерекшеліктерін анықтаса, А.И.Тілембекова ғылыми-техникалық мәтіндердің лингвопрагматикалық құрылымын айқындауға үлесін қосты. Ғылыми тіл құрылымын анықтап, ғылыми мәтіннің стилистикасын қарастыруда ғалым С.Әлісжановтың еңбегі ерекше аталады. Алайда ғылыми мәтіннің барлық ауқымды жақтарын тануда, негізгі ұғымдары мен өзіне тән ерекшеліктерін түсінуде, коммуникативтік құрылымын айқындауда бұл еңбектердің аздық етері сөзсіз. Сондықтан ғылыми мәтіндердің құрылымын, өзіне тән ерекшеліктерін, әдеби тілге қызмет етуін зерттеу тілші-ғалымдарға жүктелген алдағы уақыттың үлкен міндеті деп түсінеміз.Кез-келген мәтін белгілі бір мақсатты көздейтін, белгілі бір адресатқа арналған ақпардан тұрады. Мәтін тіл жүйесі ішінен синтаксистің ең жоғарғы бірлігі ретінде орын алады және мағыналық, коммуникативті, номинативті, структуралы сипаттарымен түсіндіріледі.Демек, адресат факторы ғылыми мәтіндерді талдауда есепке алыну керек, бұл ғылыми мәтіннің коммуникативтілігі тұрғысынан басқа мәтін типтерінен өзгешеленетінін көрсетеді. Бәрімізге белгілі, ғылыми шығарма авторы өзінің алдына оқырмандарды өз тарапынан ұсынылатын тұжырымдарға, қағидаларға, түсініктемелерге сендіруді, соған көзін жеткізуді мақсат етіп қояды, осыған орай бұл типтес мәтіндерде арнайы амал-тәсілдер қолданылады. Мұндай амал-тәсілдер өз кезегінде қарым-қатынас актілеріне айналып, оқырмандарды мәтіндегі ғылыми ақпараттардың мазмұнын дұрыс түсінуге мүмкіндік тудырады. Демек, мазмұнының шынайылығы ғылыми мәтін үшін басты нәрсе болса, оны жасайтын, мазмұнның көріну дәрежесін беретін лингвистикалық жолдарды айқындау да өте қажет.Ғылыми тілдің негізгі принциптері – ықшамдылық, дерексіздік, дәлдік болып табылады. Бұлар ойлаудың ғылыми типіне және мәтінді оны қабылдаушымен байланысына тән белгілер. Ғылыми мәтін авторы әрқашан өзі тақырып етіп алып отырған мәселені, яғни сөйлеу тақырыбын толық баяндап шығуға ұмтылады, алайда осы орайда авторлардың үддеден шығуы әр түрлі болып келеді. Ғылыми мәтінде рационалды бағыт үстем тұрады, ол өзінің кең көлемділігімен, талдап қорытушылығымен, логикалық құрылымымен ерекшеленеді.Ғылыми мәтінде сөз желісі логикалық жүйеге бағынады, өзара бірімен бірі байланысты арнаулы ақпараттар баяндалады, сөз сипаттау түрінде болып, дәлдікке ерекше мән берілді. Мұның өзі ғылыми мәтіннің мамандандырылған ақпарат беру қабылдау жағынан өзге де коммуникацияның түрінен (көркем дискурс, публицистикалық дискурстан) ерекше екенін көрсетеді. Бірінші жақтық тұлға бейтараптанады, баяндауыш көбіне ырықсыз етіс тұлғасында болады: жасалды, көрсетілді, анықталды, айқындалды т.б. Бұлай болу себебі, ғылыми мәтіндегі сөз нақты ситуациядағы сөзден, я болмаса жалпы тілдік мағынасынан дерексіздену арқылы өзгешеленуге тырысады. Құбылыстың, заңдылықтың объективтілігін көрсету, өзінің ой-пікірін субъективті етіп көрсету үшін автор ғылыми мәтінде өзін-өзі шеттету тәсілін жоғарыда айтылған тілдік-прагматикалық құралдардың көмегімен жүзеге асырады. Сондай-ақ деп айтуға болады, деп бағаланады, осылай деуге негіз бар т.б. тәрізді тілдік құралдар автордың “тасада тұруының” өзін салғырт субъект ретінде көрсетуінің ғылыми дискурс прагматикасына тән тәсілдердің бірі. Ғылыми мәтіндердегі осы тәріздес тілдік-коммуникативтік белгілер оның мазмұндық ұйымдасуын құрайды. Мазмұндық ұйымдасу тақырыптық ұйымдасуға, мәтіннің тақырыбына тікелей байланысты. Тақырыптық ұйымдасу да, мәтіннің тақырыбы да өз кезегінде сөйлеу тұлғаларын іріктейді, мәселенің баяндалу тәсілдерін көрсетеді және сол арқылы мәтіннің композициялық-мағыналық құрылымы анықталады.Сөз актісінде екі сана – адресанттың және адресаттың санасы жұмыс істейді. Осы екі сананың мүмкіндігінше бір-біріне сәйкес келуі коммуникацияның сәтті болуына оң әсерін тигізеді. Ғылымитілдеілгерідеаталған адресат факторына байланысты екі прессуппозиция байқалады. Адресат сипаты арқылы біз ғылыми туындының бір ғана мамандарға арналғандығын, не болмаса кең көлемді аудиторияға арналғандығын біле аламыз. Сонда бірғана мамандар үшін жазылған туындыны таза ғылыми, ал мамандарменбіргеөзге де оқырмандарға арналған мәтінді ғылыми-көпшілік деп атау орынды. Таза ғылыми мәтіндерде көпшілікке түсініксіз терминдер молынан қолданылатын болса, ал ғылыми-көпшілік мәтіндерде жалпыға түсініксіз терминдер кездескен жағдайда, оны суреттеужолымен, белгілітіркестермен кеңінен түсіндіріліп беріліп отырады. Ал ғылыми-көпшілік мәтіндер, ғылыми мәтіндерге қарағанда қатаң дәлелдеуді талап етпейді. Онда «идея» деңгейінде түсіндіру, қарапайымдылық рұқсат етіледі. Егер ғылыми мәтінде толыққанды дәлел қажет етілсе, ғылыми-көпшілік мәтінде материалдың түсінікті етіп берілуі жеткілікті болады. Ғылыми мәтіннің тақырыптық аясы шексіз болса, ғылыми-көпшілік мәтін тек оқырманға қажетті, көпшілікті қызықтыра алатын көкейкесті тақырыптарды қарастырады. Ғылыми мәтін түрлі авторлармен жасалады, әр түрлі мәселелерге арналады және ғылыми танымның түрлі деңгейінде көрініс табады. Ол тілдік жүйенің белгілі бір лексикалық және лексика-грамматикалық бірліктерінің жиынтығы. Кез-келген әдеби шығарма тәрізді ғылыми мәтін де оқырман үшін жазылады, Сондықтан оқушы қауымның нәтижелі білім алуы - оның негізгі мақсаты. Мәтін үзіктерінің синтаксистік жағынан ұйымдасуы оның коммуникативтік мақсат-мүддесіне астарлас келіп, семантикалық-синтаксистік ұйымдасқан тұтас мәтін ретінде көрінуіне қызметатқарады.
Қорыта келгенде, ғылым мазмұнының негізі – оқырман сезіміне емес, миға әсер ету және де ақпаратты нақты объект бейнесінде жеткізу. Бұған қарап ғылыми мәтіннің ғылыми қарым-қатынас аясындағы негізгі тілдік өнім екенін көреміз. Мәтінді тек автор туғызбайды, мәтін автормен адресаттың тілдік ойлауының өзара әрекеті. Сондықтан да, кез-келген мәтін коммуникацияның нәтижесі, әрі коммуникациялық бірлік болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |