Казахстанского инженерно-педагогического университета дружбы народов серия «гуманитарно-педагогическая»



бет18/18
Дата02.05.2018
өлшемі3,96 Mb.
#40400
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Теорема 4.

{Ai}&m ≡ {Aj*}Σm1

аналитикалық ауыстыру Жегалкин полиномында жалғыз түрде кезектегідей бейнеленеді:

i=1&m (┐Ai) = i=1&mAii=1Σ2j=i+1Σ3k=ℓ+1ΣmAiAj…Ak…

…i=1Σm-1j=i+1Σm AiAj i=1Σm Ai1.

Теореманың дәлелі индукция әдісі арқылы өте оңай табылады. Сондықтан оны қарастыруды ізденушінің өзіне қалдырамыз. Резюме Рассматриваются некоторые проблемы систем логических уравнений и минимизации некоторых логических формул, полученных от функции общей импликации, эквивалентности , конъюнкции в виде полиномов Жегалкина и оценки их сложности.Summary It is consideret some problems of minimization of special disjunctive normal forms received from polynom Gegalkine of the second of special classes. Әдебиеттер 1. В.Л.Рвачев. Теория R-функций и некоторые ее приложения.Киев, Наукова думка 1982. 2. А.А.Байжуманов. Дискретті математика және математикалық логика. Шымкент 2012 ж.3 .А.Л.Горелик, В.А.Скрипкин. Методы распознования. Москва «Высшая школа» 1987. 4. Журавлев Ю.И, Платоненко И.М, «Об экономном умножении булевых уравнений». ЖВМ и МФ, том-24, 1984г.



ЛИМФА ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІ.

Мейманбаева С. С. Магистр оқытушысы, Ибрагим Еркежан, Нұржауова Айзере II-курс, Т-102-16тобыныңстуденттері.

Қазақстани нженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті. Шымкент қаласы, Қазақстан республикасы.


Резюме

В организме лимфатиалская система участвует в защитной реакции, путем выработ ки лимфоицотов в лимфотических узлах, поддерживает иммунитет.

Summary

Inthebody, the lymphatic system parti cipatesina protectivere action, byproducing lymphocy tesin the lymph nodes, and support simmunity.

Лимфа жуйесі- жүрек-қантамырлар жүйесінің бір бөлігі. Лимфа жүйесі арқылы ұлпалардан қан тамырларға су, нәруыз, май, заталмасу өнімдері қайта өтеді. Бұл жүйемен мөлдір, түссіз сұйыктық-лимфа ағады. Лимфа қанға ұқсас болғанмен құрамында нәруыз өте аз және онда эритроциттер болмайды. Лимфа тамырларының қантамырлардан айырмашылығы-лимфа тамырлары мен сұйықтық тек бір бағыт бойынша жүрекке қарай ағады. Лимфа жүйесінде артерияларға ұқсас тамырлар болмайды, тек лимфа қылтамырлары болады. Лимфа қылтамырларының қантамыр қылтамырларынан айырмашылығы—лимфа қылтамырларының бір ұшы тұйық. Олар ұлпа жасушаларының арасынан басталады. Қылтамырлар қантамырларына қарағанда лимфалық қылтамырлардың қабырғасы өте жұқа. Қантамыр қылтамырларының екі ұшыда ашық. Лимфа қылтамырлары ми, жұлын, шеміршек, қағанақ, көзбұршағынан басқа мүшелердің бәрін торлап жатады.

Лимфақантамырлары. Лимфа қылтамырлары лимфа тамырларына бірігеді, оның ішкі бетінде қақпақшалары бар. Ол қақпақшалар лимфа сұйықтығының бір бағытқа (жүрекке) қарай ағуын қамтамасыз етеді. Екі ірі лимфа тамырлары жүректің қасындағы үлкен қанайналу шеңберінің ірі вена қантамырларына қосылады. Лимфа сұйықтығы вена қанымен араласып, жүректің оң жақ жүрекшесіне құйылады.

Лимфа түйіндері. Лимфа тамырларының қосылған жерінде жасушалардың жинақталуынан түзіледі. Олар қантамырлардың айналасында орналасады. Лимфа түйіндерінің пішіні-домалақ, сопақша, үрме бұршақ тәрізді (иммунды жүйені естеріңе түсіріңдер). Лимфа түйіндерінің бір жағы ішке қарай кіріңкі, ойыстау болады. Осы ойыстау жерінде артерия қантамырларымен жүйкелер орналасқан. Лимфа түйіндерінің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген тығыз қаптама қаптайды. Лимфа түйіндерінің орналасқан жері: қолтық, шап, мойын, құрсақ қуысы, шынтақ пен тізенің бүгілісі, астыңғы жақ сүйек және т. б. Кейде лимфа түйіндері жиналған бактериялардың әсерінен қабынып, ісіп кетеді. Мысалы, баспамен ауырғанда мойындағы түйіндері седі (без шошиды). Лимфа түйіндері қан түзілу үдерісіне, ағзаның қорғаныш реакциясына қатысып, лимфа ағынын реттейді. Лимфа түйіндері әртүрлі жұқпалы ауруларды туғызатын бактерияларды қанға жібермей, жояды. Олардың уларын зиянсыз етеді. Лимфа түйіндерінде «қарсы дене»деп аталатын ерекше жасушалар түзіледі. Ірі лимфа тамырларын лимфа өзектері деп атайды. Ең ірі кеуде лимфа өзегі құрсақ қуысында орналасқан. Оған аяқтан, жамбас және құрсақ қуыстарынан лимфа сұйықтығы жиналады. Кеуде лимфа өзегі мойын тұсында орналасқан. Ол сол жақтағы қолтық асты вена тамырларына келіп қосылады. Сонымен, лимфа жүйесіне-лимфа қылтамырлары, лимфа тамырлары, лимфа түйіндері және лимфа өзектері жатады.

Лимфа жуйесінің кызметі:

  1. Ұлпа сұйықтығының қан айналым жүйесіне қосылуына көмектеседі.

  2. Лейкоциттер түзеді.

  1. Ағзага түскен бөгде денелер мен бактерияларды ұстап, биологиялық сүзгі қызметін атқарады.

  1. Аш ішек бүрлеріндегі майларды сіңіруге қатысады.

Лимфаның ағуы. Адамда лимфаның қозғалуына 3 жағдай әсер етеді:

  1. Лимфа тамырларына жақын орналасқан қаңка бұлшық еттерінің жиырылуына байланысты.

  2. Кеуде қуысының тыныс алу қозғалыстарының әсерінен.

  3. Ішек бүрлерінің жиырылуымен босаңсуына сәйкес ағады. Қаңқа бұлшық еттері жиырылып, лимфа тамырларын қысқанда лимфа бір бағыт бойымен қозғалады. Лимфа қанға қарағанда баяу қозғалады.

Лимфа, оның құрамымен қызметі. Лимфа—организмде қан плазмасының ұлпа аралық кеңістікке сүзіліп, одан әрі лимфа жүйесіне жиналуы нәтижесінде пайда болатын түссіз, сілтілі реакциялы (рН7, 4-9, 0) сұйық. Ол ұлпа сұйығының лимфа капиллярына өтуінің нәтижесінде пайда болады. Лимфа организмнің шын мәніндегі ішкі ортасын қанмен байланыстырады. Лимфаның негізгі қызметі-белоктарды ұлпааралық қуыстан қайтару. Олор ганизмде суды таратуда, сүт түзуде, ас қорытуда, зат алмасу процестерінде маңызды рөл атқарады. Лимфа—мөлдір, сарғыш түсті сұйық. Оның құрамында белоктар және белокқа жатпайтын азотты қосылыстар, глюкоза, минералды заттар, гормондар, ферменттер, дәрмең дәрілер және антиденелер кездеседі. Құрамы жағынан лимфа белоктары плазма белоктарына ұқсас, бірақ олардың мөлшері өтеаз (1-2пайыз). Белоктар мөлшерінің аз болуымен байланысты лимфаның тұтқырлығы мен тығыздығы плазмамен салыстырғанда төменірек. Лимфа құрамында хлоридтер мен бикарбонаттар мөлшері көбірек. Оның әрекетшіл ортасы сілтілік, су тектік көрсеткіші қан плазмасы көрсеткішінен жоғары. Лимфада эритроциттер мен тромбоциттер болмайды, лимфоциттер кездеседі. Фибриногеннің болуымен байланысты лимфаға құю қасиеті тән. Дегенмен, әртүрлі мүшелерде нағып шыққан лимфа құрамы олардың физиологиялық күйіне байланысты өзгеріп отырады. Лимфа айналымы. Лимфа тамырлары веналармен қатарласа орналасып, бүкіл денеге тармақталады да, үлпалардан қанға судың, онда еріген кристаллоидтардың, коллоидты ерітіңділердің оралуын қамтамасыз етеді. Бүл жүйе лимфа капиллярлары торынан, ағзалық майда тамырлар шумағынан, арнаулы қақпақшалар мен жабдықталған ұсақ лимфа тамырларынан, жеке мүшелерден лимфанын егізгі лимфа бағандарына құятын ірі лимфа тамырларынан, лимфа түйіңдерінен және дененің басты лимфа өзектерінен құрылған. Лимфа капиллярлары құрылысы жағынан қанкапиллярларына ұқсас. Олардың эндотелий табақшаларынан түзілген жұқа қабырғалары ұлпааралық қуыстарды астарлай орналасады. Лимфа капиллярларыан астомоздар арқылы жалғасатын каналдар торабын құрып, біртіндеп лимфа тамырларына айналады. Бүл тамырлардың арасында веналардағы тәрізді қақпақшалар орналасады. Лимфа тамырларының өте жұқа қабырғасы дәнекер ұлпалармен бірыңғай салалы ет талшықтарынан құралған. Олардың ішкі қабығы бір қабат эндотелий жасушаларынан түзілген. Ірі лимфа тамырлары қан тамырлары сияқты сезімтал және қозғағыш нерв талшықтарымен жүйкеленеді. Лимфа оны капиллярлардан ұлпа аралық кеңістікке қуған қысыммен еттердің жиырылуының әсерінен ағады. Майда лимфа тамырларында қысым су бағанасымен 8-10 мм деңгейінде болады. Көкірек өзегінің венамен қосылған жеріндегі қысым сынап бағанасымен 4-0 мм шамасында, демек ірі веналардағы қысыммен бірдей. Тыныштық жағдайда тек ас қорыту ағзаларының тамырларында ғана лимфат оқтаусыз ағады. Басқа мүшелерден тыныштық кезінде лимфа ақпайды. Лимфа ағысын бұлшық еттің жиырылуы жылдамдатады. Тыныс алу қимылдарыда лимфаның көкірек қуысына қарай жылжып ағуын қамтамасыз етеді. Лимфа өте баяу жылжиды. Мысалы, жылқының мойнындағы лимфа тамырларында ол минутына 260-300 мм жылдамдықпен ағады. Вена тамырларында бұл аралықты қан бір секунд ішінде өтеді. Ұлпа аралық қуыстардан шыққан сұйық лимфа тамырларына жиналып, аумақтық лимфа түйіндерінен өтеді де, көкірек және мойын өзектері арқылы қуыс веналарға құйылып, оң жүрекшеде вена қанымен араласады. Лимфа тамырлары денеде дренаждық жүйе құрып, мүшелерден жасуша аралық сұйықтың артық мөлшерін алып шығады. Лимфа капиллярларының өткізгіштігі жоғары болғандықтан лимфа жүйесіне әртүрлі бөгде заттар өтіп отырады. Олар биологиялық сүзгі (фильтр) қызметін орындайтын лимфа түйіндерінде сүзіледіде, торлы эңдотелий жасушаларының қатысуымен залалсызданады. Лимфа түйіндерінде лимфоциттерде түзіледі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

        1. Қ. Дүйсембин, 3. Алиакбарова, Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы, -Алматы, 2003ж.

        2. Ж. Д. Демеуов, Б. Я. Байназарова, З. М. Алиакбарова, А. М. Бекетов Мектепке дейінгі балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы. Алматы 1995ж.

        3. Т. Ш. Шарманов Питание издоровье. Алматы 1974ж.


ПРОЛАКТИНГРОМОНЫНЫҢ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ
Медетова Г. Ж. , магистр оқытушы, Қабылбек Б. , Қонысбек Ш. , Бақытнұр А. 3-курс, Т113-14 тобының студенттері

Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы



Summaru

Prolactin-itone of types of hormones. This hormoneis producedina hypop hysis, (cerebrum).

Резюме

Пролактин—это один из видов гормонов. Данный гормон вырабатывается в гипофизе, (головной мозг).

Гиперпролактинемиялық гипогонадизм (ГГ)—пролактиннің артық мөлшерде бөлінуінен туындаған, клиникалық гипогонадизммен және сүт бездерінен патологиялық бөліністің болуымен (міндетті емес көрініс)сипатталатын клиникалық синдром (2. 3кесте).



2. 1кесте. Гиперпролактинемиялық гипогонадизм (ГГ)

Этиологиясы

1. Жеке аурулар (микропролактинома, макропролактинома, идиопатиялықГГ)

2. Басқада гипоталамус-гипофиз ауруларымен бірлескен (гормональды-белсенді емес аденома, «бос» түрі кершігі синдромы және т. б).

3. Симптоматикалық ГГ (медикаментозды, біріншілік гипотиреоз, бүйрек жеткіліксіздігі)


Патогенезі

Пролактин гонадолиберин, ЛГ, ФСГ циклді бөлінуін тежейді, аналық бездің гиполютеинді дисфункциясы, ановуляция, гипоэстрогения

Эпидемиологиясы

Пролактинома-жиі дамитын гипофизаденомасы. Микропролактиномалар жиі әйелдерде дамиды, макропролактинома екі жыныста да бірдей жиілікте анықталады. Гиперпролактинемия 1:500 жиілікте кездеседі. Гиперпролактинемия олигоменорея көрініс берген әйелдердің 8%-да дамиды

Басты клиникалық көріністері

Менструальды циклдің бұзылыстары, бедеулік, патологиялық галакторея, либидоның төмендеуі, эректильды дисфункция, макроаденомалар кезінде хиазмалық синдром, жеңіл гирсутизм, депрессивті бұзылыстар

Диагностикасы

1. Гиперпролактинемияның болуын дәлелдеу

2. ГГ симптоматикалық түрлерін жоққа шығару

3. Бас миының МРТ-сы


Салыстырмалыдиагностикасы

Гипофиздің басқа аденомалары, макропролактинемия, соматикалық патология (бүйрек шамасыздығы және т. б.), физиологиялық галакторея, жүйкелік-рефлекторлы галакторея

Емі

Дофаминагонистері (бромкриптин, каберголин), салыстырмалы сирек резистенттілік дамыса макроаденома жағдайларында-хирургиялық ем

Болжамы

Оңтайлы: хиазмалық синдром көрініс берген макропролактиномала кезіндеде дофаминагонистерінің әсері жоғары.

Гиперпролактинемия және ГГ терминдері синоним болып табылмайды. Гиперпролактинемия (пролактиннің сарысудағы деңгейінің жоғарылауы) физиологиялық (жүктілік кезінде, лактацияда, жаңа туылған нәрестелерде), симптомсыз (биохимиялық) және патологиялық болып жіктеледі.



Этиологиясы

ГГ этиологиялық жіктемесі 2. 4 кесте көрсетілген. Ол жеке ауру немесе қандайда бір гипоталамус-гипофизпатологиясының нәтижесі немесе симптоматикалық сипатқа ие болуы мүмкін.

БұрынГГ-ның идиопатиялық түрлерін (аденома жоқ), микропролактинома және макропролактиноманы қарастыратын концепция болатын, ол бойынша гипоталамустың пролактин секрециясын тежейтін әсерінің болмауынан немесе төмендеуінен, алдымен пролактотрофтардың гиперплазиясы, кейіннен гипофиздің микро-және макроаденомалары қалыптасатын, яғни бір патологиялық үрдістің сатылары ретінде қабылданған.
2. 2кесте. Гиперпролактинемиялық гипогонадизмнің этиологиясы


Жеке ауру

  • Микропролактинома

  • Макропролактинома

  • Идиопатиялық ГГ

Басқа гипоталамус-гипофиз ауруларымен тіркесуі

  • Соматопролактинома, соматотропинома, кортикотропинома

  • «Бос» түрікершігі синдромы

  • Гормональды белсенді емес гипофизаденомалары

  • Супраселлярлы аймақтың көлемді түзілістері (краниофарингиома, глиома, эктопиялықпинеалома, менингиома және т. б.)

  • Гипоталамус-гипофиз аймағындағы инфильтративті үрдістер (гистиоцитоз Х, саркаидоз, лимфоцитарлы гипофизит)

Симптоматикалық ГГ

  • Шеткері эндокринді бездердің патологиясы

  • Біріншілік гипотиреоз

  • Аналық без поликистозы

  • Бүйрек үсті бездері қыртысының туа біткен дисфункциясы

  • Антидофамин омиметикалық белсенділікке иемеди каменттерді (метоклопрамид, нейролептиктер, антидепрессанттар, метилдофа, омепразол, зидовудинжәнет. б.), наркотиктерді қабылдау

  • Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі

  • Гипофизден тыс пролактин өндірілуі


Макропролактинемияға айқын симптоматика немесе, емдеуді қажет етпейді және кездейсоқ анықталады (симптомсыз, биохимиялық гиперпролактинемия).

Патогенезі

ГГ патогенезінің негізінде гонадолибериннің циклді бөлінуін тежейтін пролактиннің гиперсекрециясын нәтижесінде ЛГ, ФСГ циклді бөлінуінің төмендеуі, аналық бездердің гиполютеинді дисфункциясы, ановуляция, гипоэстрогения дамиды.

Симптомдардың бірқатары пролактиннің экстрагенитальды әсерінен туындайды: көмірсулардың майға айналуының артуынан семіздік; бүйрек үсті безінде де гидроэпиан дростерон өндірілуінің ынталануынан «жеңіл» гиперандрогения; гиперпролактинемия, остеопениясиндромының қалыптасуына әкеледі, яғни эстроген тапшылығының ауырлауынан D дәруменінің алмасуына әсер етеді. Пролактин лактацияны дамытады және либидоны төмендетеді. Гиперпролактинемия көрінісінде дамитын эстроген тапшылығы диспареуниямен семіздіктің дамуына жол ашады.

Эпидемиологиясы

Пролактинома-жиі дамитын гипофизаденомасы. Аутопсия зерттеулерінің мәліметтері бойынша мәйіттердің 10%- дамикропролактинома анықталған. Микропролактинома макропролактиномамен салыстырғанда бірнеше рет жиі кездеседі, сонын ішінде әйел адамдарда басым. Алмакропролактинома екі жыныстада бірдей жиілікте дамиды. Патологиялық және биохимиялық гиперпролактинемия халық арасында 1:500 жиілікте кездеседі. Гиперпролактинемия олигоменорея көрініс берген әйелдердің 8%-да дамиды. Сырқаттанатын әйелдердің орташа жасы—25–30жас, ер адамдарда—45–50жас.



Клиникалық көрінісі

Клиникалық көрінісі пролактин мөлшерінің жоғарылауына қарамастан симптомсыз ағымнан, айқын клиникалық көріністің дамуына дейін ауытқиды (аменорея, галакторея, бедеулік). [1]



ГГ жиі кездесетін сиптомдары:

              1. Менструальды циклдің бұзылуы: опсоолигоменореядан аменореяға дейін, жиі екіншілік.

              2. Бедеулік (біріншілік және екіншілік) ГГ кездесетін басты шағым, көптеген әйелдер үшін бедеулікті жою емнің басты мақсаты болып табылады. Гинекологиялық қарау барысында жатыр гипоплазиясы, «қарашық» белгісінің, шырыштың «тартылу» белгісінің болмауы мүмкін. Науқастарда пубертатты кезеңге дейін ауырса шүртекей, кіші жыныс еріндерінің гипоплазиясы анықталуы мүмкін.

        1. Патологиялық галакторея ГГсирек алғашқы симптомдарының бірі болады (20% жағдайда ғана). Оның айқындылығы қолмен қысқанда көп мөлшерде және спонтанды түрден бірнеше тамшыларға дейін ауытқуы мүмкін. ГГ-мен сырқаттанған науқастарда популяциямен салыстырғанда фиброзды-кистозды мастопатия және сүтбезінің қатерлі ісігі жиі кездеспейді. Науқастарға жасына сай келмейтін сүтбезінің майлы инволюциясы тән.

  1. Либидоның төмендеуі, аноргазмия, фригидтілік, қынаптағы құрғақтық науқастарда жиі кездеседі, бірақ аталған шағымдар белсенді түрде жиі анықталмайды.

  2. Эректильды дисфункция-ер адамдардың бастышағымы, сонымен қатар олигоспермия болуы мүмкін; гинекомастия және галакторея өте сирек кездеседі.

  3. Неврологиялық симптоматика макроаденома кезінде дамиды (хиазмалық синдром, бастың ауыруы, бассүйек-ми жүйкелерінің салдануы).

  4. Басқада мүмкін болатын симптомдар: орташа семіздік (науқастардың 80%-да), бетте, емізік шелер айналасында, іштің ақсызығы бойымен артық түктену (науқастардың 25%-да), депрессивті бұзылыстар анықталады. [1]

Диагностикасы

  1. Сәйкес клиникалық симптоматикасы бар науқастарда гормональды зерттеу арқылы гиперпролактинемияның бар екенін дәлелдеу. Қанда бір рет ғана пролактиннің жоғары деңгейінің анықталуы ГГ диагнозын қоюға жеткіліксіз. Пролактин деңгейінің өзіде ГГ генезі жөнінде ой түюге қосалқы әсер етуі мүмкін. Пролактин деңгейі 3000м Ед/ л жоғары болса, гипофизаденомасына күмән туады. Идиопатиялық және медикаментозды ГГ кезінде пролактин деңгейі әлдеқайда төмен болады.

  2. ГГ-нің симптоматикалық түрлерін жоққа шығару (қалқанша бездің функционалдық жағдайын анықтау, аналық бездің поликистозды синдромын, бауыр және бүйрек жеткіліксіздігін, жүйке-рефлекторлық және медикаментозды әсерлерді жоққа шығару).

  3. Аденоманы визиуальзациялау немесе ГГ–нің идиопатиялық сипатын анықтау мақсатында бас миының МРТ жасалады.


Емі

1. Дофаминагонистерімен медикаментозды терапия микро және макропролактиномалар, идиопатиялық ГГ кезінде тағайындалады. Олар гипофизарлы дофаминергиялық рецепторларды ынталандыра отырып, пролактин синтезімен бөлінуін бөгейді, пролактотрофтарда ми тоз жиілігін төмендетеді, пролактин секрециялайтын гипофизаденомаларының өсуін тежейді. Науқастардың басым көпшілігінде пролактин секрециясының қалпына келуі гипоталамустың циклдік белсенділігінің қалыптасуына, гонадотропты гормондар өндірілуінің жоғарылауына, екі фазалы мен струальды циклдің, фертильдіктің қалыптасуына әкеледі. Сонымен қатар, шынайы пролактиномалардың көлемдері кішірейеді, осыған орай медикаментозды терапия хиазмалық синдром және неврологиялық симптоматика дамыған макропролактиномалар кезіндеде қолданылады. Бедеулікті емдеген дедофаминомиметиктерді (бромкриптин немесе каберголин) жүктілік орнағаннан кейін тоқтатады. [2]

бромокриптин осы топқа жататын алғашқы дәрілік зат және ол дофаминрецепторларына селективті емес әсер етуімен қысқа жартылай бөліну уақытымен ерекшеленеді. Бромкриптинді тәулігіне 1–3 рет 1, 25 мг–нан тамақ кезінде қабылдаудан бастап, кейін мөлшерін 2, 5 мг–ға дейін жоғарылатып, күніне 2–4 рет қабылдайды. Бромкриптиннің бір реттік мөлшері пролактин секрециясын орташа 12 сағатқа тежейді. Жағымсыз көріністері (лоқсу, ортостатикалық гипотензия, іш қату) әдетте қысқа мерзімді және дәрі мөлшерін төмендеткенде жоғалады.

каберголин дофамин D2-рецепторларының селективті агонисті; пролактин өндірілуін ұзақ және әсерлі тежейді, осыған орай 0, 25–2 мг мөлшерде аптасына 1–2 рет қабылдау жеткілікті (қажет болған жағдайда 4, 0 мг немесе одан жоғары мөлшерде).

2. Хирургиялық ем дофаминомиметиктерге резистентті макропролактиномалар кезінде көрсетілген. Мұндай аденомалар ақырын даиммуногисто химиялық зерттеу нәтижелерінен кейін шынайы пролактинома емес, ГБЕГА немесе аралас ісік екені анықталады. [1]

Болжамы

Шынайы микро-және макро пролактиномалар кезінде дофаминомиметиктермен терапия жақсы әсер береді, яғни ісік көлемін кішірейтеді және пролактин деңгейімен фертильдікті қалыптастырады. Емдеуді тоқтатқаннан кейінгі науқастардың 5–10%- да ұзақ (5 жылдан астам) ремиссия байқалады. Науқастардың 1/3 мен опаузадан кейін гиперпролактинемияның өздігінен ремиссиясы болуы мүмкін. Кей жағдайларда ремиссия босанудан кейін орнайды.


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

              1. И. И. Дедов, Г. А. Мельниченко, В. В. Фадеев Эндокринология: оқулық, өңделіп, толықтырылған 2- ші басыл. -ГЭОТАР -Медиа, 2009. -432б. :ил.

              2. Төлеуханов С. Т. Қалыпты физиология. – Алматы, 2002.

        1. NindlB. C. etal. Twenty-hourgrowth hormone secretory profiles after a erobican dresistan ceexer cise//Medicine and scien cein sport sandex ercise. –2014



ГИДРАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ

К. А. Шатанова магистр оқытушы, М. А. Маңқара 2-курс, БГ-115тобы студенті.

Қазақстан инженерлі-педогогикалық Халықтар достығыуниверситеті.



Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы.
Summaru

Hydra-like plant, around the mouthare 5-8 tentacles, the mouth of the hydrapassin to thein testinal cavity, sohyd rasare called coelenterates

Резюме

Гидра-похожанарастение, во кругртарасположены 5-8 щупалец, ротовое отверстие гидры переходят в кишечную полость, поэтому гидрыназываются кишечно полостные
Гидралар (Hydrozoa)-ішек қуыстылар типінің омыртқасыз жануарлар отрядына жататын жыртқыштар. Қазір гидралардың 10-нан астам түрі белгілі. Соның ішінде Қазақстанда кәдімгі гидралар (Hydravulgarіs), жасыл гидралар (Chloro hudravіrіdіssіma), сабақ тәрізді гидралар (Pelmatohud raolіgactіs) кездеседі. Гидралар–дене тұрқы 1см-ге дейін жететін цилиндр пішінді, тұщы суда мекендейтін полип. Ол табанымен су астындағы өсімдіктерге, тасқа, т. б. Заттарға жабысып, баяу қозғалып, тіршілік етеді. Гидралардың денесі эктодерма және энтодерма қабаттарынан тұрады. Аузының айналасында 6–12 қармалауыштары бар. Қармалауыштарының және атпа клеткаларының көмегімен ұсақ жәндіктерді, әсіресе, шаянтәрізділерді ұстап алып жұтады. Энтодер мақабатына түскен қорегін жасуша ішінде қорыту үшін олардың безді жасушалары ас қорыту сөлдерін бөледі. Қорытылмаған қалдықтары ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Гидралар жынысты және жыныссыз (бүршіктену арқылы) жолмен көбейеді, дара жыныстыда, гермафродит түрлеріде кездеседі. Гидралардың қайта қалпына келу қасиеті өте жоғары дамыған, мыс, денесінің мөлшері 1мм-ге жетпейтін особь (дарабас)тезарада біртұтас Гидралар қалпына келеді. Гидралар негізінен лаб-да тәжірибе жасау үшін пайдаланылады. Сыртқы құрылысы. Денесі екі бөлімнен тұрады: үстіңгі бөлім–ауыз тесігі және қармалауыштар; қарын бөлімі–гастральды қуыс және табаны; Гидратабаны арқылы жерге (субстрат)бекінеді. Жүйке жасушалары–эктодермада дифузды түрде, яғни шашыранды орналасқан, көбінесе ауыз шеттерінде және табанда көбірек болады. Бұл жасушалар шартты рефлекстер түзе алады. Аралық жасушалар–эпителиальды жасушалардың арасында кездеседі, діннің қызметін атқарады. Барлық басқада жасушаларға бастау береді. Энтодерма қабатында: Екі негізгі типтері бар: эпителиальды-бұлшық етті ас қорыту және безді жасушалардан тұрады. Жасушалары бұл шық етті талшықтардан тұрады, бір-біріне перпендикуляр орналасады. Олар ас қорыту қуысын алитикалық ферментте рбөледі. Гидра жыртқыш жануар болып табылады, ол көбінесе дафниялармен, циклоптармен және қарапайымдылармен қоректенеді. Зоолог Герданың айтуы бойынша гидра ұсақ балықтарды да жеуі мүмкін. Гидрақоректтік заттарды екі түрлі жолмен сіңіреді: Фагацитозарқылы; Асқорыту қуысында гидроликалық ферменттер арқылы. Көбеюі-Жынысты және жыныссыз көбейеді. Жыныссыз көбею–жаз кезінде бүршіктену арқылы жүреді. Бүршіктену кезінде дененің ортаңғы бөлімінде бүршік пайда болады. Олардан жас гидралар дамиды. Біраз уақыт жас гидралар орнынан қозғалмай сол жерінде қала береді. Жынысты көбею–күз айында өтеді. Барлық гидра тірізділерде гаметааралық жасушалардан түзіледі. Еркек гидрада олар көп бөліне бередіде, сперматазоидттар жиынтығы пайда болады. Ал ұрғашы гидрада әр аралық жасуша бір жұмыртқа-жасушаға бастау береді. Ұрықтану ана денесінде жүреді. Жынысты көбею кезінде судағы температура төмендейді. Регенерация. Гидраның ерекше бір қасиеті бар-оны екіге бөлсе, сондай-ақ бірнеше бөліктерге бөлшектесе, әрбір бөліктер өз алдына жеке гидра бола алады, мұның негізгі себебі-гидра денесінің сыртқы қабатында ядросы өте үлкен жасушалар болады. Олар аралық жасушалар деп аталады. Гидраның денесі зақымданған кезде аралық жасушалар қауырт өсе бастайды да тері-бұлшық ет, жүйке, атпажасушаларын түзеді. Сөйтіп гидраның зақымданған бөлігіндегі жойылып кеткен жасушалар аралық жасушалардан қайтадан пайда болады. Денедегі зақымданған немесе жойылып кеткен үлескінің бұрынғы қалпына келу құбылысы регенерация деп аталады. Регенерация құбылысы көп жасушалы жануарлардың барлығында белгілі шамада (шұбалшаң екіге бөлінсе-әр бөлігінен жаңа құртпайда болады, кесірткенің құйрығы үзіліп, қайта өсіп шығады, адамның терісі жарақаттанса, қалпына келеді және т. б. )байқалады.
Өкілдері:1. Гидра Тұщы су гидрасы; 2. Обелия.

Тұщы су гидрасының тіршілігі және сыртқы құрылысы. Гидрасуы таза, оттегіне бай баяу ағатын өзендерде, көлдерде, тоғандарда мекендейді. Ол көбінесе су өсімдіктерінің сынып түскен бұтақтарында мекендейді. Гидра өсімдікке ұқсас келеді. Оның қимылдайтын қармалауыштары бар денесі, сабақшасы және бір нәрсеге бекінетін табаны болады. Гидраның 5-8 салалы қармалауыштары ауыз қуысының айналасына орналасады. Гидраның аузы ішек қуысына жалғасады, сондықтан ол-ішек қуысты жәндік. Нашар қозғалатын гидра-жан-жаққа сәулелерше таралған бөліктерге тең бөлінетін сәулелі симметриялы жәндік. Гидраның қапшық тәрізді денесі жасушалардың екі қабатынан: сыртқы қабаты-эктодерма, ал ішкі қабаты энтодермадан құралады. Сыртқы қабатында тері-бұлшықет, жүйке және атпажасушалар орналасады. Тері-бұлшықет жасушалары-гидраденесіндегі ең көп кездесетін жасушалар. Олар бірімен-бірі жанасып, гидраның жабынын түзеді. Жасушалардың әрқайсысының түбінде жиырыла алатын бұлшық етті талшық болғандықтан, гидра табанымен және қармауыштарымен бір жерден екінші жерге адымдап, "тоңқаңдай"қозғалады. Егер гидраның барлық бұлшық етті талшықтары бірмезгілде жиырылса, гидраның денесі тартылып, қысқарады. Атпа немесе қалақай жасушалар гидраның сыртқы қабатында орналасады. Атпа жасушалар гидраның бүкіл денесінде, әсіресе қармалауыштарда өте көп болады. Атпа жасушалар гидраны жауынан қорғайды және сол арқылы жемін аулайды. Гидраның сыртқы қабатынан аралық және сезімтал жасушалар кездеседі. Гидра сыртқы қабаттағы безді жасушадан бөлінетін желім тәрізді зат арқылы қимылдайтын табаны мен қармалауыштарын нәрсеге уақытша орнықтыра алады. Гидраның сыртқы қабаты мен ішкі қабатының аралығында ұзынынан созылған тірек тақташасы болады, мұны гидраның қаңқасы дейді.

Тыныс алуы және зәр шығаруы. Гидрада арнаулы тыныс алу және зәр шығару мүшелері болмайды. Ол бүкіл денесі арқылы суда еріген оттегіні іщке сіңіріп, қажетсіз көмірқышқыл газды сыртқа шығарады. Зәр шығаруы бүкіл денесі мен жүзеге асады. Гидрада арнаулы тыныс алу және зәр шығару мүшеелері болмайды. Ол бүкіл денесі арқылы суда еріген оттегіні сіңіріп, көмірқышқыл газын сыртқа шығарады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


              1. Қ. Қайым, Б. Муханов, Р. Сәтімбекұлы, М. Шаймарданқызы, "Жануартану" (1998), 31б. , ISBN5-625-03599-7

        1. Қазақ энциклопедиясы

        2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі

        3. Жоғарыға көтеріліңіз↑Биология оқулығы, 6 сынып, Жүнісқызы К. , Әлімқұлова Р. , Жұмағұлова Қ. "Атамұра", 2011


СҮТҚОРЕКТІЛЕРГЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Сембаева Р. , аға оқытушы, Еркін Г. 2-курс, БГ-115тобы студенті.

Қазақстан инженерлі-педогогикалық Халықтар достығы университеті. Шымкент қаласы, ҚазақстанРеспубликасы.


Summaru

The main priests of mammals, stable body temperature, breast feeding, developed off spring. Well-developed brain, easily adaptto the new situation.

Резюме

Основные признаким лекопитающихся, стабильная температура тела, грудное вскармливание, развитое потомство. Хорошо развитый мозг, легкоадаптируются к новой ситуации.
Сүтқоректілер (лат. Mammalia)–жануарлардың хордалылар типіне жататын, құрылысы жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлар класы. Сүтқоректілерге ұрпағын тірі туып, сүтімен асырайтын жылықанды жануарлар жатады. Қазіргі кезде сүтқоректілердің 5000-ға жуық түрлері жер шарының барлық аймақтарында кеңінен таралған. Олар түрлі табиғи орта жағдайларында (суда, аспанда ұшып жүріп, жер астында, құрлықта, ағаш басында) тіршілікетеді. Сүтқоректілерді зерттейтін зоология ғылымының саласын «маммалогия» (лат. «маммалис»- емшек+гр. «логос»-ғылым), кейде«териология» (грекше«терион»-аң, +«логос»-ғылым)депте атайды. Алайда олар әртүрлі ортада–құрлықта болсын, суда болсын, ауада болсын–кез-келген жағдайда, кез-келген климатта өмір сүруге бейім келеді. Олардың миы (дене мүшелерінің өзгелеріне қарғанда)басқа жануарлар мен салыстырғанда үлкен болады. Сүтқоректілер қатарынан құрлық пен теңіздің ең үлкен жануарлары–мұхитта киттер және құрлықта пілдер болып табылады. Олардың тұрқы 4см, салмағы 1, 2 грамдық, сондай-ақтұрқы 33м, салмағы 150 тонна тартатындары да бар. Денесі түкпен қапталған, алдыңғы ми сыңарларының сыртында ми қыртысы жақсы дамыған. Қаңқасы бассүйек, омыртқа жотасымен [кеуде қуысы], иық белдеуімен алдыңғы аяқтардан және жамбас белдеуімен артқы аяқтардан тұрады. Сүтқоректілердің мойын омыртқасы-7. Бассүйекке астыңғы жақ сүйек қозғалмалы (буын арқылы)байланысқан. Бассүйектегі басқа сүйектер бірімен-бірі жіктесіп, тұтасып кеткен. Омыртқаларының беті жалпақ (платицельді). Мойын омыртқасы 7 (6 болуы сирек, тек кейбір теңіз сиырларда) не 8-9 (жалқау аңның кейбір түрі). Көбінің аяғы бессаусақты, бірақ көбіне қатты өзгерген, мысалы, тақтұяқты (жылқы), ескектәрізді (итбалық, кит), қанаттәрізді (жарқанат). Кейбір түрінің артқы аяқтары жойылып кеткен (рудимент түрінде ғана сақталған). Кеуде қуысымен құрсақ қуысын көкет (диафрагма)бөліп тұрады. Бұлшықеттері; Сүтқоректілердің бұлшық еттері жақсы дамыған. Әсіресе алдыңғы, артқы аяқтарындағы бұлшық еттер түрлі бағытта орналасқан. Бассүйектегі шайнау бұлшық еттерінің бәрі астыңғы жақ сүйекпен байланысады. Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын көкет (диафрагма)пайда болған. Көкет тыныстық қозғалыстарға (тынысалу, тынысшығару)қатысады. Асқорыту жүйесі: Сүтқоректілердің ас қорыту жүйесі күрделілене түсіп, еттіеріндер пайда болған. Езуден шықшытқа дейінгі жақ сүйекті иек пен жалғастырып, тұтастыратын бұлшық ет деп аталады. Үстіңгі және астыңғы жақ сүйектердің ұяшықтарында тістер орналасқан. Олар құрылысына, атқаратын қызметіне сәйкес күрек, сойдақ, кіші және үлкен азу тістер деп бөлінеді. Алдымен сүттістері өсіп, кейін түсіп, орнына тұрақты тістер шығады. Ауыз қуысына 3-4 жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады. Ауыз қуысы-жұтқыншақпен, ол өңеш арқылы қарынмен жалғасады. Қарындағы көптеген ұсақ бездер қарын сөлін бөледі. Күйіс қайыратын жануарлардың (әсіресе сиырда)қарны көп қуысты. Оны үлкен қарын (тазқарын), жұмыршақ (тақияқарын), қатпаршақ (қырыққатпар)және ұлтабар деп 4 бөлімге бөледі.

Тыныс алу жүйесі: Ауа өтетін мүшелермен өкпеден тыныс жүйесі құралады. Ауа өтетін мүшелерге танау тесіктері, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, ауа тамырлар жатады. Сүтқоректілер өкпесінің іші көптеген перделер арқылы қуыстарға бөлінген. Оларды өкпе көпіршіктері (альвеолдар)деп атайды. Өкпе көпіршектерінің сыртын қылтамырлар торлайдыда, сол жерде газалмасу жүреді. Кеуде қуысының кейдекеңейіп, кейде тарылуына сәйкес өкпеге ауа енеді және кері шығады.

Қанайналым жүйесі: Қанайналым жүйесі–құстарға ұқсас, жүрегі толық төрт қуысты. Артерия қанымен вена қаны араласпайды. Сүтқоректілердің құстардан айырмашылығы солжақ қарыншадан басталатын қолқатамыры солжақ қолқа доғасын құрайды. Құстарда оңжақ қолқа доғасы болады. Қан денеде газ бен қоректік заттарды тасымалдайды.

Зәршығару жүйесі: Екі бүйрек, 2 несепағар түтігі, сыңарқуық және зәршығару өзегінен зәршығару жүйесі түзіледі. Жүйкежүйесі:Жүйке жүйесі–күрделі құрылыста. Әсіресе мидың көлемі үлкен. Алдыңғы ми айқын ми сыңарларына бөлінген. Ми сыңарларының сыртындағы көптеген иірім, сайшалар ми қыртысының көлемін ұлғайтады. Сүтқоректілердің күрделі қозғалыс әрекетіне байланысты мишығы да жақсы жетілген. Мишықтың сыртында сайшалар, иірімдер көп. Миының үлкен жарты шарлары жақсы дамыған.

Сезім мүшелері: Сүтқоректілердің иіс сезуі өте жақсы дамыған. Олар иіс сезуі арқылы қорегін іздеп табады, жауынан қорғанады, жұп құрады. Тек суда тіршілік ететін киттерде иіс сезуі өте нашар дамыған. Көпшілік сүтқоректілерде есту мүшесі жақсы жетілген. Сүтқоректілерде сыртқы құлаққа жататын құлақ қалқаны пайда болған. Дыбыс толқындарын солар қылықабылдайды. Тек суда, жерастында тіршілік ететін сүтқоректілерде құлаққалқаны болмайды. Сыртқы және ортаңғы құлақ арасыда былжарғағымен бөлінген. Сүтқоректілердің ортаңғы құлақ қуысында балва, төс, үзеңгі сүйектері болады. Қосмекенділерде, жорғалаушыларда және құстарда бір ғана үзеңгі сүйегі болатынын еске түсіріңдер. Жарқанаттар, түлендер, дельфиндер өздерінен шығарған өте әлсіз дыбыс жаңғырықтарын қайта қабылдайалады.

Көбею мүшелері: Сүтқоректілер-даражынысты. Олар іштей ұрықтанады. Ұрық аналық жыныс мүшесі-жатырда дамып жетіледі. Жатырдың қабырғасында ұрықпен аналық ағзаның арасында арнайы мүше «ұрық молдасы» (плацента) пайда болған. Ол зат алмасуды реттеп отырады. Оны малдың шуы депте атайды. Сондықтан жоғары сатыдағы сүтқоректілерді «ұрық жолдастылар» деп атайды. Жатырдың қабырғасында ұрықтың дамып жетілуі, сүтқоректілердің жеке түрлеріне байланысты түрлі мерзімді қамтиды. Мысалы, үй қоянның буаз болу мерзімі бір ай. Жабайы қоян 45-51күн, бұғылар 8-9ай, жылқы 10ай, түйе 12-13 айда төлдейді. Халық ұғымында «12 түйе, 10 жылқы, 9сиыр, 5 ешкі, 1, 5 қоян, 3 түлкі, таба алмасаң, бұл күлкі!» деген жұмбақта әр бір жануардың буа болу мерзімі нақты айтылған.

Мінез-қылығы: Алдыңғы ми сыңарларында иірімдер мидың көлемін арттырып, сүтқоректілердің шартты рефлекстерінің түзілуіне жеңілдік жасайды. Сыртқы ортадан келген сансыз хабарларға орай алуан түрлі шартты рефлекстер қалыптасады, тіршілікортасыныңөзгерісінебейімделуарқылыжануарлардажаңабайланыстарпайдаболады. Мысалы, сүтқоректілердің баласы дүниеге келісімен анасының сүтін қорекетеді, ата-енесінің бауырында жүріп, ата-енесі пайдаланатын азықпен қоректенуге бейімделеді. Егер жытрқыштың баласы болса-етпен, ал өсімдік қоректі жануардың баласы-өсімдікпен қоректенудің әдісіне үйренеді.

Экологиялық топтары: Сүтқоректілер басқа жануарлармен салыстырғанда түрлі табиғи орта жағдайларын жақсы бейімделген. Жер шарында кеңінен таралған. Олар құрлықта, ауада, ағаш басында, жер астында, түрлі су айдындарында тіршілік етеді. Әр түрлі орта жағдайларында тіршілік етуіне байланысты сүтқоректілерді бірнеше экологиялық топтарға бөледі: Құрлықты мекендейтін сүт қоректілер-Антарктидадан басқа құрлықтарда кеңінен таралған және көптеген түрлерді қамтиды. Олар ашық жерлерде, бұта мен ағаш арасында, кейде ағаш басында кездеседі. Ашық жерлерде сар шұнақтар, суырлар, қосаяқтар мекендейді, Тұяқты сүтқоректілер: құлан, жолат, ақбө, қарақұйрық, арқарларда құрлық аңдары. Бұта мен ағаш арасынан бұғы, бұлан, аю, сілеусін, бұлғындарды кездестіруге болады. Жер астында тіршілік ететін сүтқоректілер-көртышқандар, соқыр-тышқандар, қалталы көртышқандар жатады. Олар тіршілігінің көп бөлігін жер астындағы індерінде өткізеді. Алдыңғы аяқтарымен күрек тістері жақсы жетілген. Топырақ арасындағы жәндіктермен қоректенеді. Суда тіршілік ететін сүтқоректілердің тіршілігі тікелей сулы ортаға байланысты. Оған құндыздар, жұпартышқандар, ондатрлар, кәмшаттар, түлендер, киттержатады. Түлендер көбею, төлдеу кезінде ғана құрлыққа (субетіндегі қатқан мұзға)шығады. Қалған уақытта суда тіршілік етеді. Киттердің барлық тіршілігі су ішінде өтеді. Ұшатын сүтқоректілерге қолқанаттылар (жарқанаттар) жатады. Өте ұзын 2-5 саусақтарының арасында, денесінің екі қапталында жұқа терілі жарғағы болады. Олар жарғақты қанаттың көмегімен ауада өте жылдам ұшады. Шаруашылықтағы маңызы: Сүтқоректілердің шаруашылық маңызы зор. Жабайы аңдардан мамық тері, былғары, ет, май, панта (дәрілік мүйіз), мускус, т. б. Өнімдер алынады. Бұлардың бірқатар түрлері (суыр, тиін, ондатр, түлкі, бөкен, т. б. )кәсіптік және әуесқойлық мақсатта ауланады. Кейбір сүтқоректілер (кемірушілер, жыртқыштар) адам мен мал арасына түрлі аурулар (оба, аусыл, құтыру, туляремия, сарып)таратады. Тышқан, тоқалтіс, егеуқұйрық, т. б. –аңдар және орман жыртқыштарының зиянкестері. Республикадағы аса байс үтқоректілердің фаунасы мал шаруашылығының аса бағалы генофондысына айналды. Биязы жүнді қой мен арқарды будандастыру нәтижесінде жаңа қойтұқымы–қазақтың арқар-мериносы, үй шошқасын жабайы шошқамен будандастыру арқылы жетісушошқасы шығарылды.



Класстармақтары: Қазіргі кездет іршілік ететін сүтқоректілер 2 класс тармағына жіктеледі. Олар: ілкі аңдар және қазіргі аңдар.

  • Ілкі аңдар (алғашқы аңдар)немесе жұмыртқа салатын сүтқоректілер жұмыртқа салады. Құстарға ұқсас клоакасы болады. Оған Австралия және сол аймақтағы аралдарда кездесетін үйрек тұмсық, түрпі (ехидна), түрпітек (проехидна) жатады.

  • Қазіргі сүтқоректілер немесе аңда екі топқа (төменгі және жоғары сатыдағы аңдар)бөлінеді. Төменгі сатыдағы аңдарды «қалталы сүтқоректілер» депте атайды. Олардың басым көпшілігі Австралияда, аздаған түрлері Оңтүстік Америкада таралған. Ұрпақтары өте кіші әрі әлжуаз. Ұрпағын аналықтары құрсағындағы қалтасына салып, оның ішкі жағындағы сүт бездерінен бөлінетін сүтімен асырайды. Қалталы сүтқоректілер бұдан 140 млн жыл бұрын пайда болған.

Қазіргі кездегі сүтқоректілердің көпшілігінің ұрығыан алықтарының жатырында дамып жетіледі.

Сүтқоректілердің қорғау: Соңғы кездерде халық шаруашылығының қарқынды дамуына байланысты қоршаған ортаға төнген экологиялық апаттар жан-жануарлар дүниесінің азаюына, тіпті кейбір түрлерінің жойылып кетуіне әсер етуде. Республикада сүтқоректілердің 40-тан астам түрі қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына”, ал соның ішінде жұпартышқан, қызылқасқыр, қабылан, қарақал, барыс, құлан, Мензбирсуыры Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген. Зоология ғылымының сүтқоректілерді зерттейтін саласын териология деп атайды.

Сүтқоректілермен жорғалаушылардың ұқсастықтары: Сүтқоректілермен жорғалаушылардың дене құрылысында, тіршілік әрекетінде көптеген ұқсас белгілер (мүйізді қабыршақтар, тырнақтар)көп. Ұрықтарының дамуыда ұқсас. Бұл белгілер олардың туыстық жақын екенін көрсетеді. Бұдан 250—180 млн жыл бұрын аң тісті кесірткелер тіршілік еткен. Олардың тістері қазіргі кездегі сүтқоректілерге ұқсас күрек, сойдақ, азутістерге жіктелген. Бірте-бірте олардың денесінің сыртында түкті жабын пайда болып, дене температурасы тұрақтанған. Сүтқоректілердің көптеген түрлері өсімдіктермен қоректенуге көшкен. Жыртқыштық жолмен қоректенетіндеріде бар. Жоғары сатыдағы сүтқоректілердің сан алуан түрлері бұдан 90—70 млн жыл бұрын жер бетінде кеңінен таралған.

Сүтқоректілер-көпшілігінің денесін түк қаптаған, дене температурасы тұрақты, ұрпағын сүтімен қоректендіретін, жоғары жаратылымды жануарлар. Миы жақсы жетілген, сондықтан қалыпты жағдай өзгергенде мінез-құлығында өзгертіп, жаңа жағдайға оңай бейімделеді. Жылықанды және қан айналымының екі шеңбері толық ажыраған. Өкпесінде өкпе ұяшықтары болғандықтан, газ алмасу беті ұлғайған. Сондықтан зат алмасу үдерісі жоғары деңгейде өтеді. Аналық денесінде ұрпағын көтеруге мүмкіндік болғандықтан және оны сүтімен қоректендіре алатындықтан, сүтқоректілерөзге ағзалардан ерекшеленеді. Қазіргі сүтқоректілер негізгі екі класс тармағына бөлінеді. Олар ілкі аңдар (немесе жұмыртқа салатын сүтқоректілер)және қазіргі аңдар (немесе қалталылар және қағанақтылар)класс тармағы деп аталады. Жұмыртқасалатын, ұшатын, суда жүзіп өмір сүретін, құрлықта мекендейтін сүтқоректілер бар. Бұлардың көпшілігі төрт аяқпен жүреді

Сүтқоректілер-көпшілігінің денесін түк қаптаған, дене температурасы тұрақты, ұрпағын сүтімен қоректендіретін, жоғары жаратылымды жануарлар. Миы жақсы жетілген, сондықтан қалыпты жағдай өзгергенде мінез-құлығында өзгертіп, жаңа жағдайға оңай бейімделеді.


ЭМБРИОНАЛЬДЫҚ ДАМУ МЕРЗІМІ ӘРКЕЛКІ ТӨЛДЕРДІҢ ӨСІП-ДАМУ ДИНАМИКАСЫ

Халмурзаева Б. А., б. ғ. к. Доцент, Рахматіллә Ж. И, БГ-114, Примжарова. С., БГ-114

ҚИПХДУ Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы



Резюме

Эмбрионольное резвитие ягненка, зависит от селекционных показателей

Summary

Embryonic devel opment of young animals dependson selective parameters

Жануарлардың өсіп-дамуы басты бес кезеңнен тұрады: эмбрионалдық даму, пост эмбрионалдық даму, есею және көбею, қартаю. Осы аталған кезеңдердiң ауысу ретi генетикалық программамен басқарылады. Онтогенездегi ағзаның дамуының нәсiлдiк программасы кибернетикалы реттеу жүйесі принципiне негiзделген. Мұнда, эмбрионның дамуындағы кибернетикалық реттеу жүйесі жануардың мүшелерi мен органдарының айқындалып өсуiн қадағалау мен реттеу керi байланыс принципiнде жүреді.

Малдардың бойының өсуі мен денесінің дамып-жетілуі үздіксіз байланыста болады. Сондықтанда, әртүрлі реңктегі қара көл қозыларының туылғаннан бастап ересек мал болғанға дейінгі аралықтағы бойының өсуімен дамып-жетілуін білу қойлардың өздері өмір сүретін ғана емес, сондай-ақ белгілі бір ортаға қаншалықты бейім және биологиялық тұрғыдан төзімді екенін анықтауға, сонымен бірге оларда ерекше бағып-қағу жолдарын қолдануға мүмкіндік береді.

Тірілей салмағы әртүрлі еркек қара көлқозыларының анатомиялық құрылымын зерттегенде, олардың тірілей салмағы артқан сайын, қаңқа сүйегімен ішкі органдарының салмағыда артады Егер қаңқа сүйегімен ішкі органдары салмағының қозылардың тірілей салмағына ара-қатынасын процентпен белгілейтін болсақ, онда бұл ара-қатынас кері байланыста болар еді. Қозылардың туылған кездегі салмағы артқан сайын, сүйек қаңқасы мен ішкі органдарының салыстырмалы салмағы аз болады.

Түрлі-түрлі (қозылардың туған кезіндегі салмағы бойынша қозыларға қарағанда біршама төмен және кейінгі жеке даму кезеңінде) қойлардың салмағының төмен болуы, олардың сыртқы ортаға бейімділігін нашарлатады. Жалпы малдың жүн жамылғысының түсі мен пигментация деңгейі оның жеке даму кезеңіндегі тірілей салмағына тікелей байланысты. Қойдың тірілей салмағымен өсу қарқыны, конституциясы және өнімділігі арасында да байланыс бар.

Төл организмнiң эмбриональдi даму кезеңiнде сыртқы орта факторлары оған шешесiнiң организмi арқылы ықпал етсе, оның постнатальдi даму кезеңінде сыртқы орта факторларымен тiкелей әсерге түседi. Төлдiң ата-анасынан алған нәсiлдiк информациясы онтогенезде сыртқы ортафакторларының белсендi әсерiнен ретiмен фенотиптеiске асады. Биология ғылымының ең маңызды мәселелерінің бірі, осы саланың даму кезеңінен бастап зерттеліп келе жатқан мәселе–саулық қой мен оның іштегі төлінің арасындағы қарым-қатынасы және ағзаның тұтастай сыртқы ортамен байланысы екені белгілі. [1]. .

Малдың өсіп-жетілуі аналық клетканың ұрықтанған сәтінен бастап, мал әбден қартайғанға дейінгі аралықта оның клеткаларында болатын заттардың және мал мүшелерін түзетін процестердің сапалы өзгеруі. Малдардың бойының өсуі мен денесінің дамып-жетілуі үздіксіз байланыста болады. Сондықтанда, әртүрлі реңктегі қара көлқозыларының туылғаннан бастап ересек мал болғанға дейінгі аралықтағы бойының өсуі мен дамып-жетілуін білу қойлардың өздері өмір сүретін ғана емес, сондай-ақ белгілі бір ортаға қаншалықты бейім және биологиялық тұрғыдан төзімді екенін анықтауға, сонымен бірге оларда ерекш бағып-қағу жолдарын қолдануға мүмкіндік береді

Іштегі төлдің қоректенуі аналық ағзаның ішкі ортасының күшімен атқарылады, өз қаны арқылы даму үстіндегі іштегі төлді қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етіп, іштегі төлдің зат алмасу кезіндегі пайда болған заттарын қабылдап, оларды залалсыздандырады.

Белгілі болғандай, бірінші екі кезеңде (ұрық кезі және төл болар алдындағы жетілу) ұрықтың дамуына анасы жағынан айтарлықтай көп қуаттық заттар қажет емес, ал іштегі төлді жетілуі кезеңінде эмбрионның өсуіне қажетті қоректік заттар буаз саулықтарда біртіндеп өсе бастайды. Олар мыналардан жинақталады: аналық ағзаның физиологиялық қажеттілігіне кеткен шығындар, тіршілікке бейімділігін сақтау, жүннің өсуіне және іштегі төл эмбрионының өсуіне кететін шығындар. Іштегі төлдің жетілу кезеңінде, олардың ағзаларында ұлпалардың, мүшелерінің дербестелуі басталады. Осы кезде тиісінше дене салмағыда ауырлай түседі. Енесі мен іштегі төлдің ағзаларында барлық зат алмасу процестері бір-бірімен тығыз байланыста, айнымас бірлікте болады

Белгілі болғандай, бірінші екі кезеңде (ұрық кезі және төл болар алдындағы жетілу) ұрықтың дамуына анасы жағынан айтарлықтай көп қуаттық заттар қажет емес, ал іштегі төлді жетілуі кезеңінде эмбрионның өсуіне қажетті қоректік заттар буаз саулықтарда біртіндеп өсе бастайды. Олар мыналардан жинақталады: аналық ағзаның физиологиялық қажеттілігіне кеткен шығындар, тіршілікке бейімділігін сақтау, жүннің өсуіне және іштегі төл эмбрионының өсуіне кететін шығындар. Іштегі төлдің жетілу кезеңінде, олардың ағзаларында ұлпалардың, мүшелерінің дербестелуі басталады. Осы кезде тиісінше дене салмағыда ауырлай түседі. Енесі мен іштегі төлдің ағзаларында барлық зат алмасу процестері бір-бірімен тығыз байланыста, айнымас бірлікте болады.

Сонымен, эмбриональды кезеңде қарқынды өсу мен ерекшеленген қозылардың, туылғаннан кейін дене бітімдерінің өсу жылдамдығы төмендейді. Бұған керісінше эмбриональды кезеңде баяу өскендер, постэмбриональды кезеңде өсу қарқынын арттырады деген пікірге келеміз. Экологиялық факторлар шаруашылыққа тиімді белгілердің жасақталуына біршама әсер етеді. Эмбрионалдық кезеңде қалыптасқан мал генотипі, постэмбрионалді кезеңде сыртқы орта факторларымен тұрақты түрде өзара әсерлесуге түседі. Ауыл шаруашылық малдарының төлін табысты өсіру үшін олардың төлдету мерзіміне байланысты физиологиялық заңдылықтарын біліп және оларға жасалынатын технологиялық әдістердің негізі ғылыми тұрғыда қойылуы қажет. [2].

Отандық қой шаруашылығы практикасында дәстүрлі түрде келесідей төлдету кезеңдері қалыптасқан: қыстық, көктемдік және ерте көктемдік. Қыстық төлдетуге кеңірек жылы қой қоралары, жақсы ұйымдастырылған суғару амалдары, сонымен бірге ірі және балауса мал азығы қорының деңгейі жеткілікті болған жағдайда ұйымдастырылуы қажет. Осыған қарамастан, қой шаруашылығында көбіне қыстық төлдету қолданылып, ерте көктемдік төлдету аз деңгейде жүреді.

С. Н. Боголюбский, Е. Г. Андреева енесінің ішіндегі қара көлтұқымының терісінің, ішкі мүшелерімен сүйек ұлпасының дамуын зерттеп, нәтижесінде қоршаған ортаның әртүрлі жағдайлары ағзаның туғаннан кейінгі кезеңдерде де өзгерістерге ұшырауына қажетті жағдай жасайды деген тұжырым жасаған. Қозы мүшелері салмағының өзгеруі белгілі дәрежеде шыққан тегінің конституциясына байланысты болғанымен, төлдің өсіп-жетілуіне қоршаған орта жағдайларының тигізер әсері зор. [3].

Экологиялық және басқа сыртқы факторлардың іштегі төлдің бұлшық ет жүйесіне әсерін зерттеген Р. М. Шахунянцтың тәжірибесінде буаз саулықтарды азықтандыру деңгейін жоғарылатқанда туардан 15 күн бұрын іштегі төл ұлпаларының жинақталуы күшейетіні анықталған.

Малдардың эволюциясы ағзаның сыртқы орта факторларымен тікелей өзара қатынасында жүреді. Сондықтанда малдардың және олардың жекелеген белгілерінің дамуы малдардың өсуі мен дамуы жүретін, сыртқы ортаға едәуір дәрежеде байланысты болып келеді.

Сыртқы факторлар популяция құрамына белгілі бір генотиптерді іріктеу немесе оны құрамынан шығарып тастау арқылы әсеретеді. Әсер етуші факторларға табиғи және қолдан іріктеу, мутация, көбею түрі, генмиграциясы және тағы басқалар жатады.

Экологиялық факторлар шаруашылыққа тиімді белгілердің жасақталуына біршама әсер етеді. Эмбрионалдық кезеңде қалыптасқан малгенотипі, постэмбрионалді кезеңде сыртқы орта факторларымен тұрақты түрде өзара әсерлесуге түседі.

Кесте–Эмбриональдық даму мерзімі әркелкі қозылардың тірі салмағының салыстырмалы өсімі пайыз есебімен



Төлдердің эмбриональдық даму мерзімі

Туған кездегі тірі салмағы, кг

Мал тірі салмағының салыстырмалы өсімі

Туған кезінен 15күн-дік жасқа дейін

15күннен 1 айлық жасқа дейін

1айдан 4, 5 айлық жасқа дейін

Ітоп

145–148күн



3, 8

68, 4

37, 5

194, 3

ІІтоп

149–152күн



4, 1

65, 8

36, 7

187, 0

ІІІтоп

153-156күн



4, 3

65, 1

36, 6

183, 5

Зерттеу нәтижелері қара көлқойларының өнімділігін арттыру және олардың елтірілерінің сапасын жақсарту мақсатында, буаздылық кезеңінің барлық өн бойында қара көланалықтарына толыққанды, біркелкі азықтандыру жағдайын жасау керектігін меңзейді. Толық азықандыру кезінде байқалатын тері қабатының қалыңдауын, тұқым ұрпағында жұқа жакеттік сортты төл беретін аталықтарды, сұрыптау жолымен болдырмауға болады. Жайып баққанда қойларды құнарлы жемдермен қосымша азықтандыру, олардың қоңдылығын есепке ала отырып жүргізіледі.

Сонымен Эмбриональдық даму мерзімі әркелкі қозылардың тірі салмағының салыстырмалы өсімі туған кезінен 15күн-дік жасқа дейін 65, 1-68, 4%, 15 күннен 1 айлық жасқа дейін 36, 6-37, 5%, 1 айдан 4, 5 айлық жасқа дейін 183, 5-194, 3% құрады. Эмбриональдық даму мерзімі әркелкі қозы топтары арасында тірі салмағының салыстырмалы өсімі біршама жақын деңгейде болды (кесте).


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:



  1. Ирзагалиев К. Экстерьерно-продуктивные особенности эдильбаевских овец суюндукского заводского типа //Вестникс // науки Казахстана. -2004. -№10. -С. 31-32. Қосауова А. Отандық және шетелдік селекциядағы биязы жүнді қошқарларды пайдалану арқылы алынған төлдердің биологиялық ерекшеліктері мен өнімділік көрсеткіштері. с. -х. наук: 29. 10. 2010ж

  2. Лаханова К. М. Гистология // учебное пособие. – шымкент: нұрлы бейне, 2007. –122 с.

  3. Аубакиров Х. А. Продуктивно-биологические особенности каракульских овец в условиях Прибалхашья: автореф. дис. Канд, с. - х. наук: 30. 07. 97.– Шымкент, 1997. – 24 с.


АЗОТ ЖӘНЕ ФОСФОР ТЫҢАЙТҚЫШТАРЫНЫҢ ӨСІМДІККЕ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ

Махмудов Ж. У. Х. ғ. к. , профессор, Тұңғышбай Ж. Т-112-15тобының студенті

Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті. Шымкент қ.


Резюме

Статья посвящена значений науки о почвесельском хозяйстве.

Summary

The article is devoted to the values of the science of soil farming
«Азот және фосфор тыңайтқыштарының өсімдікке және топыраққа ортаға әсері»

Тыңайтқыштың маңызы

Ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алуда топыраққа тыңайтқыштар беру, жерді сапалы түрде дайындау, уақытылы егу жұмысын жүргізу маңызды нәрсе болып табылады.

Тыңайтқыш дегеніміз—өсімдіктің қоректенуін жақсартып, жердің құнарлылығын арттыру нәтижесінде ауылшаруашылық дақылдарының өнімін жоғарылату мақсатымен жерге берілетін зат. Топыраққа органикалық және минералдық тыңайтқыштар беру оның физикалық, физика-химиялық және биологиялық қасиеттерін жақсартады, жоғары сапалы өнім алуға көмектеседі. Тыңайтқыш ауылшаруашылығы дақылдарының ауарайының қолайсыз жағдайларына төзімді болуына (үсік, құрғақшылық), өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы тұруына көмектеседі. Тыңайтқышты пайдаланудың басты мақсаты—топырақ құнарлылығын жоғарылату, соның нәтижесінде өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарынан мол өнім жинау.

Агрохимиктердің пікірі бойынша, топыраққа берілген әрбір килограмм азот, фосфор, калий (NРК) дәнді дақылдардың өнімділігін арттырады, мысалы, 5, 0 кг картопты—20кг, қант қызылшасын—26 кг-ға дейін жоғарылатады. Тыңайтқыш беру ирригациялы, агромелиоративтік, агротехникалық және басқа шаралармен ұштастыра жүргізілуі керек.

Тіпті бір фермерлік шаруашылықтың өзінде топырақтың табиғи құнарлылығы әртүрлі. Сондықтан қоректік элементтерінің мөлшері жағынан олардың айырмашылығы болады. Сол себепті, тыңайтқышты топырақтың агрохимиялық қасиетін ескере отырып бермесе, одан қажетті нәтиже күтуге болмайды, керісінше, мұндай жағдайда ол тек ауыл шаруашылығына ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортаға да үлкен зиян келтіреді.

Тыңайтқыштарды жіктеу

Егіншілікте тыңайтқыштың бірнеше түрлері пайдаланылады. Олар бір-бірінен құрамы, өндірілу әдісі, өсімдіктің бойына сіңіретін, әсер ететін заттардың мөлшері бойынша ажыратылады. Құрамы жағынан тыңайтқыштар органикалық, минералдық, органикалық-минералдық, бактериялық болып 4 топқа бөлінеді.

Органикалық тыңайтқыштарға көң, құс саңғырығы, әртүрлі қордалар (компост), жасыл тыңайтқыштар жатады. Көң—маңызды органикалық тыңайтқыш, ол жануарлар қиының қатты және сұйық қалдықтарынан тұрады. Оның құрамында өсімдікке қажетті қоректік элементтердің барлығы бар. Көңді топыраққа сіңіргеннен кейін, ол микро ағзалардың әсерінен минералданады. Көңнің құрамындағы көміртегінің үлкен бөлігі топырақта ыдырауының нәтижесінде көмірқышқыл газы күйіне дейін қышқылданады. Ал егер оның сіңіруге дейін ыдырау дәрежесі төмен болса, көмірқышқылгазы топырақта көп болады. Қоректік заттардың негізгі үш элементтерінің (NРК) ішінде көңде калий көп болады. Мұнда оның мөлшері 0, 6 пайызға дейін жетеді.

Фосфор негізінен жануарлардан бөлінген қатты қалдықтарда және төсенішретінде пайдаланылған сабанда болады, оның мұндағы мөлшері—0, 25 пайыз шамасында. Азот көңнің барлық құрамында болады. Көңдегі азоттың мөлшері 0, 3-0, 4 пайыз, бірақта өсімдіктер сұйық қалдықтың құрамындағы азотты ғана қабылдай алады. Көңнің қатты бөлігіндегі азотты қосылыстарды өсімдіктер минералданғаннан кейін ғана қабылдай алады. Жануарлар көңі төсенішсіз және төсенішті болып екіге бөлінеді.



Азот тытыңайтқыштар—құрамында өсімдікке қорек болатын азоты бар органикалық (көң, шымтезек тағы басқалар) және минералдық заттар. Азоттық қосылыстардағы түрлеріне қарай азот тытыңайтқыштар нитратты, аммонийлі және аммиакты, аммонийлі - нитратты, амидті болып бөлінеді. Нитраттытың айтқыштарда азот нитратты түрде болады. Негізгі өкілдері натрий және кальций селитралары. Натрий селитрасында 16% азот бар. Ұсақ кристалды ақ түсті тұз суда жақсы ериді, бойына ылғал сіңіргіш. Бұл тыңайтқыштың азотын өсімдік жеңіл сіңіреді, сондай-ақ, топырақ ылғал жоғары болса оңай шайылады әсіресе жеңіл топырақтарда. Кальций селитрасында 17, 5% азот бар. Кристалды, суда тез еритін тұз. Физиологиялық сілтілі болғандықтан, топырақтың қышқылдығын төмендетеді. Аммоний сульфатында 20% азот бар. Ұсақ кристалды, суда жақсы еритін ақ немесе сұрғылт түсті тұз, өсімдіктер жеңіл сіңіреді. Қышқыл топырақтарға әк немесе фосфари тұнын қосып қолдануға болады. Хлорлы аммонийда 24-25% азот болады. Ұсақ кристалды ақ немесе сарғылт қышқыл ұнтақ. Қолданылуы шектеулі, себебі хлордың ионы картопқа, зығырға, көкөністерге, жеміс-көкөніс дақылдарына кері әсер етеді. Хлорионы біршама жуылуы үшін күзде топырақ өңдеген кезде енгізуді ұсынады. Сұйық аммиакта 82% азот болады. Түссіз, жылжымалы, қайнау температурасы +34°С тең сұйық. Оны жоғары қысымға шыдайтын болат балондарда сақтайды және тасымалдайды. Аммиак суының бірінші сортында 20%, 5%, екіншісінде 18% азот болады. Түссіз немесе сарғылттау аммиак иісті сұйық. Азот түрінде болады. Бірақ аммонийлық азот анаммиакты азот көбірек болады. Аммиакты селитрада 34% азот болады. Кристалды ақ түсті зат—әртүрлі дақылдарға қолдануға жарайтын әмбебап тыңайтқыш. Көп жылдар бойы бір жерге қолданса, топырақты қышқылдандырады. Бұл тыңайтқыштың қолайлы қасиеті—өсімдікке зиянды заттардың жоқтығы және тез әсер ететін нитратты және шабан қозғалғыш аммонийлы азоттың болуы. Мочевинада несеп нәрі 46% азот болады. Ұсақ кристалды ақ түсті зат, суда жақсы ериді. Мочевина немесе карбамид топырақта бактерияның әсеріне наммонификацияны тезөтіп, физиологиялық қышқыл—көмірқышқыл аммоний тұзын бөліп шығарады. Сондықтан енгізген алғашқы күндері топырақтың уақытша аздап сілтіленуі қышқылданумен ауысады, бірақ өсімдіктер азотты сіңіреді және бірте-бірте нитрификацияланады. Осының салдарынан топырақтың сілтіленуі қышқылдану мен ауысады, бірақ өсімдіктер азотты сіңіргеннен кейін топырақтың алғашқы мочевинаны қолданғанға дейінгі реакциясы қалпына келеді. Азоттың табиғи қосылысы—натрий селитрасы (NaNO3) тек Чилиде ғана кездеседі. Азот тытыңайтқыштардың көп тараған түрі: аммиак селитрасы, аммоний сульфаты, мочевина (карбамид), азотты сұйықтың айтқыштар. Аммонийсульфаты— (NH4)2SO4 дүние жүзінде ең көп мөлшерде шығарылатын тыңайтқыш. Аммоний нитратының [ (NH4)NO3] құрамында өсімдікке сіңімді азоттың мөлшері басқа азот тытыңайтқыштарға қарағанда көбірек келеді. Сұйық аммиак және онымен қанықтырылған аммоний тұздарының ерітінділеріде құрамында азоты көп тыңайтқыштар болып табылады. Ал жоғары концентрлі азот тытыңайтқыштарға карбамид (мочевина) жатады. Карбамидті жануарлар жемінеде қосып пайдаланады. Ол көмірқышқыл газымен аммиактың үлкен қысымда әрекеттесуі нәтижесінде алынады: CO2+2NH3=CO (NH2)2+H2O. Азот топыраққа күрделі минералдықтың айтқыштар түріндеде көптеп беріледі. Фосфор қышқылы наммиакпен әрекеттестіру арқылы аммофос алынады. Оның қышқылын бейтараптандыру дәрежесіне байланысты моно аммоний фосфат (NH4H2PO4) немесе диаммоний фосфат [ (NH4)2HPO4] өндіріледі. Нитрофоска—құрамында қоректік азот, фосфор және калий бар күрделі тыңайтқыш. Оны өндірісте аммоний гидрофосфатының [ (NH4)2HPO4] аммонийнитратының (NH4NO3) және калий хлоридінің (немесе сульфатының) қоспасын балқыту арқылы алады. Қазақстанда азоттытың айтқыштар Ақтаудағы “Каскор” Акционерлік Қоғамында (аммиак селитрасы, натрофоска), Степногорсккен-химия комбинатында (нитрофоска), Тараз минералды тыңайтқыштар зауытында (аммофос) өндіріледі.

Бактериялық тыңайтқыштар–құрамында өсімдікке пайдалы топырақ микроорганизмдері бар тыңайтқыш заттар. Бактериялық тыңайтқыштарды топыраққа енгізгенде ондағы биохимикалық процестер күшейіп, өсімдіктің тамырлары арқылы қоректенуі жақсарады. Қазақстанда бактериялық тыңайтқыштардан нитрагин, азотбактерин, фосфорбактерин, т. б. қолданылады. Нитрагин–бұршақтұқымдас өсімдіктерге қолданылатын тыңайтқыш. Оның құрамындағы бактериялар өсімдік тамырларына шоғырланып, көбейіп, ауадан азот жинайды. Оны сіңірген өсімдік, өсуін жақсартады. Азот бактерин құрамында азот бактериясы бар тыңайтқыш. Ол, әсіресе, көкөніс пен картопқа өте пайдалы. Фосфор бактерин құрамында көп мөлшерде микроорганизм спорасы бар (1г-нда 6–8 млрд. ) тыңайтқыш. Бұл бактериялар фосфордың органикалық қосылыстарын ыдыратып, ондағы фосфорды өсімдік сіңіре алатындай дәрежеге келтіреді.



Фосфорлы тыңайтқыштар. Фосфорлы тыңайтқыштары-өнеркәсіптік әдіспен алынатын, құрамында өсімдіктер үшін қолайлы нысанда фосфор болатын минерал заттектер. Фосфор тыңайтқыштары ерігіштігіне және өсімдіктер үшін қолайлығына байланысты үш топқа бөлінеді:

1. фосфоры суда ерігіш түрде болатын тыңайтқыштар, жай және қос супер фосфат,

2. фосфоры суда ерімейтін және әлсіз қышқылдарда нашар еритін тыңайтқыштар,

3.преципитат, томасшлак, фторсыз және т. б. /. Фосфор аталған тыңайтқыштарда өсімдікке сіңімді түрде болады. Супер фосфат жай және қос болады. Жай супер фосфатта 14-20%, ал қосында 42-49% фосфор бар. Негізінен түйіршікті супер фосфат шығарылады. Фосфорит ұнтағы—қара сүр түсті ұнтақ. Фосфордың мөлшері 30-25-22-15% болады. Фосфорит ұны негізгі тыңайтқыш ретінде күзде жер жыртқан кезде топыраққа енгізіледі. Оның тиімділігі көң мен бірге енгізгенде арта түседі. Калийлі тыңайтқыштары тұзда, сильвинит, каинит және суда еритін жоғары концентратты, хлорлы калий және 40% калий тұзы түрде шығарылады. Бір бөлігі 15%-дейін кешенді тыңайтқыш түрінде шығарылады. Хлорлы калийде 54-тен 62, 5% дейін калий болады. Ұсақ кристалды ақ немесе қызғылт түсті ұнтақ. Бұл негізгі калийлі тыңайтқыш, барлық дақылдардың астына және кез-келген топыраққа енгізуге болады. 40% калий тұзын хлорлы калийді ұсақталынған сильвинитпен немесе каинитпен араластырып алады. Құрамы және қасиеті бойынша каинитпен сильвиниттің аралығында орналасады. Хлорға аса сезімтал дақылдар картоп үшін бұл қолайсыз тыңайтқыш. Күкірт қышқылды калийде 46% калий болады. Хлорға сезімтал картоп, қарақұмық, темекі, жүзім дақылдарға қолданылады. Кешендітыңайтқыштар. Қоректік заттардың бірнешеуі 2 немесе 3 болады. Оларды үш топқа бөледі: араластырылған немесе қоспа тыңайтқыштар механикалық жолмен араласқан, күрделі бірқосылыста бірнеше қоректік заттары бар, құрама түйіршіктерде 2-3 қоректік заттар бар. Бұлардан басқа сұйық және су спензияланған қойыртпаланған кешенді тыңайтқышта болады. Кешенді тыңайтқыштарды тасымалдау, сақтау, қолдану шығынын азайтады.

Азот тытыңайтқыштар—құрамында өсімдікке қорек болатын азоты бар органикалық (көң, шымтезек тағы асқалар) және минералдық заттар. Азоттың табиғи қосылысы—натрий селитрасы (NaNO3) тек Чилиде ғана кездеседі. Азот тытыңайтқыштардың көп тарағантүрі: аммиак селитрасы, аммоний сульфаты, мочевина (карбамид), азотты сұйық тыңайтқыштар. Аммоний сульфаты— (NH4)2SO4 дүние жүзінде ең көп мөлшерде шығарылатын тыңайтқыш. Аммоний нитратының [ (NH4)NO3] құрамында өсімдікке сіңімді азоттың мөлшері басқа азот тытыңайтқыштарға қарағанда көбірек келеді. Сұйық аммиак және онымен қанықтырылған аммони йтұздарының ерітінділеріде құрамында азоты көп тыңайтқыштар болып табылады. Ал жоғары концентрлі азот тытыңайтқыштарға карбамид (мочевина) жатады. Карбамидті жануарлар жемінеде қосып пайдаланады. Ол көмірқышқыл газымен аммиактың үлкен қысымда әрекеттесуі нәтижесінде алынады: CO2+2NH3=CO (NH2)2+H2O. Азот топыраққа күрделі минералдық тыңайтқыштар түріндеде көптеп беріледі. Фосфор қышқылын аммиакпен әрекеттестіру арқылы аммофос алынады. Оның қышқылын бейтараптандыру дәрежесіне байланысты моно аммоний фосфат (NH4H2PO4) немесе диаммоний фосфат [ (NH4)2HPO4] өндіріледі. Нитрофоска—құрамында қоректік азот, фосфор және калий бар күрделі тыңайтқыш. Оны өндірісте аммоний гидрофосфатының[ (NH4)2HPO4] аммоний нитратының (NH4NO3) және калий хлоридінің (немесе сульфатының) қоспасын балқыту арқылы алады. Қазақстанда азоттытың айтқыштар Ақтаудағы “Каскор” Акционерлік Қоғамында (аммиакселитрасы, натрофоска), Степногорсккен-химиякомбинатында (нитрофоска), Тараз минералды тыңайтқыштар зауытында (аммофос) өндіріледі.

Бактериялық тыңайтқыштар–құрамында өсімдікке пайдалы топырақ микроорганизмдері бар тыңайтқыш заттар. Бактериялық тыңайтқыштарды топыраққа енгізгенде ондағы биохимикалық процестер күшейіп, өсімдіктің тамырлары арқылы қоректенуі жақсарады. Қазақстанда бактериялық тыңайтқыштардан нитрагин, азот бактерин, фосфор бактерин, т. б. қолданылады. Нитрагин–бұршақ тұқымдас өсімдіктерге қолданылатын тыңайтқыш. Оның құрамындағы бактериялар өсімдік тамырларына шоғырланып, көбейіп, ауадан азот жинайды. Оны сіңірген өсімдік, өсуін жақсартады. Азот бактерин–құрамында азот бактериясы бар тыңайтқыш. Ол, әсіресе, көкөніс пен картопқа өте пайдалы. Фосфор бактерин құрамында көп мөлшерде микроорганизм спорасы бар (1г-нда 6–8 млрд. )тыңайтқыш. Бұл бактериялар фосфордың органикалық қосылыстарын ыдыратып, ондағы фосфорды өсімдік сіңіре алатындай дәрежеге келтіреді.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

              1. Почвоведение. Подред. И. С. Кауричева. –М. :Колос, 1982. -с. 5-17; 37-45.

              2. В. Д. Муха. Агропочвоведение. –М. :Колос С, 2003. –с. 5-29; 40-44.

              3. Тазабеков Т., Тазабекова Е. Орысша-қазақша топырақтану түсіндірме сөздігі. –Алматы: Анатілі, 1994. –200 б.

              4. Почвоведение с основами геологии. Подред. В. П. Ковриго. –М. : Колос С,

  1. 2008, -с. 6-20. ; 22-61.

        1. Вальков В. Ф. , Казеев К. Ш. , Колесников С. И. Почвоведение. –М. : Мар Т,

  1. 2006, с. 51-57, 173-226.



КӨКЕНІС ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ АЛУАН ТҮРЛІ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қуатбекова. К. П., х. ғ. к. проф, Әбдіқалық Т. Б, БГ-114, Смайыл Н. Д, БГ-114

ҚИПХДУ Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы



Summary

To increase the yield of fruit-bearing plants, the main factor is the provision of soil with the necessary fertilizers.

Резюме

Чтобы увеличить урожайность плодово-ягодных растении, основным фактором является обеспечение почв нужными удобрениями.
Оңтүстік Қазақстан обылысында соңғы жылдары мамандандырылған шаруашылықтар құрудын есебіне көкеніс өндіру едәуір жақсарды. Агротехниканы дұрыс сақтаған жағдайда көкеніс дақылдарының өнімділігіне дәуір арттыруға болады.

Көкеніс шаруашылығында дақылдың таза, қуатты және стандартқа сай көшетін алу агротехникалық жұмыстардың ең маңыздыларына жатады. Көшеттедің сапасы пайдаланатын тұқым сапасына, өсіретін қоректік алаңына, себу сұлбасына байланысты болады. Сондықтан практикумда осы мәселелерді шешуге арналған технологиялық жұмыстар қарастырған. Оларға тұқым сапасының негізгі көрсеткіштері, олардың егістік өнгіштігін арттырудың агротехникалық тәсілдерімен көкеніс дақылдары көшеттерін өсіру кезіндегі өсімдіктерді орналастыру сұлбалары жатады. Сондай-ақ, қорғалған жерде, ашықтана пүшін өсірілетін көшеттерді арнайы шандықтырудан өткізу қажетігі ескерілген [1].

Әрбір көкеніс дақылдарының өзіндік ерекшеліктері бар және өсіру жағдайларына сай әртүрлі талаптарды қажет етеді.

1. Топырақ құнарлығын арттыру және қалпына келтру.

2. Жергілікті жерге бейімделген жоғары өнімді сорттардан іріктеп алынған тұқымдарынан себу.

3. Егістікке дұрыс орналастыру арқылы өсімдік күн энергиясынан (тағы басқа сәулелерден) ылғалдан, қоректік заттардан тиімді пайдалану, механизацияланған кутіп-баптау жұмыстарын жеңілдету зиян кестермен табысты күрес жүргізу (уақытылы себу).

4. Өсіп даму кезінде күтіп-баптауды дер кезінде жүргізу (қоректену түптеу, жырту, зиянкестермен күресу. т, б).

5. Қысқа мерзімді уақытылы жинау және жинау кезеңінде шығын болмау үшін күресу.

Әрі бүгінде мемлекеттік тілде дайындалған оқулықтар мен оқу құралдары жоқтың қасы. Бұл практикумды жазуда осы олқылықтың орнын толтыру мақсаты көзделеді.

Көкеніс шаруашылығында да қылдардың таза, қуатты және стандартқа сай көшетін алу агротехникалық жұмыстардың ең маңыздыларына жатады. Көшетдің сапасы пайдаланатын тұқым сапасына, өсіретін қоректік алаңына, себу сұлбасына байланысты болады. Сондықтан практикумда осы мәселелерді шешуге арналған технологиялық жұмыстар қарастырған. Оларға тұқым сапасының негізгі көрсеткіштері, олардың егістік өнгіштігін арттырудың агротехникалық тәсілдерімен көкеніс дақылдары көшеттерін өсіру кезіндегі өсімдіктерді орналастыру сұлбалары жатады. Сондай-ақ, қорғалған жерде, ашық тана пүшін өсірілетін көшеттерді арнайы шандықтырудан өткізу қажетігі ескерілген. Мезгілсіз қартаюдан сақтанып, қалай ұзақ өмір сүруге болады?

Көкөністің қоректік мәні алуан түрлі. Олардың құрамында адам зат ағзасына қажетті барлық қоректік заттар: азоттық қышқылдар, майлар, ферменттер, дәрумендердің бәрі бар. Яғни, тиімді қоректенуде жеміс-жидектермен көкөністердің алатын орны ерекше. Сонымен қатар, көкөніс өсімдіктерінің көптеген емдік қасиеттері де бар, ертеден белгілі бұл емдік қасиеттер халықтық және ғылыми медицинада әліде өз мәнін жойған жоқ. Соңғы жылдары емдік бақ өсіру жоспарлануда, оның негізгі мақсаты–жемісі адамдарды түрлі аурулардан сақтандыратын жеміс-жидек өнімдерін өсіру.

Көкөністің физиологиялық әсерін жан-жақты зерттеу ас қорыту бездерінің (сілекей, асқазан, ішек, асқазанасты ) қызметін күшейтетіндігін, сонымен қатар бауыр, жүрек, қантамырлары жүйелерінің жұмысын жақсартатындығын дәлелдеп отыр. Сонымен қатар май, тұз, заталмасудың бұзылуының алдын алады. Құрамында кобальт, мыс, қорғасын, мырыш, марганец, бор сияқты химиялық элементтің 250-ге жуық түрі бар, олар адам ағзасында заталмасуда өте маңызды рөл атқарады. Сонымен, көкөністерге осыншама күш–қуатты беретін қандай заттар? Ендеше оларды нақты атап көрсетейік. [2].

Минералды тұздар. Бұл фосфор қышқылды кальций, хлорлы натрий, хлорлы кальций және т. б. Ересек адамның ағзаларында болатын минералды заттардың 5-6 бөлігі ғана сүйек бөлшегіне келеді. Сүйек құрамында фосфор қышқылды кальций бар. Олар суда ерімейді, сүйекке қаттылық, төзімділік береді. Адам ағзаларындағы кальций белок қосындысымен түрлі қышқылды тұздар түрінде сүйек ұлпасын құрайды. Оның көпшілігі бұлшық ет ұлпасында, ұйыған қанда болады. Кальций нерв жүйкелерімен бұлшық еттердің қозуын төмендетеді әрі жүректің бұлшық еттерінің т. б. тонусын жоғарылатады. Адам ағзасы тәулігіне 0, 7-1, 1 г кальцийді қажететеді. (тамақпен 1-2, 5 г кальций түседі). Кальций және оның тұзы жасыл пиязда, порей жусында, ақжелкен тамырында (әсіресе, көкте) көп болады. Қырыққабат пен картопта, нанда, малдан алынатын азықтарды да (сүт, ірімшік, ақ ірімшік) кальций бар.

Фосфордың органикалық қоспасы белоктардың қышқылдану процесінде жойылған майлар мен көміртектерді жинақтайды. Бұл күш–қуат бұлшық еттердің жиырылуында, ми, бауыр, бүйрек және басқада ішкі ағзалардың жұмыстарында пайдаланылады. Ауыр жұмыс жасау барысында фосфордың қажеттілігі екі есе көбейетіндігі дәлелденген. Жас асбұршақ, сәбіз, қызылша, қырыққабат, картоп, пияз, ақжелкен, ақжелкек, су екпелері, сарымсақ және басқада дақылдардың құрамында фосфор бар. Бірақ ағзада фосфордың жақсы зат алмасуы үшін магний тұзы болуы қажет. [3].

Темір органикалық қоспалар түрінде адам ұлпаларының құрамына кіреді. Ішектерге сіңіп барып, белоктармен қосылып, қанға енеді. Адам күніне тағам менбірге, 60-100 мг темір қабылдайды. Ол ағзада бауырда, талақта, (көкбауыр) ми сүйегінде, жүрек бұлшық етінде, асқазан асты бездеріне жиналады. Адам ағасына келіп түсетін темір өмірге қажетті маңызды заттардың-гемоглобиннің, ферменттің т. Б түзілуіне мүмкіндік тудырады. Темір жетіспеген жағдайда қан аздық пайда болады.

Адам қанының құрамында микро элементтердің 29 түрі бар. Олардың ең маңыздылары кобальт, жез, мырыш, ванадий, никель. Қанның қалыпты айналуы үшін міндетті түрде мырыш қажет. Ол қанның үнемі қажетті бөлшегі. Қаны аз балдардың, аяғы ауыр (жүкті) әйелдердің тамағына құрамында мыс бар жеміс-жидектермен көкеністерді енгізу ұсынылады. Көміртектер бұл ағзаға қызмет ететін тірі клеткалдарды қуаттандыратын ең қажетті элемет.

Азотты заттар. Көкеністердің құрамына азотты заттар тобы кіреді. Азоттық затардың құндыда күрделі элементтері-белоктар. Бұл-тірі затардың ең тұрақты да маңызды бөлігі, оның құрлымымен қызметінің негізі. Барлық тірі ағзалардың клеткалары белоктардан тұрады.

Органикалық қосылыстар. Өсімдіктердің құрамында түрлі органикалық қышқылдар бар, олардың өздеріне тән дәмі болады. Олардың әсерінен асқорту сөлінің бөлінуі және ішектің толқып қимылдауы жақсарады. Органикалық қышқылдар асқорту процесіне қажетті қышқылдардың тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Бұл өте маңызды, себебі біз пайдаланатын тағамдардың көбінің құрамында қышқыл жоқ. Лимон (5-7% лимон қышқылы), қарлыған (2%), өріктің көптеген сорттары, шие, өрік, құлпынай, таңқурай органикалық қышқылдарға өте бай.

Ферменттер. ХХ ғасырда ғылымда ең үлкен жетістікке жетті, яғни оның биологиядағы маңызды жаңалығы–генетикалық кодты шешіп, белоктың биосинтездеу жолдарын түсіндірді. Белоктар ішінде тек фермент қана, көбінесе клеткада түзіледі. Фермент, шын мәнісінде, тіршіліктің қозғаушы күші. Тек сол ғана зат алмасу кезінде тірі клеткалардағы аса маңызды, сан түрлі химиялық алмасуларды реттеп, материяның өлі не тірі екендігін білдіреді.

А дәрумені мал өнімдерінің құрамында болады. Осымен қатар өсімдікте каротин, А про дәрумені бар, ол сарғыш түсті кристалл түрінде болады. Адам және мал ағзасында болатын А дәрумені көру қабілетін жақсартуға үлкен әсерін тигізеді.

С дәрумені (аскорбин қышқылы) табиғатта, әсіресе өсімдікте кеңінен таралған. Ол ағзада қырқұлақ (цинга) ауруынан сақтандырады. Сол себепті оны қырқұлаққа қарсы пайдаланады. Көбінесе, С дәрумені көкөніс, аскөк, татымды, өсімдіктер құрамында болады. Ересек адамға тәулігіне 60-75 мг С дәрумені қажет.

В1 дәрумені (тиамин, аневрин) пиро жүзім қышқылының бөлініп шығуына әсер етеді, ағзадағы көміртектері жанған кезде пайда болып, оған зиян келтіреді. Сол себепті адамның тағамында көміртектері көп болып, температура төмендеген жағдайда В дәруменінің қажеттілігі артады. Ағзада В дәрумені жетіспеген жағдайда перифериялық жүйке және жүрек тамыр жүйелері бұзылып, ісінеді. Адам тәулігіне 2-3 мг В дәруменін қажет етеді. В дәруменінің шығу көздеріне-қызанақ, үрмебұршақ, бұршыққыны, көкбұршақ, аскөк, фенкель т. Б жатады.

В2 дәрумені көмірсутекті және белоктың заталмасуына қатынасында, ферменттер құрамына енеді. А дәруменімен бірге көздің жарық сезу мүшелеріне үлкен әсерін тигізеді. Тағамдар В2 дәруменінің жетіспеуінен адамның салмағы төмендейді әлсіздік пайда болады, көзі тызылдап ашиды, ауыз, ерін, тілі ауырып, жарылып қызарады, шаш уақытынан бұрын түсіп, ағарады. Жастарда бой өсу нашарлап, ол дәрумен болмаған жағдайда бой өсу мүлдем тоқтап қалады. В2 дәрумені көкөніс, ашытқы, ет тағамдары, бауыр, бүйректерде болады. Өте төмен температурада және күн сәулесі қатты қызған кезде оның қажеттілігі артады. Ол, көбінесе қатыран тамырында, кресс-салат көгінде, батун-пиязында, көпқабат тыпиязда, порей-пиязында, ақжелкенде, балдыркөк, бұрыш, ботташық тамыр түйнектерінің құрамында болады.

В6 дәрумені (тридоксин) ағзадағы белок май заталмасу процесінде болады. Оның жетіспеушілігінен жүйке жүйелері бұзылып, ұйқы қашады, ішек аурулары пайда болып, әлсіздікке ұрындырады. Адам ағзасында В6 дәруменінің жетіспеушілігінен аяғы ауыр әйелдер токсикозға, кейбір жүйке ауруларына ұшырайды. Бұл дәрумен мал және өсімдік майында мол. Оны химиялық жолдарменде алады.

В12 дәрумені (кобаланин) қызылтүсті кристалдар, құрамында кобальт минералды элементі бар. Бұл дәрумендер сиырдың бауырымен бүйрегінде, сондай-ақсүт, ірімшік, жұмыртқа, кейбір татымды өсімдіктерде болады.

Дәрумендер биологиялық активтерде ғана адам ағзасына пайдасы бар. Адамның барлық келеткалары мен ұлпаларының қалыпқа келуінде, тағамдық заттардың ағзаға сіңу процесінде дәрумендер өте қажетті. Көптеген дәрумендердің құрамында ферменттердің құрамдық бөлігі бар. Олардың белоксыз тобы ағзадағы зат алмасу процесін жақсартады.

Д дәрумені ағзада фосфор, кальцийді ұстап қалуға мүмкіндік туғызады және оларды сүйек ұлпаларынаж инайды. Теңіз жәндіктері, ірі қарамал, балықтың бауыры Д дәрумніне бай. Өсімдіктердеде Д дәрумені бар. Олар ультракүлгін сәулесімен сәулелену нәтижесінде пайда болған. Адам ағзасында Д дәрумені жетіспеген жағдайда және көп уақыт күн сәулесі түспеген кезде, бала рахит ауруымен ауыруы мүмкін, ол сүйектердің жұмсауынан пайда болады. Ересек адам тәулігіне 0, 025 мг Д дәруменін қажет етеді. Сарымсақтың құрамында Д дәрумені өте көп.

Е дәрумені (тонферол)-өсімдіктер құрамында және өте аз мөлшерде мал ұлпаларында кездеседі. Ол майда ериді, оның жоғары қышқылға қарсы қасиеті бар. Майда Е дәруменінің қоспасы оның ащы дәмін болдыртпайды. Е дәрумені өсімдік майы, сұлы жүгері дәндерінде көп болады. Е дәрумені ағза қызметін реттеп отырады, адамдармен жануарлар ағзасының жақсы жұмыс жасауына көмектеседі. Е дәрумені жетіспеген жағдайда орталық жүйке жүйесінің жұмысы нашарлайды және фиброзды ұлпалардың орны ауысады.

Р дәрумені қан тамырлары қабырғаларын қатайтады және басқада ауруларда пайдаланылады. Р дәрумені (пеллагрикағақарсы, никотин қышқылы) көптеген тағамдарда, етте, бауыр, бөтеке, ірі қарамал жүрегінде сыра және наубайхана ашытқысында және көкеністерде көп. Сонымен қатар, Р дәрумені өндірістік жолмен алынады, ол ащы-қышқыл дәмді кристалды ұнтақ. Тағамда Р дәруменінің жетіспеушілігі терінің қабынуына әкеп соқтырады, ішек қызметі бұзылып, жүйке аурулары пайда болады. Адамға тәулігіне 20-25 мг Р дәрумені қажет. Р дәрумені бұрыш, фасоль, картоп, шие, мол болады.

К дәрумені өсімдіктердің көк бөліктерінде, сонымен қатар, мал өнімдері мен микроағзада болады. Ол латынның «коагуляция» сөзінен («қанның ұюы»)алынған. Тағам құрамында дәрумен жеткіліксіз болған қан айналымы бұзылып, қан кетуі мүмкін. Сондықтан К дәрумені жараланып, қан кеткен жағдайда, асқазан жарасын және сәуле ауруларын емдеу кезінде пайдаланылады К дәрумені ақжелкен көгінде, фенхель, түсті қырық жапырақта, және басқада өсімдіктерде болады.


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

              1. Отещкалиева А. О. Көкөніс өсіру технологиясы. Алматы: Білім 2008 -192 бет.

              2. Аяпов К., Укібасов О., Есеналиева М. Жеміс, көкөніс шаруашылығы: Практикум–Астана: 2009 -192 бет

              3. Юсупов М. З. Петров Е. П. Ахметова Б. Овощеводства Казахстана Алматы РИКА Оим. И. Алтынсарина 2000

ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ
Махмудов Ж. У., Х. ғ. к. , профессор, Құрмантаева А., Т-112-15 тобының студенті

Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті. Шымкент қ. Қазақстан Республикасы



Summary

The article considers modern ecological condition of Kazakhstan

Резюме

В статье рассмотрен о современная экологическая состояния Казахстана
Экологиялық жағдай қазіргі уақыттағы күрделі мәселенің бірі болып отыр. Ол біздің елімізде де, әсіресе индустриялы, дамыған орталықтарда, соның ішінде ауыл шаруашылық аймақтарында да өткір түрде қойылуда. Табиғи қорларды тиімді пайдалануда, қалаларды, елді мекендерді көгалдандыруда, ұлттық парктер, көгалды аймақтар жасауда көптеген шаралар іске асырылса да, айналадағы ортаны қорғаудағы жауапсыздық, болашақты ескермеушілік орын алып отыр.

Ауаның, судың, жердің ластануы салдарынан адамдардың өміріне және олардың өмір сүру ортасына зор қауіп төніп келеді. Көптеген индустриялы аудандарда айналадағы ортаның ластануы қажетті нормалардан асып түскен. Қазіргі уақытта табиғат және биологиялық орта тұтасалғанда бүкіл адамзат алдына кұрделі талап қойып отыр.

Біздің планетамызды барлық тіршіліктің өмір сүруіне тиімді етіп сақтау үшін табиғатты, оның байлығын тұтыну тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет. Кезінде белгілі жазушы Л. Леонов: “Адам баласының алдында бүгінде бірінші кезектегі екі мәселе тұр: бейбітшілікті және табиғатты қорғау, екеуіде болашақ өмір сүрудің шарты” деген. Ал Ш. Айтматов: “Біз бүгінде өркениеттің шыңына жеттік, онда адам табиғатты тұтынушы ғана емес, сонымен қатар бағындырушы, жасаушы болады. Біз бүгінде оған тәуелді ғана емеспіз, олда бізге тәуелді”–деп жазады.

Біздің республикамыздың табиғи байлық қоры мол. Бізде 48 мың көл, 85022 өзен бар. Өсімдік және жануарлар әлемі бай. Қазақстан жерінде 6 мыңға жуық өсімдіктің түрлері, сүтқоректілердің 172, құстардың 490 түрі бар. Осы байлықты тиімді түрде, аса зор қамқорлықпен пайдалануымыз қажет.

Су қорларын, қоймаларды сақтау–экологиялық проблеманың ең күрделі саласы болып табылады. Бұл әсіресе Арал теңізінің тағдырымен байланысты. Соңғы отыз бес жылдың көлемінде Арал теңізі 700 км 3 су қорынан айырылды. Теңіз суының тұздылығы бір литрге шаққанда 20 грамнан асып түсті. Теңіз деңгейі 17 метрге төмендеп, жиектен жүздеген километрге қашықтап кетті. Жыл сайын 75 миллион тонна топырақпен тұзды шаң ұшады. Ол барлық тіршілікті түбірінен құртуда.

Арал экологиялық апатты аймаққа айналды. Шаң мен топырақ Арал қаласын тұншықтырды. Оның халқының жартысынан астамы көшіп кетуге мәжбүр болды.

1960 жылға қарай Арал қандай болды? Ол КСРО–ның құрлықтық көлдері ішінде төртінші орын алған. Аралдың су қорын толтыратын Орта Азияның екі ірі өзені Әмудария және Сырдария еді. Олардың суы өте нәрлі, егістікке пайдалы болатын. Арал теңізінен жыл сайын 450 мың тонна бағалы балықтар ауланды, миллионондай тратерісі алынды. Балықшылар қайығы мен жол қатынас кемелері–теңіздің көркі еді. Арал теңізі сол аймақтың ауа райына жағымды әсер еткен табиғатты реттеуші болды.

Алпысыншы жылдардан бастап, екі өзеннің суын егістікке пайдалану өлшеусіз, шамадан тыс қарқын алып, соның салдарынан теңіз суы тартыла бастады. Қазіргі уақытта олардың суы теңізге құймайды.

Теңіз суының сапасы нашарлап, көлемінің күрт кемуі өсімдік әлеміне кері әсерін тигізді. Бағалы ормандар, мал жайылымдары мен көгалды аймақтар жоғала бастады. Олардың орнын зиянды тұзды сорлар басты. Өңірді мекендеген 57 жабайы аңдардың 13-ақ түрі қалды. Арал теңізінен балық мүлде ауланбайтын болды. Жер тұзданып, оның өнім беруі тоқтады.

Бүкіл Арал аумағында іш ауруы етек алды. Балалардың өлімі Жапониядан 20 есе асып түсті. Қарын, бүйрек, бауыр аурулары адамдарды өмірлік мүгедекке айналдырды. Балалар ауру болып тууда.

Чернобыль апаты 8 миллиардтан астам шығынға түсті, ал Арал–“үнсіз Чернобыль” зардабының шығыны одан әлдеқайда асып түседі.

Семей аймағындағы ядролық сынақ халықтың қайғысына айналды. Бұл аймақта бірінші рет 1949 жылы тамыз айында 16 мың км 2 кеңістікті қамтыған жарылыс басталды. Ашықаудағы ядролық сынақ 14 жылға жалғасты. Осы кезкеңде 500 ядролық жарылыс өткізілді. Ядролық техниканы сынаудың салдары: рак, катаракта, туберкулез, аллергия, екібасты, қолыжоқ, бүйрексіз балалардың өмірге келуі. Мұндай аурулар әр бір отбасын дерлік қамтыды.

Тек 1991 жылы тамыздың 29-ында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлық жариялаған соң, ядролық сынақ тоқтатылды.

1967 жылы Іле өзенінде Қапшағай су электрстанциясы салынды. Қапшағай қойнауы суға толтырылды. Соның салдарынан Іле өзенінен Балқашқа құятын су мөлшері азайды. Кішігірім көлдерге су келмейтін болды, көбі құрғап кетті. Бұл аймақ түгелдей сортаңға айнала бастады. Балық аулау көлемі қысқарды.

Үлкен Алматы каналының салынуына байланысты, химиялық тыңайтқыштарды есепсіз пайдаланудың нәтижесінде егістік жерлер тұзданды. Арал тағдыры қайта басталды. Балқаш–Іле аймағының экологиялық жағдайы күрделі мәселеге айналды.

Республикамызда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды тазалау қондырғыларының сапасымен тиімділігі 30%-дан аспайды. Өндіріс қарқынды, шайма және қолданылған суларының әсерінен, Ертіс, Орал, т. б. өзендерінің суы, зияндылығы жөнінен нормативтік көрсеткіштерден әлдеқайда асып түседі. Өзендердегі судың өздігінен тазаруы, тек 300 километрлік жол жүріп өткен соң ғана турбулентті және ламинарлы араласулар әсерінен жүзеге аса алады. Тіпті, бұл су көздерінің есте сақтау қабілеті де зақымданған. Қазіргі экожүйені қалыптастыру, ғылым мен техника жетістіктерін ендіру, осы мақсаттарға қаржы жұмсау мөлшері теңізге тамған тамшыдай. . .

Жер және минералды шикізат ресурстары, ауыл шаруашылық алқаптары, тозудың аз-ақ алдында деседе болады. Бұл айтылғандарға, үлкен аумақтардағы жерде фляциясы дәлел болады. Суармалы жерлердегі құнарлылықтың төмендеуі, топырақ қабатындағы гумус қабатының көз алдымызда жұқалануы, Қазақсатан далаларының егіс алқаптарында жиі байқалып отыратын құбылыс. Ал, табиғатта қалыңдығы 5 см гумус қабатын жинау үшін жүздеген жылдар қажет болса, аридті климатты аймақтар үшін бұл мақсатқа мыңдаған жылдар кететіні анық. Топыраққа рекультивация жасауда қымбатқа түсетін іс-шара: 1га үшін 300 мың теңгеге дейін, кейде оданда көп шығын жұмсалады. Мұның тағы бір зиянды, экожүйенің микроклиматы енді қайтып орнына келмейтін күй кешеді [14, 3б].

Пайдалы қазбалардың ішінен, республикаға, әсіресе ең максималды экономикалық, экологиялық және әлеуметтік зиян шектіріп отырғаны полиметалл кендері, түсті металлургия, ал микроэлементтерден: қорғасын, хромоксиді, марганец және уран. Олардың басым көпшілігі, шикізат күйінде басқа елдерге жөнгелтіліп, дайын өніммен қымбат бұйымның тиімділігін солар көріп отыр. Біздің маңдайымызға әзірше жазғаны, шикізат өндіретін орындардың маңындағы зиянды қалдықтармен бүлінген су, ауа, топырақ әсерлері.

Қоршаған ортаның, Республикамыздағы халықтың науқастануына тигізер әсері 60 пайыз шамасында. Ол әсіресе, тау-кен өнеркәсібі орналасқан қалаларда жоғары. Қалаларда экологиялық ахуал, соматикалық аура түрлерінің өршуіне ықпал етуде.

Қоғаммен табиғат арасындағы қатынас шиеленісе түсті. Осылайша экологиялық апатадамдардың денсаулығына, оның болашағына қауіп төндірді.

Теңіз кенішінде тау болып үйілген күкірт мәселесі облыстық әкімдіктегі үлкенді–кішілі бас қосуларда талай мәрте талқыланды. Әрине, одан күкірт көлемі кеміп кетпегенімен, расын айтук ерек, шешімді шаралар алынып жатыр, бастапқы қадамдар жасалуда. Алайда, Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіру компаниясы ауқымды экологиялық проблемаларға тап болып отыр. Мысалы, облыста атмосфералық ауаға шығарылатын барлық залалды қалдықтардың жартысынан астамы бірлескен кәсіпорын үлесінде. Теңіз кеніші аумағында 9 млн тоннадан астам күкірт ашық аспан астында жатыр. Бұл дүние жүзі бойынша осындай әдіспен сақталған күкірттің 40 пайызын құрайды [15, 5б].

Табиғатпен қайшылықтың шиеленісуіне техника, өндіріс қана кінәлі емес, кінә адамдардың іс-әрекетін дұрыс басқармаудан, қабілетсіздіктен, қоршаған ортаны сақтауға ынтаның жоқтығынан болып отыр. Табиғатпен тиімді қатынасты қалыптастыруда адам шешуші фактор.

Табиғатты қорғаудағы басты стратегиялық бағыт–мүмкіндігінше қалдықсыз технологиялық процестерді енгізу. Бұл қоршаған ортаның ластануын азайтады немесе түгелдей жояды, шикізаттың бастапқы түрлерін өңдеуге мүмкіндік береді және қосымша өнім алуғада жағдай жасайды.

Айналадағы ортаны, негізінен табиғатты адамның пайдалану сипатындағы қалыптасқан қайшылықты өзгертудің үлкен маңызы бар.

Табиғат қорықтары, парктер өсімдіктер және жануарлар әлемін сақтауға мүмкіндік береді, сирек кездесетін немесе жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғайды. Табиғатты қалпына келтіріп, байытудың маңызы өте үлкен. Ол үшін көгалдандару, бау-бақша өсіру, су қоймаларын жасау жұмыстарын үздіксіз жүргізу керек. Ағаш отырғызу жұмыстың жартысы ғана, істің нәтижесі–оны өсіруде.

Табиғатты қорғау саласының бірі–экологиялық бақылау. Бұл бағытта бір сыпыра жұмыстар іске асырылуда. Республика бойынша облыс, аудан, қалаларда айналадағы ортаны қорғау, экологиялық бақылау мекемелері құрылды.

Адам мен табиғат арасындағы қайшылықты шешуді қоғам реттейді, оның қызметі адамдардың санасын тәрбиелеу және олардың өзін қоршаған әлемді қорғауға бағытталған ынталы жігерін қолдау.

Қазіргі уақытта барған сайын көптеген елдер оны шешу үшін өздерінің күш-жігерін біріктіре бастады. Ұзаққа созылатын экологиялық қауіпті жою мен қатар, төтенше экологиялық жағдайларда көмек көрсетілуде. Осының бәрі БҰҰ-ның ұсынған“ Жер біреу ғана!” деген ұранын жүзегеа сыруды көздейді. Дүние жүзілік қауымдастық мынадай жағдайды басшылыққа алады: экологиялық проблеманы шешудің басты жолы–адамдардың өндірістік және өндірістік емесіс әрекетін қалыпты экологиялық дамуды айналадағы ортаны бүкіл адамзаттың және әр бір адамның мүддесіне сай өзгертуді қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастыру [11, 97б].



Мінеки енді осы экологиялық апаттан қалай құтылуға болады? Табиғатты қалай сауықтыруға болады. Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін ең алдымен, адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек, тәрбиелеу керек. Ол үшін балалар бақшасынан бастап, мектептерде, жоғарғы оқу орындарында, адамдардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, қалыптастыру керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология қажет. Егер біз, жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесек көп нәрседен ұтылатынымыз хақ. Әрбір тәрбиеші, мұғалім, маман, басшы, экология негіздерін жақсы білуі қажет. Сонда ғана, әрбір адамның миында, қанында, көзқарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы негіз қалыптасады. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауға белсенділік көрсете алады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген

  2. М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. -Алматы:Атамұра, 2009. ISBN9965-34-927-4

  3. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Н. Ә. Назарбаев «Бейбітшілік кіндігі». – Астана «Елорда», 2001

  4. Жоғарыға көтеріліңіз↑ О. Жанайдаров «Менің елім-Қазақстан». –Алматы:«Балауса баспасы», 2003

  5. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Журнал «Арай» 1988 жыл №10

  6. Жоғарығакөтеріліңіз↑Қазақстанньңфизикалықгеографиясы, Алматы: Атамұра, 2008. ISBN9965-34-809-Х




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет