Мембранамен қолдану әдістер. Мембрана – жоғарыпоралық, порасыз тегіз немесе түтікті қоршау, полимералық және бейорганикалық заттардан жасалып қоспада немесе ерітіндіде болған әр түрлі бөлшектерді (иондар, молекулалар, макромолекулалар, коллоидтық бөлшектер) жақсы бөледі.
Микросүзу -әдеттегі сүзуге жақын гидродинамикалық процесс. Микросүзудің ерекшелігі – тығыз фазаның ұсақ бөлшектерін бөліп алу үшін тесіктерінің диаметрі 0,1-10 мкм мембраналармен қолдану. Тығыз фазада микроағзалар болса, осы жағдайда қолданған сүзу зарарсыздандыру сүзу деп аталады.
Әр түрлі заттардың атомдарын, молекулаларын, иондарын жартылай өткізетін мембраналардан өту механизмін келесі теориялармен түсіндіріледі.
Елеу теориясы – жартылай өтетін мембрананың тесіктері ерітіндіні өткізеті, бірақ ерітілген заттардың молекулаларын, иондарын өткізбейді.
Молекулярлы диффузия теориясының негізінде полимерлі мембраналармен бөлінетін компоненттердің еру касиеттерінің ерекшелігі және диффузия коэффициентінің айырмашылығы жатыр.
Капиллярлы сүзілу теориясының негізінде мембрананың үстіндегі суйықтықтың шектік қабатының және көлемдегі суйықтықтың физико-химиялық қасиеттерінің айырмашылықтары жатыр. Осы теория ең көп қолданылатын теорияның бірі.
Мембрандық аппараттардың негізгі жұмыс мүшесі – жартылай өткізетін мембраналар.
Мембраналар әр түрлі заттардан жасалады: полимерді заттардан, шыныдан, керамикадан, жұқа қабатты темірден және т.б. Жартылай өткізетін мембраналар тесіктерімен және тесіктерсіз болады. Тесіктерсіз мембраналарда процесс молекулярлы диффузия арқылы өтеді. Осындай мембраналар диффузиялық деп аталып бір біріне ұқсас қасиеттері бар компоненттерді бөлуге қолданылады. Тесікті мембраналарды полимерді материалдардан дайындайды.
Кәзіргі уақытта ядролық мембраналар немесе нуклеопоралар кең таралған. Осы мембраналарды жұқа полимерді қабыршықтарды альфа бөлшектердің сәүлесінен өткізіп кейіннен химиялық реагенттермен әсер етіп алады. Ядролық мембраналардың негізгі қасиеттері: тесіктерінің қалпы домалақ, керекті өлшемі және тесіктерінің саны реттелген мемебраналарды алу мүмкіншілік, тесіктерінің үлкендігі бір келкі болады, химиялық тұрақтылық. Ядролық мембраналардың негізінде поликарбонаттық қабыршықтар жатады, тесіктерінің диаметрі 0,1-8 мкм.
Полимерді мембраналармен қатар тығыз құрылымы бар мембраналарда болады: темірден, шыныдан, керамикадан жасалған. Осы мембраналардың тесіктері 5-0,1 мкм.
Мембраналарды алу тағын бір әдіс – темір ұнтақты жоғары температураларда ұнтақты металлургия әдісімен алу.