Казақстан республикасының білім және ғылым министрлігі к. Ә. ДӘуітбаева



бет124/155
Дата24.04.2022
өлшемі2,44 Mb.
#140657
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   155
Байланысты:
zoo

Зәр шығару жүйесі 1-3-ке дейін жететін нефромиксиялар. Олар дененің алдыңғы үштен бір бөлігінде кеңейген ұшымен целом қуысына, жіңішке жағымен сыртқа ашылады. Нефромиксиялар несеп заттарын шығарумен қатар негізгі қызметі - жыныс клеткаларын шығару.
Тыныс алу жүйесі дамымаған, бүкіл денесі арқылы тыныс алады.
Қан айналу жүйёсі - лакуналар, синустар және целом қуысы. Синус, лакуналар ішектің қабырғасында саңылаулар түрінде кездеседі және оның сұйықтығында тек амебоидты клеткалары болады. Целом қуысының сұйықтығы қызғылт түсті, ішінде әр түрлі клеткалар жүзіп жүреді. Алдымен амебоидты, содан кейін ішіне қарай қабыстырылған домалақ қызғылт түсті клеткалар. Бұлардың түсі - құрамыңда темірлі заты бар, гемоглобинге ұқсас гемиәритриннің болуына байланысты. Сондықтан бұл клеткаларды омыртқалылардың қызыл қан түйіршіктеріне теңестіруге болады.
Целомның құрамында екі клеткадан тұратын денешіктер болады. Олардың бір клеткасы мөлдір күмбез тәрізді, екіншісі оған жабыса орналасқан шұңғыл тәрелке сияқты, көптеген ұсақ кірпікшелермен қапталған. Осы кірпікшелері арқылы олар сұйықтықта шапшаң қозғалып жүреді. Кірпікшелі клеткалар целомға жабысқақ затты бөліп шығарады, ал оған, бойына зат алмасудың соңғы қалдықтарын жинап алған сары түсті дәндер және амебоидты клеткалар жабысып, сары дене түрінде нефридия арқылы сыртқа шығарылады.
Денешіктерден басқа целомда 2-ден - 64-ке дейін көпбұрышты клеткалардан құралған мөлдір сопақша табақшалар жүзіп жүреді. Олар бұласыр (пластырь) сияқты ішектің жарақаттанған жеріне барып жабысады. Бұларды амебоцит клеткалары тасымалдайды. Ақырында, целомда жетілген жыныс клеткалары да болады.
Нерв жүйесі бір жұп жұтқыншақ үсті ганглиядан, екі жұтқыншақ айнала коннективадан және құрсақ нерв бағанасынан тұрады. Сезім мүшесі тек қана ауыз жанындағы қармалауыштары.
Сипункулидтер - дара жыныстылар. Жыныс бездері перитонеальды эпителиден қалыптасқан білік түрінде дамиды. Жыныс клеткалары бастапқы кезеңде жыныс бездерінен ажырап, целом қуысыңда жетіліп, сыртқа шығарылып, теңіз суында ұрықтанады. Ұрықтанған жұмыртқаларының бөлшектенуі спиральды детерминативті жолмен өтіп, трохофора личинкасы пайда болады. Личинканың екі мезодермальды жолағы тез өсіп, тұтас целомды құрайды. Демек, дамуында ешқандай сегментациясы жоқ. Трохофора планктонда еркін жүзіп жүреді де, теңіз түбіне орнығып, ересек формасына айналады.
Сипункулидтер барлық теңіздерде және мүхиттарда кездеседі, тек Балтық және Қара теңіздерде жоқ. Негізгі өкілдері: Phascolosoma margaritacea - ұзыңдығы 19 см, лайлы жерде тіршілік етеді; Sipunculus nudus - ұзындығы 25 см, Phascolion strombi - 2 см-ге дейін, моллюскалардың бос қабықшаларында кездеседі; Siphonomecus multicinctus - ұзындығы 50 см-ге дейін Тынық мүхиттың Калифорния жағалауларында кездеседі. Сипункулидтер класы ескі заманнан сақталып қалған, көне дәуірге тән топты құруы мүмкін. Бұлар, буылтық құрттар, буынаяқтылар, моллюскалар сияқты, сегменттелмеген целомы бар өліп кеткен алғашқы Prostomia деңгейіндегі жануарлар тобына жақын болуы ықтимал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет