Казақстан республикасының білім және ғылым министрлігі к. Ә. ДӘуітбаева


Бауыр кірпікшелілер отряды - Hypotricha



бет26/155
Дата24.04.2022
өлшемі2,44 Mb.
#140657
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   155
Байланысты:
zoo

Бауыр кірпікшелілер отряды - Hypotricha
Тұщы суларда және теңіздерде кең тараған. Негізгі өкілінің стилонихия - Stylonichia mytilus-тың кірпікшелері көп жағдайда қылтандарға және цирраларға айналған. Цирра тобы бауыр жағында орналасқан, осылар арқылы инфузория судың түбінде жылжып жүреді. Мембранеллалары денесінің алдыңғы және бауыр жағында орналасқан (24-сурет).
Аз кірпікшелілер отряды - Oligotricha
Тұщы суларда және теңіздерде кең тараған. Денесінде кірпікшелері жоғалған, тек ауыз айналасында оң жаққа бұралған мембранелласы бар. Тинтиноидтер - Tintinnoidae тұқымдастарының денесі жұқа қоймалжың қабыршақтың ішінде орналасқан, өкілдері теңіздерде планктон қабатында қалқып жүзіп жүреді.
СОРҒЫШ ИНФУЗОРИЯЛАР КЛАСЫ - SUCTORIA
Сорғыш инфузориялар тұщы суларда және теңіздерде субстратқа сабақшасымен тіркеліп тіршілік етеді. Кірпікшелері, ауыз тесігі, жұтқыншағы жоқ, тек дамуының алғашқы кезеңдерінде ғана кірпікшелері болады, кейін олар жойылып кетеді.
Денесінде сорғыш таяқшалары немесе қармалауыштары болады, бұлар ұзын, жиырылғыш, қуыс түтіктер. Осы таяқшалары арқылы басқа кірпікшелі инфузорияларды ұстап қоректенеді. Таяқшалары өте сезгіш. Егер кірпікшелі инфузория сорғыш таяқшаға тиіп кетсе, олар сол сәтте оған жабысады. Ұсталған кірпікшелі инфузорияға таяқшалардың бірнешеуі бұрылып келіп, жабысқан жерінің пелликуласын ерітіп жіберіп ішіндегі цитоплазманы сорып алады (25-сурет).
Таяқшалары денесінде радиальды түрінде (Sphaerophrya) шоғырланып немесе арнайы өсінділерінде "қолдарында" тарамдалып орналасқан (Dendrocometes) ұзын немесе қысқа. Таяқшаларының осындай құрылысты болуына байланысты оларды сорғыш және ұстағыш таяқшалар деп атайды. Сорғыш таяқшалар қоректену, ал ұстағыш таяқшалар жемді ұстау және өлтіру қызметін атқарады.
Сорғыш инфузориялардың 500-ге жуық түрі бар. Субстратқа ұзын немесе қысқа сабақшасымен бекініп тіршілік етеді. Дене пішіні сопақша, шар тәрізді немесе бұтақталған. Ядросы екеу: вегетативті-макронуклеус, көбеюден басқа денедегі барлық зат алмасу қызметтерін реттейтін және генеративті-микронуклеус тек қана көбею қызметін атқаратын. Тұщы суда тіршілік ететін сорғыш инфузорияларда жиырылғыш вакуолі жақсы дамыған және ол зәр шығару, осмос қысымын реттеу, тыныс алу қызметін атқарады.
Сорғыш инфузориялар жыртқыштар, кірпікшелі инфузориялармен қоректенеді. Кейбіреулері эктокомменсалдар, айрықша дамыған аяқшалары немесе табаншасымен басқа жануарларға, әсіресе шаянтәрізділерге жабысып тіршілік етеді, мысалы Tocophrya cyclopum. Кейбір түрлері инфузориялардың паразиттері, мысалы Sphaerophrya stentor және S.sol.
Сорғыш инфузорияларды кірпікшелілер типіне жатқызу себебі бұлардың макронуклеусінің, микронуклеусінің болуы, жынысты - конъюгация жолымен көбеюі және дамуының алғашқы кезеңінде кірпікшелерінің болуы.
Сорғыш инфузориялардың жыныссыз көбеюі сыртқы немесе ішкі бүршіктену арқылы өтеді. Пайда болған бүршіктер анасының денесінен үзіліп, біраз уақыт кірпікшелері арқылы суда еркін жүзіп, содан кейін кірпікшелерін жойып, сабақша арқылы судың түбіне бекініп, сорғыш қармалауыштарын шығарып ересек түріне айналады. Жынысты көбеюі конъюгация жолымен өтеді, бірак конъюгация процесі жақсы зерттелмеген.
ҚАРАПАЙЫМДЫЛАРДЫҢ (PROTOZOA) ФИЛОГЕНИЯСЫ
Эукариотты жануарлардың ішіндегі клетка деңгейіндегі организмдердің бірі - қарапайымдылар. Олар жер бетінде бірінші пайда болып және күрделі организмдердің пайда болуына бастама берді.
Қарапайымдылардың құрылымын, даму ерекшеліктерін өзара салыстыра отырып, олардың шығу тегі және филогенетикалық байланыстары жөнінде бірнеше жорамал айтылған. Олардың бірі Пашер (1914). Пашердің көзқарасы бойынша ең алғашқы пайда болған организмдер автотрофты (бейорганикалық заттардан органикалық заттарды синтездеу) жолымен қоректене алатын организмдер болған деген. Осындай қоректену әдісі қарапайым жәндіктер арасында тек талшықтыларда кездеседі. Бірақ та фотосинтезді көне замандағы қоректену түрі деп санауға болмайды.
Академик А. И. Опарин "Тіршіліктің пайда болуы" (1965) деген гипотезасында органикалық заттар жер бетінде тірі организмдерден бұрын пайда болған, сол себептен алғашқы организмдердің қоректенуі гетеротрофты (дайын органикалық заттармен қоректену) жолымен өтеді деп санаған. Бір клеткалы жәндіктер арасында қарапайым құрылысты саркодалылар (жалғанаяқтылар) гетеротрофты жолымен қоректенеді.
Дегенмен - өте ерте кезде, қазбаларда сақталмаған, бір клеткалы, қарапайым құрылымды, эукариотты гетеротрофты организмдердің топтарынан қарапайымдылардың саркодалылар мен талшықтылар класы пайда болған деген жорамал дұрыс сиякты.
Саркодалылар мен талшықтылар ерте кезде екі эволюциялық бағытта дамыған және көптеген күрделі құрылысты қарапайымдыларды берген. Олардың ішінде ең күрделі құрылысты кірпікшелілер класының өкілдері болып саналады. Қозғалыс мүшелерінің, талшық пен кірпікшенің ұқсастығы инфу­зория мен талшықтыларды бір-біріне жақындастырады да, инфузориялар талшықтылардан пайда болған деген ой туғызады. Инфузориялар көп таралып қарқынды эволюцияға ұшырап, күрделі формаларға қарай дамыған. Кірпікшелі инфузориялардан сорғыш инфузориялар дамыған, бұған дәлел - сорғыш инфузориялар дамыған кезінде пайда болған жас бүршіктерінде кірпікшелерінің болуы.
Споралылардың да арғы тегі талшықтылар болуы мүмкін, өйткені бұлардың тіршілік циклындағы ерекшеліктері де ұқсас (грегариналар, кокцидиялардың гаметаларының тұрақты болуы, талшықтың болуы талшықтылармен жақындастырады).
Книдоспоридиялар мен микроспоридиялардың шыққан тегі саркодалылар деп санауға болады, олар дамуының алғашқы кезеңдерінде амеба тәрізді жалғанаяқтары арқылы қозғалады және ешбір уақытта талшықтары болмайды.
Тұрақты колония құрып тіршілік ететін талшықтыларды эволюциялық тұрғыдан қарағанда - олар көп клеткалы (Metazoa) жануарлардың арғы тегі екендігі дәлелденген.
2-ші бөлім


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет