- Олай болса неге кейбір шетелдік ғалымдар бұған қазақтардың көшпелі өмір сүруі себеп болғанын айтып жүр? Олардың бұндай тұжырым жасауы неліктен?
- Батыс елдері Кеңес мемлекетінің құрылуын әуел бастан қолдамады. Мәселен, қазір біз Америка, Еуропа ғалымдарымен қарым-қатынастамыз, түрлі ғылыми конференцияларда пікір алмасамыз. Сонда көзіміз жеткені, оларда қатып қалған біржақты таптаурын көзқарас бар. Мысалы, Роберт Киндлер деген Германия тарихшысы «Сталинские кочевники» деген еңбек жазды. Олар үшін Сталин – сынауға ыңғайлы объект. «Сталин – жауыз. Бәріне кінәлі сол». Иә, солай екені рас, бірақ бұл ішкі фактор ғана. Алайда бұдан басқа сыртқы – экономикалық, саяси факторлар бар емес пе? Егер Америка, Франция, Ұлыбритания сол кезде КСРО-мен қалыпты
экономикалық-саяси қарым-қатынас жүргізсе Қазақстандағы трагедия болмас та еді! Тіпті болған күннің өзінде мұндай масштабта емес, аз көлемде болар еді. Әлі күнге дейін Батыс елдері үшін бұрынғы Ресей империясы, одан кейін Кеңес мемлекеті мәңгі бәсекелес, соларды қалайда тұқырту, кінәлі көрсету олар үшін маңызды. Тіпті сол Р.Киндлер де, Марта Брилл Олкотт және басқа шетелдік, ресейлік ғалымдар да «қазақ көшпелі болғандықтан аштан қырылды» деген үстірт пікірлерінен әлі күнге дейін танбайды. Қазақтың тарихына олар өз мүддесі тұрғысынан қарайтыны түсінікті жайт.
Достарыңызбен бөлісу: |