Кеңестік Социалистік Республикалар одағының басшылығы 1920 жылдардың екінші жартысында бүкіл ел бойынша индустрияландыру жүргізіп, өнеркәсіптік державаға айналуды мақсат етті


- Аштықтан жан-жаққа босып кеткендердің тағдыры қалай болды?



бет8/21
Дата08.02.2022
өлшемі57,27 Kb.
#118105
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
- Аштықтан жан-жаққа босып кеткендердің тағдыры қалай болды?
- Аштыққа, зорлық-зомбылыққа шыдамаған халық шекараға жақын аудандарда малын айдап Қытай, Түркменстан, Иран, Ауғанстанға дейін өтті. Аралдың маңы, Ақтөбедегі халық біртіндеп қарақалпақ, өзбек жеріне көшті. Мысалы, 1932 жылы Қарақалпақстан аумағына 3,5 мың қазақ отбасы барыпты. Бірақ оларды жергілікті билік қабылдағысы келмейді, содан Қазақстаннан өкіл ретінде Орталық атқару комитетінің хатшысы Абдолла Асылбеков Қарақалпақстанға жіберіліп, сонда 3 ай болады. Қазақтарды қайта алып кетейін десе жолда қырылып қалады, сондықтан орталықпен келісіп, жаңағы адамдарды сол жерде колхозға орналастыруға қаражат бөлгізеді. Кейін естерін жиғаннан кейін елге қайтып көшер деген ой ғой. Мына 1970, 1980-90 жылдары Қарақалпақстаннан көшіп келген қазақтардың көбі солардың ұрпақтары.
Ресейдің түкпір-түкпіріне, тіпті Қиыр Шығыстағы Камчатка, солтүстіктегі Архангельск немесе Оралдың солтүстігіндегі зауыттарға жұмыс іздеп жосыған қазақтар көп болған. Өйткені, ол кезде азық-түлік қатаң түрде карточкамен беріледі, оған ие болу үшін жұмысқа тұру керек. Бірақ жұмысқа алған жерлер кейін елге қайтқысы келгендерге жол қаражатын да, азық-түлік те бермегендіктен босқындардың жол-жөнекей, тіпті вокзалдарда өліп жатқан фактілері көп. Мысалы, архивтен Батыс Қазақстаннан Сталинград өлкесіне бара жатқанда қырылған қазақтардың статистикасын көрсеңіз жан түршігеді. Демек, ашаршылық 1931-33 жылдармен шектелмейді, адамдардың қырылуы 1930-40 жылдарға дейін созылды.
Біздің институтта жұмыс істеген көрнекті ғалым, этнограф Халел Арғынбаевтың айтуынша, бала кезінде Баянауылда тұрыпты. Аштық қаһарына мінген кезде 20 шақты отбасы алдымен Керекуге барады, одан Томск, Новосибирскіге жеткен. Қиыр Шығысқа жеткен соң балық тресіне жалданып, Камчаткада бес жыл тұрыпты. Балық тең-тең болып жатады, сол жерде есімізді жинадық дейді. 1938 жылы елге қайтып келген. Қаншама қазақ барған жерлерінде қалып қойды. Олардың ұрпақтары әлі күнге дейін бар.
Сондай-ақ, Мәскеу архивінде бұрынғы халық санағының материалдарын қарағанымда, Запорожье облысы туралы құжатпен таныстым. Онда қанша орыс, украин дүниеге келгенін келтіреді де қазақты жеке көрсетеді. Егер олар тым аз болса басқа ұлт құрамында жаза салатын еді. Демек, аз болмаған. Днепропетровск қаласының мұрағаттық істерінде де дәл солай, қазақтар жеке көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет