Кеңестік Социалистік Республикалар одағының басшылығы 1920 жылдардың екінші жартысында бүкіл ел бойынша индустрияландыру жүргізіп, өнеркәсіптік державаға айналуды мақсат етті


- Ал 1930 жылдардағы ашаршылық кезінде шет елдер тарапынан көмек көрсетілмегені неліктен?



бет5/21
Дата08.02.2022
өлшемі57,27 Kb.
#118105
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
- Ал 1930 жылдардағы ашаршылық кезінде шет елдер тарапынан көмек көрсетілмегені неліктен?
- 1931-33 жылдары Қазақстанда халықтың аштан қырылып жатқанын шетел білген жоқ. Айталық, Мәскеудегі архив қорларындағы халықаралық Қызыл крест, Қызыл жарты ай қайырымдылық қоғамдарының қызметі туралы мұрағаттық істерде Қазақстан туралы бір де бір сөз жоқ. Тек Украинаның батысында адамдар аштан қырылып жатқаны және оларға аталған қоғамдар тарапынан көмек көрсетілгені туралы деректер бар.
Қазақ халқының тарихында жүздеген ұлт-азаттық көтерілісі болғаны белгілі. Аштан қырылып жатқанда да ел тұяғын соңғы рет серпіп қалғысы келіп, жастығын ала құшты ғой.
- Иә, халық бостан-босқа қырылған жоқ, зорлық-зомбылыққа шыдамай көтеріліске шықты. Алғашқы қарсылық 1929 жылы Қостанай облысында Батпаққарада басталды (қазіргі Жангелдин, Амангелді аудандары), 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі Амангелді Имановтың, Әбдіғапар Жанбосыновтың серіктері ғой. Халық 1929 жылы егін орағы кезінде астықты түгел тартып алғанына шыдамай көтеріліске шығады. Көтерілісшілер аудан орталығы Батпаққараны басып алып, партия, атқару комитеттері басшыларын тұтқынға алады. Билікті таратып, өздерінің Халық кеңесін құрған. 1929 жылы қыркүйектің аяғында Амангелді көтерілісіне қатысқан Омар Бармақов деген ақсақалды хан сайлайды. Тартып алынған астық пен малды халыққа қайтарып береді. Сөйтіп олар бір апта билік жүргізеді. Одан кейін большевиктер жан-жақтан әскер әкеліп, көтерілісті күшпен басты. Жауапқа тартылған 530 адамның қатарында ОГПУ үштігінің үкімімен О.Бармақов ату жазасына кесілді.
Микоян мал басын жаппай өткізуге тапсырма берген 1930 жылдың ақпан айында оңтүстік Қазақстандағы Созақ ауданында көтеріліс бұрқ етті. Бұл көтеріліс арнайы дайындалған. Бұрын болыс болған Сұлтанбек Шолақов деген азаматтың бастауымен 400-дей адам жиналады, кейін 700-ге жетеді. Көтерілісті басуға Ташкенттегі Ленин атындағы әскери мектептің курсанттарын әкеледі (өзбек, қырғыз, түркмен, тәжік, т.б.). 350 курсант, аттың үстіне бөлшектеп тиеп алған зеңбіректері бар, таңға жақын Қаратау жотасынан өтіп Созаққа келіп түседі. Қанды шабуылдан көтеріліске қатысқан 394 адам қаза табады. Бұл көтеріліс туралы құжаттарды КГБ-нің архивінен көрдім, соның ішінде көтерілісті басқарған, штабқа мүше болған 6 адамға акті жасалыпты.
Бұл көтерілістің тағы бір ерекшелігі бар. Қазақстан ол кезде жеке республика аталғанмен, Кеңес мемлекетінің бір бөлшегі. Яғни, халықаралық қауымдастық үшін КСРО – басты объекті. Созақта болған көтеріліске дем беріп, айдап салушының бірі – жергілікті халық арасына сіңіп кеткен, осында он жылдай тұрған Асадулла Османоғлы Ибрагим деген ағылшын тыңшысы. Қазақша білетін ол өзін ауғандықпын дейді, емшілік қасиеті болған, қазақтан 2 әйел алған. Сол кейде Ташкенттен дәрі-дәрмек алып келемін, емшілерден кеңес алуым керек деп 1- 2 ай жоқ болып кетеді екен. «Бізге Ауғанстаннан 1 млн әскер келуге дайын тұр, мына Кеңестің зорлығына қарсы шығыңдар» деп үгіттейді халықты. Енді қазір оңтүстіктің кейбір адамдары «Асадулла Ибрагимоғлы деген керемет жақсы азамат болған» деп әспеттейді. Ол Созақты көтерілісшілер басып алған кезде аудан басшыларын, сол жерде аурухана, мектеп салып жатқан 12 орысты бауыздап өлтіріп, құдыққа тастатады. Ал көтерілісті басуға Ташкенттен әскер келгенде жарты күн бұрын қашып кеткен. Асадулланы 20 күннен кейін Қазалы стансасында теміржол вагонының ішінен ұстайды. Мен оның тергеу кезінде берген жауаптарын оқыдым, алғашқы 3 жауабында «ауғандықпын» дейді, ал төртінші жауабында шынын мойындап, ирандық екенін айтады. Иран 1918 жылдары ағылшындардың ықпалында болғаны рас. Олар Асадулланы барлаушылар мектебінде оқытады. Сөйтіп Баку арқылы Самарқанға өткізіп, одан Ташкентке жіберген. Содан Созаққа келіп орналасқан. Арасында басшыларынан тапсырма алып тұрады. Міне, шетел барлау қызметі Қазақстанда болып жатқан оқиғаларды пайдаланып, іштен ылаң салу, т.б. әрекеттер жасаған. 1920 жылдары басмашылар қозғалысына дем беріп, қоздырған да ағылшын барлауы болатын.
Ашаршылық жылдары бұдан басқа Адай, Ырғыз, Қарақұм, Абыралы, Шоқпар көтерілістері болды. Ең үлкен көтеріліс Ақсу-Бүйен ауданында болған, жетекшісі – Бейсетбай Қылиев. Бүкіл Қазақстан бойынша 1929 жылғы күзден 1932-нің аяғына дейін 80 мыңнан астам адам қатысқан қанды көтерілістер болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет