-Бұл мойындалды деген сөз бе?
- Тарихшылар өз тарапынан аштықты «этноцид» деп түйін жасады. Ал, әлем мойындады ма, жоқ па, ол мүлде бөлек мәселе. Украинада болған «Голодомор» болса, бұл енді өте саясиландырылған мәселе. Яғни, Кеңес одағы мен АҚШ секілді державалардың өзара бәсекелестігінен туындаған. Жалпы, украин диаспорасының шетелде ықпалды тұлғалары көп. Олар аштық мәселесін сонау 1960 жылдары-ақ көтерген. Америка ғалымы Роберт Конквест кітабын солардың сөзіне сүйеніп жазды. Міне, «Голодомор» туралы содан көпке белгілі болды. Одан беріде Ресей мен Украина арасында текетірес басталды. Олар осыны пайдаланып аштық мәселесін БҰҰ деңгейіне дейін жеткізді.
Қазақстандағы ашаршылық қасіретін әлемдік деңгейде қозғау әрекеттері бізде де болған. 2010 жылы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақан Бижановтың атсалысуымен Еуропарламент мүшесі, Түркияның қазіргі
сыртқы істер министрі Мевлюд Чавушоғлы деген азамат Қазақстанға келді. Сонда біз, тарихшылар, ауқымы мен зардабы жағынан Қазақстандағы ашаршылық украин «Голодоморынан» анағұрлым ауыр және қасіретті екенін дәлелдеп бердік. Бірақ, бұл мәселе сонымен тоқтап қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |