Кейс-стади (Case-study – «Уақиғаны зерттеу») әдісі (технологиясы) «Кейс-стади» технологиясы


Талдау кезеңі 1. Кейстік проблеманы бірлесіп талдау үшін студенттер топшаларға бөлінеді



бет7/7
Дата02.03.2022
өлшемі98,14 Kb.
#134025
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция Кейс стади
Al ash y- skeri-dayyndy -1, Al ash y- skeri-dayyndy -3, Al ash y- skeri-dayyndy -3, Лекция 13-14, Ауа кестелер, 10, -9786010410237 convert

2. Талдау кезеңі

1. Кейстік проблеманы бірлесіп талдау үшін студенттер топшаларға бөлінеді.

2. Топшалардың мүшелері бірінен екіншісіне ауыса алады.

3. Әр адам өз ойын еркін айта алады. Басқалар соның дұрыс жағын табуға көмектеседі.

4. Ортақ тоқтамдарға келеді. Талдау мен шешім қабылдау- да пәннің теориялық, әдіснамалық, терминдік, заңдық, формулалық және басқа мазмұны пайдаланылуы керек.

5. Қорытындылар презентациялық түрге енгізеді.

6. Әр топшадан қорытындыларды қорғайтын спикерлер сайланады.

3. Қорытымдау кезеңі

1. Топшалардың спикерлері, бірлесіп жасаған презентация материалдарын пайдалана отырып, ортақ шешімдерінің дұрыс екендігін түсіндіріп, дәлелдеуі керек.

2. Жасалған қорытымдардың теориялық, практикалық жақтары көрсетілуі қажет.

3. Жалпы топ мүшелері берген сұрақтарға спикер және шағын топ мүшелері қосымша жауаптар береді.

4. Ортақ рефлексия (катарсис) немесе сабақтастыру кезеңі

Ортақ жұмыстың жалпы қорытындысы туралы ұстаз талдау жүргізеді. Оның басты жақтары:

1. Кейстің басты мәні ашу, пәннің теориялық негізімен, жеке жақтарымен, бұрынғы тақырыптарымен ара байланысын көрсету.

2. Спикерлердің сөздірінің өте ұтымды ойларын ерекше бағалау немесе өте қате кеткен жақтарына түзетулер жасау.

3. Басты қорытымдар жасау. Жалпы пәннің қандай тақырыбы, жақтары ашылғандығын көрсету.

4. Пән бойынша келешекте қандай мәселелер қаралатынын ескертіп, сонда осы кейспен қандай байланыс болуын қысқаша сипаттау, түсіндіру.

Ақырғы нәтиже

Кейстік проблеманың барлық топ мақұлдайтын шешімін табу

Жақсы жүргізілген кейс әдісінің белгілері:

  • Ұстаз талдау барысына қаншалықты аз араласса, соншалықты жақсы болады. 
  • Студенттер белсенділігінің жоғары болуы. 
  • Студенттердің бір-біріне қоятын сұрақтардың көп болуы.
  • Топшалар мен жеке студенттер арасындағы жақсы көңіл күйлер.
  • Кейстік шешімдердің дәлелді болуы.

Кейстік әдісті қолданудың артықшылықтары
  • Студенттердің реалды өмір практикасында кездесетін проблемаларды шешуден қашпау.
  • Топпен бірлесіп жұмыс істеуге дағдылану.
  • Презентациялар жасау қабілетіне үйрену.
  • Ғылыми конференцияларда, пресс-конференция-ларда өз ойын айтып, ұсынысын дәлелдеу қабі-летін қалыптастыра бастау.

«Кейске» не жатпайды?

Хью МакЛин көрсеткен кейске жатпайтын үш белгі:

1. Актуалды, қызықты емес (ешбір сұрақ-мәселе туындатпайтын, жұмбағы жоқ, қайшылықсыз) материал.

2. Келтірілген материалдың ерекше астарлы мағынасы жоқ болса.

3. Өмір тіршілігіне, тарихқа, адамдардың пікір таластарына қатысы жоқ материалдар.

Кейсті қызғылықты ететін не нәрсе?

1. Келтірілетін кейстік мысал өмірде кез-келген адамды қызықтыратын көкейтесті мәселе екендігі.

2. Кейс мәтінінің көркем тілмен жазылуы.

3. Уақиғаның үдерістік, дамымалы нұсқада келтірілуі.

Кейс мәтінінің құрылымы

    • Кіріспе.
    • Негізгі бөлім.
    • Соңғы сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет