2015-2016 оқу жылында Малыбай орта мектебі «Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» жеке тұлғаның сұраныстары мен мүмкіндіктерін және нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін қалыптастыру, білім беру стандартының, бағдарламаларының, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің көпнұсқалы, жаңа сапалы мазмұнын жасау және қолданысқа еңгізу керектігі жайлы айтылған.Осы мақсатпен мектептің даму бағдарламасын негізге ала отырып, білім мазмұнына жаңартулар енгізілді.
2015-2016 о.ж. Малыбай орта мектебінің оқу жоспарына төмендегі жаңалықтар жоспарланды:
1-4- сыныптарда оқушылардың математика пәнінен сауаттылықтарын көтеру мақсатында және мектеп жаратылыстану-математикалық бағытта физика-математикалық бағдар бойынша оқытылады. Мектепте бастауыш буында келесі үйірмелер еңгізілген:
Мектеп компонентінен вариативтік оқу жүктемесінен 1-сыныпқа 3 сағат берілді. Оның ішінде таңдау сабақтары «Сандар әлемі», «Түрлі-түсті әлем» 1 сағ.
2-сыныпта мектеп компонентінен 3 сағат берілді, оның ішінде «Туған өлке», «Сөздер сөйлейді» 1 сағаттан, 3-сыныпта 3 сағат «Қызықты грамматика», «Логикалық математика». 4-сыныпта 4 сағат берілді «Логикалық математика», «Мәтін және грамматика», «Мәтін және грамматика» 1 сағаттан. Жеке және топтық консультациялар, белсенді қозғалыс сипатындағы сабақтар 1-сыныпта «Қуыршақ театры» 1 сағ., 2-сыныпта «Ертегі еліне саяхат» 1 сағ., 3 сыныпта «Валеология» 1 сағ., 4-сыныпта «Шебер қол» 1 сағ. Атты үйірмелер еңгізілді.
5-сыныпта мектептік компонентінен 4 сағат, оқушы компонентінен 1 сағат берілді. «Мәшһүртану» арнаулы курсы осы оқу жылында жалғастырылады қазақ тілі 0,5 сағ., орыс тілі 0,5 сағ., ағылшын тілі 0,5 сағ. Оқушылардың мәдени сауатыллығын көтеру мақсатында «Нұр шашу» 1 сағ., «Жас технолог» 1 сағ. курс еңгізілді. Оқушы компонентінен «Шахмат» 1 сағ. берілді.
Оқу жоспарында вариативтік оқу жұктемесі бойынша 6-сыныпта мектеп компонентінен 2 сағат берілді, оның 1,5 сағаты 6-сыныпта биологияны тереңдетіп оқыту, 0,5 сағаты ауыспалы бағдарламаны іске асыру мақсатында информатика пәніне бөлінді.
7-сыныпта мектеп компонентінен вариативтік бөлігіген 3 сағат бөлінді. Жаратылыстану-математикалық бағытты ескере отырып «Өсімдіктер және жануарлар әлемі» 1 сағ. курсы еңгізілді. «Ән арман» 1 сағ., «Компьтерлік графика және дизаин» 0,5 сағат, 0,5 сағаттың ауыспалы бағдарламамен оқыту мақсатымен информатика пәніне бөлінді. Оқушы компонентінен «Мүсін өнері» 1 сағат берілді.
8-сыныпта мектеп компонентінен 4 сағат бөлінген. 2015-2016 оқу жылында орта білім беру ұйымдарында шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық үлгісіне сәйкес мақсатымен ағылшын тілін 8 сыныпқа 1сағат «Сөйлеу мәдениеті» атты курс еңгізілді. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берген тапсырмасына сәйкес оқу процесінде оқу жоспарының мектеп компонентінің жүктемесінен 8 сыныпта «Қазақстан құқығы» (аптасына 0,5 сағ.) жүргізіледі. «Шахмат» (1 сағ.), «Радитехника негіздері» (1 сағ.) курсы еңгізілді. 0,5 сағат информатика пәніне бөлінді.
9-сыныпта мектеп кмпонентінен және оқушы компонентінен 4 сағат бөлінген. 2 сағат алгебра пәнін тереңдетіп оқытуға алынды. Тереңдете оқытуы үшін ҚР Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 06.09. №445 бұйрығымен бекітілген қазақ тілінде білім беретін оқу пәндерін тереңдете оқытуға арналған негізгі орта білім берудің типтік оқу жоспарын пайдалана отырып тереңдете оқыту жалғастырылады пән мұғалімі Темиргалиева А.Е. білімі жоғары, І санатты ұстаз .
9-сыныпқа «Дінтану негіздері» факультативі және оқушы компонентінен «Абайтану» арнайы курсы жүргізіледі аптасына 1 сағаттан.
Жалпы орта білім беру деңгейінде. Оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі 39 сағат құрайды. Оқыту жаратылыстану-математикалық бағытта (физика-математикалық бағдар) жүргізіледі.
Оқу жоспарының вариативтік бөлігінен 10-сыныпқа 6 сағат қолданбалы курс, аптасына 1 сағат таңдау курстары еңгізілді:
«Микробиология» аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат, жетекшісі. «Химия өнеркәсіпте» аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат, жетекшісі Айгожин А.Б. білімі жоғары, биология және химия пәнінің мұғалімі;
«Flash –тегі анимация аптасына» 1 сағат, барлығы 34 сағат, жетекшісі Жумабекова М.О., білімі жоғары, І санатты, информатика пәнінің мұғалімі.
Оқушылар суранысы бойынша мектеп жоспарының вариативтік бөлігінен аптасына 1 сағаттан физика және математика пәндерінен таңдау курстары еңгізілді:
«Физика және экология» аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат, жетекшісі Темирғалиева А.Е. физика және математика пәнінің мұғалімі, білімі жоғары, ІІ санатты;
«Тиімді есептеу тәсілдері» аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат, жетекшісі Дюсенова А.Ж. математика пәнінің мұғалімі, білімі жоғары, ІІ санатты;
Оқушы компонентінен «Радиотехника және электр негіздері» аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат курс еңгізілді, жетекшісі Ибраев А.Е., білімі жоғары, еңбек пәнінің мұғалімі.
«Абайтану» аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат. Жетекшісі Шалабаева Н.А. қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі білімі жоғары, жоғары санатты.
Пән мұғалімдері аталған курстарға арнайы авторлық бағдарлама құрастырып жұмыс жасайды.
11-сыныпта оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі 39 сағат құрайды. Оқыту қоғамдық-гуманитарлық бағытта (тарихи-филологиялық бағдар) жүргізіледі.
Оқу жоспарының вариативтік бөлігінен мектеп компонентінен 6 сағат қолданбалы курсқа бөлінген. Аптасына 1 сағаттық келесі курстар еңгізілді:
«Сопоставительная грамматика» аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағ., жетекшісі Мукатаева Ж.Т. жоғары білімді, жоғары санаты, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі;
«Ресми тіл» аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағ., жетекшісі Темиргалиева Ж.А., білімі жоғары, І санатты, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі;
«Қазіргі әлемдегі қоғамдық саяси ағымдары» (1сағ.), «Өлкетану» (1 сағ.), барлығы 34 сағат, жетекшісі Сатыбалдинов Б.Р., білім жоғары, тарих пәнінң мұғалімі;
Оқушылар суранысы бойынша мектеп жоспарының вариативтік бөлігінен аптасына 1 сағаттан химия және биология пәндерінен таңдау курстары еңгізілді:
«Химия және қоршаған ортаны қорғау» 1 сағат, барлығы 34 сағат, жетекшісі Айгожин А.Б., білім жоғары, биология және химия пәнінің мұғалімі;
«Адам және табиғат» аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат, жетекшісі Шалгымбаева А.Н., білім жоғары, ІІ санатты, биология пәнінің мұғалімі;
Оқушы компонентінен «Программалау негіздері» таңдау курсы аптасына 1 сағат, барлығы 34, жетекшісі Жумабекова М.О. білім жоғары, ІІ санатты, информатика пәнінің мұғалімі.
Мектептің тәрбие жұмысын жоспарлауда жаңа «Тұжырымдама» Астана 2010 жылғы жаңа тәрбие Тұжырымдамасы назарға алынып, патриоттық және азаматтық, рухани -адамгершілік мәдениеті, салауатты өмір салты, экология мәдениеті, эстетикалық, жанұялық өмір мәдениеті, құқықтық мәдениет, саяси мәдениет, кәсіби таңдауға дайындық мәдениеті бағыттары бойынша іс-шаралар жоспарланып, өткізілуде. 6-сыныпта «Мәшһүртану» арнайы курсы үш тілде (орыс 0,5 сағ, қазақ 0,5 және ағылшын 0,5 сағ.) жалғасады.
Мектепте 63 оқушы сынып саны 11, класс комплект 9. 19 мұғалім, 1 педагог-психолог, 1 тәрбиеші жұмыс істейді.
1 бала жетім (қамқоршысы Манабаева А.Н.). Аз қамтамассыз бала 11. Балалардың барлығы мектеп асханасында тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
Мектепте салауатты өмір салтын насихаттау жұмысына ерекше назар аударылуда.
Жалпы мектеп оқушылары аудандық дәрігерлерінің және мектеп медбикесі Асанова Алмагүл Еслямовнаның байқауынан өтті. «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды.
Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінің жұмыс жоспары жасалып, мектеп директорымен бекітілді. Лагерь екі аусымда жұмыс жасап, 50 оқушы қатысты. Оның ішінде бастауыш сынып оқушылары, мектепалды дярлық топ 1 жетім бала және көп балалы отбасы балалары енгізілді.