Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
|
Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, жетекші сұрақтар арқылы төмендегі үлгідей әңгіме жүргізу:
Балалар бүгін біз өзіміз туралы
әңгімелесеміз.
Әйгерім сенің қасында тұрған кім?
Қалай ойлайсын , Ұлан ұл бала ма, қыз бала ма?
Дастан, сен кімнің қасында отырсың?
Балжан ұл бала ма, әлде қыз бала ма?
Осылайша қыздар мен ұлдардың қандай ойыншықтармен ойнамайтындығын, нені жақсы көретіндігін, немен айналысқанды ұнататындықтарын , қандай киім киетіндіктерін сурайды
Осыдан кейін балаларға өздеріңе таныс өлең жолдарын айтып , сергіту жаттығуын жасауды ұсынады.
Ұл, қыз болып бір жолда ,
Иықтасып жүреміз.
Қиындықта қол үшін
Береріне сенеміз.
|