Тарау 9. Персоналдың жеке гигиенасына қойылатын талаптар
118. Объектілерде персоналдың жеке гигиена қағидаларын сақтауына жағдай жасалады. Қол жуу үшін ыстық және салқын су жүргізілген қолжуғыштар орнатылып, қол жууға және құрғатуға арналған құралдармен жабдықталады.
119. Ас блогының қызметкерлері, техникалық персоналы арнайы киім жиынымен ( артық қорымен) (халат немесе шалбары бар кеудеше, бас киім, аяқ киім) қамтамасыз етіледі.
Объекті қызметкерлері жеке және өндіріс гигиена қағидаларын сақтайды: қолдарын таза ұстап, таза арнайы киім мен аяқ киім киеді, объектіден шығарда және дәретханаға барған кезде арнайы киімді шешеді, жұмыс басталарда және дәретханадан келгеннен кейін, сонымен қоса жұмыстағы әрбір үзілістен соң және ластанған заттармен жанасқанда қолдарын сабынмен жуады.
120. Білім беру объектілерінің асхана қызметкерлері жұмыс басталарда шаштарын орамалдың немесе қалпақтың астына жинайды, зергерлік бұйымдарын, сағатты және басқа да сынатын заттарды шешіп қояды, тырнақтарын өсіруге және оны лакпен бояуға жол берілмейді.
Шикізат пен дайын өнімге бөгде заттар түсіп кетпес үшін өндіріс үй жайларына ұсақ шыны мен темір заттарын (технологиялық мүкәммалдардан басқа) әкелуге және сақтауға, арнайы киімді түйреуішпен, инемен түйреуге, халат қалталарында жеке пайдалану заттарын сақтауға жол берілмейді.
Қызметкерлердің өндірістік үй- жайларға арнайы киімсіз кіруіне, арнайы киім үстіне жеке сырт киімін киюге жол берілмейді. Арнайы киімді жеке киімдерден бөлек сақтайды.
121. Білім беру объектілерінің үй жайларында, дәретхана бөлмелері мен жайларында, осы мақсаттарға арнайы бөлінбеген орындарда тамақтануға және темекі шегуге жол берілмейді.
122. Күн сайын жұмыс басталарда жауапты тұлға жұмысшылардың денесінің ашық жерлерін іріңді аурулары, майда тіліктері бар-жоғын тексеріп қарайды. Ас блогы қызметкерлерін тексеріп қарау нәтижелері осы Санитариялық қағидалардың 7 қосымшаның 5 нысанына сәйкес журналда тіркейді.
123. Іріңді тері аурулары, іріңдеген тіліктер, күйіп қалу, инфекциялық ауру қоздырғыштарын тасушылар мен науқастар, сондай-ақ науқастар және тасушылармен байланыста болған тұлғалар уақытша жұмыстан шеттетіледі және тиісті медициналық тексеріс өткізілгеннен кейін, дәрігердің қорытындысы бойынша жұмысқа жіберіледі.
124. Ас блогы персоналында жұмысқа жіберілгендігі туралы белгісі бар медициналық кітапшалары болуы қажет.
Тарау 10. Оқыту және өндірістік тәжірибе жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
125. Жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдарының топтарын (сыныптарын) толықтыру осы Санитариялық қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес қабылданады.
126. Жалпы білім беретін ұйымдардағы сабақтың ұзақтығы 40 минуттан аспауы тиіс. Бірінші сыныптарда бірте-бірте оқу жүктемесін арттыра отырып, оқу сабақтарының «сатылы» режимін пайдаланады. Қыркүйекте 35 минуттан 3 сабақ; қазаннан бастап сабақтар 40 минуттан жоспарланады. Сабақ уақытында физкультминут және көзге арналған жаттығулар жасатады. Бірінші сынып оқушылары үшін бір жыл ішінде қосымша бір апталық демалыстар болуы тиіс. 127. Оқу аптасының ұзақтығына қарамастан, оқушылардың негізгі (инвариантты) оқу жүктемесі 1-4 сыныпта кемінде бес сабақты және 5-11(12) сыныпта кемінде алты сабақты құрайды.
Жалпы білім беретін ұйымдардағы оқу жүктемесінің нормалары осы Санитариялық қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес келеді.
128. Бастауыш мектепте қосарланған сабақтарды өткізуге жол берілмейді. Сабақ кестесін құрған кезде бір күн және бір аптаның ішіндегі оқушылардың ақыл-ой еңбегіне қабілеттілік серпіні ескерілуге тиіс және осы Санитариялық қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес қиындық бойынша пәндерді саралау кестесі пайдаланылады.
129. Сабақтардың кестесі міндетті және факультативті сабақтар үшін бөлек құрастырылады. Факультативті сабақтар міндетті сабақтар санының барынша аз саны бар күндері жоспарланады.
130. Жалпы білім беретін барлық түрдегі ұйымдардың оқушыларына арналған сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде 5 минут, үлкен үзіліс (2 немесе 3 сабақтан кейін) 30 минутты құрайды. Бір үлкен үзілістің орнына 2 және 4 сабақтан кейін әрқайсысы 15 минуттан 2 үзіліс жасауға жол беріледі.
Үзілістерді таза ауаны барынша көп пайдаланып, қозғалыс ойындарымен өткізеді.
Ауысымдар арасында ылғалды жинау және желдету үшін ұзақтығы кемінде 40 минут үзіліс көзделеді.
131. Мектеп алды сыныптардағы барынша көп рұқсат етілген сабақтардың саны ұзақтығы 25 – 30 минуттан төрт сабақтан аспайды. Сабақтар арасындағы үзілістер кемінде 10 минут болуға тиіс.
132. Жазғы демалыс кезінде жалпы білім беретін ұйымдар жанында дене шынықтыру-сауықтыру, оқу-тәрбиелік қызметті және балалар мен жасөспірімдердің мәдени бос уақытын өткізуді жүзеге асыратын мектеп жанындағы лагерьлерді (алаңдарды) ұйымдастыруға жол беріледі. Мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істеп тұрған кезде тамақтануды және күндізгі ұйқыны ұйымдастыруға жол беріледі. Тамақтануды ұйымдастыру кезінде осы Қағидалардың талаптары ескеріледі. Күндізгі ұйқыны ұйымдастыру кезінде жатын үй-жайы бөлінеді, жеке кереуеттер (жазылатын кереуеттер) орнатылады, жеке төсек жабдықтары (жайма, жастық тыс, көрпе тыс) және кемінде 2 сүлгі (аяққа және қолға арналған) көзделеді.
133. Өндірістік оқу оқу-тәрбиелеу процесінің графигіне сәйкес жүргізіледі. Оқушылардың технологиялық жабдықтарды жөндеуіне жол берілмейді.
Тарау 11. Объектілердегі медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
134. Білім беру объектілерінде оқушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету қамтамасыз етіледі.
Медицина қызметкері болмаған кезде медициналық қамтамасыз етуді аумақтық алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы жүзеге асырады.
135. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарына, КТББО-ға, дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымдарына жаңа түскен балалар үшін карантиндік бөлімше көзделуі тиіс.
136. Білім беру ұйымдарында медициналық пункттегі ең аз үй-жайлар жиынтығы дәрігер бөлмесін, емшара жасау бөлмесін қамтиды.
Интернат ұйымдары, жатақханалар үшін 1-ші қабатта орналастырылған изоляторы бар медициналық пункттер көзделеді.
137. Изолятор палаталары өтпелі болмауы тиіс, олар медициналық кабинетпен арасында 1,2 м биіктікте әйнектелген қалқа құрылғысы арқылы жапсарлас орналасуы тиіс.
138. Оқушылар аз уақыт болатын білім беру мекемелерінде, сондай-ақ мектептен тыс білім беру ұйымдарында медициналық кабинет көзделмейді.
139. Емшара бөлмесінде алдын алу екпесін жүргізуге жол беріледі. Медициналық емшаралар мен алдын алу екпелерін бір мезгілде өткізуге рұқсат етілмейді.
140. Ауылдық елді мекендерде орналастырылған медициналық пункттің қажетті үй-жайлар жиыны болмаған кезде ауданы кемінде 12 м2 болатын бөлме жабдықталады.
141. Эпидемиологиялық қауіптілік дәрежесі бойынша потенциалды қауіпті қалдыққа жататын медициналық қалдықтар түзілген кезде, оларды емдеу профилактикалық объектілердің қалдықтарының барлық түрлерін жинау, сақтау, қайта өңдеу, залалсыздандыру және алып тастау ережесіне сәйкес залалсыздандырады және алып тастайды.
142. Медициналық кабинеттің жабдықталуына арналған медициналық жабдықтар мен құрал-саймандардың тізбесі осы Санитариялық қағидалардың 11-қосымшасында белгіленген.
143. Аурудың созылмалы түрі, қатер факторларымен диспансерлік есепте тұрғандар, сондай-ақ жекелеген жіті аурулармен сырқаттанған студенттер, оқушылар және тәрбиеленушілер диспансерлік бақылау мен сауықтыруға жатады.
144. Емдеу-профилактикалық және сауықтыру іс-шараларын медицина персоналы жүргізеді. Обьектілерде балалардың денсаулығын нығайтуға, сырқаттанушылығын төмендетуге және денсаулықтарын нығайтуға бағытталған кешенді сауықтыру іс-шараларының жоспары жасалады.
145. Мектептен тыс ұйымдардан басқа объектілерде медициналық қызметкер балалар, жасөспірімдер және персоналға профилактикалық медициналық тексерулер мен егулер жүргізуге жататын балалар мен жасөспірімдердің контингентін, құжаттар мен медициналық кабинеттің дайындығын жүргізеді.
146. Объектілердің медицина қызметкерлері мен әкімшілігі:
1) оқушылар мен тәрбиеленушілердің сырқаттанушылығының статистикалық есебін жүргізеді;
2) жыл сайын балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау және жақсарту, олардың арасында сырқаттанушылықты төмендету бойынша іс-шараларды жоспарлайды;
3) созылмалы ауруы бар балаларды уақтылы диспансерлеуді ұйымдастырады және бақылайды;
4) тереңдетілген медициналық тексеру нәтижелері бойынша динамикалық бақылау тобын (денсаулық топтары), дене бітімінің даму деңгейін (дене шынықтыру сабақтары үшін медициналық топтарды) айқындайды;
5) емдеу-сауықтыру жұмысын жүргізеді (оның ішінде балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын жүйелі түрде бақылау, күн сайын амбулаториялық қабылдау, шынықтыру және сауықтыру жүргізу т.б.);
6) жыл сайын сырқаттанушылыққа талдау жүргізеді (интернат ұйымдары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымдары, КТББО-да – тоқсан сайын) және оқушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайы мәселелерін, іс-шаралар жоспарын бекіте отырып, ұйымдағы санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мәселелерін педагогикалық кеңестер және ректораттар отырыстарына шығарады;
7) ұйым қызметкерлерінің профилактикалық және мерзімдік медициналық тексеруден уақтылы өту есебін жүргізеді;
8) жыл сайын және сұрату бойынша тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне сырқаттанушылық, профилактикалық медициналық тексеруді өткізу, денсаулық жағдайы бойынша оқушыларды (тәрбиеленушілерді) бөлу (денсаулық тобы), дене тәрбиесі топтары, диспансерлік бақылау және жүргізілген сауықтыру бойынша есептерді ұсынады;
9) күн сайын ас блогының ұсталуына, тағам өнімдерінің сапасына, оларды сақтау мерзімдері мен жағдайларына, дайындау технологиясына, дайын тағамның сапасына тексеру жүргізеді.
Жасөспірімдер мен балаларды тәрбиелеу мен тұратын орындары және білім беру ұйымдарында онкүндік сайын осы Санитариялық қағидалардың 7-қосымшаның 4-нысанына сәйкес негізгі өнімдер бойынша 10 күн ішіндегі тәуліктік нормалардың орындалуына талдау жүргізеді, кейіннен түзете отырып тамақтану нормасының орындалуына бақылау ведомосын жүргізеді.
147. Білім беру ұйымдарына түсетін балалар мен жасөспірімдер медициналық тексеруден өтеді және денсаулық жағдайы туралы анықтама тапсырады.
148. Медициналық кабинеттерде жабдықтар мен мүкәммалды нұсқаулыққа сәйкес, белгіленген тәртіпте қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялаушы құралдармен санитариялық-дезинфекциялық өңдеуден өткізеді.
149. Балалар немесе персонал арасында инфекциялық аурулар тіркелген жағдайда, сонымен қоса алдын алу мақсатында ұйым басшылығы, оның персоналы және медицина қызметкерлерімен санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-алдын алу іс-шараларын жүргізеді.
150. Білім беру ұйымдарында осы Санитариялық қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес есепке алу-есеп беру медициналық құжаттамасы жүргізіледі.
«Білім беру объектілеріне қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына 1-қосымша
Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінде жүргізілетін зертханалық-аспаптық зерттеулер
Кесте
р/с
|
Объектілер
|
Зертханалық зерттеулер
|
Зерттеу кезеңділігі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
Балалар мен жасөспірімдердің тұратын орны, тәрбиелеу және білім беру ұйымдары, барлық түрдегі және типтегі интернаттық ұйымдар
|
1.1
|
ас блоктары
|
микробиологиялық көрсеткішке тағам өнімдерінің (шикізат) сынамалары, бірлік
|
ағымдағы қадағалау тәртібімен
|
микробиологиялық зерттеуге дайын тағамдардың сынамалары
|
ағымдағы қадағалау тәртібімен
|
микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткішке су сынамалары, бірлік
|
ағымдағы қадағалау тәртібімен (жылына бір рет)
|
құнарлылыққа тағамдарды зерттеу, бірлік
|
ағымдағы қадағалау тәртібімен
|
термиялық өңдеудің сапасы
|
ағымдағы қадағалау тәртібімен
|
шайындыларды зерттеу, бірлік
|
ағымдағы қадағалау тәртібімен
|
дезинфекциялаушы заттардағы қалдық хлорды анықтау
|
ағымдағы қадағалау тәртібімен
|
жергілікті су құбыры көздерінен (орталықтандырылған, құдықтар, скважиналар, каптаждар) ауыз суды бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеу
|
ағымдағы қадағалау тәртібімен (жылына бір рет)
|
қызметкерлерді бактериологиялық тасымалдаушылыққа тексеру
|
эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша
|
1.2
|
қабылдау бөлмелері, жатын үйлер, оқу үй-жайлары, шеберханалар, спорт және музыка залдары, медициналық кабинеттер, демалуға және ұйықтауға арналған үй-жайлар, компьютерлік сыныптар
|
температура, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы
|
Объектінің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібімен (жылыту маусымында жылына бір рет)
|
1.3
|
зертханалар, химия кабинеті, спорт залдары, шеберханалар, ас блоктары
|
шудың, желдетудің тиімділігін зерттеу
|
ағымдағы қадағалау тәртібімен (3 жылда бір рет)
|
|
су бөлетін крандар - ғимаратқа, ас блогына (бөлек блокта орналасқан кезде) енгізу және шығару
|
су құбырлары жүйесінен су сынамасы (бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулерге)
|
Объектінің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібімен
|
1.4
|
құдықтар, скважиналар, каптаждар, бұлақ көздері, су бөлетін крандар
|
жергілікті су құбыры көздерінен (орталықтандырылған, құдықтар, скважиналар, каптаждар) ауыз суды бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеу
|
Объектінің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібімен
|
1.5.
|
ыдыстарға құйылған суды пайдаланатын объектілер
|
ыдыстарға құйылған ауыз-су, (шөлмектегі суды қоспағанда)
|
ағымдағы қадағалау тәртібімен
|
1.6
|
жабық жүзу бассейндері мен ванналар
|
бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеуге су сынамалары
|
Объектінің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібімен
|
1.7
|
компьютерлік және мультимедиялық сыныптар, кабинеттер
|
жұмыс орнындағы электростатикалық және электромагниттік өрістердің кернеулігі, ауа иондары концентрациясының деңгейі және жеке полярлылық коэффициенті, шу
|
Объектінің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібімен
|
1.8
|
оқу үй-жайлары, зертханалар, шеберханалар, өзін-өзі дайындау бөлмесі, оқу залы, медициналық кабинет
|
жасанды жарықтандыру деңгейі;
|
Объектінің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібімен
|
1.9
|
оқу үй-жайлары, зертханалар, спорт залдар, пешпен немесе автономдық, электрсіз жылытылатын ұйықтауға және демалуға арналған үй-жай, медициналық кабинеттер
|
ауа ортасын зерттеу
|
ағымдағы қадағалау тәртібімен
|
1.10
|
ойын алаңдарындағы құм салғыштар
|
топырақты зерттеу
|
ағымдағы қадағалау тәртібімен мамырдан қыркүйекке дейінгі кезеңде
|
1.11
|
балалар ассортименті тауарларын сатып алатын білім беру ұйымдары
|
балалар ассортименті тауарлары (киім, аяқ-киім, ойыншықтар, косметикалық заттар, кеңсе тауарлары, ыдыс-аяқ, гигиена заттары және т.б)
|
ағымдағы қадағалау тәртібімен
|
«Білім беру объектілеріне қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына 2-қосымша
Жалпы бiлiм беретiн, интернаттық ұйымдары мен ТжКБ оқу жиһазының өлшемдерi
Кесте
№
|
Жиhаздың нөмiрi
|
Оқушылар бойының тобы (миллиметрмен)
|
Оқушыға қараған үстел жиегiнiң еденнен биiктiгi
|
Орындықтың алдыңғы жиегiнiң еденнен биiктiгi
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
1
|
1000 – 1150
|
460
|
260
|
2
|
2
|
1150 – 1300
|
520
|
300
|
3
|
3
|
1300 – 1450
|
580
|
340
|
4
|
4
|
1450– 1600
|
640
|
380
|
5
|
5
|
1600 – 1750
|
700
|
420
|
6
|
6
|
1750-ден жоғары
|
760
|
460
|
Ескертпе: мектептен тыс ұйымдарда жиһаздарды таңдау балалар мен жасөспірімдердің бойы мен жасына сәйкес жүргізіледі.
«Білім беру объектілеріне қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына 3-қосымша
Жалпы бiлiм беретiн және интернат ұйымдарындағы оқу корпустарының санитариялық құралдарға қажеттілігі
1-кесте
р/с
№
|
Үй-жай
|
Өлшем бірлігі
|
Ауданы, ш.м.
|
Санитариялық аспаптардың
есепті саны
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Оқушыларға арналған қолжуғыштар және дәретханалар:
- Қыздарға
- ұлдарға
|
бiр оқушы
бiр оқушы
|
0,15
0,15
|
20 қызға 1унитаз,
30 қызға 1 қолжуғыш
30 ұлға 1 унитаз, 40 ұлға 0,5 писсуар лотогы,
30 ұлға 1 қолжуғыш
|
2
|
Персоналға арналған қолжуғыш және дәретханалар (жеке)
|
2 санитариялық торап
|
3
|
1 унитаз, 1 қолжуғыш
|
3
|
Әйелдердiң жеке гигиенасы кабинеті (персоналға арналған)
|
1 кабина
|
3
|
1 гигиеналық себезгі,
1 унитаз, 1 қолжуғыш
|
4
|
Жалпы мектептік үй-жайлар блогында акт залы - дәріс оқу бөлмесі жанындағы дәретхана және қолжуғыш
|
2 санитариялық торап (әйелдер мен ерлер)
|
|
1 унитаз және 30 орындық залға 1 қолжуғыш
|
5
|
Киім ауыстыратын спорт залдарының жанындағы дәретхана және себезгі бөлмесі
|
1 киім ауыстыратын орын
|
2
4
|
1 унитаз, 1 қолжуғыш, 2 себезгі торы
|
6
|
Асханадағы персоналға арналған дәретхана және себезгi бөлмесі
|
1 санитариялық торап және 1 себезгі кабинасы
|
3
|
1 унитаз, 1 қолжуғыш, 1 гигиеналық себезгі торы
|
7
|
Қыздарға арналған жеке гигиена кабинасы
|
1 кабина
|
3
|
1 гигиеналық су себезгi, 1 унитаз, бiр кабинаға 1 қолжуғыш, 70 қызға бiр кабина
|
8
|
Медицина кабинетінің персоналына арналған дәретхана
|
1 санитариялық торап
|
3
|
1 унитаз, 1 қолжуғыш.
|
9
|
Тамақтандыру залдарының жанындағы қолжуғыштар:
-соқыр және нашар көретіндерге арналған мектеп-интернаттар
-ақыл-есі дамымай қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар
-жалпы білім беретін, мамандандырылған ұйымдар, саңыраулар мен нашар еститіндерге, тірек-қозғалыс аппараты бұзылғандарға арналған мектеп-интернаттар
|
1 оқушы
1 оқушы
1 оқушы
|
-
|
10 орынға 1 қолжуғыш
15 орынға 1 қолжуғыш
20 орынға 1 қолжуғыш
|
Достарыңызбен бөлісу: |