5-тарау. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың,
қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, аудандардың білім беруді
басқару органдарының (бұдан әрі – білім беру органдары) кәмелетке
толмағанға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездікпен қарау фактісі
бойынша іс-әрекеттері
12. Білім беру органдары кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-
зомбылық және қатыгездікпен қарау фактілерінің алдын алуда барлық
профилактика субъектілерімен өзара іс-қимылды мынадай жолдар арқылы
жүзеге асырады:
1) кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездікпен
қарау және олардың құқықтарын бұзу фактілері бойынша оның құқықтарын
қорғау жөнінде дереу шараларды қабылдау;
2) қажет болған жағдайда баланы ата-анасынан (заңды өкілдерінен)
айырып алу және прокурорға дереу хабарлау;
3) баланы уақытша орналастыруды қамтамасыз ету;
4) күнтізбелік жеті күн ішінде дәлелді қорытынды жасауды қоса алғанда
кәмелетке толмағандардың ата-аналарының және заңды өкілдерінің ата-ана
құқықтарын шектеуге немесе одан айыруға материалдар жинауды
ұйымдастыру және сот органдарына өтініш жіберу;
5) баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сот талқылауларына
қатысу;
6) зорлық-зомбылыққа және қатыгездікке ұшыраған кәмелетке
толмағандардың орналастырылуын және тұру жағдайларын бақылауды
қамтамасыз ету;
7) ішкі істер органдарын кәмелетке толмағанға қатысты құқықтарды
бұзу, зорлық-зомбылық және қатыгездікпен қарау фактілері туралы хабардар
ету;
8) зорлық-зомбылықтан зардап шеккен және өмірлік қиын жағдайға тап
болған кәмелетке толмағанға қосымша білім алуды (оның ішінде бос уақытын)
ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау.
|