6-тарау. Денсаулық сақтау ұйымдарының кәмелетке толмаған
адамға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездікпен қарау фактісі
бойынша іс-әрекеттері
13. Денсаулық сақтау ұйымдары кәмелетке толмағандарға қатысты
зорлық-зомбылық және қатыгездікпен қарау фактілерінің алдын алуда барлық
профилактика субъектілерімен өзара іс-қимылды мынадай жолдар арқылы
жүзеге асырады:
1) кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездікпен
қарау фактісін анықтау;
2) баланы көзбен шолып қарап-тексеруді жүргізу;
3) ІІО-ға, КТІҚҚК-ға, қамқоршылық және қорғаншылық органдарына
өздеріне мәлім болған кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық
фактілері туралы дереу хабарлау, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарға
зорлық-зомбылыққа жәнее қатыгездікке ұшыраған кәмелетке толмаған туралы
ақпарат беру;
5) 0-ден 3 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарды, олардың өміріне
немесе денсаулығына қауіп төнген кезде айырып алынған жағдайларда, сондай-
ақ баланың құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау қажет болған барлық өзге
жағдайларда қабылдауды және күтіп-бағуды жүзеге асыру;
6) медициналық көмек көрсетудің стандартталған операциялық
рәсімдеріне сәйкес зорлық-зомбылықтан және қатыгездікпен қараудан зардап
шеккен балаларға медициналық көмек көрсету;
7) заңнамада белгіленген тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызметтер
ұсыну.
Достарыңызбен бөлісу: |