7-тарау. Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау
органдарының кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық және
қатыгездікпен қарау фактісі бойынша іс-әрекеттері
14. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау органдары кәмелетке
толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездікпен қарау
фактілерінің алдын алуда барлық профилактика субъектілерімен өзара іс-
қимылды мынадай жолдар арқылы жүзеге асырады:
1) ІІО-ға, КТІҚҚК-ге, қамқоршылық және қорғандылық органдарға
өздеріне мәлім болған кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық
фактілері туралы дереу хабарлау, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарға
зорлық-зомбылыққа және қатыгездікке ұшыраған кәмелетке толмаған туралы
ақпарат беру;
2) мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп,
әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан
қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауды жүргізу;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен арнайы әлеуметтік қызметтер
көрсету.
|