Кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгезпен қарау фактілерін анықтау және олармен жұмыс істеу бойынша ведомствоаралық


-тарау. Білім беру ұйымдарының кәмелетке толмағанға қатысты



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата13.12.2021
өлшемі0,67 Mb.
#125095
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
приказ 569 каз. 20210113110351

2-тарау. Білім беру ұйымдарының кәмелетке толмағанға қатысты 

зорлық-зомбылық және қатыгездікпен қарау фактісі бойынша  

іс-әрекеттері 

 

8.  Білім  беру  ұйымы  кәмелетке  толмағанға  қатысты  зорлық-зомбылық 

және  қатыгездікпен  қарау  фактілерінің  алдын  алуда  барлық  профилактика 

субъектілерімен өзара іс-қимылды мынадай жолдар арқылы жүзеге асырады: 

1) кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездікпен 

қарау фактілерін анықтау; 




2)  ахуалды  кешенді  бағалауды,  құқықтық  ағартуды  және  жеке  жұмыс 

жоспарын  әзірлеуді  қамтитын  зорлық-зомбылық  және  қатыгездікке  ұшыраған 

баланы психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру; 

3)  кәмелетке  толмағандарды  зорлық-зомбылық  және  қатыгездікпен 

қарау  фактілері  бойынша  арнайы  қызметтерге  жүгіну  мүмкіндігі  туралы 

хабардар ету; 

4)  ІІО-ға,  кәмелетке  толмағандардың  ісі  және  олардың  құқықтарын 

қорғау  жөніндегі  комиссияға  (бұдан  әрі  –  КТІҚҚК),  қамқоршылық  және 

қорғаншылық  органына  өздеріне  мәлім  болған  кәмелетке  толмағандарға 

қатысты  зорлық-зомбылық  және  қатыгездік  фактілері  туралы  дереу  хабарлау, 

сондай-ақ  мүдделі  мемлекеттік  органдарға  зорлық-зомбылыққа  және 

қатыгездікке ұшыраған кәмелетке толмаған туралы ақпарат беру

5)  кәмелетке  толмағандарға  қатысты  зорлық-зомбылықтың  және 

қатыгездікпен қараудың алдын алуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру; 

6) 


кәмелетке  толмағандарға  қатысты  зорлық-зомбылық  және 

қатыгездікпен  қарау  фактілері  туралы  немесе  оларды  жасау  қатері  туралы 

өтініштерді қарау, олардың жолын кесу шараларын қабылдау; 

7)  зорлық-зомбылықтан  және  қатыгездікпен  қараудан  зардап  шеккен 

кәмелетке  толмағандарға  көмек  көрсету  үшін  өздерінің  құзыреті  шеңберінде 

басқа ұйымдар мен органдарды тарту

8)  мүдделі  мемлекеттік  органдар  мен  ұйымдар  өкілдерінің  құрамымен 

зорлық-зомбылыққа  және  қатыгездікке  ұшыраған  бала  тұратын  отбасының 

тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерттеп-қарау актілерін жүргізу; 

9)  ата-аналар  (заңды  өкілдер)  ата-ана  құқықтарын  теріс  пайдаланған 

жағдайлар туралы білім беруді басқару органдарын және ІІО, КТІҚҚК жазбаша 

хабардар ету шараларын қолдану; 

10)  кәмелетке  толмаған  баланың  құқықтары  мен  мүдделерін  бұзуға 

ықпал  ететін  себептер  мен  жағдайлар  жойылған,  сондай-ақ  отбасының  негізгі 

қажеттіліктері  қанағаттандырылған  жағдайларда  кәмелетке  толмаған  адамға 

қатысты  зорлық-зомбылық  және  қатыгездікпен  қарау  фактісін  жабу  туралы 

шешім қабылдау. 

9. Зорлық-зомбылыққа және қатыгездікке ұшыраған кәмелетке толмаған 

адаммен жүргізілетін жеке жұмыс жоспары мыналарды қамтиды: 

1)  отбасымен  жұмыс:  мектептің  әлеуметтік  педагогтерінің  отбасыларға 

тұрақты  негізде  баруы;  ата-аналар  мен  өзге  де  заңды  өкілдерді  қолдау  тобын 

құру (қажет болған жағдайда); ата-аналарға арналған тәрбие практикалары мен 

оң  тәрбие,  балалармен  қарым-қатынас,  оң  тәртіп  бойынша  бағдарламаны  іске 

асыру;  отбасын  әлеуметтік  қолдау  жөніндегі  бастамалар,  ата-аналардың 

жұмысқа  орналасуына,  қажет  болған  жағдайда  жекелеген  санаттағы  білім 

алушыларға  және  тәрбиеленушілерге  қаржылық  және  материалдық  көмек 

көрсету  шеңберінде  материалдық  қолдау  көрсетуге,  құжаттандыруға 

жәрдемдесу; 

2)  баламен  жұмыс:  баланы  қызығушылықтарына  сәйкес  білім  беру 

қызметінің  қосымша  нысандарына  жіберу,  баланың  эмоционалды-мінез-құлық 




ерекшеліктерін  жеке  және  топтық  бейімдеу,  консультациялар,  түзету,  тренинг 

нысанында баланың әлеуметтенуі мен дербестігін басқару. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет