4-тарау. ІІО-ның кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық
және қатыгездікпен қарау фактісі бойынша іс-әрекеттері
11. ІІО кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық және
қатыгездікпен қарау фактілерінің алдын алуда профилактиканың барлық
субъектілерімен өзара іс-қимылды мынадай жолдар арқылы жүзеге асырады:
1) зорлық-зомбылық пен қатыгездікке жол беретін адамдарды, тұрмысы
қолайсыз отбасыларды, өмірлік қиын жағдайда жүрген кәмелетке
толмағандарды анықтау және ІІО-ға есепке қоюды жүзеге асыру, олармен жеке
профилактикалық жұмыс жүргізу, құқықтық ден қою шараларын қабылдау;
2) кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық, оның ішінде
сексуалдық, қатыгездікпен қарау, өзге де қылмыстық қол сұғушылық
фактілерін анықтау;
3) кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық жасау фактісі
туралы басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға хабарлау;
4) кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық фактілері, ата-
ана міндеттерін орындамау туралы келіп түскен хабарламаларды қарау;
5) кезек күттірмейтін тергеу, процестік әрекеттерді және қылмыстық
құқық бұзушылық іздерін іздестіруге, табуға, тіркеуге және бекітуге, тиісті
сараптамалар тағайындауға бағытталған өзге де іс-шараларды жүргізе отырып,
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі нормаларының
ережелеріне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық бойынша сотқа дейінгі
тергеп-тексерулер жүргізу;
6) кәмелетке толмағанның қатысуымен тергеу әрекеттерін және басқа да
іс-шараларды жүргізу үшін оның заңды өкілін, мұндай болмаған кезде не
олардың болуы баланың мүдделеріне қайшы келетін кезде баланың
құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілін,
педагогтерді немесе психологтарды тарту;
7) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, кәмелетке толмаған
жәбірленушіні тұрғылықты жері бойынша уақтылы орналастыру мүмкін
болмаған жағдайда, баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды
жүзеге асыратын ұйымдарға немесе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін
субъектілерге (кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, өмірлік қиын
жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы, дағдарыс орталығы және т. б.)
жеткізу туралы шешім қабылдау;
8) жәбірленушіні не оның заңды өкілін қылмыстық іс бойынша іс
жүргізуге адвокаттың қатысу құқығы туралы хабардар ету. Жәбірленушінің не
оның заңды өкілінің жазбаша қолдаухатына сәйкес адвокаттың сотқа дейінгі
тергеп-тексеруге қатысуы туралы қаулы шығару;
9) кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа және
қатыгездікке жол беретін адамдарға қатысты материалдар жинау және істі сот
7
органдарына жіберу қажеттігі туралы КТІҚҚК, қорғаншылық және
қамқоршылық органдарын хабардар ету;
10)
қорғаншылық және қамқоршылық органдарына кәмелетке
толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерінің ата-ана құқықтарын шектеу
және олардан айыру қажеттігі туралы қолдаухат беру;
11) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетел азаматтарын
Қазақстан Республикасының аумағында құжаттандыру мәселелері бойынша
құқықтық көмек көрсету және консультация беру.
Достарыңызбен бөлісу: |