Кене ханның соңғы жорығы Кенесары жасақтарының қырғыздармен соғысы Ыстықкөлдің тау шатқалы қойнауында Шу өзенінің бас жағында өтті. Кенесары Тоқмақтың маңында Кекілік сеңгірі деген жерде қамауға түсіп мерт болды. Бұл жөнінде Сібір корпусы командирінің əскери министрге 1847 жылы 18 мамырда жолдаған № 130 мəліметінде: «Кенесары қырғыздармен болған соғыста інісімен, екі баласымен жəне 15-тей сұлтанмен қолға түсіп, барлығы дерлік қаза болды. Кенесарының басын кескен Чыжым би болды», — деп мəлімдеген [15].