Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтерілістер


Ел арасында қырғыздар түрлі амалдармен азаптап өлтірген Кенесары өлімінің бірнеше нұсқалары таралған [9; 45]



бет7/8
Дата18.04.2022
өлшемі33,27 Kb.
#139800
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
15 дәріс Кенесары котерілісі

Ел арасында қырғыздар түрлі амалдармен азаптап өлтірген Кенесары өлімінің бірнеше нұсқалары таралған [9; 45]:
Бірінші — жендет салалы кездігімен қазақ ханының ішін жарғанда, ішек-қарны ақтарылып, жерге түскеннен кейін ғана хан жан тапсырған. Оның өлімін тамашалауға жиналған қырғыздар таңғалған — оның жүрегін қалың түк басып кеткен екен. Мұндай ғажайып құбылыс тек аса жаужүрек батырларда болады екен. Екінші — Кенесары Қасымұлының терісін тірідей сыпырып азаптаған, қинаған, адам жаны түршігерлік қорлық көрсетіп өлтірген деген болжам бар. Үшінші — Кенесары Қасымұлын тірідей қазандағы қайнаған ыстық суға салып, қинап өлтірген. Төртінші — Кенесары Қасымұлын соғыста балалары, күйеулері, əкелері, бауырлары қаза тапқан қырғыз əйелдерінің ортасына апарып, олардың жазалауына берген деген де аңыз сақталған. Бесінші — Кенесары Қасымұлын найзаның ұшына шаншып, көкке көтерген, оны мазақтап, «Қазақтың ханы, халың қалай?» — дегенде, Кенесары: «Маңқа қырғыз, не десең де мен сендерден жоғары тұрғанымды байқамай тұрсыңдар ма?» — деген екен.
Қанды қырғыздардың қолынан азаптап өлтірілген адамдардың басын шекара бастығы Вишневский арбаға салып, Ташкентке сыйға жіберген. 1847 жылы Қазақ ханының басын қырғыз манаптары Батыс Сібір генерал-губернаторы А.Горчаковқа сыйға тартқан. Бас сүйекті жеткізіп бергені үшін Хожабек Таштамбаев пен Қалығұл Əлібековтер алтын жəне күміс медальдармен марапатталады. Ал 1851 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Гасфорт император I Николайға жазған хатында: «Бүлікшіл Кенесары Қасымовтың басы менде темір сейфте сақтаулы, оны маған князь Горчаков қалдырған, сол бас сүйекті сізге жолдаймын» [15; 32], — деп жазған.
Хан Кененің басы алынуымен қасиетті күрестің оты сөніп, көтерілістің 10 жыл бойы желкілдеген туы түбінен жығылды. Басымызға ұзын-ырғасы бір жарым ғасырға созылған бодандықтың қамыты кигізілді. Бостандығын бағалай алмаған халық бұдан кейінгі өмірінде тəуелсіздіктің тақсыретін тартумен болды. Кенесары Қасымұлы опат болуымен халқымыз қайғы- қасіретке оранып, қарағай басын шортан шалды. Хан Кененің опат болуымен басымыздан бағымыз тайып, көкжиегімізді мұнар шалды.
Соңғы ханының өлімінен арада қанша уақыт өтсе де, қазақ халқы Кенесарысын əлі де жоқтаумен келеді. Өйткені жоғымыз əлі табылған жоқ. Кенесары хан — қазақтың өзегінен орын алған ұлы тұлға. Оның арманы болған тəуелсіздік — бүгінгі ұрпақтың бақыты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет