Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтерілістер


Ресей империясының үстемдігіне қарсы жүргізілген ұлт-азаттық қозғалыстардың негізгі кезеңдері



бет2/8
Дата18.04.2022
өлшемі33,27 Kb.
#139800
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
15 дәріс Кенесары котерілісі
Қазақ ханд 1 даріс, 18 - 19 гасырдағы казак хандығы
1.Ресей империясының үстемдігіне қарсы жүргізілген ұлт-азаттық қозғалыстардың негізгі кезеңдері

XVIII–XIX ғасырларда Ресей империясының үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар күшейді. Отаршылыққа қарсы Сырым Датұлы (1782–1797), Тіленші Жоламанов (1822–1824), Исатай- Махамбет (1836–1837) бастаған жəне т.б. соғыстар болып өтті. Бұл соғыстардың əрбірі қазақтың бүгінгі мемлекеттілігі мен ұлттық болмысының қайтадан тарих сахнасына шығуы үшін берілген қасиетті қантөгіс болатын.


Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың барлығын академик Манаш Қозыбаев төмендегідей кезеңдерге бөлгені белгілі [1]:

  • I-кезең. Сібір жұртын жаулап алуға қарсы қазақ халқының құрамына кірген тайпалардың азаттық қозғалысы.

  • IІ-кезең. Қазақ елінің оңтүстігі — Жетісу, Сыр бойы — жоңғарларға, Қоқан, Хиуа хандықтарына тəуелді болды.

  • ІІІ-кезең. Əбілқайыр ханның Кіші жүздің бір бөлігімен Ресей қоластына өтуінен басталады.

  • IV-кезең. Қазақ даласы таланып, патша өкіметі мен оның қарулы күші — казактар жасағы хан, сұлтандармен бірігіп, зорлық-зомбылық мемлекеттік дəрежеде өрбіген кезде ұлт-азаттық қозғалыс өрши түсті.

  • V-кезең. Хан Кене бастаған ұлт-азаттық қозғалыс лаулады; оның даңқы Еуропаға жетті.

  • VI-кезең. XX ғ. басында ұлт-азаттық қозғалысты Еуропалық бағытпен дамытпақ болған реформатор зиялы қауым бастады.

  • VII-кезең. Ұлт-азаттық қозғалыстар мен 1917 ж. Ақпан революциясы жəне Қазан төңкерісі азаматтық қарама-қарсылық кезінде дамыды да, үлкен көтеріліске ұласты.

Сөз жоқ, қазақ тарихында Кенесары Қасымұлы басқарған көтерілістің үлкен мəні бар. Ол халқымыздың азаттығы мен тəуелсіздігі үшін метрополияға, жалпы, империяға ашық қарсы шыққан ең ұзақ күресі болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет