Керегіңді ал білгенінді қос, дейді. Данышпандар дариясының солмайтынын, шынайы шындықтың тозбайтынын паш етіп, ұсынады



бет25/110
Дата06.02.2022
өлшемі392,72 Kb.
#48663
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   110
Киіз үйдің арғы бергі тариһынан.
«Атамыз Алаш, керегеміз ағаш» немесе «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып калдырған ата-баба, әже-аналарымыздың негізгі баспанасы киіз үй болғаны баршаға белгілі. Киіз үй, тек, қазақ қалқының ғана емес, бүкіл түркі, оған көршілес елдердің де тұрақ мекені болғаны анық . Солай бола тұрса да оны қастерлеп ұстап, ғасырдан ғасырға мән маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ қалқы екені әркез мақтанышпен айтылады. Шығу тариһы қола дәуірінен басталып, ерте заманнан бері ғасырлардан ғасырларға жеткен киіз үйді біздің қалық қасиетті, киелі қарашаңырағымыз деп,дәріптейді. Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен -жайы, еншісі, баспанасы, мүлкі, мақтанышы да қуанышы болып бағаланады. Шынында арғы тариһымыз бен бергі жайымызды зерделей қарасақ, киіз үйіміздің атқарған қызметі мен маңызы өте зор екеніне көз жеткізуге болады. Оның сипатына қарап отырсақ, бірнеше жүздеген жылдар бойы ата-бабаларымыздың ақыл-ой, тұрмыс талғамы, сән мәдениеті еш қалықтан кем емес, көптеген сәттерде артықшылығын да пайымдауға болар. Ертедегі де, бұдан бұрынғы да, соңғы да ғұламалар, ғалымдар айтып кеткендей осы киіз үйден қазақ қалқының аспан әлемін есептеу жүйесі, үнемдік біліктілігі, мәдениет пен өнердегі талғамы, жалпы алғанда өмір тәжірибесіндегі іске, ғылымға бейімділігі айқын аңғарылады. Өткен ғасырларда Алтын Орда, Көк орда, Ақ Орда деп аталуының өзі осы киіз үйге байланысты екені мәлім. Киіз үйдің аса бір ерекшелігі, ол тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, қолөнер, сурет т.б. бірнеше шеберліктердің басын құрайтын ғажайып туынды. Басқа елдердегідей емес, ағаш, киіз, ши, теріден (әредік күміс, металл заттардан) құрастырылады, әрі көшпелі, жылжымалы құрылыс түріне жатады. Дала ойшылдары мен тұрғындарының тапқырлық шешімін Әлем ғылымы бағалап, мәдениет пен өнердің білімпаз сарапшылары дүниежүзілік, қалықаралық этнографиялық көрмелерде қазақтың осы өнеріне әрқашан жоғары баға беріп отырған. Мысалы, 1961 жылы Алмас деген кісі Париждегі Дүниежүзілік этнографиялық көрмеге киіз үй апарып, еуропалықтарды таң қалдырып, бәйге алған.
1876 жылы Мейрам қажы Жанайдарұлы (Кенесары ханның бас батыры Жанайдардың бел баласы) Петербургке; 1890 жылы Ибраим Әділов Қазандағы көрмеге киіз үй апарып қазақ мәдениетін Еуропаға паш еткен, 1827 жылы Бөкей ордасының ханы Жәңгір Ресей патшасы 1Николайға киіз үй сыйлап, патша ағзам өте риза болған екен. Сондай-ақ Батыс Еуропа, Гамбург, Майндағы Франкфурт (Германия) қалаларындағы мұражайларында да қазақ киіз үйлері бар екен. Қазақ даласында өмір сүрген атақты хандар, батыр мен билер, байлар орда тігіп, салтанаты өмір сүрген.Соның бір дәлелі Көкшетаудағы Абылайдың Ақ ордасы, Шыңғыс төренің 24 қанат Ақ үзігі, Жетісудағы Тезек төренің ордасы, Ырғыздағы Самырат байдың үйі, Тарақты Жәуен, Жазыбек болыстың күмістелген ақ үзігі, паң Нұрмағамбеттің үйі сияқты елге аңыз болған үйлер көп болғаны шындық. Киіз үй үшін қазақ азаматтары байлығын аямаған және сол арқылы қазақтың дәулеті мен мәдениетін Әлемге таныта білген. Байлығымен елге аңыз болған Орта жүз Тоқа Байсақал қызын ұзатқанда оған арнайы отау әзірлеткен екен. «Байсақалдың қызы Сапақтың ордасына келін болып түскенде бес отау, бір алтын шатыр, жеті жетіммен түсіпті. Сонда қыздың өзіне арнаған отаудың уығын атпен жүріп байлаған екен, Керегенің басында тұтам күміс, аяғында күміс, уық қанша болса уықтың бау өткізер жерінде тұтам күмістен, қаламында тұтам күміс, шаңырақтың өзінде де, күлдіреуішінде де тұтам күміс болған. Түйе ауғанда, түйе басына екі бұрау ұзындығы уықтай ағаш, оның екі басында да тұтам күмістен болған. « Кейін осы үйді Кенесары хан тіккен» екен.
Қазақ елінің осындай байлығы мен сән-салтанатының куәсі болған киіз үйлер Ресейдің дұшпандық саясатынан, жауыздық әрекет салдарынан құрып кетті. Байсақал қызының отауы өртеніп кетті, Самыраттың ордасы тәркіге түсіп, тоз-тоз болды. Жақсы Жанқұтты, Саққұлақ би, батыр Ерден, Тұрысбек қажының, Жазыбек болыстың қасиетті қарашаңырақтары бүліншілік кезінде із-түзсіз кетті. Сөйтіп қазақ мәдениетінің баға жетпес мұрасы - киіз үйдің құны мен маңызы төмендеп, жоққа айналды. Оның орнына қалай болса солай кеңестік тәсілмен жасалған, бір-екі жылдан артық тігуге келмейтін, қара құрым жабылған сапасыз лашықтар шығарылды.
ХХ-ғасырдың 90-жылдарынан бастап қазақ мемлекетінің жеке шығуы ұлт мәдениетін, оның ішінде киіз үйдің қадірі мен орнын өз дәрежесінде қайта көтерді, жөндем үйлер шыға бастады. Ұлы бабаларымыздың киелі руһының қайта аталуы, оларға лайықты ас пен еске алу өткізілуі және соған сәйкес ұлттық мәдениеттің маңызының артуы киіз үйге деген көңілді, көзқарасты айкындады. Баба руһын еске алу ұрандаумен емес, сән-салтанатпен, өнер шеберлерімен, шынығу (спорт) жарыстарымен, ұлттық сәулетпен дәрежеленетін болды. Тоқсаныншы жылдар басындағы Абылай хан, Қабанбай. Бөгенбай, Шакшақ Жәнібек, Байғозы батырларға ас беруде, Бұқар жырау, ұлы Абай, Жамбыл ақындар тойында киіз үйлер елу, жүз, мыңдап тігіліп, түрлі дәрежелі бәйгілер белгіленді. Осылардың ішіндегі таңқалдырғаны Торғай ордасы жұртының әлі есінде.
Алғаш рет Көкшедегі 1991 жылғы Абылай хан асында тігілген орда, басында 12 қанат, кейін 18 қанат болып көлемі ұлғайтылды. Ол жылы қазақтардың Дүниежүзілік Құрылтайында Есет батыр, Шақшақ Жәнібек батыр асында, 1995 жылы Абай тойында тігіліп, бірнеше дүркін жүлделі бәйгілер алды. Мұндай ұмыт қалған істі батылдықпен қолға алған ежелгі Торғай елінің азаматтары сол кездегі Жанкелдин ауданының әкімі Жақан Қосабаев пен Ахмет Байтұрсынұлының туған жерінен ардақты жігіт Аңсаған Қоңқабаев және Болғанбай Қойшиндер болатын. Бұл киіз үйлер Қазақ ордасын еске түсірудің XX - ғасырдағы кезеңі еді. Бұл орданың биіктігі 8 метр, ал ішіне жүздеген адам еркін сиятын болды. Киіздер ақ тоқтының жүнінен басылған. Іші- сырты тек қана қазақ ұлттық бұйымдарымен, ұлт киімдерімен ер-тұрмандармен жабдықталған, дастарқанға ұлттық түрлі тағамдар қойылған.
Желбау, басқұр, тұскілем, ыдыс-аяқ, төр төсеніші, көрпеге дейін қолдан шыққан қазақы дүниелер. Осы үйде қазақ зиялылары, мемлекет қайраткерлері һалифа Алтай, Е. Әуелбеков М. Сағдиев, Өзбекәлі Жәнібеков, Шерһан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев С.Жүнісов, Ш. Шаяхметов тағы басқа шет ел азаматтары болған. Шет ел өкілдері орданың ғажап шеберлікпен жасалып тігілгеін қатты тамашалады. Шынында бұл соңғы жылдардағы қазақтың ұлттық ұлы мәдениетін танытып, әйгілеген ең үлкен еңбекпен жасалған өнер туындысы болды. Бұл бүкіл қазақ елінің табысы болған үлкен еңбекті жасауға үлес қосқан Аһмет ауылының қыз-келіншектерінің ұланғайыр еңбегі еді (әттең, дейтін бір өкініш сол қыз-келіншектердің атының аталып бізге жетпеуі, мүмкін мұрағаттан табыларсыздар). Сіздерге мен, осы жолдардың иесі (автор) ретінде үлкен қуанышты алғысымды білдіремін. Бұл ақ шаңқан орда бүкіл Қазақ Елі мәдениетінің табысы деп бағаланды. Талай ғасыр «ертегі» боп кеткен қазақ өмірі мен өнері қазіргі ұрпаққа, болашаққа шындығы айқындала бастады. «Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміздің жанғаны осы» деп білеміз. Өлі де болса, барымызды бағалап, жоғалғанымызды толықтыра түсіп, есесін Аллаһдан сұрайық!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет