Киіз үй жайлы мақал-мәтел: «Атамыз Алаш, керегеміз ағаш».
«Киіз туырлықты. ағаш уықты қазақпыз.»
«Тез қасында қисық ағаш жатпас».
«ІІІаңырағың биік болсын, керегең кең болсын»
«Түндігің түтінді болсын»
«Алтын да менің босағам,
Аттап та шығам деп пе едім»
«Ақ үй - аманат»
«От басында, ошақ қасында»
«Қызын отаулады»
«Үйді жығу оңай, үйді тігу қиын»
«Үй ішінен үй тікпе»
«Босағаң берік болсын»
Менің де ой - түйініме құлақ салыңыздар:
Көшпелі дала тірлігі,
Киіз үй - Әлем бірлігі.(Б.Т)
Алтынмен апталған,
Күміспен күптелген,
Айшықты ақ киіз Ақ Орда —
Қазақтың обсерваториясы.(Б.Т.)
Киіз үй - қазақтың тарлан тариһы.(Б.Т.)
Он екі қанат Ақ Орда,
Құйылар көктен саф ауа.(Б.Т.)
Он сегіз қанат ақ шаңқан
Әлем саған таң қалған.(Б.Т.)