Керегіңді ал білгенінді қос, дейді. Данышпандар дариясының солмайтынын, шынайы шындықтың тозбайтынын паш етіп, ұсынады



бет29/110
Дата06.02.2022
өлшемі392,72 Kb.
#48663
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   110
Киіз үйге арналған,
Басқа тілдерге аударылмайтын сөздік.


Абылайша - сарбаздар жорығында уық пен аңырақтан құрылып, киізбен
жабылған.
Азатбас -кереге желілерінің жеке тұрған басы.
Азаткөз - көктелмей қалатын көздер.
Аяқбау - сәндік үшін уыққа бірнеше жерден байланатын бау.
Бақан - шаңырақ көтеретін, киіз есікті көтеріп қоятын қатты түзу аша аға.
Бақалақ -сықырлауықты іштен бекітетін, маңдайша мен табалдырыққа қағылатын ағаш.
Басқұр - кереге басынан орай жүргізілетін ою-өрнекті жалпақ терме.
Балақбау -көшкенде уықтарды қосып байлайтын бау.
Дақтау -(дембі) белгі салу.
Жабағы жүн -қойдың көктемгі жүні
Жабық -туырлық, не үзіктердің айқасып қосылған тұсы.
Желбау -желді күні үй шайқалмас үшін салмақ салып байлайтын өрнекті шашақты бау.
Желарқан- дауылды күндері жел жақтан қазық қағып бастыра тартып қоятын
арқан.
Жерошақ -қазан, т.б. ыдыспен тамақ пісіретін от орны.
Жоса -қызғылт түсті топырақ бояу.
Есікбау -киіз есікті көтергенде, түсіргенде байлайтын жіңішке бау.
Қанат -жиналған кереге.
Қарашаңырақ - әкеден балаға мұраға қалған үй.
Қалам - уықтың шаңыраққа кіретін ұшы.
Қаламдық - (көз) шаңырақтағы уықтың қаламы сұғылатын төрт қырлы көз (тесік).
Қақсал ағаш - әбден кепкен, үйге жарамды ағаш.
Қоз - үй ағаштарын жұмсартуға арналған орын.
Құр - термелеп тоқылған туырлыққа, үзікке тағылатын баудың түрлері.
Керегенің аяғы - кереге төмен, жерге тіреліп тұрады.
Кереге басы - керегенің жоғары қарап тұратын жағы.
Керегеқап - жиналған қанатты қаптайтын киіз.
Көз - кереге көктелгеннен кейінгі желілер тесігі.
Көзеу - шаңырақ қаламдығын қызған темірмен тегістеп күйдіру.
Көк - керегені көктейтін таспа.
Күйеуқазық - жел арқан байланатын қазық.
Күзем жүн - қойдың күзгі жүні.
Мор - үй ағашын жұмсарту, балқытуға арналған жер
үстіндегі пеш.
Обын -үй ағашын жұмсартуға арналған жер астындағы пеш.
Отау - жас отбасына арналған төрт-бес қанатты шағын салтанатты үй.
От киіз - от басына, ошақ қасына төселетін киіз.
Өрмек - алаша, құр тоқитын құрал.
Сабау - жүнді сабап түту үшін қолданылатын ағаш таяқ.
Сарнауық - керегеге сызық өрнек салатын темір құрал.
Сояу - киіз, жабағы тігетін ағаш тебен.
Сыздық - керегеге салатын өрнек сызықтар.
Сықаурын -тезге салынған ағаштың қисық жерлерін жамбасқа салып түзететін қатты ағаш.
Талдырма - жұқа, жұмсақ киіз.
Тастама - киіз есіктің басбауы, ол шаңырақтан асып түсіріліп, маңдайшаға байланады.
Талқы - кепкен теріні, көнді, сіріні жұмсартатын ағаш кұрал
Таңғыш - (таңғыш бау) керегелерді бір-біріне қосып байлайтын жұқа, жіңішке
терме бау
Тез - мор, обын, қозға салып жұмсарған ағашты түзететін ағаш құрал, үйшілердің ең басты құралы осы.
Тулақ - жүн сабағанда астына төсейтін көн тері
Түндікбау -түндікке тағылатын төрт бау
Түйебел -екі басы биіктеу, қазыққа бекітілген ши тоқитын ағаш құр, «ши
құрғыш» деп те аталады.
Үйағаш -киіз үй жасайтын ағаштар.
Уықбау -уықты керегеге бекітетін бау.
Уықтың ығуы - (қыдыруы) уықтың өз орнынан ауытқып кетуін айтады.
Шабақтау -киіз басу үшін жүнді шиге салып, сабау мен жаймалап сабау.
Шалма -(иық бау) уық қыдырып кетпеуі үшін барлық уықты шалып өтетін
терме бау.
Шымши -өрнектеп, оюлап жүн оралған ши.
Ақши - шым оралған үлкен, тұтас ши.
Шылғи -иленбеген қайыс
Ыру - уықтың иініне, керегенің бойына жүргізілетін сайлар.
Ірге киіз -үй іргесінен шаң, құм, жел, суық жібермеу үшін тұтылатын киіз.
Киіз үйге қатысты төсеніш, көрпе-жастық, киім-кешек тұрмыс әбзелдері көптеп баршылық. Осы сөздердің көбі (мысалы- сырмақ, текемет, бітпес, алаша, бөстек, сол сияқты киімдер: сәукеле, кимешек, қамзол шолпы, саптама, құндыз бөрік, сусар бөрік, түлкі тымақ,шапан, шекпен, қасқыр ішік, түлкі ішік, зорман және күзен ішік, құлынжарғақ, т.б. түрлі қазақы тамақ атаулары...) және киіз үй тарауындағы атаулы сөздер басқа тілге аударылмайды, тек мән мазмұнынынан түсініктеме ғана беруге болады. (Мәселен, шаңырақ - круговое навершие купола; кереге – раздвижка решетчатая основа; уық – куполные жерди, деп қана түсініктеуге болар) ал алтықанатты — шести канатная юрта дейміз бе, әлде, құстың қанаты есебінен крылья дейміз бе, бұдан дәлді мағына болмайды. Қазақ — түркі сөзінен бөтен тілге енген қаншама сөздер бар ғой, мысалы: беркут, товилга, курт, кумыз, айран, катык, сундук, казан, камыш, байга, тумак, ичик, чин, Есил, Едил Торгай, Караоткел т.б.с.с.бұл сөздер де кәнігі еніп, кәсіби тұрмыстық қажетті сөз болары анық дегенмен һаріп қолданысына көбірек мән берсек қазақ сөзі өрескелдіктен адаланар еді, мысалы, Кокшетау, Костанай, Торгай, байге, тобылгы, буркут десек ше? Басқа өзен – суды аудармаймыз, ал Есілді неге Ишим демекпіз, өз атауынан әдемі болып па? Иаки, ойлана түсер ойлар баршылық,тек, көңіл көрсетпесін таршылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет