Алтынмен апталған, Күміспен күптелген,
айшықты киіз үй, Ақ Орда -
Қазақтың обсерваториясы(Б.Т.С.) Астроном ғалымдардың айтуынша, Киіз үй далалықтардың обсерваториясы деген ұғым тәлімделген. Шаңырақ бейнеленген, ол бір Отан аясындағы жанұя, отбасын бейнелейді. Ортада оторны -ошақ. Бұл жылулық, әрі қауыпсіз. От жанған жерге жын-шәйтан жоламайды. Оттың да ерекше қасиеті мол. Отпен үй ішін аластайды, қыстаудан жәйлауға көшкенде үлкен екі от салып, арасынан жылқыдан басқа малды айдап өткізген, себебі от малдың жай күйін тазалап қырсықтан, иәки түрлі жұқпалы мәністерден арылтады-мыс.
Сөз тегі-шындық. Ал жылқы тегінен қасиетті жаратылған деп құрметтелген. От Күнге баланады. Аспан, Күн, От, Жер, Су-бесеуі қасиетті де, ғажайып дүниелер екені қатты бағаланған. Көктем шығып, жаз жетіп, бие құлындап, биебау жасарда алдымен бәйбіше жылулық беріп жерді жылытқаны үшін, көкорай шалғын беріп, малға ас болғаны үшін Күнге, Жерге тағзым еткен. Әлемшар да, Күн де, Жер де, шаңырақ та дөңгелек , бұлар бір-бірін толықтап қуаттаушы деп біледі. Қазақтың дастарқаны (стол) да дөңгелек. Мұның Әлемшармен байланысын жоғарыда айтқан едік. Қазақтың тағы бір тамаша сөзі «Айналайын», яғни баласы ауырғанда әке бала төсегін, үйді айнала жүріп, жамандықтан, аурудан қорғап, айналайын аман болшы деп, тілеу тілеген.Келе келе бұл сөз қуатты сөзге айналған.
Киіз үйдің қызықты да, ерекше ғажап дүние екенін Қытай ақыны Бо Цзюн, 772 — 846 ж. ғажаптана таң қалып, өз еліне апарып, сарайының алдына құрып қойған екен де, қарап отырып өлең арнаған. Орыс тіліндегі аудармасы назарларыңызға:
Шерстъ собрали с тысячи овец,
Сотни две сковали мне колең.
Круглый остов из прибрежных ив
Прочен, светл, удобен и красив.
В северной прозрачной синеве
Воин юрту ставил на траве,
А теперь, как голубая мгла,
Вместе с ним она на юг пришла.
Юрту вихрь не может покачнуть,
От дождя ее твердеет грудь,
Нет в ней застенков, ни углов,
Но внутри уютно и тепло.
Удалившись от степей и гор
Юрта приобрела ко мне во двор,- деп, сипаттаған.
(Жинақталған мағлұматтар және ата-анамның өз қолымеи құрған, сонда тұрып, көріп-біліп қызығына кенелген күндерденестелік әңгіме) Жаз жайлауда, өзен - көл жағасында тігілген ақшаңқан киіз уйде отырып, соза тартып сапырылған сары қымыз ішу аса бір ғанибет - ау, шіркін. Естен, сірә, кетерме? Б.Т.С.