Адамның ішкі нұр сәулесінің үш аты бар: еңбекқорлық, жақсылық, кішіпейілділік
Адамның ішкі көлеңкесінің де үш аты бар: сүйкімсіздігі, қызғаншақтығы, менмендігі
Адамды қор қылатын үш нәрсе:
а)надандық білім ғылымның жоқтығы,
ә) еріншектік - күллі өнердің дұшпаны, талапсыздық, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады.
б)залымдық - адам баласының дұшпаны. «Дұшпандық адамнан адамға бөлінеді, бір жыртқыш һисабына қосылады»,- дейді Абай.
Үш әдемі қасиет: сұлу көктем, семіз күз, қырағы көз
Келіннің үш күйеуі болады: алтын елі, ар-намысы, алған жары
Үш қазына:ер қазынасы - жүрген із ел қазынасы — көне көз тіл қазынасы — ескі сөз
Үш сақ: көз-жіті, қүлақ-сақ, көңіл-кең болу керек.
Үш бар: биіктеп кетсең - құлау бар, қуанып кетсең – жылаубар, у ішсең - тәнті құлау бар.
Үш жұрттың тілін білген адам, басқадан үш кез биік болып тұрады.
Үш билік: билік, дәулет, даналық.
Достарыңызбен бөлісу: |